Сабақтың мақсаты: Оқушыларға құқықтық тәрбие туралы түсінік бере отырып, жасөспірімдер арасындағы белең алып отырған қылмыс пен құқық бұзушылыққа тоқталу, себептерін іздеу. Адамгершілік пен құқықтық сауаттылыққа тәрбиелей отырып, өз ойларын нақты әрі еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жасөспірім және құқықбұзушылық»
Сабақтың тақырыбы: Жасөспірім және құқық бұзушылық
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға құқықтық тәрбие туралы түсінік бере отырып, жасөспірімдер арасындағы белең алып отырған қылмыс пен құқық бұзушылыққа тоқталу, себептерін іздеу. Адамгершілік пен құқықтық сауаттылыққа тәрбиелей отырып, өз ойларын нақты әрі еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту.
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелігі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады. Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады.
Құқық бұзушылық - Қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.),әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс қылық және т.т. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылады.
Құқық бұзушылықтар үшін заңмен тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Оқушылар біз өмір сүріп жатқан қоғамда бірнеше түрлі заңға қайшы іс-әрекеттер болады.соларға тоқталып өтсек және тақтадаға гүл бейнесіндегі құқықбұзушылық пен жақсылықтың белгілері жазылған күлтешелерді ашып сол туралы өз ойларымызды айтып өтейік.(оқушылар шығып күлтешелерді ашып онда жазылған сөз тіркестеріне топ болып түсінік береді. )Сонымен
ҚР Қылмыстық Кодексi188-бап. Ұрлық
Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
191-бап. Тонау
Тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР Қылмыстық Кодексi 190-бап. Алаяқтық
Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену – мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР Қылмыстық Кодексi 115-бап. Қорқыту
Өлтiрумен немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен, сол сияқты қорқытудың іске асатынына қауiптенудің жеткiлiктi негiздері болған кезде адамның жеке басына өзгедей ауыр күш қолданумен не мүлiктi өртеп жоюмен, жарылыс жасаумен немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту – бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Азаптау - ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен тән немесе психикалық зардап шектіру. Қылмыстық заң бойынша жеке адамға қарсы қылмыс деп танылады
ҚР Қылмыстық Кодексi110-бап. Қинау
Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату, егер бұл іс-әрекет денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқпаса, – бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР Қылмыстық Кодексi 106-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру – үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР Қылмыстық Кодексi 195-бап. Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру
Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктің меншiк иесiне немесе өзге де иеленушісіне жымқыру белгiлерi болмаған кезде мүлiктiк залал келтiру –бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
ҚР Қылмыстық Кодексi 130-бап. Жала жабу
Жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату – бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады
ҚР Қылмыстық Кодексi 99-бап. Адам өлтiру
Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату – сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері:
Отбасындағы ақау тәрбие;
Отбасындағы материалдық әл-ауқаты;
жұмыссыздық;
мінез-құлқының ауытқушылығы;
Рухани құлазуы;
ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы;
баланың бос уақытының шамадан тыс мол болуы;
1. Құқықбұзушылықтың түрлері
заңға қайшы іс - әрекеттер
Құқықбұзушылықтың түрлері тәртіптік азаматтық- құқықтық әкімшілік қылмыстық
Тәртіптік құқықбұзушылық - бұл оқу орындары, әскери оқу орындары, әскери бөлімдер, мекемелер бекіткен оқу, еңбек, әскери тәртіпті бұзу. Мысалы: сабаққа кешігу, сабақта сөйлеу, сабақта сөйлеу, мұғалімге қарсы келу ….
Құжаттар: Еңбек кодексі, ішкі тәртіп ережесі, мектеп жарғысы, әскери жарғы .
Құқықбұзушылық- міндеттер нормасын бұзатын, заңға қайшы іс - әрекет
Азаматтық-құқықтық құқықбұзушылық- :Жазасы : • Ақы төлеу;; • Шығынның орнын толтыру; • Моральдық шығынға өтем төлеу… Жауапкершілік толығымен 18 жастан басталады, кейде 14 жастан.
Қылмыстық құқық бұзушылыққа не жатады? А) шарт келісімінін бұзу;бұзу; Б) ұсақ бұзақылық; В) ұрлық; Г) жұмысқа кешігу
.Қылмыс -бұл:А) қоғамға өте қауіпті іс-әрекет;б) экономикалық нәтижеге кері әсер туғызушы іс-әрекет, еңбек тәртібін бұзумен байланысты
ІІ кезең
Мәлімдеме оқылады.
1-оқушы. Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі -балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады. Құқық бұзушылық фактілерінің көбісі балалардың мектептен тыс уақытында тіркеледі.
Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе.
Олардың өмірі біршама белсенді өтеді — кездесулер; ойын- сауық, би кештері; концерттер; достарымен табиғатқа барады. Бірақ, бұлардың көбі кешке, түнде болып тұрады. Бұл кезде көшеде көп адам кездеспегендіктен, оларды бақылаушылар аз болғандықтан, жеткіншектер бұзақылық жасап, кейде ойын-сауық үшін кылмыс жасауға шейін барады.
Жасөспірімнің жан дүниесі нэзік,сезімтал болып келеді. Үлкендердің айтқан сөздерін, іс-эрекеттерін, бұкаралык акпарат кұралдарынан (теледидар, газет, журналдардан т.б.) көргенінің барлығын тез кабылдап, шындық көреді. Міне, сондыктан да лас ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп отыратын кылмыс хроникасындағы жағымсыз мәліметтер жастардың нәзік көңіліне, жан дүниесіне қатыгездікпен жүгенсіздік ұрығын себуде. Акпарат кұралдары катігез кылмыскердің іс-эрекетінің егжей — тегжейін жазып, жасөспірімдерге сабак болар десе, кейбір жасөспірімдер, осы кылмысты жасаған кылмыскер қандай сезімде болды екен деп, сол қылмысты кайталайтыны кездесіп жатады.
Құрбы-кұрдастарынын әсері. Жасөспірімдерді заң бүзуға, қылмыс жолына итермелейтін фактордың бірі. Заң бұзу мен есірткі қабылдау кезінде, жасөспірімнің антикоғамдық тәрбиесімен кұрдастарының арасында тығыз байланыс байқалады. Жеткіншектерге кұрбы — кұрдастарының айтқан ойы, әсері үлкен, себебі бұл кезде олар бір-біріне еліктегіш болып келеді.
Әсер етуші келесі фактор — тұрғылықты спецефика әсері. Арнайы территорияларда, белгілі бір аудандарда, қылмыскерлердің деңгейі ерекше жоғары болады. Бірақ сол жерде өскен жасөспірімдердің барлығы қылмыскер болмаса да, бұл жердегі жас балалардың занды бұзу, қылмыс жасау пайызы баска аудандарға карағанда бірнеше есе жоғары болады.
2-оқушы Қылмыстың психологиялык факторы:
Қылмыс жасауға итермелейтін себептердің бірі — ажырасқан отбасылардың көптеп кездесуі. Яғни, осындай жанұядан шықкан жасөспірімдердің қылмысы. Бірақ айырылыспай әрқашан ұрсыс-керісте болатын жанұя жасөспірімдеріде қылмыс жасауға жақын болып келеді. Сондықтан, басты болып, жанұядағы атмосфера болып табылады. Жасөспірімдер ата-анасының қамқорлығы мен қадағалауынан тыс қалады. Көп жағдайда екі түрлі жынысты жасөспірімдер анасына жакын болып келеді. Бірак, әкесі жағынан жақындықтын аз болуынан қылмыстық іс-әрекетке барады, әсіресе ұл балалар. Бұл мәселеге байланысты жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, сексуалды кылмыс жасаған жасөспірімдердің отбасы тату емес, аралары ыстық болмағанын көрсеткен. Сонымен қатар ата-анасының тәрбиелеу моделі де өз ықпалын тигізеді. Мысалы, әке-шешесі бір-бірімен ұрсысып, қарсыласып жүрген отбасынан екі жасөспірім қыз балалар өздерінің агрессивтілігмен және салмақсыздығымен өз құрдастарынан ерекшеленген. Қыздар өз ата-анасының іс-әрекетін кайталаған. Сонымен қатар, қылмыс жасауға тұлғалык факторларда әсер ете ала ма деген сұрақка жауап іздеген. Арнайы жүргізілген зерттеу бойынша қылмыс жасағандар:өздеріне сенімді, кұкық қорғау органдарына ұнатпаушылықпен карау, тез ренжігіштігімен, өзін басқара алмаушылығымен, жаушылык касиеттерімен ерекшеленген. Алайда, кейбіреулерінде, өзі туралы бағасынын төмен болуы, өзін жек көру сияқгы қасиеттері кездеседі. Осындай адамдар тобы өз істеген іс-әрекетін мойындамай, барлығын коршаған орта мен адамдардан көріп, кінәлайды. Кей жағдайда заң бұзу невроз симптомы, коркыныш, мазасыздык жемісі болып келуі мүмкін. Сондай-ақ әртүрлі формадагы және деңгейдегі психопотологиядан зардап шегеді. Кейбіреулері жүйке бұзылуымен ауырады, оны психиаторлар “іс-әрекетіндегі салмақсыздық“ деп атайды.
Зерттеу нэтижесіндегі себептердің бірі — балалық шағынан бастап қамқорлык, мейірімділіктің жетіспеушілігі. Кей жағдайларда заң бұзушылық іс- әрекетке эмоционалды жағынан сау балалар; тек кері, қате тәрбиеленгендер баратыны да кездеседі.
3-оқушы. Қылмыстың биологиялык факторы:
Қылмыстардың көбі сырткы себеп бойынша жасалады. Бірак, кей жағдайлар да органикалық және биологиялық факторлары тікелей және жанама әсер етуі кездеседі. Мысалы, кылмыс жасаған жасөспірімдер арасында бас миының маңдай жазығының дамымай артта қалуы жиі кездесетінін көрсеткен. Бұның өзі нейрофизиологиялық бұзылыстарына, өз іс-әрекетіне жауап бермеуіне әкеледі. Бірак, бұл танымдық процестің бұзылуы дегенді білдірмейді, тек бұндай жасөспірім өзіндегі білімді пайдаланып қана іс-әрекет жасай алмайтындығын білдіреді.
Биологиялық фактордың қылмыс жасауға кандай рөлі бар екенін зерттей келе, ұрпақтан ұрпакка берілуі мүмкін екендігін анықтаған. Сондықтан, жанұяның комплексті әсері өзіне қоршаган орта факторымен генетикалык факторды қоса көрсетеді.
Әрбір құқық бұзушылық пен қылмыс - бір отбасы үшін орны толмас қайғылы оқиға. Қылмыстың нәтижесі біреуді өлімге, енді бірін мүгедектікке апарса, біреу өз өмірінің болашағына балта шауып, темір тордың ар жағында қалады. Қалай десек те, құқық бұзушылық жақсылыққа апармайтынын естен шығармайық.
Жалпы жастардың және жасөспірімдердің қылмыс жасау мәселесі – құқық қорғау жүйесінің ғана емес, сонымен қатар, отбасының, барша мемлекеттік ұйымдардың үнемі қадағалауын талап етеді. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қашан да ұлт тұтастығы мен ел болашағына қауіп төндіріп, қоғамымыздың ары қарай дамып өркендеуіне кері әсерін тигізетіні анық.
.ІІІ кезең
Бейнеролик көрсетіледі. «Жасөспірім және құқық бұзушылық»
(әр топтан оқушылардың осы бейнебаян туралы пікірле
рі тындалады)
ІV кезең
Оқушылармен жұмыс
Жасөспірімдер қылмысы мен тәртіпсіздігі неден бастау алады?
Оларды қылмысқа қоғам желіктіріп тұр ма, жоқ, әлде тәрбие таяз ба?
Құқық бұзушылыққа тек әлеуметтік жағдайы төмен, келеңсіз отбасының (ата-анасы ішімдікке салынған) балалары ғана барады ...
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын қалай алуға болады?
Кәмелеттік жасқа толмаған адамдар арасындағы бұл дертті жоюға қоғам шарасыз ...
V Сабақты талдау
Тақтадағы берілген күлтешеде қажет емес деген сөз тіркестерін алып тастаймыз.Күлтешеде тек жақсылықтың әрекеттері жазылған парақшалары қалады.
VІ - кезең «Жағдаяттық сұрақтар».
Құқық бұзушылықтың себебі неде деп ойлайсыздар? ( Ата - ана мен оқушылардың жауаптары тыңдалады. ) Құқық бұзушылық істейтін жұмыстың жоқтығынан,
Ата - аналарға екі сурет көрсетіледі: Біріншісі тіп - тік әдемі салынған үйдің суреті.
Екіншісі - фундаментінен бастап кірпіші дұрыс қаланбаған, төбесі жарылып кеткен үйдің суреті. Мұғалім: Бұл тек үйдің суреті ғана емес, көріп отырып бала тәрбиесі туралы не айтуға болады? ( Сурет жайлы ата - ана ойы тыңдалады.) Бұдан соң бірінші сурет тәрбиесі дұрыс бала екендігін, екінші сурет тәрбиесі дұрыс болмаған бала жайында екендігі айтылады. Бала тәрбиесі үйдің фундаменті сияқты жас күнінен басталатынына ата - ананың назарын аудару керек. «Отбасы – барлығының басы, жан - жақты негізі болатын тәрбие институты. Ата - анамен баланың қарым - қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері»- деп В. А. Сухомлинский айтқандай, алғашқы тәрбиешілердің алғашқы тәрбиесі ерте бастан яғни бесіктен басталуы тиіс. Яғни, екінші сурет бала тәрбиесінің о бастан дұрыс басталмағанын көрсетіп тұр.
Тақтаға тау бейнесі және таудың ортасынан жарып шығып келе жатқан жанартау бейнеленген сурет ілінеді. Жанартаудың төбесіне «Қылмыскер бала» деп жазылып, беті қағазбен жасырылып қойылады. Жүргізуші мына суреттегі тау ортасынан көтерілгелі тұрған жанартауға қараңыз, тау сізден балаңыз болса, ал тауды жарып шыққалы тұрған жанартау балаңыздың қылмыскер болуы деп жасырулы тұрған сөзді ашады.
Мұғалім: Бала бір күнде қылмыскер болмайды. Жанартаудың атқылауына дейін қаншама процестер жүретіні сияқты бала қылмыскер болуы үшін де бірнеше жағдайлар әсер етеді. Оған ата - ананың баланы бақылауысыз жіберуі, баланың топқа кіруі, жақсы жолдастарының болмауы, 1 - кестеде көрсетілген шарттар бірден - бір себеп. ( Осы шарттардың әрқайсысына түсініктеме берілу керек.) Мұның барлығын дер кезінде байқап, балаға көмекке ұмтылсақ, оны сақтап қалуға болады. ( Бұл бөлімде ата - анаға көп сөз берілу керек, сөйлету керек.)
Сабақты саралау
Бәрі өз қолыңда.
Қорытынды сөз
Тәртіп пен заң біздің қалыпты тірлігіміз үшін қажет. “Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды” деген Б.Момышұлының сөзін естен шығармайық.