kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Заңды білесің бе?»

Нажмите, чтобы узнать подробности

          1989 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы «Бала құқығы туралы Конвенцияны» қабылдады.

          1990 жылы қаңтар айынан бастап БҰҰ-на мүше болып табылатын дүниежүзі елдерінің өкілетті өкілдері «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қоя бастады.

          1990 жылы Конвенция 2 қыркүйекте өз күшіне енді. Бала құқығы туралы Конвенция өте қомақты және күрделі құжат.

          1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Нью Йоркте ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Джеймс Грантпен бірге «Бала құқығы туралы Конвенцияға» әлемнің 156-шы елі болып қол қойды

«…18 жасқа толғанға дейінгі әрбір адам бала болып саналады»

Бала құқығы туралы Конвенция. 1-бап

Қоғам балаларға қатысты түрде қамтамасыз етуі тиіс негізгі принциптер:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Заңды білесің бе?»»



Ақжайық аудандық білім бөлімі

Аудандық әдістеме кабинеті







М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектептің сынып жетекшілерінің іс - тәжірибесінен.









2011-2012 оқу жылы


Ақжайық аудандық білім бөлімі әдістеме кабинетінің сараптама комиссиясы кеңесінде қаралып, облыстық сараптама комиссиясына ұсынады.

Хаттама №2 28.02.2011.



Бұл жинаққа М.Әуезов атындағы №2 ОЖББМ-тің сынып жетекшілері Б.Боранбаева, Г.Қайырлиева, Д.Қазбаевалардың оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту; әрбір адам өз құқығын біліп өзгенің құқығын бұзбауға үйрету; баланың бойына еліне , халқына деген патриоттық сезімдерін ояту, елін сүйетін ұрпақ етіп тәрбиелеу мақсатында өткізген үздік ашық тәрбие сағаттары еніп отыр.







Материалды дайындаған:

тәрбие ісінің меңгерушісі Есеналиева Қ.Қ.

Жауапты: Ақжайық аудандық білім бөлімінің әдіскері:

Сапарғалиева Ә.Қ.



Құқықтық сауаттылық-заман талабы


Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Өзін тең құқықты азамат ретінде сезінуге

мүмкіндік беру.

2.Дамытушылық: Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабібелсенділігін арттыру.

3.Тәрбиелік: Заң сыйлағыш тұлғаны қалыптыстыру.

Құқықтық сауаттарын ашу.

Сабақтың түрі: Тренинг – сабақ

Сабақтың әдісі: Глоссарий. Блиц- сұраныс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, сынып ұжымын сабаққа бейімдеу.

Кіріспе сөз

Мұғалім: Қазіргі таңдағы еліміз тәуелсіздігін алып, оңы мен солын танып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылданған Конституциясы ел дамуының тұс бағдары болды десек қателеспейміз. Мемлект дегеніміз белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бр жалпы халықтық ірі ұйым десек, сол қазқ ұлтының төл конституциясының қабылданғанына 15 жыл толып отыр. Енді аздап тарихқа көз жүгіртсек қыпшақ халқындағы (Х-Х1 ғғ.) «Кодекс Куманикус» яғни кумандар заңдары, XVI ғ. «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағы бұл қазіргі тәуелсіз қазақ елі Конституциясының бастамасы болып табылады. Ал ХХ ғ. өзінде КСРО құрамында болып тұрған кезде 1936 жылы 28 ұаңтарда және қазіргі қолданыста жүрген 1995 жылы 30 тамызда жүрген Ата заңымыздағы биліктің үш тармағының заң шығарушы (парламент), атқарушы (үкімет) және сот қызметтері бір арнаға тоғыстырылып, саяси институттардың жұмысы әбден жетілдірілді және ең бастысы бұл Конституция адам және азамат құқықтарының қорғалуы жан – жақты қарастырылған орнықты құжат болып отыр.

Дүниежүзілік адамзат тарихының өткен кезінде көз бойлатып үңілсек, алғашқы адам құқықтары жайлы құжат 1644 жылы Англияда император Вильгельм Оранскийдің қаулысы «Адам құқықтар туралы билль» (қаулы,заң)

қабылданды.

Ал қазіргі заманғы адам құқықтары жайлы құжат яғни, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ – ның шешімімен қабылданды.

Адам және азаматтардың құқықтары, ерік бостандықтары терең қарастырылған құжат, бұл – өзіміз жиі айта беретін 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясы. Бұл кезге 200 жылдан астам уақыт өтсе де сол Конституция әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Соның жарқын дәлелі әрбір американдық азамат қайда жүрседе ел Конституциясы жазылған кітапшаны өз жандарынан тастамайды екен. Егер қандай да бір уақытта өз құқығы бұзылғандай жағдай болған жағдайда дереу өз заңды міндеттерін талдауға кіріседі екен.

Яғни, олардың заңы бойынша Конституция алдында Президент те, қарапайым адамда бірдей құндылыққа, бірдей жауапкершілікке ие.

Қабылданғанына 15 жыл толған қазақ елінің Ата Заңы бүгінге дейін жалғасып келе жатқан гуманистік (адамгершілік) принциптерге негізделген демократиялық қоғамды құрудағы өзінің адал дәстүрлерін алдағы уақытта әрмен қарай жалғастыра бермек.

Сынып екі топқа бөлінеді: 1 – топ және 2 – топ. Сабақ 8 турдан тұрады. Әрбір турдан кейін баға беруші мұғалімдер жауаптың, ереженің дұрыстығы жөнінде және балдарын атап өтеді.


Глоссарий «Тәртіп орнат»

  1. Құқық А – Еліміздің негізгі заңы.

  2. Конституция Б – Мемлекет басшысы

  3. Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым

  4. Азамат Г – Тәуелсіздік

  5. Құқық бұзушылық Д – Заңдар жүйесі

  6. Президент Е – Заң шығарушы орган

  7. Парламент Ж – Заң жүйесін бұзу

  8. Егемендік З – Құқығы бар ел тұрғыны

1

2

3

4

5

6

7

8

Д

А

В

З

Ж

Б

Е

Г


«Құқық дегеніміз не?»

Оқушылар спикермен бірге 2 топқа бөлінеді. Топтың әр жауабынан кейін мұғалім өзінің толық жауабын оқу керек.

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерін анықтаңыз

Қоғам қарапайым ағыммен даму үшін оның азаматтары құқықтарымен пайдаланып ғана қоймай, өз міндеттерін орындау керек.

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерінің мысалдарын келтіріңіз.

Байқау ережелері: Тақтаға әр командадан бір – бір оқушыдан шақырылады. Оқушылар алма – кезек бір міндеттен тақтаға жазады. Бүкіл міндеттерін дұрыс орындап, жазған топ жеңеді.

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:

    1. Заңдарға бағыну;

    2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу;

    3. Мемлекет рәміздерін құрметтеу;

    4. Қаржы, салықты төлеу;

    5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау;

    6. Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау;

    7. Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, алдындағы міндеттерін

орындау;

    1. Орта мектеп білімін алу;

    2. Қазақстан Республикасын қорғау;

Конституцияны білесің бе?

1. Мемлекет билігінің қайнар көзі?

Халық (3 бап)

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?

1992жылы

3. ҚР- ның азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықтыма?

Жоқ (10 бап)

4. Өз дінім мен ұлтымды айыптауға құқығым барма?

Ия (19 бап)

5. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауға құқығы барма?

Ия (23 бап)

6. ҚР – ның Президентін сайлау қашан өтеді?

Желтоқсанның бірінші жексенбісінде (44 бап)

7. Президент кәсіпкерлік қызметпен айналыса алама?

Жоқ (43 бап)

8. ҚР – ның жоғары өкілетті органы?

Парламент (49 бап)

9. Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім?

Премьер – Министр (67 бап)

10. ҚР-ның атқарушы билігін билігін жүзеге асырушы?

Үкімет (64 бап)

11. Премьер – Министрдің орнынан түсуінен кейін ... өкілеттігі тоқтағанын білдіреді.

Үкіметтің (70 бап)

12. ҚР нешінші Конституция пайдаланылады?

Екінші

13. Заң құдайы?

Фемида

14. ҚР – ның азаматы қашан болуғақұқылысыз?

Дүниеге келген кезде(12 бап)

15. ҚР – ның төл мейрамдарын атаңыз?

- Конституция күні

- Республика күні

- Тәуелсіздік күні


Жұмбақ

Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,

Ондайлар отаныма өте керек.

Тәуке хан жазған екен заң жинағын,

Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.

Жеті жарғы

Мерекең құтты болсын ұстаздарым,

Оқушы, келім – кетті бар достарым.

Тәуелсіздік заңының қаблданған,

Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық.

1991 жыл

Еліме білім керек, ғылым керек,

Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.

Білесіңбе Нұрекеннің төл еңбегін,

Жазған екен болашаққа көзін тігіп.

Қазақстан – 2030

Жақсы ел шығарып заң игілікті,

Депутат заң шығарып билік қыпты.

Парламент палатасы нешеу екен,

Таба алсаң бұл жауапты игі екен.

Екі




Қорытынды


  • «Бақытты өмір» - дегенді қалай түсінесіз?


  • Бақытты өмір сүру үшін не істеу керек?


" Вернисаж тренингі"



9 - сынып жетекшісі: Қазбаева Д.С.



Құқық-әділет пен парасат жолы


Мақсаты:Адамзаттың құқықтары мен бостандықтары туралы

білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, өз құқығын қорғай білетін, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалану мүмкіндіктерін үйрету. Оқушылардың бойында Ата заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.


Әнұран орындалады.

1-жүргізуші: Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым Ата Заңым қабылданып.

2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ата-аналар және оқушылар!

Ата Заңым!

Арман әнім!

Сенен басқа бар ма бағым!

Жалғыз саған байланысты

Елімде еркін самғағаным.


Ата Заңым!

Бар мұратым,

Жалғыз кие жанды ұғатын.

Жаңсақ бассаң жолға салып,

Тәубаңды еске алдыратын.


Ата Заңым!

Кемеңгерім!-деп ақын жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымыз «Құқық-әділет пен парасат жолы» деп аталады. Ата-Заңымыз, ондағы адам құқықтары мен бостандығы, Қазақстан азаматтарының міндеттері туралы болмақ.


1-жүргізуші: Адамдар алғаш пайда болған кезде олардың арасынд дау-жанжалдар, келіспеушіліктер болды. Бірақ оны шешетін заң болмады. Біздің елімізде ең алғашқы Конституция негізін қалаушы – Қорқыт бабамыз. Ол кісінің конституциясы «Адат» деп аталады. Ол мынадай негізгі баптардан тұрады: Атамекенді жерұйық деп білу, оны жаудан қорғау, жер-суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау-жанжалды ақылмен шешу, кінәліні жазасыз қалдырмау.

Бұдан кейін Шыңғыс ханның «Ұлы жосысы» ХІІІ ғасырда, Қасым ханның «Қасқа жолы» ХІҮ ғасырда, Есім ханның «Ескі жолы» ХҮ ғасырда, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» ХҮІ ғасырда.

Қазақ мемлекетінің тарихында 5 Конституция болды. Олар: ҚАССР-ның 1924 жылғы Конституциясы, қазақ КСР-нің 1937 және 1978 жылдардағы конституциялары, Қазақстан Республикасының 1993,1995 жылдардағы конституциялары.

Жер жүзінде 1948 жылы 10-желтоқсанда БҰҰ Бас Ассемблеясы «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын қабылдады. ОЛ бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді.


Адам құқығы



Табиғы құқық адамзаттыққа зкономикалық-әлеуметтік,

байланысты құқықтар мәдени құқықтар


Біздің соңғы Ата Заңымыздың басты құндылығы республиканың өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік деп жариялаумен қатар өзінің ең қымбат қазынасы, бастауы халық екенін айқындап берді.

Әр оқушы отанын мақтан етіп, елін құрметтеу керек. Елінің өткені мен келешегін ой елегінен өткізе отырып келешек «Қазақстан – 2030» бағдарламасына өз үлесін қосатындай білім мен тәрбие алу керек.

Енді сөзімізді дәлелді болу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына қысқаша тоқтап өтейік.

2006 жылы 1-наурыздағы Жолдауында демократия, саяси жүйені, құқықтық тәртіптік пен заңдылықты одан әрі дамыту мәселесіне азаматтардың Конституция мен еліміздің заңдарын орындауын қамтамасыз етуіне ерекше мән берілген.

Адамның мен азаматтардық құқықтары мен бостандықтары Ата Заңда толық, жан-жақты көрініс тапқан. Өйткені қазір Қазақстан Республикасы Конституциясы еліміздегі барлық заңдардың қайнар көзі болып табылады.

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз - Қазақстан Республикасы Конституциясыда баяндалған. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрса, оның екінші бөлімі 30-бабы құқыққа арналған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабы 1- тармағында құқық пен билік байланысы айтылған.

Құқықпен билік арасындағы байланыс


Билік



заң шығарушы атқарушы сот билігі



Конституциялық нақты іске асырады қорғайды

негізде бекітіледі




Құқық

2-жүргізуші: Қолдарыңызға әр топ оқушыларына құқық терминдері, даталар мен сұрақтар жазылған үлестірмелер таратылады. Даталар бойынша сол кезде қандай оқиға болғанын айтады немесе сұрақтарға жауап береді. Ойлануға 1 мин., әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. 1) 1948 жыл желтоқсан

2) Қазақ мемлекекетінің тарихында неше Конституция болды?

3) Ата Заңымыз неше бөліктен, неше баптан тұрады?

4) 2006 жыл 1-наурыз

5) Дүние жұзінде қанша қазақ бар?

6) Қазақстанда қанша қазақ тұрады?

7) Қанша жастан сайлауға қатысуға құқығы бар?

8) Азаматтық дегеніміз не?

9) Ата-ананың міндеті не?

10) Біздің мемлекетіміздің меншіктік түрін ата?

11) Балалардың заңды мүддесі?

12) Сот нені қорғайды?

13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата.


«Ойды аяқта» (мақал-мәтелдер айтудан жарыс)

  1. Ұрлық түбі ... (қорлық)

  2. Біреуге ор қазба ... (өзің тұсесің)

  3. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)

  4. Өтірікшінің құйрығы ... (бір-ақ тұтам)

  5. Тура биде... (туған жоқ)

  6. Туғанды биде... (иман жоқ)

  7. Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)

  8. Еңбек түбі... (зейнет)



1-жүргізуші: Мен жігіт 15-30 арасында,

Бұл шақта көп бересі, аласым да.

Жан-жағым толған мақсат, толған таңдау

Алайын анасын ба, мынасын ба, - деп С.Торайғыров айтқандай « Тәуелсіз Қазақстан» құқықтық мемлекеттің болашақ құрылысшылары Сіздер Ата Заңды құрметтеп, Отанға адал қызмет етер азамат болыңыздар.



Осымен «Құқық – әділет пен парасат жолы» сайысын аяқтаймыз.





10 - сынып жетекшісі: Боранбаева Б.Қ.






«Заңды білесің бе?»

«Балам бол, басқа бол – бәріңе заң біреу-ақ»

Жүсіп Баласағұн

М а қ с а т ы:

Білімділік: Оқушылардың құқықтық білімдерін қалыптастыра отырып, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу;

Тәрбиелік:Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауатылыққа тәрбиелеу;

Дамытушылық: оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Сабақтың барысы:

1. Кіріспе сөз.

2. Миға шабуыл. «Заңсыз арал.»

3. Сөздікпен жұмыс.

4. Әңгіме.

5. Шағын топтармен жұмыс. «Бала ма, бала емес пе?»

6. «Құқықтық алаң» ұғымын анықтау.

7. Менің құқығым және міндетім.

8. Мектепте жие кездесетін жағдаяттар.

9. «Балам бол, басқа бол – бәріңе заң біреу – ақ» . (жағдаяттарды шешу)

10. Келген қонағымызға сұрақ.

11. Қорытынды.

Кез келген қоғамның өз ережелері болады. Мемлекеттің де Негізгі заңдар деп аталатын ережелері бар.

Сондай- ақ халықаралық, мемлекетаралық Заңдар бар. Біз өз мемлекетіміздің азаматтары болғандықтан, оның Заңдарымен өмір сүруге міндеттіміз. Бұл үшін Заңдарды білуіміз қажет. Кейбір жасөспірімдер олардың жасы кәмелетке жетпегендіктен Заңдарды білудің қажеттілігі жоқ деп есептейді. Әр адам белгілі бір өзі өмір сүретін мемлекеттің заңдарына бағынып және мойындауға міндетті. Егер кәмелетке толмаған адам Қазақстанның аумағында өмір сүрсе, Қазақстан Республикасының Заңдарына, оның негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының Конституциясына бағынуы тиіс. Ал Заңдарға бағынып, онымен өмір сүру үшін оны білуі тиіс.

Миға шабуыл.

“Заңсыз арал”.

Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді?

Қорытынды:Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды. Ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тірлігіміз үшін қажет. “Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды” деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.

Декларация – хабарлау. Мемлекеттік саясаттың, правоның, халықаралық қарым – қатынастың принциптерін саналы түрде салтанатты түрде жариялайтын документ.

Мораль – адамның іс- әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік және т.б. тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі.

Конституция – конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін бекітетін, мемлекеттік биліктің федеральдық органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси – құқықтық акт.

Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым – қатынасқа қойылатын талап.

Құқық – қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасын реттеп отыратын мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы.

Қоғам – саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде бірігуі.

О й ғ а ж ү г і н с е к

Адамдар алғаш пайда болған кезде олардың арасында дау-жанжалдар, келіспеушіліктер болды, бірақ оны шешетін заң болмады.

Біздің елімізде ең алғашқы Конституция негізін қалаушы Қорқыт бабамыз.Ол кісінің конституциясы “Адат” деп аталды.

Бұдан кейін Шыңғыс ханның “Үш Жосысы”ХІІІ ғасырда, Қасым Ханның “Қасқа жолы XIV ғасырда,Есім ханның “Ескі жолы” XV ғасырда,Тәуке ханның “Жеті Жарғысы” XVI ғасырда.

Қазақ мемлекетінің тарихында 5 конституция болды.

ҚАССР-ның 1924 жылғы Конституциясы, қазақ КСР-нің

1937 және 1978 жылдардағы конституциялары,

Қазақстан Республикасының 1993, 1995 жылдардағы Конституциялары.


Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан.

«Балалар құқықтары туралы Конвенция және ҚР заңдары».

Кәмелетке толмағандардың құықтарын, азаматтық құқық пен бостандықтарын қорғайтын бала құқығы туралы Конвенциясы балалар құқықтарын қорғау үшін 1924 жылы бала құқығының Женева декларациясы қабылданған болатын. Бұл Декларацияға қол қойған мемлекеттер әр адамды оның ұлтына, діни сеніміне, жынысына,әлеуметтік тегіне қарамастан, өз елінің құқықтар мен бостандықтарға ие, тең құқықты азамат етіп қабылдады.

1959 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бала құқықтарының Конвенциясын қабылдады.

1959 жылы БҰҰ «Адам баласына өзі білетін бар жақсыны үйретуге міндетті»деп шешті.

1979 жыл – Халықаралық балалар жылы болып жарияланды.

Польша балаларды заңды түрде қорғайтын конвенция жасауды ұсынды.

1989 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы «Бала құқығы туралы Конвенцияны» қабылдады.

1990 жылы қаңтар айынан бастап БҰҰ-на мүше болып табылатын дүниежүзі елдерінің өкілетті өкілдері «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қоя бастады.

1990 жылы Конвенция 2 қыркүйекте өз күшіне енді. Бала құқығы туралы Конвенция өте қомақты және күрделі құжат.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Нью Йоркте ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Джеймс Грантпен бірге «Бала құқығы туралы Конвенцияға» әлемнің 156-шы елі болып қол қойды

«…18 жасқа толғанға дейінгі әрбір адам бала болып саналады»

Бала құқығы туралы Конвенция. 1-бап

Қоғам балаларға қатысты түрде қамтамасыз етуі тиіс негізгі принциптер:


-Бала мүддесін барынша жақсы қамтамасыз ету;

  • Кемсітпеу;

  • Өмір сүру, есею және ержету құқығы;

  • Бала көзқарастарына құрметпен қарау;

  • Баланы қорғау, оның қоғам өміріне;

белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ету.

Барлық адам заң алдында бірдей, барлық адам заңға бағынуы тиіс. «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең»




ҚР Конституциясының 14-бабы


7 - сынып жетекшісі: Қайрлиева Г.Н.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Право

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Заңды білесің бе?»

Автор: Каирлиева Гүльмира Нығметқызы

Дата: 15.11.2017

Номер свидетельства: 438956

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Урок на тему "Сен ?з ???ы?ы?ды білесі? бе?""
    ["seo_title"] => string(37) "uroknatiemusienozkukygyndybiliesinbie"
    ["file_id"] => string(6) "311069"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459151634"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Разработка внеклассного мероприятия "За?ды білу-заман талабы""
    ["seo_title"] => string(65) "razrabotka-vnieklassnogho-mieropriiatiia-zan-dy-bilu-zaman-talaby"
    ["file_id"] => string(6) "275081"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1452514394"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "« Өз құқығыңды білесің бе?» Ашық тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(52) "oz_k_u_k_yg_yn_dy_biliesin_bie_ashyk_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "394834"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487824466"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "?о?амда?ы орны?ды білесі? бе? "
    ["seo_title"] => string(34) "k-og-amdag-y-ornyn-dy-biliesin-bie"
    ["file_id"] => string(6) "176753"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424462278"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "За?ды білу - заман талабы. "
    ["seo_title"] => string(26) "zan-dy-bilu-zaman-talaby-1"
    ["file_id"] => string(6) "191418"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427301717"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства