-о?ушыларды? бойында ізгі істерге жетелейтін адамгершілік ?асиеттерді дамыта отырып, оларды жа?ымсыз ?ылы?тар мен жаман істерден са?тандыру?а ы?пал ету;
-о?ушыларды адамгершілігі мол, рухани д?ниесі толыс?ан ізгілікті т?л?а ретінде т?рбиелеу;
-оқушылардың бойында ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерді дамыта отырып, оларды жағымсыз қылықтар мен жаман істерден сақтандыруға ықпал ету;
-оқушыларды адамгершілігі мол, рухани дүниесі толысқан ізгілікті тұлға ретінде тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар:техникалық құрал, сазды әуен, бейнефильмдер,қанатты сөздер
Әдістері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, қысқа метражды фильмді көрсету, ой толғау, психожаттығулар.
Сабақтың барысы: 1.Тыныштықсәтін ережеге сәйкес жүргізу.
2.Мәтінмен жұмыс 8 сыныптың әдістемелік кітабының
170 бетіндегі Д.Тұрлыбектің «Мына дүние не боп барады...»
атты әңгімесінен үзінді оқу
3.Дамыту сұрақтар
4. «Передай добро Бумеранг» 5:44 (минут)
Делайте добро 4:44 бейнефильмдерін көрсету
5.Ой талқы бейнефильмдер жайында
6. «Мен бастаймын, сен аяқта» танымдық ойынын жүргізу
7. Сіздің жақсы қасиеттеріңіз қимыл-қозғалыс ойыны
8. Кері байланыс орнату, оқушы түйіндемесін тыңдау
9. Мұғалімнің қорытынды сөзі
1. Тыныштық сәтін ережеге сәйкес жүргізу.(нұрға бөлену сазды әуенмен)
2. Мәтінмен жұмыс: 8 сыныптың әдістемелік кітабының 170 бетіндегі Д.Тұрлыбектің «Мына дүние не боп барады...» атты әңгімесінен үзінді оқу
3. Дамыту сұрақтары
А)Әңгімеде адам бойындағы қандай қасиеттер туралы айтылады?
Ә)Адами қарым-қатынасты пайдаға, есепке құруға бола ма?
4. «Передай добро Бумеранг» 5:44 (минут)
Делайте добро 4:44 бейнефильмдерін көрсету.
5.Ой талқы бейнефильмдер жайында
А)Көрген бейнефильмдерден қандай адамгершілік қасиеттерді көріп тұрсыңдар?
6. «Мен бастаймын, сен аяқта» танымдық ойынын жүргізу
1.Адам болатын жігіт:
Әуелі өз нәпсісін билейді,
(Сонан соң ауылын билейді,
Сонан соң аймағын билейді.)
2.Заман қамын ойлаған
Саналықтың белгісі.
(Адам қамын ойлаған-
Даналықтың белгісі)
3.Алтын отта сыналар,
(Адам жоқта сыналар)
4.Жаманға еткен жақсылығың
Жатқа кеткен малмен тең.
(Адамға қылған жақсылығың
Арнап бір берген нармен тең)
5.Жаман адам құлқынның қара қабы.
(Жақсы адам адалдықтың алтын тағы)
6.Адам болар жігіттің
Жары өзіне ылайық.
(Керуен бастар жігіттің
Нары өзіне ылайық)
7.Қайырымды адамды
Халық қадірлейді.
(Қайырымсыз наданды
Қайдан жаратты тәңір дейді?!)
8.Адамды қабағынан,
(Аспазды тамағынан таниды)
9.Ағаш тамырымен мықты
(Адам дос-жарымен мықты).
10.Көрген сайын «сіз» десіп,
Сыйласқанға не жетсін.
(Шашылғанды бірлесіп.
Жинасқанға не жетсін).
11.Қайырсыз адам- сараң,
Құм ішінде шөлмен тең.
(Қайыры мол адам-
Суаты шалқар көмен тең).
12. Адам аласы ішінде,
(мал аласы сыртында).
13.Адамның ұяты бетінде
(адамгершілігі ниетінде).
14.Көкірегі жел адам –өр кеуде,
(Көкірегі көр адам-жай пенде).
15.Қыдырымпаз адамда -ұят болмайды,
Кеуек адамда қуат болмайды
(Жел мінез адамда мұрат болмайды).
16.Жүрегіңнің жұмбағын
Жүзің шешіп береді,
(Жүзің шешіп бермесе,
Сөзің шешіп береді).
17.Тәрбиелі адам-(тағалы атпен тең).
18.Үлкенді сен сыйласаң,
Кіші сені сыйлайды.
(Кіші сені сыйласа
Кісі сені сыйлайды).
19.Сырын білмеген адамға
Сырыңды айтпа
(Қасақы қу жаманға
Шыныңды айтпа).
20.Тура ағаш үйге тіреу,
(Тура жігіт елге тіреу).
21.Арамдық адамның ажарын бұзады,
(Ант ұрған халықтың базарын бұзады).
22.Адамды тарлық шынықтырады.
(Адамгершілікті барлық ұмыттырады).
7. Сіздің жақсы қасиеттеріңіз қимыл-қозғалыс ойыны
(жақсы адамдар әні қойылып тұрады балалар арттарындағы бес саусақ сұлбасына сол адамның жақсы қасиеттерін жазады).
8. Кері байланыс орнату, оқушы түйіндемесін тыңдау
9. Мұғалімнің қорытынды сөзі:Адам адамгершілік туралы сөздерді жалаң айтпай, оны іс жүзінде көрсете білуі тиіс.Сондықтан жақсылық жасаудан жалықпа, істеген жақсылығыңа өкінбе.