Тренинг. (балаларды геометриялық фигуралар бойынша топтастыру. Әр топ бір-біріне жылы лебіз арнайды) Алдынғы білімдерін пысықтау. Кеңістік фигураларын көрсетіп,олардың атауларын сұрау. -жазық фигураларды қалай алуға болады? Шаршыны диагоналі бойынша бүктеп, үшбұрыштар алуға болатынын көрсету. (топтық жұмыс арқылы орындату) Жазық фигурадан жасалған мысықтын суретін көрсету -бұл ненің суреті? -оны қайдан білдіңдер? -сурет неше фигурадан тұрады? Қиюдың ең оңай түрлерін көрсету. Екі үшбұрыштан шаршы жасау Қарапайым фигуралар құрастыру. Мазмұнды композициялар құрастыру Оңға түзу тұр, Солға түзу тұр. Алға бір адым Артқа бір адым. Оңға бұрылып, Солға үңіліп Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық. Топтық жұмыстар жасау. 1-топ. Көбелек құрастыру 2-топ.мысық құрастыру 3-топ.күшік құрастыру 4-топ.балапан құрастыру Қосымша тапсырмалар.(жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату) 1.көбелектің қанатын жазық фигуралармен безендір 2.артық фигураны тап. Оқушылардың сабақты түсінгенін тексеру — Қандай жазық фигуралардың модельдерін жасап үйрендіңдер? — Параллелепипедтің бір жағын бастырып сызса, қандай жазық геометриялық фигураны алуға болады? -Шаршыны қандай фигурадан алуға болады? - дөңгелекті ше? Рефлексия. Сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсету. |