kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаратылыстану пәні "Қаңқа құпиясы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адамның дене мүшелерімен таныстыру. Өз бетінше жұмыс жасай білуге баулу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану пәні "Қаңқа құпиясы"»

Сабақтың тақырыбы: Қаңқа құпиясы

Мұғалімнің аты-жөні: Абдикадирова Л

Күні: 16.01.2018

Сынып: 2 «в»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға адамның қаңқасы туралы түсінік беру. Ой-өрісін дамыту.

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.2.3.1 - адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтау

2.2.3.2 - дұрыс дене сымбатын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру;

Бағалау критерийі

Сұрақт арға жауап береді.

Қаңқаның құрылымын анықтайды.

Адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтайды.

Дене сымбаты туралы өз ойларын ортаға салады.

Құндылықтарды дарыту.

Сымбатты болып өсуінің маңыздылығы жайлы айта келе салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Тірек сөздер:

Қаңқа, сүйектер, дене сымбаты.

Жоспарланған уақыт

Басталуы


Психологиялық ахуал

Құтты қонақ келіпті,

Төріме міне еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал,қанеки бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздерме, қонақтар! (Үш тілде айтады)

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Қол ұстасып бәріміз,

Жылылықты сезейік.

Шуақ шашқан күндей боп,

Күлімсіреп жүрейік.

Шаттық шеңбері

Балалар қазір біз бір бірімізбен дене мүшелеріміз арқылы амандасамыз.Мен дене мүшелерін айтамын сендер сонымен амандасасыңдар.

(көзбен, мұрынмен,  қол алысып, құлақпен, иықпен, тіземен, аяқпен амандасу, бас изеп амандасу.)

Ал балалар, қазір қай мезгіл? Күз. Олай болса күз айларын атаңдаршы. (қыркүйек, қазан, қараша)

Оқушыларды ай аттары бойынша үш топқа бөлу

Ой шақыру стратегиясы

Балалар, біз сендермен қандай бөлімдерді өттік? (өсімдіктер мен жануарлар)

Бағалау түрлері


Жаңа білім






Сұрақ-жауап.



Балалар, маған өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтарға жауап беріңдерші.

1.Өсімдіктер қайда өседі?

2.Өсімдікке тамыр не үшін керек?

3.Өсімдіктерден не жасалынады?

4. Өсімдіктің қандай бөліктері бар?

5.Өсімдіктер тіршілік ортасына қарай неше топқа бөлінеді? Оларды ата.

6. Жануарлар қандай топтарға бөлінеді? Ата.

7. Үй жануарлары адамға қандай пайда әкеледі?

8. Жабайы жануарлардың үй жануарларынан айырмашылығы қандай?

Олай болса балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер шешіп көріңдер.

Біз сендермен ары қарай жаңа «Адам» бөлімімен танысатын боламыз. Адам бөлімінің бірінші сабағы «Қаңқа құпиясымен» танысамыз.

Маған мына сұрақтарға жауап беріңдерші.

Адам денесінің қандай негізгі бөліктері бар? (Бас, кеуде, аяқ-қолдар.)

Денеге қандай күтім керек?

Дене сымбатын қалай жақсартуға болады? (оқушылардың жауаптарын тыңдау)

Жаңа сабағымызды бастамас бұрын жұмбақ шешіп көрейікші.

1.Сырты орман,

Алды жазық құрлықты,

Араласаң,

Табасың жеті құдықты. (бас)

2. Құрамалы сырық,

Берсең ырық.

Кетесің тұрып,

Барасың жүріп,

Қаласаң,

Отырасың бүгіп. (аяқ)

3. Бунақты көсеу,

Тармағы бесеу. Ол не? (қол мен саусақ)

Балалар, бұлардың барлығы неге жатады? (адамның дене мүшелеріне)

















Оқулық,

мәтіндер.














Ортасы



Ұжымдық

жұмыс.


Топпен жұмыс.









Жұптық жұмыс.












Сергіту сәті


Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

  1. Тапсырма.

Дене мүшелерін ата.

Дене мүшелерінің қызметі туралы айтады.

Киіз үйге қаңқа не үшін керек? Сенің денеңді не ұстап тұрады?

Топпен жұмыс. (оқушыларды 3 топқа бөліп тапсырмалар беру)

1-Топ. Адамның бас бөлігі, соның ішінде барлық мүшелердің атқаратын қызметтерін атайды.

2-Топ. Адамның ортаңғы бөлігі, яғни кеудедегі мүшелерінің соның ішінде әрбір мүшелердің атқаратын қызметтерін атап, көрсетеді.

3-топ. Аяқ жақтағы адамның дене мүшелерін атап, көрсетеді.

Сұрақ-жауап.

-Аяқтың бөліктерін білесіңдер ме? (жамбас, тізе, балтыр, табан.)

- Қолдың бөліктерін ата. (білек, шынтақ, иық)

-Сүйектер бірігіп нені құрайды ? (кеуде қуысын)

-Адамның бас сүйегі неге қатты болады? (бас сүйек миды қорғайды)

(оқушыларға саусақтарын,басын, шынтақтарын ұстап көруге ұсыныс жасаймын. Нені байқадың?)

2-Тапсырма. «Қаңқа» (ауызша тақтада түсіндіру)

Қаңқа- адам денесін ұстап тұратын сүйектердің жиынтығы. Ол ішкі мүшелерді қорғайды әрі денеге пішін береді.

Бас сүйек бастың пішінін береді. Қабырғалар, төс сүйек пен омыртқа кеуде қуысын құрайды.

Сергіту жаттығуын жасату. (Қаңқа биі.)

3-Тапсырма. Ойлан. «Дене сымбаты» туралы не айтар едіңдер?

(оқушы жауаптарын тыңдау)

Қолдану

Дәптермен жұмыс.

  1. Тапсырма. Қаңқа бөліктері. (Қаңқаның бөліктерін жазады.)

  2. Тапсырма. Қаңқаның қызметі.( бос орынға қажетті сөздерді жазады.)

  3. Тапсырма. Дене сымбаты. (баланың дене сымбаты дұрыс суреттерді бояйды) (Жауабы: 2, 5, 6)






Топтық тапсырмалар



Видео


Сергіту сәті

Сергіту сәті ( ортақ тақырып шығатындай есептер шығарады)


Аяқталуы

Сабақты бекіту

- Адам денесінің қалпын не құрайды?
- Қаңқа қандай қызмет атқарады?
- Кеуде қуысы нені қорғайды?

-Бас сүйегі ше?

Бүгін біз сендермен не жайында өттік?

Не түсініксіз болды?

Тағы да не білгің келеді?


Үйге тапсырма:

Мазмұндау.


Дескриптор:

Сұрақтарға жауап бере алады.

Қаңқаның құрылымын анықтай алады.

Адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтай алады.

Дене сымбаты туралы өз ойларын ортаға сала алады.




Кері байланыс


Оқушылар стикерлеріне өз аттарын жазып, кеменің желкеніне жабыстырады.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Жаратылыстану пәні "Қаңқа құпиясы"

Автор: Абдикадирова Лаззат Рысбековна

Дата: 25.03.2018

Номер свидетельства: 463399

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Сыныптан тыс шара Жаратылыстану ?ажайыптары"
    ["seo_title"] => string(47) "synyptan-tys-shara-zharatylystanu-g-azhaiyptary"
    ["file_id"] => string(6) "312941"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459418425"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Жаратылыстану пәнінен ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(37) "zharatylystanu_p_ninien_ashyk_sabak_1"
    ["file_id"] => string(6) "454891"
    ["category_seo"] => string(14) "estestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1517836333"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "Қаңқа құпиясы."
    ["seo_title"] => string(16) "kank_a_ku_piiasy"
    ["file_id"] => string(6) "550962"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1590146575"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "ДҮНИЕТАНУ, 1- сынып, Сабақ тақырыбы: Күн тәртібі"
    ["seo_title"] => string(46) "duniietanu_1_synyp_sabak_tak_yryby_kun_t_rtibi"
    ["file_id"] => string(6) "375134"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483457026"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Тақырыбы: "Күн тәртібі""
    ["seo_title"] => string(21) "tak_yryby_kun_t_rtibi"
    ["file_id"] => string(6) "455039"
    ["category_seo"] => string(19) "okruzhayushchiy-mir"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1517891530"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства