kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие к?зі –болаша? бастауы та?ырыбы бойынша баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

          ?аза?стан –т?уелсіз мемлекет.Т?уелсіз елді ?ркениетті ?лемге танытатын дамы?ан елдер ?атарында терезесін те? ететін к?ш – білім ж?не білімді де,т?рбиелі ?рпа?.Білімді ?рпа? – егеменді елді? берік тірегі.Біз білімді ?рпа?,білімді т?л?а дегенде рухани жан д?ниесі бай,білімі мен біліктілігі жо?ары талап-тал?амы тере?,салауатты ?мір салтын д?рыс ?алыптастыратын т?л?аны айтамыз.Т?бегейлі ?згерістерге бет б?р?ан жа?а ?о?амда тек білімді болу жеткіліксіз,сонды?тан ?рбір жеке т?л?аны? бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, ?айырымдылы?, батылды?, отанс?йгіштік, т.б. ?асиеттер болуы тиіс.

                                                         ?семпаз болма ?рнеге

?нерпаз болса? ар?алан

  Сен де бір кірпіш д?ниеге

Кетігін тап та бар ?алан.

деп  Абай атамыз айт?андай  б?гінгі жас ?рпа? ?мір шы?ынан ?з орнын табуы тиіс.Ол ?шін адам е? ?уелі ?зін-?зі тануы ж?не ?згеге ?зін таныта білуі тиіс.

          Адамны? рухани с?лулы?ыны? басты белгісі-адамгершілік т?рбие.Жеке т?л?аны рухани адамгершілікке т?рбиелеу ?шін т?рбиені? кешенді ба?ыттары бір-бірімен ты?ыз байланыста ?атар ж?реді.Біз б?секеге ?абілетті елу елді? ?атарына ену ?шін ?рпа??а біліммен ?оса т?рбиені де ?атар беруіміз ?ажет.Біз аспан ?леміндегі сан мы?да?ан ж?лдыздар ішінен жар?ырап к?зге т?сетін ж?не ол а?ып кетпейтін жары? ж?лдыздарды ерекше к?ре аламыз.Ендеше, біз де бала бойына жауапкершілік,адалды?,сыпайылы?,жанашырлы?,?зара к?мек,?зара келісім,а? ниеттілік сия?ты ?лы ?асиетті сі?діре білсек,бала неге осы ж?лдыздай жар?ырап к?рінбеске.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие к?зі –болаша? бастауы та?ырыбы бойынша баяндама »

Тәрбие көзі –болашақ бастауы

          Қазақстан –тәуелсіз мемлекет.Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді де,тәрбиелі ұрпақ.Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі.Біз білімді ұрпақ,білімді тұлға дегенде рухани жан дүниесі бай,білімі мен біліктілігі жоғары талап-талғамы терең,салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыратын тұлғаны айтамыз.Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз,сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік , ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батылдық, отансүйгіштік, т.б. қасиеттер болуы тиіс.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан.

деп  Абай атамыз айтқандай  бүгінгі жас ұрпақ өмір шыңынан өз орнын табуы тиіс.Ол үшін адам ең әуелі өзін-өзі тануы және өзгеге өзін таныта білуі тиіс.

          Адамның рухани сұлулығының басты белгісі-адамгершілік тәрбие.Жеке тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеу үшін тәрбиенің кешенді бағыттары бір-бірімен тығыз байланыста қатар жүреді.Біз бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін ұрпаққа біліммен қоса тәрбиені де қатар беруіміз қажет.Біз аспан әлеміндегі сан мыңдаған жұлдыздар ішінен жарқырап көзге түсетін және ол ағып кетпейтін жарық жұлдыздарды ерекше көре аламыз.Ендеше, біз де бала бойына жауапкершілік,адалдық,сыпайылық,жанашырлық,өзара көмек,өзара келісім,ақ ниеттілік сияқты ұлы қасиетті сіңдіре білсек,бала неге осы жұлдыздай жарқырап көрінбеске.

         Кешенді он екі бағыттың ішінен адамгершілік тәрбиеге тоқталып отырмын.

        Адамгершілік – адам өмірінің рухани негіздерін құрайды ,ойластырады,болжайды.Бұл жайды және адамзат құндылығын қалыптастырады . «Адам жолында екі түрлі, бір-біріне қарама-қарсы ағыстар бар.Бір ағыс адалдыққа жетелесе, екіншісі мейірімге талпынтады» деген Леккидің сөзіне жүгінсек,біз баланы сөзсіз мейірімге тәрбиелеуіміз керек.Ал адам бойына мейірімділік,

адамгершілік-отбасы, қоршаған орта,қоғамдық немесе саяси өмір

арқылы сіңіріледі.Енді осы мейірім қазыналарына жеке-жеке тоқталып өтсем.

                  Отбасымен қарым-қатынас

«Тәрбие – тал бесіктен басталады» - дегендей баланың алғашқы тәрбиесі де, өнегесі де осы отбасына қарап қалыптасады.Отбасындағы әке мен шеше өз елінің нағыз азаматын өсіру үшін,өздері де елінің өнерін,мәдениетін,салт-дәстүрін , тарихын толық меңгерген болуы тиіс.Осы тәрбиені ала отырып,бала отбасындағы үлкен мен кішінің орнын біліп, «Үлкенеге  - құрмет,кішіге –ізет» ету керектігін жадында сақтайды.

                  

Қоршаған орта

Қоршаған орта- ол біздер мен сіздер.Бала қоршаған ортаға қарай тез бейімделгіш болады.Сондықтан  балалар арасындағы қарым-қатынаста  әдептілік,сыпайылық, адалдық  орнату керек.Жалпы балаларға қоғамдық орындарда өзін-өзі қалай ұстауы керектігін,яғни баланың қоршаған дүниеге деген көзқарасын дұрыс қалыптастыруымыз қажет.

                  Қоғам және саяси өмірмен ұштастыру.

Баланы қоғамның саяси өмірмен ұштастыру үшін ақпарат құралдарын тереңірек пайдаланған жөн. Балаларға баяндай отырып,еліміздің қазіргі ішкі және сыртқы саяси жағдайларын және елбасының жолдауларын түсіндіріп жеткіземіз.Бұл жұмыстар арқылы баланың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін , өзінің жеке құқығын қорғау қабілетін дамытамыз.Бала бойында, салауатты өмір салтын қалыптастыру кез-келген мұғалімнің де ата-ананың да негізгі міндеті болуға тиіс.Сонда ғана біздің болашағымыз дені сау шыныққан шымыр ұрпақтан тұратын болады.Ал мұндай ұрпақ бар жерде еш нәрседен қорықпауға болады.

                 Ұлттық құндылықтармен азықтандыру

         Балаларды ұлттық құндылықтармен азықтандыру кезінде халқымыздың мақал-мәтелдері және шешендік сөздері,өлең,жыр-дастандардың атқаратын маңызы зор.Ұлтттық құндылықтармен азықтандыру дегеніміз-баланы ұлтының тарихымен,мәдениетімен,салт-дәстүрімен терең таныстыру және меңгерту әрбір ұстаздың міндеті.Баланың салт-дәстүрге қызығушылығын дамытып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға жол сілтеу.Әрбір мақалдың мән-мағынасын түсіндіру,өлең жыр-дастандарды жадында сақтау арқылы адамгершілікке тәрбиелейміз.

       « Ғылымда ілгері ұмтылғанмен,адамгершілікке ақсап жатса,ондай адамның алға басуынан гөрі кері кетуі тезірек.» Аристотель.

        Егер біз ғұламалардың еңбектеріне жүгінсек ,осы пікіріміздің дұрыстығына көз жеткіземіз.Оған Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес , рухани тәрбие берілуі керек,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген сөзі дәлел.

       Демек, бүгінгі таңда педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін дамыта оқыту болып табылады.

      Егерде жеке тұлғаның рухани –адамгершілігін дамыта оқыту баланың мектеп табалдырығын аттаған сәтінен бастап жүзеге асырылса,онда қоғамның әлеуметтік қажеттілігін өтейтін рухани бай тұлға қалыптастыра аламыз.

       Осындай ұлы тәрбиелер мен өнегелі үлгілердің, жан-жақты білім берудің арқасында мақсатымыз-нәтижеге бағытталған білімге жетеміз.Елбасының жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан жолдауына сай парасатты ұрпақ,өнегелі ұл мен қыз тәрбиелейміз.















































Дайындаған: Сейткалиева М.С





Павлодар қ. 2015 ж

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тәрбиенің қазіргі жағдай
2. Тәрбиенің құндылығы
3. Тәрбиенің басым бағыттары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Қазіргі заманғы қоғамда адамнан тек политехникалық білімді болуын талап етіп қана қоймай, жоғары деңгейдегі мәдениет пен ғылым мен техниканың түрлі салаларында терең мамандануын ғана емес қоғамда өмір сүріп тіршілік ете білуді талап етеді. Баланың тұлғалық дамуының негізгі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік, белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой - пікірдегі тәуелсіздік болып табылады. Осы қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасу мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыруға болады.
Білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзат - тық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан - жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, ден - саулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады.


Осы сияқты қасиеттерді білім алушылардың бойында қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білім алушыларды тәрбиелеудің тұтастығы жөніндегі мемлекет саясатының бағыты Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында оқушыларға құқықтық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында, Қазақстан Республика - сында адамгершілік - жыныстық тәрбие беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу бағдарламасында атап көрсетілген.


Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасы (бұдан былай Тұжырымдама) тәрбие саласындағы мемлекеттік жалпы стратегиялық саясаттың мақсаты мен міндетін, тәрбие мазмұнының негізгі бағыттарын және оларды іске асыру шарттарын айқындайтын құжат болып табылады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие к?зі –болаша? бастауы та?ырыбы бойынша баяндама

Автор: Сейткалиева Мира Саттаровна

Дата: 17.06.2015

Номер свидетельства: 220284


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства