kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жеті қазынаның бірі" (әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ.Оқушылар топқа бөлініп түрлі тапсырмалар орындайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жеті қазынаның бірі" (әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ)»

Әдебиеттік оқу

А. Қ. Насырова

А. Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Жеті қазынаның бірі

Сабақтың мақсаты :

а/ Білімділігі: Оқушыларға шығармадағы негізгі оқиғаны, идеяны ұғындыру, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, ой түйіндей білуге үйрету .

ә/ Дамытушылығы: оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қиялын дамытып, танымдық білімін арттыру.

б/ Тәрбиелігі: оқушыларды әңгіме арқылы салт – дәстүрді құрметтеуге, халқын сүюге, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, сөздікпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, нақыл сөздер.

Пәнаралық байланыс: Музыка, дүниетану, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы: I. Психологиялық дайындық.

а) Сәлемдесу.

ә) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Жас ұланбыз талапты,

Жақсы оқимыз сабақты.

II. Қызығушылықты ояту.

1. Оқушыларды топқа бөлу үшін барлығына хатқалта үлестіремін. Хатқалта ішіндегі суреттер бойынша топтасып отырады.



2. Үй тапсырмасын тексеремін.

а/ Әр топқа тақырып бойынша сұрақ қоямын.

ә/ Мәтінді тізбектеп оқу.

б/ «Туған күнді тойлау» атты жазған шығармаларын тыңдаймын.

ІІІ. Ой қозғау.

а/ Таңдап алған суреттері бойынша өздерінің не білетіндерін айтады.

ә/ Слайд көрсету. (Сол жануарлар бойынша қосымша мәлімет беру)


Арыстан – мысық тұқымдасына жататын ең ірі жыртқыш жануар. Орталық Африка мен оңтүстік – батыс Азияның саванна, шөлейт аймақтарында, шөлді жерлерінде кездеседі. Арыстанның дене тұрқы 2 метрдей, салмағы 250 кг – ға жетеді. Олар 30 – 35 жыл өмір сүреді.
Арыстандар ірі сүтқоректілерді аулап, солардың етімен қоректенеді. Негізінен қорегін аулауға түнде шығады. Арыстанның саны өте азайып кеткендіктен, оны аулауға тиым салынған. Табиғатты қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.



Жолбарыс – мысықтар тұқымдасына жататын ірі жыртқыш аң. Қазіргі кезде

Ресейдің Қиыр шығысында, Үндістан түбегінде, Қытайда Ява Суматра аралдарында

кездеседі. Тұран жолбарысы Қазақстанда Сырдарияның төменгі ағысындағы

қалың қамысты, тоғайларды мекендеген. Осы өңірде соңғы жолбарыс 1933 жылы,

ал Балқаш жағалауында 1948 жылы атылған. Жолбарыстын тұрқы 160 – 290 см,

салмағы 200 – 220 кг. Табиғи жағдайда 40 – 50 жылдай тіршілік етеді. Дүние жүзінде

жолбарыстың саны жылдан жылға азаюда. Табиғатты қорғау одағының “Қызыл

кітабына” енгізілген.



Кәдімгі түлкі әлде жирен түлкі – жыртқыштыр, ит тұқымдасына жататын аң. Кәдімгі түлкі Еуропаның барлық территориясында, Солтүстік Африкада, Азияның көптеген аумағында және Солтүстік Америкада кездеседі. Тұрқы 70 – 77 см, ал салмағы 6, 5 - 6, 8 кг. Кәдімгі түлкі селдір орманды ашық жерлерді, өзен – көл

жағалауларын, тау баурайларын мекендейді. Күндіз інінде жатып,

түнге қарай қорегін іздейді.



Ит – жеті қазынаның бірі” дейтін қазақ ежелден төрт аяқты ит тұқымын қатты сыйлап, қадір тұтқан. Төрт түлік малға қараған бабамыз ит малды қасқырдан сақтайтын күзетші, одан қалды аң аулауға үйретілген тазылар аңшылықта таптырмас көмекші болған. “Ат жақсысы – бозы, ит жақсысы - тазы” деген бабаларымыз тазыны ер жігіттің үш жолдасының бірі дейді: жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт.



ІV. Мағынаны тану.

1. Оқулықпен жұмыс.

а/ Үнтаспадан мәтінді тыңдау.

ә/ Сұрақ – жауап сәті.

1. Арыстан мен Ит неліктен араз болды?

2. Иттің адамға достығын қалай түсіндіресің?

3. Адамдардың арасына келгенге дейін иттің өмірі қайдай болғанын болжап әңгімеле.

4. Жеті қазынаның бірі не екен?

5. Қалған қазынаға не жататынын білемісің?

б/ Жеті қазына мәлімет беру.

Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: 

1. Жүйрік ат 

2. Қыран бүркіт 

3. Құмай тазы  (ит)

4. Берен мылтық 

5. Қанды ауыз қақпан 

6. Майланғыш ау 

7. Өткір кездік

Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты.

Қыран бүркіт — қуаты.

Құмай тазысы — абыройын асырар сенімді серігі.

Мылтығы — қаһарлы оты.

Қақпаны — серті.

Майланғыш ау  — әдіс – айласы.

Өткір кездігі — сұсы.

Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан.


в/ Мәтінді тізбектеп оқу.

2. Дәптермен жұмыс.

г/ Жаңа сөздерді белгілеу. Сөздік жұмысы.

- Ал, балалар, осы мәтінде мағынасы түсініксіз қандай сөздер кездесті. Сол сөздерді талдап, түсінейік.

Аластату – қуып жіберу.

Құйрық (қол) үзу – араласпай, қатыспай кету.

ғ/ Ертегіні ролге бөліп оқу.

V. Сергіту сәті.


VІ. Сабақты бекіту.

I топ. Жазушылар тобы - «Ит – адамның досы» эссе жазу.

II топ. Ғалымдар тобы - «Жануарларды қорғайық» үндеу жазу.

III топ. Суретшілер тобы - ертегі мазмұнын суреттеп салу.

IV топ. Өнерпаздар тобы - ертегі мазмұны бойынша сахналық қойылым қою.

VII. Үйге тапсырма беру. Ертегіні түсініп оқып, мазмұнын жүйелі айту.


VIII. Қорытынды. Оқушыларды мадақтау. Бағалау.






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Жеті қазынаның бірі" (әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ)

Автор: Насырова Анджела Карагойшиевна

Дата: 01.03.2017

Номер свидетельства: 396802

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Ашы? саба? "Арыстан мен ит""
    ["seo_title"] => string(23) "ashyksabakarystanmienit"
    ["file_id"] => string(6) "299606"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456565073"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары."Наурыздағы тілек""
    ["seo_title"] => string(59) "diebiiettik_ok_u_p_ninien_sabak_zhospary_nauryzdag_y_tiliek"
    ["file_id"] => string(6) "395142"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487920578"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Ашы? саба? та?ырыбы: ?адыр Мырза ?лі  «К?рі  ?ыран» "
    ["seo_title"] => string(49) "ashyk-sabak-tak-yryby-k-adyr-myrza-li-k-ri-k-yran"
    ["file_id"] => string(6) "179034"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424939309"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "?дебиеттік о?у.Та?ырыбы:Тап?ыр достар "
    ["seo_title"] => string(41) "diebiiettik-ok-u-tak-yryby-tapk-yr-dostar"
    ["file_id"] => string(6) "155860"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421332672"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Әдебиеттік оқу.М.Дулатов.Наурызкөже"
    ["seo_title"] => string(39) "diebiiettik_ok_u_m_dulatov_nauryzkozhie"
    ["file_id"] => string(6) "406545"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491311166"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства