Сабақ мақсаты: Оқушыларға адам ойы, іс-әрекеті туралы толық түсініктерін қалыптастыра отырып, тәрбиелеу. Ресурстар мен құралдар: мәтін, нақыл сөздер, үнтаспа, бейнетаспа, интерактивті тақта, плакат, маркер т. б құралдар | Ресурсы: ИКТ. |
Үй тапсырмасын тексеру. Сағындық Ордабеков «Өмірдің мәні», мазмұнын айту. Нұрбол Бимұрзаев «Өмір жолы» өлеңін мәнерлеп оқып келу. | |
Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Шаттық шеңбер құру. Тыныштық сәті. Баяу әуен ойнатылады. Түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады. «Көз алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер!. Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл - күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Енді сабағымызға оралайық! Оқушылар өз қалпына келеді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Адам ойының, сөзі мен ісінің бірлігі. | Сабақ барысы |
Дәйексөз: Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын - адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Шәкәрім Құдайберген. Дәйексөздің маңызын оқушылармен бірге ашамыз. | Оқулық, дәптер |
Өмір жайында: Видеоролик көру. | ИКТ |
Шығармашылық жұмыс: Әңгіме сұхбат 1 Адамгершілік жайында қандай өмірлік ой түйдіңдер. 2.Сіздердің қастарыңызда ісі мен ойы жігерлі кемеңгер адам бар ма. Мысал келтірсеңіздер. 3. Өздерің өмірлік ұстанымдарың ретінде қандай сөзді таңдар едіңдер? 4. Өздеріңіздің рухани дамуыңызға қандай даңғыл жолдан басталады дейсіздер? | Оқулық 37-38 бет. |
Топтық шығармашылық жұмыс Тапсырмадағы ой тұжырымдарын айтып, рухани қағидаларың анықтап, топпен қорғау. ( А3) фламострмен жазу. | |
Сергіту сәті: Көзге, қолға жаттығу жасау. ( музыкамен ) | |
Сұрақтарға жауап беру (әр топқа 4 сұрақтан беру) 1. Балалы әйел қарт кісіні неге өзімен бірге үйіне алып кетті. 2.Сіздің пікіріңізше әйелдің нақты шешім қабылдауына нақты қандай мінез-құлқы әсер етті. Жас келіншектің вакзолдағы әрекеттің жалпы адамгершілік құндылықтар тұрғысынан қалай түсіндіруге болады. Ойын. «Нақыл сөздерді аяқта» 1. Ауырып ем іздегенше,....(ауырмайтын) 2. Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, Үшеуінен болады - (бақытты өмір) 1. Тәртіп пен еңбек -... кепілі (денсаулық) Белсенді топты атау, мадақтау. | |
Сабақты қорытындылау. Жалпы бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңіздер. «Менің құрдастарым» жобасының күнделікіне жазып, қойыңыздар.5- тап. 2. Өздеріңіз рухани кемелденген өмірі мәнді деп ойлайтын туыстарыңыздан, ұстаздарыңыздан болса, ( альбом, слайд) жасап келіңіздер. 6- тапсырма. | ноутбук |
Үйге тапсырма. Берілген ой тұжырымдарды толық оқып шығып, Көңіліміз шат, жанымыз тыныш болады. Осы көңіл - күйде сәл тыныштықта отырайық. Тыныштық, тыныштық! Тыныштық барлық жерде, тыныштық бүкіл әлемде. | |