kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Т?рбие процесінде болаша? орта буын медицина ?ызметкерлеріні? к?сіби адамгершілік ?асиеттерін ?алыптастыру жолдары»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Т?рбие процесінде болаша? орта буын медицина ?ызметкерлеріні? к?сіби адамгершілік ?асиеттерін ?алыптастыру жолдары»

 Жанисова Г.?. –Орал «Ма?сат» медициналы?

колледжі директорыны?  т?рбие ісі ж?ніндегі

орынбасары.

?азіргі кезде білім беруді? негізгі ма?сатыны? бірі – ой-?рісі жа?ашыл, шы?армалы? де?гейде ?ызмет ат?ара алатын, т?рбиелі, д?ниетанымы жо?ары, жан-жа?ты ?алыптас?ан, білікті маман даярлау. «Халы? пен халы?ты, адам мен адамды те?естіретін н?рсе –білім» деп дана жазушы М.?уезов айт?андай, егеменді елімізді ?ркениетке апарар жолды? бастауы –білікті мамандар даярлау. Б?гінгі ?лемдегі елдер мен халы?тарды? ?зара тарихи байланысыны? дамуы,экономика, м?дениет, ?ылым мен медицинаны? ?лемдік де?гейге бет б?руы, елімізді? н?рлы болаша?ына, адамзат ?о?амын ал?а жетелейтін ??діретті к?ш тек білім мен т?рбиеге т?н.

Т?рбие – ?о?амды? ?рдіс, ?о?ам мен жеке т?л?аны? ара-?атынасын ?амтамасыз ететін басты ж?йе. Оны? негізгі ?лшемі ?мірге ?ажетті т?л?аны? жа?ымды ?асиеттерін дамыту болып табылады.?аза? еліні? ?ркениетті дамуында жастар?а т?рбие мен білім беруді? мазм?нын ?лтты? рухани м?ра негізінде ?о?ам талабына сай жо?ары саналы де?гейге к?теру – б?гінгі та?да?ы к?кейтесті м?селені? бірі.Кезінде Ахмет Байт?рсынов «Моральды? ж?не рухани байлы? жо? жерде м?рат?а жету м?мкін емес. Ал?а ?ой?ан ма?сат-м?рат?а ?ол жеткізу ?шін адамдарды жан-жа?ты т?рбиелеуге к??іл б?лген ж?н. Жастар ?алай о?ып, ?алай т?рбиеленуі б?рінен б?рын ескеріліп, б?рінен б?рын ?ойылатын ж?мыс» – деп т?жырымдады. О?у мен т?рбие ж?мысы ажырамайтын ??рал. Сонды?тан болаша? мамандар даярлауда т?л?аны? іске асуына ж?не  дамуына м?мкіндік ту?ызатын ж?мыс т?ріні? бастысы – т?рбие ж?мысы.Ата?ты педагог А.С.Макаренко айт?андай «Біз жас ?рпа?ты тек маманды??а даярлау туралы ?ана с?з етіп ?оя алмаймыз.Біз. мінез-??лы?ты, жеке басты? ?асиеттерін т?рбиелеу туралы да ойластыруымыз керек» Т?рбие ж?мысына ?ойылатын аса ма?ызды талап – оны ?йымдастыруды? алуан т?рлі формаларын ?олдану. Т?рбиелік ма?саттар?а ?ол жеткізу ?шін т?рбиелеуші мен т?рбиеленушіні? бірлескен ?зара ж?мыс ж?ргізу жолдары мен ?дістері д?рыс та?далып алынса ж?не білгірлікпен ?олданылса, т?рбиеленушіні? санасы дамиды, сезімі байиды, ?ажетті да?дылары мен мінез-??лы? ?деттері, д?ниеге жа?аша к?з?арасы ?алыптасады, эстетикалы? тал?амы ?седі, адамгершілік ?лемі ке?иді.

 ?р адам тек ісімен ?ана емес, сол істі ?алай ат?ар?анды?ымен де сипатталады. Медицина ?ызметкері  ?зіні? к?сіби міндетін ат?ару ?шін ?ажетті жеке т?л?алы? ?асиеттерді ?мір бойы жина?тайды деп айту?а болады. Е?бекке д?рыс к?з?арас пен к?сіби шеберлік жеке т?л?аны? моральды? келбетін к?рсететін к?рсеткіш болып табылады. Шынайы к?сіби шеберлік парыз, адалды?, ?зіне ж?не ?з ?ріптестеріне талап ?оя білушілік, е?бегіні? н?тижесі ?шін жауапкершілік ала білу сия?ты адамгершілік ?асиеттерге с?йенеді.  ?р ?ызмет саласыны?, маманды?ты? ?зіндік к?сіби м?дениеті, адамгершіліктік, этикалы? ережелері бар.Медицина саласыны? к?сіби этикалы? ережелеріні? бас?алардан ерекшелігі, оларды? адам денсаулы?ына, оны са?тау мен жа?сарту?а ба?ыттал?анды?ында. Б?л нормалар е? бірінші болып бас?а к?сіби-моральды? медициналы? ережелерді жаса?тау?а негіз бол?ан Гиппократ антында к?рініс алды.

Медицинаны? дамуы, емдеу мекемелерінде жа?а ж?мыс ж?йелеріні? енгізілуі т.б. медицина кадрларыны? біліктілігі м?селесін, атап айтса?, оларды? медициналы?-психологиялы? ??зыреттілігі м?селесін к?теріп отыр. Сонды?тан денсаулы? са?тау саласы орта арнаулы о?у орындарыны? алдына білікті орта буын маманын сапалы к?сіби даярлауды? тиімді жолдарын ?арастыру м?селесін ?ойып отыр. Б?л м?селені шешу ?шін заманауи педагогикалы? технологияларды, о?ыту ??ралдарын ?олдану, о?ыту ?дерісін ??райтын б?кіл ?дістемелік ж?йені? бас?а ??рылымды? элементтерін бас?аша ба?ыттау ?ажет болады.

Медициналы? колледждегі жеке т?л?а?а ба?ыттал?ан білім беруді ж?зеге асыру – кез келген арнайы п?нні? мазм?ны болып табылатын ?леуметтік т?жірибені? тиісті б?лігін беру мен алу сия?ты екі жа?ты орта? процесс. Т?жірибе к?рсетіп отыр?андай, о?ытушылар болаша? медицина мамандарын даярлау барысында о?ан к?сіби білім беру жа?ына басым к??іл б?ліп, оны? к?сіби моральды?, адамгершілік ?асиеттері мен м?дениетін ?алыптастыру?а тиісті де?гейде к??іл б?лмейді.

Болаша? медицина маманыны? к?сіби-т?л?алы? дамуы оны? бойында?ы к?сіби ма?ызды ?асиеттері мен ?абілеттеріні? даму де?гейімен аны?талады. Т?л?аны? ?алыптасуына к?птеген факторлар, соны? ішінде ?леуметтік факторлар да ?сер етеді. Болаша? маманды к?сіби даярлау барысында о?ыту мен т?рбиелеу т?л?аны? даму сатысыны? ?рбір кезе?інде о?ан ?леуметтік ы?пал етуде ж?йелілік болуын ?арастырады. Болаша? орта буын медицина ?ызметкерлеріні? к?сіби м?дениетін т?рбиелеуде, к?сіби ?ызметіне ?ажетті ?асиеттер мен да?дыларды ?алыптастыруда, б?секеге ?абілетті ж?не ??зыретті медицина маманын даярлау процесінде к?сіби-шы?армашылы? т?рбиені? алатын орны зор. Оны? м?ні о?ушыларды болаша? маманды?ыны? ерекшіліктерімен, ?ызы?ы мен ?иынды?ымен таныстыру, студентті? к?сіби ма?ызды ?асиеттері мен м?дениетін дамыту,оларды? бойында медицина ?ызметкерлеріне  ?ажетті ?айырымдылы?,  мейірімділік сия?ты сезімдерді, ?з маманды?ына с?йіспеншілікті т?рбиелеу. Колледжді? т?рбие ж?мысы болаша? медицина ?ызметкерлерін адамгершілікке, ?азіргі кезе?де ?зекті болып табылатын  азаматты? позицияны, е?бегіне  саналы ж?не жауапты к?з?арасты т?рбиелеу, медицина маманды?ыны? к?сіби ??ндылы?тары мен негізгі біліктіліктерді ?алыптастыру?а ба?ытталады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Т?рбие процесінде болаша? орта буын медицина ?ызметкерлеріні? к?сіби адамгершілік ?асиеттерін ?алыптастыру жолдары»»

«Тәрбие процесінде болашақ орта буын медицина қызметкерлерінің кәсіби адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру жолдары»

Жанисова Г.Қ. –Орал «Мақсат» медициналық

колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары.


Қазіргі кезде білім берудің негізгі мақсатының бірі – ой-өрісі жаңашыл, шығармалық деңгейде қызмет атқара алатын, тәрбиелі, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан, білікті маман даярлау. «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе –білім» деп дана жазушы М.Әуезов айтқандай, егеменді елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы –білікті мамандар даярлау. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы,экономика, мәдениет, ғылым мен медицинаның әлемдік деңгейге бет бұруы, еліміздің нұрлы болашағына, адамзат қоғамын алға жетелейтін құдіретті күш тек білім мен тәрбиеге тән.

Тәрбие – қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады.Қазақ елінің өркениетті дамуында жастарға тәрбие мен білім берудің мазмұнын ұлттық рухани мұра негізінде қоғам талабына сай жоғары саналы деңгейге көтеру – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселенің бірі .Кезінде Ахмет Байтұрсынов «Моральдық және рухани байлық жоқ жерде мұратқа жету мүмкін емес. Алға қойған мақсат-мұратқа қол жеткізу үшін адамдарды жан-жақты тәрбиелеуге көңіл бөлген жөн. Жастар қалай оқып, қалай тәрбиеленуі бәрінен бұрын ескеріліп, бәрінен бұрын қойылатын жұмыс» – деп тұжырымдады. Оқу мен тәрбие жұмысы ажырамайтын құрал. Сондықтан болашақ мамандар даярлауда тұлғаның іске асуына және дамуына мүмкіндік туғызатын жұмыс түрінің бастысы – тәрбие жұмысы.Атақты педагог А.С.Макаренко айтқандай «Біз жас ұрпақты тек мамандыққа даярлау туралы ғана сөз етіп қоя алмаймыз.Біз... мінез-құлықты, жеке бастың қасиеттерін тәрбиелеу туралы да ойластыруымыз керек» Тәрбие жұмысына қойылатын аса маңызды талап – оны ұйымдастырудың алуан түрлі формаларын қолдану. Тәрбиелік мақсаттарға қол жеткізу үшін тәрбиелеуші мен тәрбиеленушінің бірлескен өзара жұмыс жүргізу жолдары мен әдістері дұрыс таңдалып алынса және білгірлікпен қолданылса, тәрбиеленушінің санасы дамиды, сезімі байиды, қажетті дағдылары мен мінез-құлық әдеттері, дүниеге жаңаша көзқарасы қалыптасады, эстетикалық талғамы өседі, адамгершілік әлемі кеңиді.

Әр адам тек ісімен ғана емес, сол істі қалай атқарғандығымен де сипатталады. Медицина қызметкері өзінің кәсіби міндетін атқару үшін қажетті жеке тұлғалық қасиеттерді өмір бойы жинақтайды деп айтуға болады. Еңбекке дұрыс көзқарас пен кәсіби шеберлік жеке тұлғаның моральдық келбетін көрсететін көрсеткіш болып табылады. Шынайы кәсіби шеберлік парыз, адалдық, өзіне және өз әріптестеріне талап қоя білушілік, еңбегінің нәтижесі үшін жауапкершілік ала білу сияқты адамгершілік қасиеттерге сүйенеді. Әр қызмет саласының, мамандықтың өзіндік кәсіби мәдениеті, адамгершіліктік, этикалық ережелері бар.Медицина саласының кәсіби этикалық ережелерінің басқалардан ерекшелігі, олардың адам денсаулығына, оны сақтау мен жақсартуға бағытталғандығында. Бұл нормалар ең бірінші болып басқа кәсіби-моральдық медициналық ережелерді жасақтауға негіз болған Гиппократ антында көрініс алды.

Медицинаның дамуы, емдеу мекемелерінде жаңа жұмыс жүйелерінің енгізілуі т.б. медицина кадрларының біліктілігі мәселесін, атап айтсақ, олардың медициналық-психологиялық құзыреттілігі мәселесін көтеріп отыр. Сондықтан денсаулық сақтау саласы орта арнаулы оқу орындарының алдына білікті орта буын маманын сапалы кәсіби даярлаудың тиімді жолдарын қарастыру мәселесін қойып отыр. Бұл мәселені шешу үшін заманауи педагогикалық технологияларды, оқыту құралдарын қолдану, оқыту үдерісін құрайтын бүкіл әдістемелік жүйенің басқа құрылымдық элементтерін басқаша бағыттау қажет болады.

Медициналық колледждегі жеке тұлғаға бағытталған білім беруді жүзеге асыру – кез келген арнайы пәннің мазмұны болып табылатын әлеуметтік тәжірибенің тиісті бөлігін беру мен алу сияқты екі жақты ортақ процесс. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, оқытушылар болашақ медицина мамандарын даярлау барысында оған кәсіби білім беру жағына басым көңіл бөліп, оның кәсіби моральдық, адамгершілік қасиеттері мен мәдениетін қалыптастыруға тиісті деңгейде көңіл бөлмейді.

Болашақ медицина маманының кәсіби-тұлғалық дамуы оның бойындағы кәсіби маңызды қасиеттері мен қабілеттерінің даму деңгейімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуына көптеген факторлар, соның ішінде әлеуметтік факторлар да әсер етеді. Болашақ маманды кәсіби даярлау барысында оқыту мен тәрбиелеу тұлғаның даму сатысының әрбір кезеңінде оған әлеуметтік ықпал етуде жүйелілік болуын қарастырады. Болашақ орта буын медицина қызметкерлерінің кәсіби мәдениетін тәрбиелеуде, кәсіби қызметіне қажетті қасиеттер мен дағдыларды қалыптастыруда, бәсекеге қабілетті және құзыретті медицина маманын даярлау процесінде кәсіби-шығармашылық тәрбиенің алатын орны зор. Оның мәні оқушыларды болашақ мамандығының ерекшіліктерімен, қызығы мен қиындығымен таныстыру, студенттің кәсіби маңызды қасиеттері мен мәдениетін дамыту,олардың бойында медицина қызметкерлеріне қажетті қайырымдылық, мейірімділік сияқты сезімдерді, өз мамандығына сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Колледждің тәрбие жұмысы болашақ медицина қызметкерлерін адамгершілікке, қазіргі кезеңде өзекті болып табылатын азаматтық позицияны, еңбегіне саналы және жауапты көзқарасты тәрбиелеу, медицина мамандығының кәсіби құндылықтары мен негізгі біліктіліктерді қалыптастыруға бағытталады.

Әр оқу орнында өзінің тәрбие жүйесі мен бағыт-бағдары бар. Бойында рухани адамгершілік құндылықтары қалыптасқан, болашақ медицина қызметкері ретінде өз міндетін айқын сезіне алатын, адамды құрметтеу, оған көмектесу, қайырымдылық пен аяушылық, әдептілік пен кішіпейілділік, ізеттілік пен қарапайымдылық, отансүйгіштік қасиеттерімен мінез-құлығы қалыптасқан саналы ұрпақ, болашақ медицина маманын тәрбиелеу мақсатында «Мақсат» медициналық колледжінде бүгінгі таңдағы гуманистік педагогика ұстанған тəрбиені нақты тұлғаға бағыттау, жеке жəне қоғамдық тəрбие бағыттарын үйлестіре байланыстыру, тəрбиені өмір жəне еңбекпен ұштастыру, тəрбиелік ұнамды үлгі-өнегені арқау ету, тəрбиелік ықпалдарды біріктіре пайдалану сияқты принциптері бойынша тәрбие жұмысы жүргізіліп келеді.Тәрбие процесінде оқушылардың кәсіби мәдениеті мен қабілеттерін қалыптастыру мақсатында оқу орнында ұйымдастырылатын шаралардың формалары әр түрлі – бұл емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін дәрігерлер мен орта буын медицина мамандары, колледж түлектерімен кездесулер, мамандармен бірге өткізілетін дөңгелек үстелдер, кәсіби байқаулар, іскерлік ойындар мен тренингтер, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, аурухана мен мұражайларға экскурсияларт.б. Бұндай шараларда білім алушылар кәсіби қарым-қатынас этикасын, өз-өзін таныту мен бағыттау, кәсіби ортада өзін ұстау дағдыларын меңгеріп қана қоймай, оларды тәжірибеде қолдануға дағдыланады.

Өткен және ағымдағы оқу жылында «Мақсат» медициналық колледжінде осы бағытта көптеген тәрбиелік шаралар жоспарланған нәтижесіне жетті.Атап айтып кетсек: «Стоматология» мамандығының ІІІ курс студенттері арасында өткізілген: «Күлкінің әсемдігі – өмірдің әдемілігі», «Здоровый зуб –залог здоровья» кәсіби-танымдық кештері мен «Үздік дантист» кәсіби байқауы, қалалық дәріхана және фармация саласы мамандарының қатысуымен «Фармация» мамандығы студенттерімен өткізілген «Развитие фармацевтического рынка Казахстана: проблемы и перспективы» дөңгелек үстелі, «Турнир по аналитической и фармацевтической химии» байқауы , «Мейірбике ісі» мамандығы студенттерімен оздырылған «Мейірімділік–жанға дауа» т.б. арнайы пәндер апталықтары аясында өткізілген колледждішілік шаралар. Мамандықтары бойынша ұйымдастырылған шараларға оқушылар қызығушылықпен қатысып, өздерінің ынта-жігерін, кәсіби қабілеттері мен білімдерін көрсетті.

Оқушыларға кәсіби шығармашылық тәрбие беру мен оларға тәрбие және оқыту процесінде болашақ кәсіби қызметінің мәдениетін, адамгершілік-этикалық негіздерін қалыптастыру жолдарының бірі – ғылыми-зерттеу жұмыстары. Ғылыми-техникалық оқуларға, ғылыми-танымдық конференцияларға, кәсіби байқауларға қатысу арқылы оқушылар өздерінің болашақ мамандықтарының қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алады. Бұл бағыттағы жұмыс та өз жемістерін беріп, білім алушыларға болашақ кәсіптерін меңгеруге көп септіктерін тигізеді.Ғылыми-зерттеу, іздену жұмыстарының қай оқу пәні бойынша екендігіне және тақырыбына қарамастан, олардың барлығында медицина саласына бағытталу, білім алушылардың мамандықтарымен байланыс айқын көрінеді. Облыстық ғылыми-танымдық конференцияда еңбегі ІІІ орынмен бағаланған колледж оқушысы Ж.Шаримова өз баяндамасында Қазақстанның даму жолын медицина саласының өрістеу жолымен байланыстыра ашып көрсете алса, орта кәсіптік-техникалық оқу орындары оқушыларының ғылыми-техникалық оқуларында студенттер И.Әділгереева мен Г.Талғатова ізденіс жұмыстарын медицина саласымен байланыстырып,бірі туған өлкенің экологиялық жағдайының халықтың денсаулығына әсері туралы баяндаса, екіншісі туған жерінің тарихын медицинаның дамуымен байланыстырды. Ал ғылыми-зерттеу оқуларында «Фармация» бөлімінің 3 курс студенті М.Щелокованың«Генерики как альтернатива оригинальных лекарственных препаратов» тақырыбындағы жұмысы ең үздік болып танылды.

Болашақ медицина маманының бойында кәсіби мәдениетті қалыптастыру мәселесінің тағы бір шешімі – тәрбиелік материал ретінде атақты дәрігерлердің, ғалымдардың өмір жолы мен қызметін, медицина саласын дамытуға сіңірген еңбегін өнеге ету. Оқушы жастармен отандық және шетелдік медицина тарихының мәдени-тарихи мұрасын зерттеу, танып білу, оның үздік дәстүрлерін сақтау және жалғастыру, жетістіктерін насихаттау бойынша жүргізілетін тәрбие жұмыстары медицина саласын таңдаған жастың танымдық білімін жетілдіріп,кәсіби мәдениетін көтереді.Колледжде отандық және өлкелік медицинаның негізін қалаған, оның өркендеуіне еңбек сіңірген тұлғалардың өмір жолын, еңбегін танып білу мақсатында тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізіліп тұрады.Олар қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер-ғалымдар, алаштың патриот ұлдары С.Асфендияров, Х.Досмұхамедов, М.Маметов, сонымен қатар өлкеміздің тарихында із қалдырған дәрігер-ғалымдар И.Қаракулов, Х.Жұматов сияқты тұлғаларға арналып өткізілді.

«Тәуелсіз еліміздің тұлғалары» тақырыбына ұйымдастырылған ғылыми-ізденіс жұмыстарының колледжаралық конференциясында дәрігер-ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері Ишанбай Каракулов туралы ««Жизнь, посвященная медицине» тақырыбына баяндама жасап, жүлделі ІІ орынды иеленген колледжіміздің ІІ курс оқушысы Н.Ермольчев іздену барысында облыстық мұрағат, облыстық клиникалық аурухана мұражайы, облыстық әмбебап және техникалық кітапханалар материалдарын пайдаланып, тақырып бойынша бай мағлұматтар жинап қана қойған жоқ, сонымен қатар болашақ кәсібі жөнінде білімдерін жетілдіріп, ғылыми-ізденіс жұмыс дағдыларын да меңгерді.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған шаралар аясында І-ІІ курс оқушылары арасында оздырылған «История моей страны в судьбе моей семьи» жобалар байқауында дәрігерлер династиясынан шыққан колледж оқушыларының жобалық жұмыстарының болашақ медицина қызметкерлеріне үлгі-өнеге болатындай тәрбиелік маңызы зор болды. В.И.Вернадскийдің айтуы бойынша «өзінің шыққан тегі мен ата-бабаларын танып-білу қажеттілігі адамға алдыңғы ұрпақ өкілдері жасап үлгермеген істерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді».

Оқушылардың бойында маңызды кәсіби қасиеттерді қалыптастыру мақсатында колледждің тәрбие беру жоспары бойынша ІІ-ІІІ курс оқушыларымен «Бүгінгі студент-ертеңгі маман»,«Медицина қызметкерінің маңызды кәсіби қасиеттері», «Орта буын медицина қызметкерінің моральдық және құқықтық жауапкершілігі», «Профессия – медицинская сестра»,«Профессиональные качества медработника», «Мое здоровье в профессиональной деятельности», т.б. тақырыптар бойынша тәрбиелік шаралар ұйымдастырылды. Жоспарланған нәтижеге қол жеткізу мақсатында мұндай шараларда бейне және фотоматериалдар, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер, баспасөз материалдары, психологиялық тестілеу, іскерлік және рөлдік ойындар, экскурсиялар, көркем әдебиет шығармалары пайдаланылады. Болашақ фельдшерлер мен мейірбикелер, фармацевтер мен дантистер іскерлік және рөлдік ойындар барысында, кәсіби бағыттағы түрлі жағдаяттық тапсырмаларды орындау барысында өз-өздерін бақылау, бағыттау дағдыларына үйреніп, өз іс-әрекеттеріне баға беруге жаттығады.Мұндай жұмыс түрлері оқушылардың өздеріне деген сенімдерін қалыптастырып, өздерінің мамандық бойынша жұмыс істеу дайындығының деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Колледж оқушылары кәсіби бағыттағы өз шеберліктерін, медицина қызметкеріне қажетті қасиеттер мен мәдениетті меңгеру деңгейін түрлі байқауларда көрсетіп жүр. Кәсіби техникалық білім беру ұйымдары оқушылары арасында өткізілген облыстық «Мамандық-2013» кәсіби байқауында «Стоматология» бөлімінің ІІІ курс оқушысы Д.Казанцевтің жүлделі ІІ орынды иеленуі және «Тіл тарланы -2014» байқауында Ю.Даракчянның жеңімпаз болып жариялануы осының дәлелі.

Бұл бағыттағы оқу орнында істелініп жатқан жұмыстар өз нәтижесін беріп жатыр деп айтуға болады. Ең бастысы колледж түлектерінің мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, психологиялық және кәсіби бейімделуі, олардың өз кәсіптерін меңгеріп кетуі.

Болашақ орта буын медицина қызметкерлерінің бойында белсенді интеллектуалдық, тұлғалық және кәсіптік ұстанымдарды, қасиеттерді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған тәрбиелік шаралар, олардың түрлі формада ұйымдастырылуы мен әдістемелік қамтамасыздандырылуы орта кәсіби оқу орнының алдында тұрған – білім алушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру – мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, болашақтың келбеті бүгінгі жастардың тәрбиесі, білімі, өнері, мәдениеті, шығармашылығы арқылы жүзеге асады. Ұлы ғұлама Әбу насыр әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі.» деп бекерге айтпаған.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Аверин В.А., Бухарина Т.Д. Психология медицинского образования. -СПб, 1995.-195с

  2. Ананьев Б. Г. Человек как предмет познания. - Л., 1968. - С.277.

  3. Әлменұлы.Б. Шешендік сөздер.А. «Ғылым» 1993

  4. Байтұрсынов А. Шығармалар.Алматы.»Дәуір» 1989

  5. Денисов И.Н., Чебышев Н.В., Косарев И.И., И.А. Вальцева. Мастерство преподавателя медицинского вуза. (Психолого-педагогический очерк). - М.: Изд. ММА им. И.М. Сеченова, 1993.

  6. Косарев И.И. Слово об идеальном педагоге. // Врач. – М., 2007. - № 6.

  7. Тоқышева Б.«Тәрбие –әлеуметтік үрдіс» журнал «Сыныптағы тәрбие» 2013ж №4

  8. Шурупова Р.В. Самосовершенствование преподавателя высшей школы как одно из условий осуществления личностного и профессионального развития // Акмеология: личностное и профессиональное развитие. Материалы Международной научной конференции. - М.: Издательский Дом «Эко», ООО «ПКЦ Альтекс». 2004. - С. 596-598.

Резюме


В этой статье рассматриваются пути формирования профессиональных качеств личности в процессе воспитания будущих медицинских специалистов среднего звена и

особенности воспитательной работы в этом направлений в Уральском медицинском колледже «Максат»

«Формирование профессиональных качеств личности в процессе воспитания будущих медицинских специалистов среднего звена»



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Жанисова Галия Каиржановна

Дата: 03.12.2015

Номер свидетельства: 261492


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства