Мақсаты: құрастыру материалдарымен таныстыру және жүк машинасын құрастыруды үйрету.
Құрастыруға арналған материалдарды дұрыс пайдалана білуге жаттықтыру; сүт таситын машинаны өз беттерінше құрастырту арқылы шығармашылық жұмысқа баулу.
Конструктормен ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар: әр балаға жеткілікті мелшерде құрастыру материалдары, көрнекі суреттер, әліппе-дәптер.
Қостілділік компонент: Көлік –транспорт.
Ic-әpeкeт бөлiмдepi
Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi
Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy.
Ceзiмдi oятy.
Шаттық шеңбері.
Отырмын рөлде,
моторым гүрілде.
Ойыншығым- машинам,
Тарт алға асыға.
Сенімен тасимын,
Көмірмен тасыңды.
Таудай ғып артамын,
Бидай мен арпаңды .
Шаттық шеңберін орындайды.
Iздeнicтep .
Ұйымдacтыpy .
Балаларға көлік түрлерінің суретін көрсетіп олардың пайдасы,ерекшелігі туралы әңгімелеу.
(Жеңіл машина, автобус, сүт таситын машина, т.б.). Осылардың ішінде жүк машинасына ерекше тоқталып, жеке бөліктеріне талдау жасау.
«Қандай бөліктері бар? Қорабы, кабинасы, дөңгелегі қандай?»
Сызба үлгі арқылы суретті сипаттап айтқызу.
Әліппе-дәптердегі суретті реті бойынша қалай құрастыру қажеттігіне тоқталу.
1.Алдымен екі дөңгелек қойылады (цилиндр пішінді бөлшектер);
2. Дөңгелектің үстіне пластина
орналастырылады (жұқа тақтай-
ша)
3.Кабинасының тұмсығы үшін төрт бірдей кірпіш тәрізді бөлшек қатар қойылады;
4. Ол кірпіштердің үстіне шетін ала тігінен екі кірпіш, олардың үстіне көлденең екі кірпіш орналастырылады;
5. Төрт кірпіштің үстінен көлденеңінен екі кірпіш қойылады;
6. Жүк таситын қорабы екі ұзын бөлшек, бір кысқа бөлшектен құралады.
Сергіту сәті орындалады.
Балаларға жүк машинасын құрастыру ұсынылады.
Балалардың іс-әрекетіне басшылық жасалып, кейбір балаларға көмек көрсетіледі.
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп,әңгімелеп береді.
Қимыл арқылыорындалады.
балалардың өздігінен дербес шығармашылықпен әрекет етуіне бағыт беріледі.
Қорытынды.
Түзету жұмыстары.
Балаларға көлік түрлерінің пайдасы, ерекшелігі, не үшін қолданылатынын әңгімелетіп, өздері білетін тақпақтар мен жұмбақтарын айтқызып, оқу іс-әрекетін қорытындылау.
Бір-бірінің жұмыстарын көріп, ойларымен бөліседі.
Kүтiлeтiн нәтижe:
Бiлyi тиic: Құрастыру материалдарын.
Tүciнiгi: құрастыруға арналған материалдарды дұрыс пайдалана білу.
Мақсаты: құрастыру материалдарымен жұмыс жасау дағдыларын арттыру; көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте орналастыра білуге жаттықтыру; гаражды ойыншық машинаның көлеміне қарай құрастыра білу; құрастыру жұмысы барысында жоспарлай білуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар: құрастыру материалдары; сызба үлгі суреттер; әліппе-дәптер; үлкен және кіші ойыншық машиналар.
Қостілділік компонент: Гараж –тұрақ.
Ic-әpeкeт бөлiмдepi
Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi
Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy
«Дидактикалық материалдар-дағы» суреттерді пайдаланып, балалардан көлік түрлерін айтуды сұрайды (автобус, троллейбус, жеңіл машина, пойыз, үшақ т.б.). «Жеңіл машиналарды кешке жұмыстан кейін қайда қояды? - деген сауал береді. (Жауабы: гаражға). Тағы да қойылатын сұрақтар: «Автобустарды ше? Троллейбустар қайда тұрады?» (Автобус, троллейбус парктерінде). «Кімнің үйінде жеңіл машина бар? Әкелеріңмен гаражға барып көрдіңдер ме?» т.б.
Шаттық шеңберін орындайды.
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп,әңгімелеп береді.
Iздeнicтep.
Ұйымдacтыpy
Жұмбақтар шешкізу.
Сымға асылып, жүр асығып. (Троллейбус)
Күні-түні көше кезш зырлайды, Жолаушыға қызмет етіп тынбайды.
(Такси)
Табанында жолы бар
Төбесінде қолы бар. (Трамвай)
Педагог: Балалар, осы жол көліктерінің бәрінің де, адамдардың тұратын үйі сияқты орындары болады. Оны гараж деп атайды.
Гараж деп - бір машина тұратын жерді.
Әліппе-дәптердегі үлгіге мұқият қарау ұсынылады.
Гараждың неден жасалғанына назарларын аударады.
1.Құрастыру материалдарынан қабырғасына, төбесіне және есіктеріне қанша бөлшек қоюға болатынын анықтап алады. 2.Көлемін, пішінін, ұзындығын қарап, қалай орналастыру керектігін келісіп алады. 3.Бөлшектер саны құрастыру материалдарының көлеміне сәйкес таңдалады.
4.Екі ұзын бөлшекті немесе үш бөлшекті бірінің үстіне бірін қойып, алдымен бірінші қабырғасын, дәл осылай екінші қарама-қарсы қабырғасын құрайды. Екі қысқа бөлшектен артқы бөлігін құрастырып қояды. 5.Төбесін пластинамен жабады. Бала өз қалауы бойынша есігін екі жаққа немесе бір жаққа ашылатын етіп жасайды. Гаражды алдын ала берілген ұсақ ойыншық машиналардың көлеміне сәйкес құрастыру қажеттігі ескертіледі.
Құрастыру жұмысы дайын болғанда машиналарын гаражға қойып, есігін жауып, ойын
іс-әрекетіне ауысады.
Балалар бірге ілесе отырып жасайды.
Қорытынды.
Түзету жұмыстары.
Жасалған жұмысты бағалау балалардың өздерімен бірлесе отырып жүргізіледі. Жақсы орындалған еңбек нәтижесі мадақталып, қорытындыланады.
Бір-бірінің жұмыстарын көріп, ойларымен бөліседі.
Kүтiлeтiн нәтижe:
Бiлyi тиic: Құрастыру материалдарын.
Tүciнiгi: құрастыруға арналған материалдарды дұрыс пайдалана білу
Мақсаты: балаларға автотұрақ құрастыру тәсілін үйрету; меңгерген іскерлік дағдыларын бекіту; кұрастыру тәжірибелерін жаңа тапсырмалармен ұштастыру; балалардың ойлау қабілетін дамыту; балаларды ұйымшылдыққа, бірлескен еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар: кұрастыру материалдары, түрлі көліктер, үлгі суреттер, әліппе-дәптер, т.б.
Қостілділік компонент: Гараж –тұрақ.
Ic-әpeкeт бөлiмдepi
Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi
Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy
Балаларға өткен сабақта жасаған жұмыстарын еске түсіріп, гараж жасауды үйренгендерін айта келіп, енді құрастыру материалдарын қолданып, автотұрақ кұрастыру ұсынылады. Жұмысты бастамас бұрын машина туралы қандай өлең-тақпақтар білетіні сұралады:
«Бип-бип-бип», - дейді, «Жол шетінде күт!» - дейді.
«Жолдан былай кет!» - дейді. Көшеде жүруге асыға,
Күшікті басуға, басуға, Болмайды, болмайды, машина.
Болмайды, болмайды, машина! Бип-бип-бип! «Бип-бип-бип», - дейді,
Шаттық шеңберін орындайды.
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп,әңгімелеп береді.
Iздeнicтep.
Ұйымдacтыpy
Педагог: Көшеде ағылып ары-бері жүріп жатқан машиналар кешкісін қайда тұрақтайды?
Балалар: Автотұрақта.
Педагог: Осындай автотұрақты алдымыздағы құрастыру материалдарынан жинап көрейік.
Үлгі суреттерге талдау жасалады. Әліппе-дәптер бойынша жасалу реті түсіндіріледі. Балалар шағын топтарға бірігеді (6-8 баладан). Бар-лық ойыншық машиналар топтарға бөлініп беріледі. Осы машиналарға автотұрақ құрастыру үшін жұмысты неден бастау керектігі, құрастыру материалдарын қалай орналастыру қажеттігі келісіліп, алдын ала жоспарланады:
- қажетті құрастыру материалдары таңдап алынады;
- кеңістікте дұрыс орналастыру, көлемі, пішіні, түстеріне қарай қалай қою қажеттігі ойластырылады;
- қабырғаларының биіктігі қандай болады, төбесінің ашық немесе жабық болуын келісіп алады;
- дайын болған орынға машиналарды орналастырады;
- педагог балаларға бағыт беріп, үжымдық еңбек нәтижесіне жетуге көмектеседі;
- құрылыс ерекшелігіне салыстырмалы түрде талдау жасалады.
Балалар бірге ілесе отырып жасайды.
Қорытынды.
Түзету жұмыстары.
Жасалынған жұмыстар талданып бағаланады.
Бір-бірінің жұмыстарын көріп, ойларымен бөліседі.
Kүтiлeтiн нәтижe:
Бiлyi тиic: Құрастыру материалдарын.
Tүciнiгi: құрастыруға арналған материалдарды дұрыс пайдалана білу
Конструктормен ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар: құрастыруға арналған темір бөлшектер, әліппе-дәптер.
Қостілділік компонент:арба-телешка.
Ic-әpeкeт бөлiмдepi
Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi
Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy
Бұл қай кезде болады?
Өрік,алма,шие,алша,
Жидек,жүзім піседі.
Қауын,қарбыз,қияр,сәбіз,
Дүкендерге түседі.
Астық пісіп,орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кездек болады?
Шаттық шеңберін орындайды.
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп,әңгімелеп береді.
Iздeнicтep.
Ұйымдacтыpy
Өткен оқу іс-әрекетінде конструкторлардан саты құрастырған болатынбыз,оны биік жерге шығу үшін қолданамыз , онымен ағаштан алма жинауға болады. Бау-бақшада алма өте көп, оны бақшашылар жинап, жәшіктерге салып қойыпты, жәшіктері өте ауыр болғандықтан,алмаларды қыста сақтау үшін жеміс қоймаларына жеткізу қажеттігін айта келіп, жақын жердегі қоймаға алманы жеткізу үшін, бақшашыларға арба жасап беруіміз керек.
Әліппе-дәптермен жұмыс. орындалу ретіне назар аударау:
- өздерінің алдындағы конструкторлардан қажетті бөлшектерді таңдап алу ұсынылады;
- балалар керек бөлшектерді таңдап алады.
Сұрақ-жауап .
- Арба қанша бөліктен тұрады?
- Арбаның жалпақ бөлігі, дөңгелектері, білігі, т.б. бар.
- Арбаның жалпақ бөлігі не үшін кажет?
- Жүк салу үшін.
- Дөңгелекті немен біріктіруге болады?
- Арбаның білігіне дөңгелектерді кигізіп, оны гайкалармен бұрап орналастырады.
- Арбаның қозғалмалы бөлігін ата.
Алдымен білікті жүк салатын аумақтың тесігінен өткізіп, шайбамен біріктіреді, содан соң екі жағынан дөңгелекті кигізіп, гайка және болттың көмегімен біріктіреді.
Кейбір балаларға жеке түсіндіріліп, көмек көрсетіледі. Орындалу барысында балалардың шаршағандығы байқалса, «Қара жолда сықырлап арба келеді» әнімен бой сергіту сәті өткізіледі.
Балалар бірге ілесе отырып жасайды.
Балалар өздеріндегі конструктормен арбаны көрсетілген ретпен құрастырады.
Қорытынды.
Түзету жұмыстары.
Жасалынған жұмыстар талдауда арбаның беріктігі,бұрандалардың дұрыс бұралуына көңіл бөледі.
Бұл дайындалған арбаны бау-бақша жемістерін жинауға бақшашыларға көмек көрсетуге жіберетіндерін, өздері де барып көмектесулеріне болатынын айтып, қорытындылау.
Taқыpыбы: Көпір түрлері. Жаяу жүргіншілерге арналған көпір. Машина жүретін көпір.
Мақсаты: балалардың көліктер жайлы түсініктерін кеңейту; құрастыру материалдарын пайдаланып, жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
нақты жағдайларға сәйкес құрастыру іскерліктерін дамыту; көпірлердің ерекшеліктерін білуге үйрету;
бір-бірімен келісуге, көмектесуге, құрылысты өз ойларынан толықтыруға жаттықтыру.
Керекті құралдар мен материалдар: құрастыру материалдары, көпірдің үлгі суреттері, машиналар, әліппе-дәптер.
Қостілділік компонент: көпір –мост.
Ic-әpeкeт бөлiмдepi
Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi
Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy
Педагог балаларға қолындағы жеделхатын көрсетіп: «Балалар, бізге құрылысшылар жеделхат жіберіпті. Қазір мен сендерге не жазғанын оқып берейін. Бізді жаяу жүргіншілер жүретін көпірді жасауға көмектесуді өтініпті. Біз құрылысшыларға барамыз ба, балалар? Ал барар болсақ, немен барсақ екен?»
Шаттық шеңберін орындайды.
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп,әңгімелеп береді.
Iздeнicтep.
Ұйымдacтыpy
Педагог: Ендеше, қане, барлығымыз қатарға тұра қалайық та, аялдамаға барайық. Міне, балалар, біздің автобусымыз да келіп қапты. Жайғасайық.
Жүргізуші: Келесі аялдама - Жандосов көшесі.
Автобус аялдамаға тоқтайды. Сол кезде автобусқа әже мінеді де, бір баланың жанына келіп тұрады. Бала түрып, орын береді.
- Әже, Мына жерге отырыңыз.
Әже ақ ниетін білдіреді: «Көсегең көгерсін, үлкен жігіт бол!» -деп, батасын береді.
Жүргізуші: Келесі аялдама - дәріхана.
Әже: «Балам, орныңа отыра ғой. Мен қазір түсемін. Саған көп-көп рахмет!» — деп түсіп кетеді.
Педагог: Балалар, Алмас не істеді?
Балалар: Әжеге орын берді.
Педагог: Алмас қаңдай бала деп ойлайсыңдар?
Балалар: Әдепті.
Педагог: Әдептілік туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Балалар:
Педагог: Міне, сендер қандай жақсы баласыңдар.
Жүргізуші: Құрылысшылар аялдамасы.
Педагог: Балалар, біз неге тоқтап қалдық?
Педагог: Бағдаршамның жасыл көзі жанғанша кім маған тақпақ айтып береді.
Бас көшеде қырағы Қызыл көзін ашқанда,
Үш дәу тұрады. Сынық сүйем баспа алға.
Ашса кезек үш көзін Сары көзін ашқанда,
Айтты деп біл үш сөзін. Қарап қалма аспанға.
Тоқта, сақтан, жол ашық, Жасыл көзін ашқанда,
Жүрме жолға таласып. Өте бергін жасқанба.
Балалар, мына заттардан көпір құрастырып жасауымыз керек. Қане, сендер көмектесесіндер ме?
Құрылысшының рөлін педагог өзі орындайды.
Педагог: Ал енді, көпір құрастыру үшін не істейміз?
Көпірлердің суреттерін көрсету, үлгі суретке талдау жасау. (әліппе-дәптердегі). Алдымен көпірдің тіреулері, содан соң оның үстіңгі бөлігі, төмен түсетін ылдилары, сүйеніштері, т.б. жасалады. Құрылыс материалдарын кезектестіріп қойып, астынан машиналар ары-бері өтетіндей көпірді құрастырып көрсетеді. Балалардан көпірді құрастыру реті сұралады. Балалар іс-әрекет-ке кіріседі. Әр бала көпір құрастырғанда өздерінің маши-налары өтетіндей етіп, көпірдің ені мен ұзындығын дұрыс құрастыруына бағыт беріледі.
Балалар бірге ілесе отырып жасайды.
Біз - әдепті баламыз, Автобусқа мінеміз
Қолтығынан демеп біз.
Үлкенге орын береміз.
Біз - әдепті баламыз,
Бермеуді ұят көреміз. Әңгімеге қызбаймыз.
Атамыз бен әжемізге
Үлкенге көмек береміз. Сөзін жөнсізбұзбаймыз.
Жолдан өту керек.
Балалар: Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұр. Біз жасыл көзі жанғанда жолдан өтеміз.
Балалар жолдан өтеді. Құрылысшы ағайға келеді.
Балалар: Көмектесеміз.
Балалар дәптерге мұқият қарап, көпірді қалай құрастыру қажеттігін ойланады.
Жаяу адам жүретін көпір мен көлік өтетін көпірді салыстырып көреді, айырмашы-лығына назар аударады.
Көпірдің бөліктерін атайды: тіректері, жүретін бөліктері, сүйеніштері, төмен түсетін ылдиы (екі көпірде әртүрлі пішінде: біреуі — басқыштармен, біреуі - тегіс).
Қорытынды.
Түзету жұмыстары.
Дайын болған құрылысты талдау кезінде тек тапсырманы орындау ғана емес, құрылыстың басқа түрін ойластырған балалардың жұмыстары көрсетіледі.
Бір-бірінің жұмыстарын көріп, ойларымен бөліседі.
Kүтiлeтiн нәтижe:
Бiлyi тиic: көліктер жайлы білуі тиіс.
Tүciнiгi: темір арбаның адамға қажет екенін.
Kөpceтe бiлyi: болттарын бұрай біледі.
3.12.2013 ж .
Бiлiм бepy салаcы: Таным.
Бiлiм бөлімдері : Құрастыру.
Taқыpыбы: Көпір түрлері. Көпір түрлері. Теміржол үстінен және өзен үстінен өтетін көпірлер.
Мақсаты: мазмұнды ашуға қажетті құрастыру материалдарын өз бетінше таңдап алуға үйрету, бірігіп жоспарлау, жұмыс істеуге үйрету.
Нақты жағдайларға сәйкес құрастыру іскерліктеін дамыту.
Ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар: құрастыру материалдарының жинағы, ойыншық кемелер, пойыздар, машиналар, вагондар, рельс, көк, сұр түсті ені әртүрлі қағаз жолақтары, ойыншық адам денелері, әліппе-дәптер.
Қостілділік компонент: көпір –мост.
Ic-әpeкeт бөлiмдepi
Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi
Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy.
Iздeнicтep.
Ұйымдacтыpy
Қорытынды.
Түзету жұмыстары.
Педагог көпір туралы жұмбақ шешкізуіне болады.
Ұзын-ұзын,ұзын жіп,
Ұшы қайдан табылар.
Жалғаған ел ортасын, Жатыр тосып арқасын.
Суреттер бойынша әңгімелесу.
Қалалардағы әртүрлі үлкен көпірлердің суретін көрсету. Көпірлердің жолда жүруді жеңілдететініне, жол ережесін сақтауға көмектесетініне көздерін жеткізу.
Теміржол, өзендер, жол киылыстарына салынатын ұзындығы әртүрлі көпірлермен таныстыру. Кейбір көпірдің астында да, үстінде де машиналар ерсілі-қарсылы жүріп
жатады. Бұл жүргізушілердің уақытын үнемдеу үшін пайдалы.
Әліппе-дәптердегі көпірдің үлгісіне қарай отырып, балалар қандай бөлшектерді таңдау керек екенін айта алуы тиіс.
Өзен үстіне салынатың көпірдің үстінен екі қатар машина сыйятындай және жаяу адам жүретіндей белгілі бір кеңдікте
болуы керек. Ал көпір кеме, пароход сыятындай биіктікте
жасалады.
Теміржол үстіне салынатын көпірдің кеңдігі екі бағыттағы машина және жүргінші сыятындай болу керек.
Ал көпірдің астынан пойыз жүретін жолдың рельсі салынады.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Құстай қанат қағайық.
Бір отырып,бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
Тапсырманы орындау барысында балалардың іс-әрекетін, шартын бір-бірімен қалай талқылағанын бақылау (мысалы, көпірдің ұзындығын өзеннің енімен сәйкес өлшеу, көпірдің астынан тіреулер қойды ма, т.б.).
Дайын құрылыстың орындалуын талқылай келе, балалар конструктор жинағының құрас-тыру бөлшектерінен әртүрлі шартқа сәйкес құрылыстар жасауға болатынына, назарларын аударады. Жұмысты топта бірлесіп істей алуға дағдыланған балаларды атап өту.
Жұмбақтардың жауабын Ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуге табады.
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп,әңгімелеп береді.
Балалар құрылысы әртүрлі көпірлер болатындығы туралы ойларын білдіреді.
Балалар бірге ілесе отырып жасайды.
Қимыл арқылы орындайды.
Балалар шағын топтарға бөлініп, әр топ өздері қалаған көпір түрін (өзеннің, темір-жолдың үстінен өтетін) құрастырады.
Бір-бірінің жұмыстарын көріп, ойларымен бөліседі
Kүтiлeтiн нәтижe:
Бiлyi тиic: көпір түрлері жайлы білуі тиіс.
Tүciнiгi: құрастыруға арналған материалдарды дұрыс пайдалана білу.
Мақсаты: үйдің құрылысы туралы түсініктерін қалыптастыру; берік құрылыс жасауға, әртүрлі үйдің жабықтарын жасай алуға, қажетті бөлшектерді дұрыс тандай алуға, үлгіге талдау жасай білуге үйрету; құрастыру барысында үлгіге сәйкес талаптарды орындап, құрылыс материалдарын кеңістікте орналастыра білу дағдыларын дамыту.
Керекті құралдар мен материалдар: әр балаға жеке құрастыру материалдарының жинағы, әліппе-дәптер.
Қостілділік компонент: Үй – дом.
Ic-әpeкeт бөлiмдepi
Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi
Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy
Педагог алдын ала балаларды қала, ауыл көшелеріне мақсатты серуенге немесе саяхатқа апарып, сабақ басталғанда серуенде көргендері жайлы әңгімелетеді. Балалар өз үйлері неше қабат, олардың ерекшелігі жайында әңгімелеп береді. Әліппе-дәптердегі үлгі суреттерге талдау жасалады. Педагог үйдің әрбір бөліктеріне мұқият қарауды, құрылыс материалдарын қалай орналастыруга болатынын ойлануды тапсырады. Бір немесе көп қабатты үйлер құрастыруға болатындығы, олардың бір-бірінен ерекшелігі айтылады. «Үйлер үлкен, кіші, биік, аласа болады, бірақ барлық үйдің іргетасы, қабырғасы, шатыры, терезесі, есігі болады» деген қорытындыны балалар жасай алуы тиіс.
Шаттық шеңберін орындайды.
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп,әңгімелеп береді.
Iздeнicтep.
Ұйымдacтыpy
Әліппе-дәптердегі бір қабатты үйдің үлгісіне талдау жасалады. Балалардың еңбек нәтижесіне жетудегі іс-әрекетіне басшылық жасалып, бағыт беріледі. Үй түрғызуда қиындық кездессе, кейбір балаларға жеке нұсқау беріледі. Тапсырманы орындау барысында балалардың тек қана құрылысты жасау техникасы ғана емес (еденін төсеу, қабырғаларын түрғызу, пластиналарды қою, т.б.) ұсынылған шартты дер кезінде орындау, қаншалықты дұрыс құрастырды, бір-бірімен келісіп жасады ма, өздігінен шығармашылықпен не қосты - бәрі ескеріледі. Бой сергіту сәті өткізіледі. Құрылыс жұмысы аяқтала бастағанда, балалар кімнің түрғызған үйі түзу болды, қай жерін дұрыс құрастырмады, кемшіліктерін тауып, оны қалай түзетуге болатынын айтады, өз жолдастарының еңбегіне баға береді.
Балалар берілген тапсырманың орындалу барысын, ретін толық түсінген соң, құрылысты түрғызуға кіріседі. Әр бала үйлерді өздеріндегі құрылыс материалдарына сәйкес әртүрлі түрғызуы мүмкін.
Балалар төмендегі жаңылтпашты жатқа жаңылмай айтады.
Үйде ойыншық үлегім, Үлегіме үремін. Үремін де, үнемі Үйіме мен кіремін.
Қорытынды.
Түзету жұмыстары.
Аяқталған жұмыстарға талдауды болашақ түрғындардың атынан балалар өздері айтады (берік іргетас, мықты қабырға, әдемі шатыр, ыңғайлы кіреберіс, терезе, есік, т.б.)
Бір-бірінің жұмыстарын көріп, ойларымен бөліседі.
Kүтiлeтiн нәтижe:
Бiлyi тиic: үйдің құрылысы туралы
Tүciнiгi: үй тұрғызудың өте күрделі жұмыс екендігін.
Мақсаты: балаларды құрылыс жасайтын материалдарды таңдауға, бөлшектерін, қажеттілігін, кеңістікте орналасу қалпын білуге үйрету.
әртүрлі құрылыс материалдарынан көп қабатты үйлерді құрастыруға, іс-әрекетке деген қызығушылығын арттыру. көп қабатты үйлерді келісе отырып, өз жоспарлары бойынша құрастыруға дағдыландыру.
Өз жолдастарының еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар көп қабатты үйлердің суреттері, әліппе-дәптер, құрылыс материалдары.
Қостілділік компонент: Үй- дом.
Ic-әpeкeт бөлiмдepi
Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi
Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy
Жыл мезгілі, апта, ай аттары туралы шағын әңгіме жүргізу (мезгілге байланысты).
Құрылысшылар үй салып жатқан сурет бойынша әңгіме кұрау.
Шаттық шеңберін орындайды.
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп,әңгімелеп береді.
Iздeнicтep.
Ұйымдacтыpy
Көпқабатты үйлер туралы әңгімелеу.
Ал осы көп қабатты үйді не үшін салады?
Біздін еліміз ұлан-ғайыр. Міне, осындай көп қабатты үйлер адамдар тұру үшін салынған. Бір көп қабатты үйде шамамен 50-60 отбасы тұрады. Олар бір-бірімен бір үйдің адамындай өте тату. Бір-біріне амандасады, бір-біріне көмектеседі, т.б. мысалдар айту (имандылық тәрбиесі).
- Балалар, осы зәулім үйлерді кімдер салады?
- Ал кез келген адам үй сала ала ма? Жоқ, осындай зәулім үйлерді мамандар ғана сала алады. Оларды арнайы оқытады, құрылысты салу жолдарын үйретеді. Бәріміз «Құрылысшы» деген тақпақты есімізге түсірейікші.
Қолда темір калағым,
Саздан сарай саламын. Алматыдан аумайтын
Әсем қала саламын.
- Енді, балалар, біз осы суреттегідей көп қабатты үйді құрастырып көрейік. Ол үшін бәріміз бүгін құрылысшылар боламыз. «Құрылысшы» ойынын ойнаймыз.
Ойын шартын түсіндіру. Көп қабатты үйді тұрғызу үшін балалар 2-3 бригадаға бөлініп, жетекші сайлап, басқалары құрылысшы болады. Жұмысқа кіріспес бұрын фотосурет және үлгі суреттерді пайдаланып, жалпы түсінік береді.
Әліппе-дәптер бойынша талдау жасайды.
Бұрын құрастырған үйлерді еске түсіру. Ең алдымен неден бастау керектігін, үйдің қандай бөліктері бар екенін сұрайды . қай жерге құрылыс салу қажет-тігі белгіленеді.
- қандай құрылыс материалдары қолданылатынын таңдайды;
- неше қабатты етіп тұрғызу, неше кіреберісі болатыны ойластырылады;
- үйдің іргетасынан бастап, қабырғалары, терезелері, есіктері және кіреберіс, алаңдар, т.б. жасауды балалар кезектесіп орындайды.
Адамдар тұру үшін.
Құрылысшылар.
Балалар үйді іргетасынан бастап тұрғызу керектігін, қабырғаларын, есігін, терезелерін орналастыру жайын, т.б. өз ойларын айтады. Көп қабатты үйлерді құрастыру үшін бір-бірімен келісіп, міндеттерін бөліседі:
Қорытынды.
Түзету жұмыстары.
- балалардың түрғызған көп қабатты үйлері салыстырылып, бригадалар бір-бірінің құрылыстарына талдау жасап, бағалайды.
Бір-бірінің жұмыстарын көріп, ойларымен бөліседі.
Kүтiлeтiн нәтижe:
Бiлyi тиic: үйдің құрылысы туралы
Tүciнiгi: үй тұрғызудың өте күрделі жұмыс екендігін.
Мақсаты: Ұжымдық жұмысқа қол жеткізу, ғимаратгардың, құрылыстың әдемілігін көре білуге үйрету.
Балаларды әртүрлі ғимараттарды шығармашылықпен өз беттерінше құрастыра білу, сәйкес бөлшектерді таңдай білу дағдыларын арттыру.
Туған ауыл, қалаға, көшеге ыстық ықыласпен қарауға баулу.
Ұжымдық жұмыс барысында бір-бірімен ізгі қарым-қатынаста болуға, өзара сыйластық пен достыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар: кұрылыс материалдары, суреттер, әліппе-дәптер, қосымша безендіруге қажетті заттар: ағаштар, машиналар, т.б.
Қостілділік компонент: Үй- дом.
Ic-әpeкeт бөлiмдepi
Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi
Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy.
Ceзiмдi oятy.
Шаттық шеңбері.
Кел балалар,күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.
жақын орналасқан көшеге саяхат жасау; өздері тұратын көше жайлы әңгімелету.
Шаттық шеңберін орындайды.
Сұрақтарына жауап беріп,әңгімелеп береді.
Iздeнicтep.
Ұйымдacтыpy.
Сұрақ-жауптар.
- Біз не көрдік?
- Не естідік?
- Бұл көше қалай аталады?
- Кімнің құрметіне бұлай аталған екен?
- Мына әдемі үйлерді кім салды екен? (құрылысшылар, сәулетшілер).
Жұмбақ жасыру.
Ұзын-ұзын, ұзын жіп ұшына шыққан жан бар ма?
Ақырын басқан жан бар ма?
Ұшына шықпас жалғанда. (Жол)
Жұмбақ мағынасы түсіндіріледі.
Күзде киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. (Ағаш)
Көшенің сәні ағаш екені айтылады, ағаштың пайдасы туралы әңгімелейді.
-Көшеде тағы не кездеседі?
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр. (Автобус)
Құрылысшы - кім ол. Оны басқаша қалай атауға болады? Құрылысшылар білімді, еңбекқор болса, не жақсы болады? Құрылысшылар білімсіз, жалқау болса, не болады? (Құрылыс қисық, көріксіз, тегіс емес, т.б.).
Бүгін сендер кұрылысшы болып, өз қаламызға жаңа көше тұрғызасыңдар. Оны қалай атасақ екен? (Балалар жауабына орай атау). Сендердің міндет-терің осы көшеге әртүрлі кұрылыстар тұрғызу. Не салғыларың келеді? (Көп қабатты үйлер, әртүрлі ғимараттар). Бірақ естеріңде болсын, біздің көшенің сәнді болуы сендердің тиянакты еңбектеріңе байланысты.
Бұдан соң балалардың өз бетімен әрекет етуіне жол беріледі.
Жасалған жұмысты талдауға (құрылыстың сәнділігі, беріктігі, түстердің үйлесуі және т.б.) басшылық жасалады.
Жауаптар: кең жол, машиналар, жаяу жүргіншілер, алуан түрлі көліктер, үйлер, коп қабатты зәулім ғимараттар, дүкендер, жасыл желек ағаштар және т.б.
Жұмбақтардың жауабын табады.
Кұрылыстың түрлі үлгілерін әліппе-дәп-терден қарап көреді.
Қорытынды.
Түзету жұмыстары.
Жұмыстың соңында балалармен ақылдаса отырып, көшенің аты тағайындалады.
Мақсаты: суда жүзетін көлік түрлерімен таныстыру, кұрылыс материалдарынан сызба үлгіге карап, жолаушылар таситын кеме құрастыру тәсілін үйрету.
Құрастыру жұмысы арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Балалардың құрастыруға деген қызығушылығын арттырып, белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар: кұрастыру материалдарының жинағы,ұсақ ойыншықтар (адам бейнелері), кеме түрлерінің суреті, әліппе-дәптер.
Қостілділік компонент: Көлік – транспорт.
Ic-әpeкeт бөлiмдepi
Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi
Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy
Шаттық шеңбері.
Суда жүретін көлік түрлері жайында сурет бойынша әңгіме құрастыру; «Теңіз толқиды» қимылды ойыны.
Шаттық шеңберін орындайды.
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп,әңгімелеп береді.
Iздeнicтep.
Ұйымдacтыpy
Суда жүзетін көлік түрлерінің әртүрлілігі туралы әңгіме жүргізіп, олардың не үшін пайдаланылатыны, үлкен, кіші, жолаушылар таситын, жүк таситын, әскери деп бөлінетіні туралы айтылады.
Мысалы, әскери кеме жылдам жүзуі, шабуылдан жалтарып кетуі, тез бұрыла алуы керек, сондықтан ол ұзынша болып келеді.
Ал жүк таситын кемелер жүк көп сыятындай жалпақ, кең болады, олар жай жүреді, әрең бұрылады.
Жолаушылар таситын кеменің ұзындығы, ені орташа болады.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Құстай қанат қағайық.
Бір отырып,бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
Әліппе-дәптерде берілген сызба бойынша кемені құрастыру ұсынылады.
Жолаушылар таситын кеменің негізгі бөліктерін (палуба, каюта, жүргізу бөлігі, т.б.) еске түсіреді. Балаларға жеке көмек көрсете отырып, бастаған жұмыстарын аяғына дейін жеткізулерін қадағалайды.
Суда жүзетін көлік түрлерін сурет бойынша салыстыру.
Барлық кемелердің негізгі бөлігі сопақша, ұшы сүйір болып келетінін анықтайды. Кеменің жылдамдығын, ыңғайлылығын оның пішініне қарап қояды.
Қимыл арқылы орындалады.
Қорытынды.
Түзету жұмыстары.
Құрастыру жұмыстары аяқталғаннан соң балалармен бірлесіп талдау жасалады. Орындарын жинау ескертіліп, жұмыс барысы «Теңіз толқиды» ойынымен жалғасады.
Бір-бірінің жұмыстарын көріп, ойларымен бөліседі.
Kүтiлeтiн нәтижe:
Бiлyi тиic: суда жүзетін көлік түрлерін.
Tүciнiгi: кұрылыс материалдарынан сызба үлгіге карап, жолаушылар таситын кеме құрастыру