Жаратылыстану | Ш.Смаханұлы атындағы № 62 гимназия |
21.02.2019 ж | Өтемұратова Гүлмира Мырзақұлқызы |
1 «А» сыныбы | Қатысқандар | Қатыспағаны |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады |
- Глобус-жердің кішірейтілген моделі екенін түсінеді. - Глобусты қалай қолдану керектігін түсінеді. |
Оқушылардың көпшілігі орындай алады. |
|
Кейбір оқушылар орындай алады. |
|
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады |
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері |
|
Сыныптағы диалог жазылым үшін сай келетін тіл стилі |
|
Талқылауға арналған сұрақтар |
|
Ишара- ширату жаттығулары |
Ресурстар: Глобус, фотосуреттер, слайд, видео материалдар. |
Жетістік критерийлері | -глобуспен танысады; -oқушылар глобустан Қазақстан Республикасын таба алады; -глобустан құрлықтар мен мұхиттарды табады. |
Алдыңғы оқу | Оқушылар біздің Жер планетасында өмір сүретінімізді білуеді. Сондай-ақ, олар Жер планетасы ғарышта орналасқанын біледі. |
5 минут | Қызығушылықты тану |
«Кім тапқыр?» әдісі Топқа бөліну. | -Оқушыларға бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу. Жұмбақ шешіп көрейік. 1.Тұрғанымен жырақ өзі Таусылмайтын шырақ көзі (Күн) 2. Күндіз білінбейді Түнде күлімдейді (Жұлдыз) 3. Орақ болып туады Табақ болып тынады. (Ай) 4. Мекені көкте екі ару, Бірін – бірі көруге зәру (Күн мен ай) 5. Ұшады қанатсыз, Зырлайды аяқсыз? (Зымыран) 6. Зер, зер кілем, зер кілем, Көтерейін десем зор кілем. (Жер) Оқушылар жұмбақтың жауабын тапқан соң: Төмендегі сұрақтарды қою. 1. Жер күн жүйесіндегі нешінші ғаламшар? (Үшінші) 2. Жердің пішіні қандай? (шар тәрізді) 3. Жер деген не? (ғаламшар) 4. Ғаламшар мен жұлдыздың айырмашылығы қандай? (ғаламшар салқын дене, жұлдыз жанып тұрған отты шар). 5. Ғарышқа ғарышкерлер немен ұшып бара алады? (Зымыранмен) - Жарайсыңдар? Олай болса, ғарыш әлемінде жүрген ғарышкелерлер біздің сабағымызды сыртымыздан бақылап жүреді. Сабақ соңында олардың бізге акелер сыйлығы да бар екен? - Оқушылар киндер жұмыритқалары арқылы . 4 топқа бөлінеді. | Сайдқа жұмбақтарды жазып, жауабын суреттер арқылы көрсету. Зымыран ұшып жүрген ғаламшардың фотосы. |
15 минут | Мағынаны тану |
Ұжымдық жұмыс. Жұптық жұмыс 3 минут Ширату жаттығулары | Видео көру. (видеодан жердің көлемін көреді. Жер айналып тұрған кезде бірден толық бетін көре алмайтынын бала байқау керек) — Жерді тұтастай көруге бола ма? (Жоқ.) — Неліктен? (Ол үлкен, бір фото арқылы оны жан-жағынан көрсету мүмкін емес.) — Осыншама үлкен Жерді жан-жағынан қалай көруге болады, себебі біз Жерді кішірейте алмаймыз ғой? (Оқушы жауабын тыңдау) «Ойыншықтар» айдарына назар аударайық. -Сендер топ болып фотосуреттегі қыз тәрізді сыныптағы өздеріңе ұнаған кез-келген заттың макетін жасап көріңдер. 1-топ. Өзідеріңе сыныптағы ұнаған заттың моделін қағаз бетіне түсіріп көріңдер. 2-топ. Сынып бөлмесіндегі кез-келген екі заттың моделін ермексаздан жаcап көріңдер. 3-топ. Қоршаған ортадағы кез-келген қандай заттың моделін ермексаздан жасап көріңдер. 4-топ. Мына доптың макетін ермексаздан жаcап көріңдер. Балалар біз нелерді жасадық? Жасаған заттардың көлемі қайтті? Неліктен заттарды кішірейтіп жасадық? Ендеше, мына 4-топ жасаған допқа назар аударайық. Оның пішіні неге ұқсайды? Дәл осылай жердің де пішінін жасауға бола ма? Қалай ойлайсыңдар? Глобуспен танысу. «Глобус» кішірейтілген жердің үлгісі. (Түсінік беру) «Хи, Һа» жаттығуын жасап, бой жазу. | Оқушылардың аттары жазылған қағаздар. Бағалау плакаты. Уақытты өлшеуге арналған құмсағат. Уақыт аяқталғанда белге беру үшін қоңырау. |
20 минут | Ой толғаныс |
Зерттеу жұмысы: «Болжау» әдісі Кері байланыс «Рефлексиялық нысана» әдісі | 4 топқа да глобус таратып беріп, оны толығымен қарап шығып глобустан: көк түспен белгіленген жерді тауып көрсету; глобустан қоңыр, сары түспен боялған тұсын тауып көрсету; глобустан адамдар тұратын жерлерді көрсету; Қазақстан жерін көрсетіп көр. Қалыптастырушы бағалау. Сұрақтар бойынша әңгімелесу Глобус дегеніміз не? Глобус бізге не үшін қажет? Глобустың пішіні қандай? Глобустың басым бөлігі қандай түстермен боялған? Неге? Оқушылар өздерінің сабақ түсіну деңгеін нысанаға белгілейді. | Глобус |
Қосымша мәліметтер : Ең алғаш Фернан Магеллан Жерді айналып шығып, Жердің шар тәріздес екенін дәлелдеген. Глобус (латын тілінде шар деген мағынаны білдіреді) — Жер ғаламшарының бірнеше есе кішірейтілген моделі. Дәл осы модель біздің ғаламшарымыздың сыртқы бейнесін және оның бөліктерінің арақатынасын анық көрcетеді. Глобус ежелгі заманнан бар. Көне жазбаларда Жер шары моделін 2000 жылдай бұрын Пергама тұрғыны Кратес жасаған деген дерек бар. Ең бірінші глобусты неміс географы және саяхатшысы Мартин Бехайм жасаған (1492 ж.). Ол оны “Жер алмасы” деп атаған. Бірақ оның глобусында Солтүстік пен Оңтүстік Америка жоқ еді. Себебі ол кезде Оңтүстік және Солтүстік Америка әлі ашылмаған болатын. ХVІІ ғасырда Лондонда пішіні апельсинге ұқсас, қалтаға сыятын кішірек глобустар сатылды. Оның жартышарының ішкі жақтарында аспан жарықшаларының картасы бейнеленген. Сол кезде бұл глобус Жердің де, аспан денесінің де моделі болып саналып келді. Осы күнге дейін Санкт-Петербург қаласындағы мұражайда диаметрі 3 метр 19 сантиметр болатын глобус сақтаулы. Оның сыртқы бетінде Жер картасы, ал ішкі жағында жұлдызды аспанның картасы бейнеленген. |
Деңгейлік тапсырма | Бағалау | Пәнаралық байланыс |
1. Глобус дегеніміз не? а) оқу бөлмесінің моделі; ә) ғаламшар; б) Жер ғаламшарының моделі. 2. Жер ғаламшарында неше құрлық бар? а) алты; ә) тоғыз; б) төрт. 3. Жер шарында неше мұхит бар? а) тоғыз; ә) бес; б) төрт. | Қалыптастырушы бағалау. Ғарыш әлімінде жүрген зымыран оқушыларға акелген тосын сыйын таратып беру. Сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларға көлемді жұлдаздар, талпынған оқушыларға көлемі кішірек жұлдыздар таратып беру. | |
Рефлексия Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |
а) оқу бөлмесінің моделі; ә) ғаламшар; б) Жер ғаламшарының моделі.
2. Жер ғаламшарында неше құрлық бар?
а) алты; ә) тоғыз; б) төрт.
3. Жер шарында неше мұхит бар?
а) тоғыз; ә) бес; б) төрт.
а) оқу бөлмесінің моделі; ә) ғаламшар; б) Жер ғаламшарының моделі.
2. Жер ғаламшарында неше құрлық бар?
а) алты; ә) тоғыз; б) төрт.
3. Жер шарында неше мұхит бар?
а) тоғыз; ә) бес; б) төрт.
а) оқу бөлмесінің моделі; ә) ғаламшар; б) Жер ғаламшарының моделі.
2. Жер ғаламшарында неше құрлық бар?
а) алты; ә) тоғыз; б) төрт.
3. Жер шарында неше мұхит бар?
а) тоғыз; ә) бес; б) төрт.
а) оқу бөлмесінің моделі; ә) ғаламшар; б) Жер ғаламшарының моделі.
2. Жер ғаламшарында неше құрлық бар?
а) алты; ә) тоғыз; б) төрт.
3. Жер шарында неше мұхит бар?
а) тоғыз; ә) бес; б) төрт.