kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Топыра? ??деуге арнал?ан машиналар

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                                                            сынып 5-а

                                                        п?ні:      е?бек

                                                        к?ні:    12.04.13ж    


Саба?ты? та?ырыбы: Топыра? ??деуге арнал?ан

                                                       машиналар
Саба?ты? ма?саты:
                       а) О?ыту: о?ушыларды?, я?ни болаша?

                           маманны? жан-жа?ты дамуын, оны? ой,

                           іс-?рекетінде ж?йелілік сипаттамаларыны?

                           болуын ?амтамасыз ету, тарауды

                           ?орытындылап, бекіту.
                       ?) Дамыту: Ой-?рісін, к?сіби білімін, ж?мыс?а

                           ынтасын, ?абілетін.
                       б)Т?рбиелік: ??ыптылы??а, сабырлылы??а,

                           е?бекс?йгіштікке баулу.

Саба?ты? т?рі: Жа?а білімді ме?герту
Саба?ты? ?дісі:  с?ра?-жауап, баяндау.

Саба?ты? к?рнекілігі:     Ауыл шаруашылы?ы

                                      машиналарыны? суреттері.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Топыра? ??деуге арнал?ан машиналар »

сынып 5-а

пәні: еңбек

күні: 12.04.13ж


Сабақтың тақырыбы: Топырақ өңдеуге арналған

машиналар
Сабақтың мақсаты:
а) Оқыту: оқушылардың, яғни болашақ

маманның жан-жақты дамуын, оның ой,

іс-әрекетінде жүйелілік сипаттамаларының

болуын қамтамасыз ету, тарауды

қорытындылап, бекіту.
ә) Дамыту: Ой-өрісін, кәсіби білімін, жұмысқа

ынтасын, қабілетін.
б)Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сабырлылыққа,

еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Ауыл шаруашылығы

машиналарының суреттері.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгелдеу, оқу-

құралдарын тексеру. Сабақтың

түрі мен мақсатын хабарлау.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Топырақты қандай мақсатта өңдейді?

2.Топырақтағы арамшөптің тұқымдарын қалай

жоюға болады?

3.Топырақтың аудара жыртудың маңызы неде?




III.Жаңа тақырыпты түсіндіру.


1. Соқа

Аспалы ( яғни тракторға тіркеуіш арқылы асылады)

соқасы топырақты 30 см тереңдікке дейін жыртуға арналған.

Бұл соқа ДТ-75, Т-150 т.б. шынжырлы және доңғалақты

тракторларға тіркеледі.

Соқаның негізгі жұмыс органдары дискілі пышақ, шым

аударғыш, түрен, қайырма және болат тіректен тұрады.

Соқаның салмағы 920 кг. Түрен топырақ қыртысының

астын тілуге арналған. Оны арнаулы, өте берік болаттан

жасайды. Жүзінің 20-25 см енін жылулық өңдеуден өткізеді,

сонда ол өткірлігін көпке дейін сақтайды.Егер түрен тозса,

оны темір ұстаханасында қыздыра соғып, алғашқы пішініне

келтіреді немесе жаңасымен алмастырады. Түреннің кескіш

жүзін соқаның жүріс бағытымен сүйір бұрыш жасайтындай

етіп орналастырады. Бұл өсімдік тамырлары мен топырақты

тілуге қолайлы жағдай туғызады.Түрен трапеция немесе

қашау тәрізді болады.Олардың жұмыс беті цилиндр пішіндес

келеді.Қазіргі кезде қашау тәріздес түрендер өте кеңнен

таралған.

Шым аударғыш топырақтың жоғарғы қабатын 12 см-ге дейін тереңдікте кесіп, ұсақтап аударып, оны борозда түбіне салуға арналған.


2. Тырмалар


Тырмалар жер қыртысы мен кесек топырақтарды қопсытып, майдалауға арналған.Олар егістіктің үстіңгі бетін тегістеп,қопсытып, ылғалдың буланып кетуін азайту үшін, жаңа шығып келе жатқан арамшөптерді құрту үшін қажет.Тырмаларды жұмыс органдарының құрылысына қарай тісті, серіппелі және дискілі, ал салмағына қарай ауыр, орта және жеңіл салмақты деп бөлінеді.


3.Таптауыштар

Таптауыштар егістіктегі топырақ кесектерін майдалауға, жыртылған егіс бетін тегістеуге, жаңбырдан кейін пайда болған қабыршақтарды ұнтақтауға арналған.Сонымен қатар суық жүрген кезде шыққан көкті, көңді немесе жасыл тыңайтқыштарды таптау үшін де қажет.

Таптаудың бір кемшілігі бар. Таптау барысында топырақтың үстіңгі қабаты тез кеуіп кетеді.Сондықтан топырақты буланудан сақтау үшін , жерді таптаған соң, ізінше жеңіл тырмалар жүргізеді.


4.Культиватор


Культиваторлар топырақты қопсытуға, арамшөпті отауға, тыңайтқыш шашуға, түптеуге арналған.Атқаратын қызметіне қарай топырақты жаппай өңдейтін және қатар аралықтыөңдейтін культиваторларға бөлінеді. Тракторға тіркеу әдістеріне байланысты культиваторлар аспалы және тіркемелі болады. Культиватор жебе сияқты табан мен де, серіппелі тістермен де жабдықталуы мүмкін.Оның жұмыс органы екі қатарға, серіппелі тістерүш қатарға орналасады.

Негізгі құрастыру бөлшектері: рама, тіркеу тетігі, доңғалақ, жұмыс органдарының тереңдігін реттейтін механизм, тырманы асатын құрал, жалғастырғыш топса, тізбек кешені.


IV.Білімдерін бекіту.


1.Соқаның құрылысы қандай?

2.Ол не үшін қажет?

3.Тырмалар не үшін қолданылады және

оның қандай түрлерін білесіз?

4.Таптауыштардың атқаратын қызметі

қандай ?

5.Культиваторлардың түрлерін ата және

оның негізгі бөлшектері қандай?







Сондықтан әр топ өз мүшелерінің тапсырмаларының орындалуына көмектесуі керек. Ол кезде сұраққа жауап берген топтарға бір ұпай қосылып отырады.
Жарыс сабағының жалпы ұраны «Біліміңе, білім қос».

Сабақ өлеңмен басталады.Сонда әрбір машинаның атқаратын қызметі аталып өтіледі.
Топырақты жыртуға,
Алғаш «Соқа» келіпті.
Кесектерін бұзуға,
Артынша оның аптығып,
«Сыдыра жыртқыш» жетіпті.
Кесектерін мейлінше,
Ұсақтауға арналған,

«Тырмалардың» көп тісі,
Топыраққа дөп түсті.
Ылғал керек жетерлік,
Тұқым өніп көктеуге,
Буы ұшып жер асты,
Көкке дейін кетпеуге,
Топырақты таптайтын,
«Нығыздауыш» бар дайын.
Дән себердің алдында,
«Өңдеуіштер» қолайлы,
Топырақты майдалап,
Ұсақтауға оңтайлы.
Егін егер алаңды,
Жоспарлауға арналған,
Ойпаң-қырат жерлерді,
Машина бар арнайы,
Тегістеуге арналған.
Бірі қалмай жолынан,
Тұқым себер алдында,
Топырақты өңдеуге,
Жайылымды жөндеуге,
Трактордың соңынан,
Жегілетін жарамды,
Машиналар осылар.
Ал, кәнекей қырандар,
Тракторға қоныңдар!
- деп, оқушылардың оқуға, жұмысқа деген ынта ықыластарын оятамыз. Әр топқа төрт-бес оқушыдан келеді. Жарыс сабағы бес тапсырмадан тұрады. Сонда жарыс шарты бойынша бірде-бір оқушы қалыс қалмауы тиіс. Сондықтан әр топ өз мүшелерінің тапсырмаларының орындалуына көмектесуі керек.

Машиналарға байланысты викториналық сұрақтар.
1.«Бәйге».
2.Машиналардың құрылысы.
3.Мақал-мәтелдер.(Егіншілік).
4.Жұмбақтар.
5.Үй тапсырмасы. Машиналар айтысы:(машиналардың артықшылығы мен кемшілігі). 6.Қорытынды.

Викториналық сұрақтар: «Бәйге».
Атқарылатын жұмысына қарай соқалар қалай жіктелінеді?
Жауабы:Жалпы және арнаулы жұмыс соқалары.
Корпус санына қарай соқалар қалай аталынады?
Жауабы:Бір, екі, үш, төрт, бес, алты,сегіз және тоғыз корпусты болып аталынады.
Тракторға тіркелуіне қарай соқалар қалай бөлінеді?
Жауабы:Тіркемелі, жартылай аспалы және аспалы.
Жалпы жұмысқа арналған соқалар топырақты қанша сантиметр тереңдікке дейін жыртады?
Жауабы:27 см.
Соқа териясының негізін салушы кім?
Жауабы: Орыс ғалымы, академик В. П. Горячкин.

Сыдыра жыртқыштар топырақ түйіршігінің диаметрін қанша милиметрге дейін ұсақтайды?
Жауабы: 50 милиметр.
Сыдыра жыртқыштар қалай жіктеледі?
Жауабы: Дискілі және түренді.
Сыдыра жыртқыштар маркаларын ата?
Жауабы: ЛДГ-5, ЛДГ-10, ППЛ-10-25.
Сыдыра жыртқыштар арам шөптер мен өсімдік қалдықтарын қанша пайызға дейін кесе алады?
Жауабы: 100 пайызға дейін.
Тырмалар жұмыс органдарының құрылысына қарай қалай аталынады?
Жауабы: Тісті, серіппелі және дискілі.

Тырмаларды салмағына қарай неше топқа бөлуге болады?
Жауабы:Ауар, орта және жеңіл салмақты болып бөлінеді.
Тырма жердің бетін қанша сантиметр тереңдікке дейін қопсытады?
Жауабы: 3-4 см.
Нығыздауыштардың қандай түрлері бар?
Жауабы: Тегіс тісті, шығыршық тәрізді, тұтас және іші қуыс нығыздауыштар.
Қуыс нығыздауыштардың ішіне не толтырылады?
Жауабы: Су немесе құм.
Нығыздауышқа ұқсас геометриялық фигура?
Жауабы:Цилиндр.

Өңдеуіштер топырақ түйіршіктерінің диаметрін қанша милиметрге дейін ұсақтайды?
Жауабы: 3 милиметр.
Тегістеуіштің маркасы қандай?
Жауабы:ПА-3, МВ-6,0 тегістеуіштері.
Соқаны жырту тереңдігіне қарай қалай реттейді?
Жауабы:Тірек дөңгелегімен.
Түреннің пішіні қандай геометриялық фигураға ұқсайды?
Жауабы:Трапеция.

Тіркеуіштер қандай тракторларға агрегатталады?
Жауабы:ДТ-75М, Т-4А.

Өңдеуіштерді белгіленген тереңдікке қарай қалай реттейді?
Жауабы:Тереңдікті реттейтін механизм винтімен.
Тырманың өңдеу тереңдігін қалай реттейді?
Жауабы:Батареяның шабуыл бұрышын өзгерту арқылы реттейді.
Сыдыра жыртқыштың жырту тереңдігі қызметін атқарушы органы не?
Жауабы:Тіреуіш, доңғалақ.


ІІ.Жарыстың екінші турында машиналар құрылысымен танысамыз.
Соқаның негізгі жұмыс органдары:1-дискілі пышақ,2- шым аударғыш,3- түрен, қайырма, жақтау (атыз тақтасы),5- корпус.
Сыдыра жыртқыштың құрылысы:1-рама,2- екі оң жақ секциялары,3-екі сол жақ секциялары,4-брустар,5-доңғалақтар,6-гидробасқару механизмі,7- тегістегіштер,8- реттелетін төмендеткіштер.
Тырманың құрылысы:1-рамаға байласқан металл брус түріндегі сүйретпе,2-тісті брус,3- көлбеулікті реттеу пышағы.
Нығыздауыштың құрылысы:1-бір алдыңғы, екі артқы буыннан, 2-рамадан,3- он үш дискіден,4-осьтен,5- тіркемеден,6-жүгі бар жәшіктен.
Өңдеуіштің құрылысы:1-рамадан,2-тіркеу тетегі,3- доңғалақ,4- жұмыс органдарының тереңдігін реттейтін механизм.
Тегістеуіштің құрылысы:1-тартқыш арқалық, 2-ортаңғы секция, 4-тіреуіш доңғалақ, 5-гидроцилиндр, 6-гидрожүйе.

ІІІ.Жарыстың үшінші турында «Топырағын таппаған дән өнбейді» демекші егіншілік турасындағы мақал-мәтелдерге кезек береміз.
1.Жердің сәні егін, ердің сәні білім.
2.Көктемгі әрекет, күзгі берекет.
3.Жері байдың, елі бай.
4.Жер құтты болса, мал сүтті болады.
5.Мал баққандікі, жер жыртқандікі.
6.Жер тойынбай, ел тойынбайды.
ІV.Жұмбақ жасыру ойыны.

1.Жабайы аңдай емес ол,
Пайдасы бар адамға.
Көктем келсе далаға,
Дайын тұрар әманда.
(Сыдыра жыртқыш)

2.Жердің бетін жасырып,
Бар қулығын асырып.
Су орнына неге ол,
Құм ішеді тасынып.
(Нығыздауыш)

3.Ойдым-ойдым жерлерді,
Басып кетіп барады.
Қырда қырат жерлерді,
Жазық етіп барады.
(Тегістеуіш)

4.Жердің беті жұп-жұмсақ,
Өте майда топырақ.
Қандай мықты екен ол,
Ойланайық жақсырақ.
(Өңдеуіш)

5.Қара жерді қопарған,
Трактордан от алған.
Темірлерден түйілген.
Болаттардан иілген.
(Соқа)

6.Соқадан соң жүретін,
Бар бейнетті көретін.
Қандай мықты ол тағы,
Тракторға жегетін.
(Тырма).

V.Үй тапсырмасы. Үйден дайындап келген машиналар айтысы:(мұнда машиналардың артықшылықтары мен кемшіліктері айтылады).
1-кезек. Соқа мен сыдыра жыртқыш айтысы:
Соқа.
Менен сәл-ақ жеңілсің,
Көлемің үлкен болса да.
Отасаң да арам шөп,
Қаулап шығар артыңша.

Сыдыра жыртқыш.
Металдың құр сорысың,

Салмағың бар артықша,
Өткеніңмен жыртып жер,
Кесек қалар артыңша.

2-кезек.Тырма мен өңдеуіштің айтысы:
Тырма.
Мен жүрмесем алдыңда,
Бөлшегің қалар мұқалып.
Жарамайсың жұмысқа,
Топыраққа қақалып.

Өңдеуіш.
Қалдырасың артыңа,
Қыруар іс қаншама.
Жүрмесем мен ізіңнен,
Өнбейді дән мұншама.


3-кезек.Нығыздауыш пен тегістеуіштің айтысы:
Нығыздауыш.
Тассада күшің бойыңда,
Мықтылар бар соңыңда.
Жылдам жүрмей шабандап,
Қаласың құмның қомында.

Тегістеуіш.
Жыртқан жерді еңбекпен,
Таптаудан еш тынбайсың.
Қайта жүр деп соңымнан,
Тырмадан көмек сұрайсың.

V1.Қорытынды. Мұндай дәстүрлі емес сабақтардың артықшылығы, қазіргі бәсекелестік заманда оқушылардың бір-бірімен бәсекеге түсіп, бір-бірінен озуға тырысып, білімдерін одан әрі шыңдай алады.Болашақ мамандарды даярлау барысында, дәстүрлі емес сабақтарды пайдаланудың маңызы зор. Себебі мұғалім сабаққа дайындалу сәтінде оның сабаққа деген қызығушылығы мен ізденісі арытып отырады.































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Топыра? ??деуге арнал?ан машиналар

Автор: Алашбаев А.К.

Дата: 21.04.2015

Номер свидетельства: 204366


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства