Бөлімнің атауы : ҚРҚК басқа да әскерлері және әскери құралымдарының жалпы әскери жарғылары | Мектеп: Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы № 45 бейімделген орта мектебі |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ахметов Кадырбек Ашимович |
Сынып: 10 Пәні: Алғашқы әскери дайындық | Қатысқандар: 22 | Қатыспағандар: жоқ |
Сабақтың тақырыбы | Әскери тәртіп , оның мәні және маңызы |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: Әскери тәртіпті сипаттайды |
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Әскери тәртіпті ажыратады |
Кейбір оқушылар орындай алады: Мінсіз жауынгердің моделін жасайды |
Бағалау критерийі | Білу – Әскери тәртіпті сипаттайды Түсіну - Әскери тәртіпті ажыратады Қолдану - Мінсіз жауынгердің моделін жасайды |
Тілдік мақсат | Терминдер: Әскери тәртіп, әскери міндет, марапаттаулар, жазалар Айтылым: Әскери Тәртіп ережелерін түсіндіреді Жазылым: Постер жасап, қорғайды Оқылым: Мәтінді оқиды Тындалым: Топтарда талдау жүргізеді |
Құндылықтарға баулу | ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет; өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық; |
Пәнаралық байланыс | Тарих, адам және қоғам, өлкетану |
АКТ –ны қолдану дағдылары | Бейнематериал көрсету |
Алдыңғы білім | ҚРҚК әскери жарғылары |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың Басы 7 мин | Ұйымдастыру Сапқа тұрғызу, рапортты қабылдау, сап- тық жаттығулар жасату. Сандар бойынша топқа бөлу Алдынғы білімді тексеру «Қағып ал» әдісімен 1.Жарғылардың түрлері және қай жылы бекітілген ? 2.Ішкі қызмет жарғысында не қарастырылады? Әр түрлі санаттағы әскери қызметшілердің жалпы және лауазымдық қызметі, бастықтар мен бағыныштылар арасындағы қарым -қатынас, бұйрықтар беру және оны орындау тәртібі, әскери сыпайылық ережелері. 3.Бастықтар мен бағыныштылар арасындағы қарым -қатынас туралы не айтуға болады.Бастықтардың қандай құқығы бар? 4.Әскери атақтар қалай жіктеледі.Бастық және тікелей бастықтар деген кімдер?. 5 Сержанттар құрамын ата. 6. Кіші офицерлер мен аға офицерлерді ата. 7. Жоғары шенді офицерлерді ата. | Презентация оқулық |
Сабақтың ортасы 25 мин | «Миға шабуыл» Шыңғысхан кезінде жарты әлемді жаулап алғанын тарихтан білесіздер. Шыңғысхан әскерлерінің жеңіліс көрмей, жеңістерге жетіп отыруының себебі неде ? «Қазақстанның қарулы күштері» бейнематериал көрсету Топтық жұмыс Тапсырма: Бейнематериал және оқулық мәтінін пайдалана отырып сипаттама жасау: 1 топ - Әскери тәртіп және оның мәні мен маңызы. 2 топ - Әскери қызметшілердің міндеттері. 3 топ - Марапаттаулар мен тәртіптік жазалар. Дескрипторлар Әскери тәртіп және оның мәні мен маңызын ауызшап сипаттайды Әскери қызметшілердің міндеттерін ауызша сипаттайды Марапаттаулар мен тәртіптік жазаларды ауызша сипаттайды Әскери тәртіп және оның мәні мен маңызын сурет немесе сызба түрінде көрсетеді. Әскери қызметшілердің міндеттерін сурет немесе сызба түрінде көрсетеді. Марапаттаулар мен тәртіптік жазаларды сурет немесе сызба түрінде көрсетеді. «Джигсо» әдісімен талдау Бағалау «екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен топтар бір- бірін бағалайды | бейнематериал оқулық А3 парақтары маркер https://www.youtube.com/ watch?v=4ELILnuKVrE |
Сабақтың соңы 8мин | Рефлексия. «Мінсіз жауынгер» моделін жасау  Кері байланыс | презентация |
Қосымша мәлімет : Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары |
Дифференциация – қалай жүзеге асырылды. Көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? ............................................... Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз? ..................................................... | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша топ топты бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау; Жайлы атмосфера қалыптастыру АКТ ны тиімді пайдалану |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері қолжетімді болды ма?Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз? Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен? Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге? | Бұл бөлімді сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін қолданыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Өткен сабақ өз мақсатына жетті . Барлық оқушы әскери тәртіп ережелерімен танысып, топтық жұмыс жасау арқылы оқушылардың белсенділігі артты. «Джигсо» әдісімен жұмыс жасауда оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін байқауға болады.Сабақта пайдаланған материалдар арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығы артты. |
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты): 1.Топтық жұмыс 2. «Джигсо» әдісі Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. Оқушылардың одан ары белсенділігі 2. АКТ мүмкіншіліктерін толығымен пайдалану Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |