kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

Нажмите, чтобы узнать подробности

     Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық

бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру,

жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның

заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге

тәрбиелеу.

   Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз

құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс.

Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана

мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.

«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» атты

ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Құқық бұзушылық және жасөспірім»
Мақсаты : Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.
Көрнекілік : Интербелсенді тақтаның көмегімен дайындалған слайдтар, қанатты сөздер, мақал- мәтелдер, тірек сызбалары.
Тәрбиелік шараның жүрісі: 
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Халық даналығы.Мақал-мәтелдер мағынасын ашу.
ІІІ. Сұрақ-жауап.Пікірталас.
IV. Ойлан тап.
V.Қорытынды.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім сөзі: Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. — Әрекет — бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
ІІ. Мақал-мәтелдер. (Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер айтып, мағынасын ашу)
1.«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала ,қырсығын әкесінен іздейді.»
2. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»
3. «Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.»
4. «Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.»
5. «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер
6 Біреуге ор қазба, өзің түсесің.
7. Заңның құрығы, бәрінен ұзын.
8. Ұрлық түбі, қорлық.
9. Өтірікшінің құрығы, бір – ақ тұтам.
10. Тура биде, туған жоқ.
11. Туғанды биде, иман жоқ.
12. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.
13. Тек жүрсең, тоқ жүресің.
14. Заңды сыйлаған, еркін жүреді.
ІІІ. Сұрақ-жауап. (Мұғалім оқушыларға слайд тапсырмалары борйынша сұрақ қояды, оқушылар жауап береді. Мұғалім толықтырады)
1.Жеке адамның құқығы дегеніміз не?
Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара.
2. Құқықтың қандай түрлерін білесіңдер?
- Жеке (азаматтық)
- Саяси
- Экономикалық
- Әлеуметтік
- Мәдени т.б.
3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады? 
Туылғаннан беріледі
4. Оларды орындау үшін не қажет? 
Міндеттерін орындау
5. Адамның негізгі құқығы? 
Өз құқықтарын пайдалану құқығы
6. Құқық қашан және қайда пайда болды? 
Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады.
7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық – деген не? 
Бостандық – бұл таңдау
8. Бостандықты не шектейді? 
Бостандық және өз қалауымен орындамалық – бұлар бірдей ме? -Бостандықты шектеу әр адамның саналығында
IV. Ойлан тап. (Интербелсенді тақтаның көмегімен дұрыс жауабын табу.)
1. Құқық -----------------------------------------А – Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция ---------------------------------Б – Мемлекет басшысы
3. Мемлекет ------------------------------------В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым
4. Азамат -----------------------------------------Г – Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық -------------------------Д – Заңдар жүйесі
6. Президент ------------------------------------Е – Заң шығарушы орган
7. Парламент ------------------------------------Ж – Заң жүйесін бұзу
8. Егемендік --------------------------------------З – Құқығы бар ел тұрғыны


Дұрыс жауабы:
1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г


V.Қорытынды
Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет










Тақырыбы: Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу


Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық

бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру,

жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның

заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге

тәрбиелеу.

Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз

құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс.

Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана

мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.

«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» атты

ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!


«Сенің құқығың» - баптарды еске түсірейік.

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының

Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның

екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған.

1.2. «Сенің құқығың!»

14-бап

1 Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

2 Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына,

нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне

байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай

кемсітуге болмайды.

15-бап

1 Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.

2 Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы

адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны

үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең

ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның

кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.

16-бап

1 Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.

2 Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен

тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану

құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан

аспайтын мерзімге ұстауға болады.

3 Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам

сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың

(қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.

17-бап

1 Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

2 Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік

немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға

болмайды.

19-бап

1 Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі

анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.

2 Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас,

тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.

22-бап

1 Әркiмнiң ар - ождан бостандығына құқығы бар.

2 Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және

азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты

болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.


25-бап

1 Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға

жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге

заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол берiледi


Ойлан тап. (Интербелсенді тақтаның көмегімен дұрыс жауабын табу.)


1. Құқық -----------------------------------------А – Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция ---------------------------------Б – Мемлекет басшысы
3. Мемлекет ------------------------------------В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым
4. Азамат -----------------------------------------Г – Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық -------------------------Д – Заңдар жүйесі
6. Президент ------------------------------------Е – Заң шығарушы орган
7. Парламент ------------------------------------Ж – Заң жүйесін бұзу
8. Егемендік --------------------------------------З – Құқығы бар ел тұрғыны


ІҮ «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)

Көшедегі көрініс, құқықбұзушылыққа байланысты бейне – роликтер.

Оқушы: Айболат бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?

Оқушы: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайык, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?

Оқушы: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.

Оқушы: Кеттік, жолшыбай Бекжолға соға кетейік, ол да барар мүмкін.

Оқушы: Бекжол, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.

Оқушы: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.

Оқушы: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.

Оқушы: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бірнәрсеге душар болармыз.

Оқушы: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» —  деп өкініп жүр ме.?

Оқушы: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?


Құрметті ата-аналар осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.


Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жартысын тауып, түсінік беру)

Біреуге ор қазба … (өзің түсесің)

Заңның құрығы … (бәрінен ұзын)

Ұрлық түбі … (қорлық)

Өтірікшінің құрығы…(бір-ақ тұтам)

Тура биде … (туған жоқ)

Туғанды биде … (иман жоқ)

Қолыңмен істегенді … (мойныңмен көтер)

Тек жүрсең … (тоқ жүресің)

Заңды сыйлаған … (еркін жүреді)



Мұғалім сөзі:  Балалар, заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз мына біздер.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Ән-ұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» – деген.

Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.

2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.

Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.


1 – маусым

Балаларды қорғаудың халықаралық күні

20 – қараша

Балалардың дүниежүзілік күні

10 – желтоқсан

Адам құқығы күні





Қорытынды
Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

Автор: Баймурзина Гулден Кадирбаевна

Дата: 09.12.2021

Номер свидетельства: 594002

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(201) "О?ушыларды? бойында азаматты? ??ндылы?тарын ?алыптастыру мен ???ы?б?зушылы?ты? алдын алуда?ы сынып жетекшіні? ролі"
    ["seo_title"] => string(110) "okushylardynboiyndaazamattykkundylyktarynkalyptastyrumienkukykbuzushylyktynaldynaludagysynypzhietiekshininroli"
    ["file_id"] => string(6) "259206"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1448690560"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(201) "О?ушыларды? бойында азаматты? ??ндылы?тарын ?алыптастыру мен ???ы?б?зушылы?ты? алдын алуда?ы сынып жетекшіні? ролі"
    ["seo_title"] => string(111) "okushylardynboiyndaazamattykkundylyktarynkalyptastyrumienkukykbuzushylyktynaldynaludagysynypzhietiekshininroli1"
    ["file_id"] => string(6) "259207"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1448690572"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Жас?спірімдер арасында?ы ???ы? б?зушылы?ты? алдын алу"
    ["seo_title"] => string(64) "zhasospirimdier-arasyndag-y-k-u-k-yk-bu-zushylyk-tyn-aldyn-alu-1"
    ["file_id"] => string(6) "290206"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454932711"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "???ы?б?зушылы?ты? алдын алу "
    ["seo_title"] => string(34) "k-u-k-yk-bu-zushylyk-tyn-aldyn-alu"
    ["file_id"] => string(6) "171076"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1423639946"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "Презентация "Жас ?спірімдер арасында ???ы? б?зушылы?ты? алдын алу""
    ["seo_title"] => string(76) "priezientatsiia-zhas-ospirimdier-arasynda-k-u-k-yk-bu-zushylyk-tyn-aldyn-alu"
    ["file_id"] => string(6) "250006"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1447001526"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства