kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс шара Жаратылыстану ?ажайыптары

Нажмите, чтобы узнать подробности

« Жаратылыстану  ?ажайыптары»  білім сайысы. 8 - 10 сынып

Білім сайысыны? ма?саты: Химия, биология, география п?ндерінен ал?ан білімдерін

бай?ау, ал?ыр, білімді  о?ушыларды аны?тай отырып, п?ндерді? ?зіндік ерекшеліктерін, ?асиеттерін білуге ?йрету. О?ушыларды?  білім  де?гейін  тексеру, ойын?а  ?абілетін ?алыптастыру, с?йлеу  м?неріне ?йрету, ойларын  бір ж?йеге келтіріп  ?з пікірлерін  айта білуіне  к?мектесу.

Ойын?а  ?ажетті  к?рнекіліктер:       санды?ша, с?ра? салын?ан конверттер, интерактивті  

                                                              та?тадан сурет слайдтар (алтын адам, тай?азан, лампочка,

                                                              термометр т.б.)

« Н?рлы жол -  болаша??а бастар жол » “Біз жалпы ?лтты? идеямыз – М??гілік Елді басты ба?дар етіп, т?уелсіздігімізді? даму да??ылын н?рлы жол?а айналдырды?. ?ажырлы е?бекті ?ажет ететін, келешегі кемел Н?рлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер т?гуіміз керек. М??гілік Ел-елді? біріктіруші к?ші, еш?ашан таусылмас ?уат к?зі” Н.?.Назарбаев.

Ойын?а  ?атысушы  топтар:      8а сынып, 9а сынып, 10а сынып

  1. Сайыс кезе?дері: « С?лем - с?зді? анасы » топты? таныстыру.
  2. « ?рі ?арай »  п?ндер бойынша с?ра?-жауап.
  3. « Мен білемін » биологиялы? ?ызы?ты с?ра?тар.
  4. « ?анат ?а?ты » география п?ніне арнал?ан ?ызы?ты с?ра?тар.
  5. « Си?ырлы конверт » химиялы? ?ызы?ты с?ра?тар.
  6. ?орытынды.

II. « ?рі ?арай» п?ндер бойынша с?ра?-жауап.

І топ с?ра?тары: 8 «а» сынып.

1.Жерді? шегінен бас?а денелерді не деп атайды?

2.Таби?аттанушылар?а арнал?ан ?анша ?а?ида бар?

3.К?н мен жерді? орташа ара ?ашы?ты?ы.

4.?зенні? басталар жерінен ??яр жеріне дейінгі аралы?ты не деп аталады.

5. ?й?ы безіні? гормоны.
6. Жасушасыз тірі а?за.

7. Ж?йке жасушасы.

8.?рмекшілерді зерттейтін ?ылым не деп аталады?

9. Т?зды? суда еруі.  

10. Ауыл шаруашылы?ында ?сімдіктерді? т?сімділігін арттыратын химиялы? зат не деп аталады?

11. Халы?  шаруашылы?ына  пайдаланылатын  ?ажетті  заттарды айтамыз.

12. Жасыл  немесе ?ара т?йіршік т?рінде кездесетін ?опарыл?ыш  зат.   

ІІ   топ с?ра?тары: 9 «а» сынып

1.Тірі денелер ??рамында?ы заттарды не деп атайды.

2. «Аспан денелеріні? айналымы» кімні? е?бегі?

3. ??рлымы жа?ынан Уран?а ??сас.

4. “Урбандалу”деген не?

5. Хромосома жасушаны? ?ай б?ліктерінде болады.

6. ?антты? химиялы? аталуы. 

7. Дене жасушаларыны? б?лінуі.

8. Мейозды? бірінші б?лінуі.

9. Ауа ??рамында?ы газ.

10. «Лампочка» - ?аза?ша не деп аталады? Ж?не де оны дайында?ан кезде ?анша металл

 пайдаланылады?

11. Заряды жо? б?лшек. 

12. ?й?ы безінде кездесетін  химиялы?  элемент.

III топ с?ра?тары:  10 «а» сынып

1.Таби?атта?ы денелерді? ?дайы ?згеріске ?шырауы не деп аталады.

2.Жеке ж?лдыздарды? тобы  ?алай деп аталады.

3.Беткі температурасы шамасы 500градусс болатын е? жары? ?аламшар.                                     

4.Атмосфераны? т?менгі ?абатында?ы ауа ??рамыны? ?анша %-ын оттегі ??райды?

5.Ауа-райын сипаттайтын карта.

6.Бактерия жасушасына енетін  вирус.

7.?лі а?заларды? денесінде тіршілік ететін бактериялар.

8.?сімдік жасушасында?ы ?оректік зат.

9.Адамзат  аш?ан бірінші металл не?

10.Суда ерімейтін ?ыш?ыл.

11.Органикалы? химияны? негізін салушы?

12.?аны?па?ан к?мірсутек.

III.«Мен білемін»  биологиялы? ?ызы?ты  с?ра?тар.

1-тапсырма    8 «а» сынып.

Ежелгі Грецияда б?л к?к?ніс ерекше ы?ылас?а ие. Б?л ?сімдік адам?а кездескен ал?аш?ы к?к?ніс болып есептеледі. Ата?ты ?олбасшы Александр Македонский ?немі шай?ас?а шы?арды? алдында ?зіні? жауынегерлерін осы к?к?ніспен тама?тандырып, ?зіні? же?ісіні? ??пиясы осыда деп сенген. ?ызы?ы, ?лы математик, философ Пифагорда осы к?к?ніске табынып ?ана ?ойма?ан, тіпті оны? селекциясымен де айналыс?ан дейді.Е? жа?сы іріктемелеріні? бірі ертеде Пифагорды? есімімен бекер аталмаса керек.Б?л ?сімдікті? латынша атыны? аудармасы “бас”. С?ра?: б?л ?ай ?сімдік.

Жауап: ?ыры??абат.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс шара Жаратылыстану ?ажайыптары»

« Жаратылыстану ғажайыптары» білім сайысы. 8 - 10 сынып

Білім сайысының мақсаты: Химия, биология, география пәндерінен алған білімдерін

байқау, алғыр, білімді оқушыларды анықтай отырып, пәндердің өзіндік ерекшеліктерін, қасиеттерін білуге үйрету. Оқушылардық білім деңгейін тексеру, ойынға қабілетін қалыптастыру, сөйлеу мәнеріне үйрету, ойларын бір жүйеге келтіріп өз пікірлерін айта білуіне көмектесу.

Ойынға қажетті көрнекіліктер: сандықша, сұрақ салынған конверттер, интерактивті

тақтадан сурет слайдтар (алтын адам, тайқазан, лампочка,

термометр т.б.)

« Нұрлы жол - болашаққа бастар жол » “Біз жалпы ұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік Ел-елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі” Н.Ә.Назарбаев.

Ойынға қатысушы топтар: 8а сынып, 9а сынып, 10а сынып

  1. Сайыс кезеңдері: « Сәлем - сөздің анасы » топтық таныстыру.

  2. « Әрі қарай » пәндер бойынша сұрақ-жауап.

  3. « Мен білемін » биологиялық қызықты сұрақтар.

  4. « Қанат қақты » география пәніне арналған қызықты сұрақтар.

  5. « Сиқырлы конверт » химиялық қызықты сұрақтар.

  6. Қорытынды.

II. « Әрі қарай» пәндер бойынша сұрақ-жауап.

І топ сұрақтары: 8 «а» сынып.

1.Жердің шегінен басқа денелерді не деп атайды?

2.Табиғаттанушыларға арналған қанша қағида бар?

3.Күн мен жердің орташа ара қашықтығы.

4.Өзеннің басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты не деп аталады.

5. Ұйқы безінің гормоны.
6. Жасушасыз тірі ағза.

7. Жүйке жасушасы.

8.Өрмекшілерді зерттейтін ғылым не деп аталады?

9. Тұздың суда еруі.

10. Ауыл шаруашылығында өсімдіктердің түсімділігін арттыратын химиялық зат не деп аталады?

11. Халық шаруашылығына пайдаланылатын қажетті заттарды айтамыз.

12. Жасыл немесе қара түйіршік түрінде кездесетін қопарылғыш зат.

ІІ топ сұрақтары: 9 «а» сынып

1.Тірі денелер құрамындағы заттарды не деп атайды.

2. «Аспан денелерінің айналымы» кімнің еңбегі?

3. Құрлымы жағынан Уранға ұқсас.

4. “Урбандалу”деген не?

5. Хромосома жасушаның қай бөліктерінде болады.

6. Қанттың химиялық аталуы.

7. Дене жасушаларының бөлінуі.

8. Мейоздың бірінші бөлінуі.

9. Ауа құрамындағы газ.

10. «Лампочка» - қазақша не деп аталады? Және де оны дайындаған кезде қанша металл

пайдаланылады?

11. Заряды жоқ бөлшек.

12. Ұйқы безінде кездесетін химиялық элемент.

III топ сұрақтары: 10 «а» сынып

1.Табиғаттағы денелердің ұдайы өзгеріске ұшырауы не деп аталады.

2.Жеке жұлдыздардың тобы қалай деп аталады.

3.Беткі температурасы шамасы 500градусс болатын ең жарық ғаламшар.

4.Атмосфераның төменгі қабатындағы ауа құрамының қанша %-ын оттегі құрайды?

5.Ауа-райын сипаттайтын карта.

6.Бактерия жасушасына енетін вирус.

7.Өлі ағзалардың денесінде тіршілік ететін бактериялар.

8.Өсімдік жасушасындағы қоректік зат.

9.Адамзат ашқан бірінші металл не?

10.Суда ерімейтін қышқыл.

11.Органикалық химияның негізін салушы?

12.Қанықпаған көмірсутек.

III .«Мен білемін» биологиялық қызықты сұрақтар.

1-тапсырма 8 «а» сынып.

Ежелгі Грецияда бұл көкөніс ерекше ықыласқа ие. Бұл өсімдік адамға кездескен алғашқы көкөніс болып есептеледі. Атақты қолбасшы Александр Македонский үнемі шайқасқа шығардың алдында өзінің жауынегерлерін осы көкөніспен тамақтандырып, өзінің жеңісінің құпиясы осыда деп сенген. Қызығы, ұлы математик, философ Пифагорда осы көкөніске табынып қана қоймаған, тіпті оның селекциясымен де айналысқан дейді.Ең жақсы іріктемелерінің бірі ертеде Пифагордың есімімен бекер аталмаса керек.Бұл өсімдіктің латынша атының аудармасы “бас”. Сұрақ: бұл қай өсімдік.

Жауап: Қырыққабат.

2-тапсырма. 8 «а» сынып.

Бұл өсімдікті жек көрсе де бірақ оған табынды, оның гүлдерімен патша сарайларын сәндеген. Оффенбург деген неміс қаласында танымал ағылшындық саяхатшы Фрэнсис Дрейкке ескерткіш қойылған. Ескерткіште осы өсімдікті Европаға алғаш болып әкелген Дрейк деп жазылған. Алғашқы жылдары бұл өсімдіктің жемісі патша дастархандарында да сирек кездесетін тамақ болған. Біздің дастарханымызға бұл тамақ жүздеген жылдар кейін келді. Бұл өсімдіктің аты не?

Жауап: Картоп.

3-тапсырма. 9 «а» сынып.

Ауру адамның бір мүшесін алып тастағанда, оның зәрінен қант табылған. Егер сау адамның асқорыту жолына баратын осы мүшенің өзегін уақытша бітегенде, асқорыту бұзылған, бірақ зәрдің құрамында өзгеріс болмаған. Сұрақ: әңгіме адамның қай мүшесі туралы?

Жауап: Ұйқы безі.

4-тапсырма. 9 «а» сынып.

Ол-жинақталып қалған эмоцияны сыртқа шығарып тастаудың ең зиянсыз түрі. Ол еш жерінді ауыртпайды, бойдағы жағымсыз энергияны жойып жібереді және күйгеліктіктен құтқарады. Оны келіп тұрғанда үнемі іркіп қалса, ауруға шалдығады.бұл ер адамдарға қарағанда әйел адамдарда көбірек кездеседі, әрі әйел адамдардың ұзақ жасауын да осымен байланыстырады. Сұрақ: Бұл не?

Жауап: Жылау.

5-тапсырма 10 «а»

Ұзақ уақыт өсімдіктерді бақылайтын адамдар бір гүлдің таңның атуының, екіншісі күннің батуының хабаршысы екенін байқаған. ХҮІІІ ғ. Швецияда белгілі ғалым – натуралист К.Линнейдің кеңесімен гүл сағаты жасалған. Таңғы сағат 5-те текесақал,сағат 6-да көкнәр гүлінің күлтелері ашылса, ал кешкі 10- да хош иісті темекі , кактустың гүлдері ашылады. Осылай уақытты анықтап отырған. Сұрақ: бұл қызықты құбылыс немен байланысты? Неліктен әртүрлі гүлдер әр түрлі уақытта ашылады?

Жауап:Гүлдердің ашылуы тозаңдануға қолайлы жағдайымен байланысты.

6-тапсырма 10 «а»

1869 жылы француз миссионері Арман Давид Қытайға саяхат жасайды.Ол әрі табиғат зерттеушісі болғандықтан Сычуань провинциясында жүргенде шалғайдағы елді мекендерден үйдің қоршауында ілулі тұрған теріні көреді. Жергілікті тұрғындар ол сол маңайдағы тоғайда тіршілік ететін аңның терісі екендігін айтқан. Бұл аң табиғатта таңертең және түнде белсенді. Бойы 1,5 м –ге жетеді. Жалпақ табандарында күшті тырнағы болады. Көп дыбыс шығармайды, анда-санда ғана қойдың маңырағанындай дыбыс шығарады. Сұрақ: бұл қандай аң?

Жауап: Панда.

IV.« Сен мені білесің бе ?» географиялық сурет жұмбақтар

8 «а» сынып.

1-сурет Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?

2-сурет Орамалды әйел ана бейнесінде қай елдер бейнеленген?

1-сұрақ 9 «а» сынып

Африканың Замбези өзенінде табиғаттың ғажайып кереметтерінің біріне саналатын сарқырама бар.  Сонау алыстағы ағылшынның әйгілі саяхатшысы Давид Ливингстон ашып, оған Англияның патшайымының есімін берді. Алып сарқыраманың ені-1800 м, биіктігі-120м.

2-сұрақ 9 «а» сынып

Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзеніндегі бұл сарқыраманы 1933 жылы АҚШ ұшқышы Джеймс Эйнджел рудалар іздеу ниетімен сол маңайда ұша бастады. Жергілікті гидтер айтуынша ол алмаз іздеген.  1937 жылдың  9- қазанында қайта оралып ұшағын Ауянтепуйға қондырмақшы болғанда ұшақтың бір шассиі жарылады. Нәтижесінде Эйнджел мен жұбайы, барлығы үш адам тепуйдан төмен жаяу түсуіне тура келеді. Олардың өркениетке оралуына 11 күн кетті. Олардың бұл шытырман оқиғасы лезде елге кең тарап сарқырама осы кісінің құрметіне аталып кетеді.

1-сұрақ 10 «а» сынып

Сарыарқаның бұл өлкесін табиғаттың ерекше әсемдігіне байланысты.Еуропаның тамаша аймақтарының біріне теңейді. Бұл өлкенің әсем табиғатына арнап С.Сейфуллин поэма, С.Мұқанов өз кітабын арқау етті. Жер шоқтығы саналатын өлкедегі өзі аттас қала ерекше облыстың орталығы. Сұрақ: Бұл әңгіме еліміздің қандай табиғаты әсем өлкесіне сай келеді?


2-сұрақ 10 «а» сынып

Суретте Қалпағы бар ер адам бейнесінде қай мемлкет бейнеленген?

V. « Сиқырлы конверт» химиялық қызықты сұрақтар.

Сұрақтар конверттердің ішінде жазылған:

1 – конверт.

(1-слайд). Интерактивті тақтадан « Алтын киімді адамның» мүрдесі көрсетіледі.

Сұрақ: Осы мүрде қай жылы, қайда және кім ашты? Және де қандай мәліметтер бере аласың? Және осы бейненің тәуелсіз Қазақстанымызға қандай қатысы бар?

2 – конверт.

(2-слайд). Термометр (градусник) көрсетіледі.

Сұрақ: Алғаш кімдер пайдаланған? Және осы заттың бойында қандай металл бар? Кім ашты және қалай атаған?. Ол металл туралы не білесің?

3 – конверт.

Сиқырлы сандықша. Осы сандықшаның ішінде тіршілікке қажетті ең керемет зат бар. Ол не зат деп ойлайсың? Және ол туралы не білесің?

(3-слайд) 4 – конверт.

Әлемдік экономикада осы заттың ролі күннен-күнге артып келеді. Соңғы жылдары импералистік саясаттағы барлық дағдарыстар әлемдік осы заттан бастау алған. Бұл зат отын ретінде қолданылуымен қатар, оның жасырын күші космос кемелерін жұлдыздар биігіне көтеріп, ұшақтарға ұшқырлық, автокөліктерге сенімді жүріс береді. Қандай зат туралы айтып отырмын? Құрамы? Қасиеті. Маңызы туралы не білесің?

(4-слайд) 5 – конверт.

Стақандағы заттар не деп аталады? Оның ішінде біреуі автотранспорт саласында қолданылады екен, не үшін қолданылатынын білесің бе? Және де 1 және 2 суреттердің қайсысы дұрыс? Қайсысы қайда құйылады?



6 – конверт.

«Патша арағы» екі қышқылдың қоспасынан дайындалады. Қандай қышқылдар? Ол бір металды еріте алады, ол қай металл?

Сұрақтар:

1 – конверт.

(5-слайд). Интерактивті тақтадан «Тайқазанның» суреті көрсетіледі. Осы тайқазан туралы не білесің? Қай жылы, қайда құйылған? Құрамында неше элемент бар? Және оған сипаттама бер.

2 – конверт.

Адамзат қоғамымен бірге туып, бірге жасасып, адам мүддесіне қызмет етіп келе жатқан тарихи элемент? Ол қандай элемент? Ол элемент туралы не білесің?

3 – конверт.

Сиқырлы сандықша. Сандықшаның ішінде тірі ағзаларға қажетті заттардың қоспасы бар.Ол не зат деп ойлайсың? (пауза). Оның құрамын кім ашты? Қай жылы? Және құрамындағы элементтер мен заттарға сипаттама бер.

4 – конверт.

Мен өткенде қара тас тауып алдым. Онымен сурет салдым, қара із қалдырды. Далада от жағып, тамақ пісіріп жүргенде әлгі белгісіз тасты отқа түсіріп алдым. Тас от болып түтіндеді. Осы кезде жаңбыр жауып кетіп, жаңбыр түтінді жерге сіңіреді. Қара тас не? Жүрген реакция үрдістерінің схемасын көрсет.

(6-слайд) 5 – конверт.

«Лампочка» - қазақша не деп аталады? Және де оны дайындаған кезде қанша металл пайдаланылады? Шынысының құрамында қанша элемент бар?

6 – конверт.

Ауыл шаруашылығында өсімдіктердің түсімділігін арттыратын химиялық зат не деп аталады? Оның құрамына кіретін негізгі элементтер? Оны кім ашты? Және қай жылы? Қай елдің ғалымы?

1 – конверт жауаптары:

«Алтын киімді адамның» мүрдесін 1969 жылы Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан археолог Қ.Ақышев тапқан. Зерттеушілердің пікірі бойынша ол б.з.б. 5-6 ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Оны жасы 17-18-де, бойы 165 см шамасында болса керек. Сақ ханзадасының қолында екі алтын жүзік, құрастырмалы белбеуі болған. Алтын пластинкалар жапсырылған қынапқа салынған темір қанжар, қызыл қынапты ұзын семсер табылды. « Алтын киімді адам» сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді. Оның киімінде 4 мыңнан астам алтын әшекейлермен безендірілген. Оның ішінде барыс, тауешкі, арқар, ат, әр түрлі құстардың бейнесі кездеседі.

Қазіргі таңда осы «Алтын киімді адам» бейнесі Қазақстанның егемендігінің рәсіміне айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр. Ал сақ жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпарлар біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың елтаңбасынан орын тапқан.

2 – конверт жауаптары:

Термометрдің басында сынап металы бар. Алғаш қытайлар мен үрдістер пайдаланған. Грек дәрігері Дисскрид «хидр» - «су», «аргирос» - «күміс»-«сұйық күміс» деп атаған. Сынаптың балқу t0 = 38-390С. 6 периодтың тақ қатары, II топтың қосымша топша металы, балқу t0 –сы төмен болғандықтан термометрлерде қолданылады, сұйық металл.

3 – конверт жауаптары:

Ең керемет зат – су, формуласы – Н2О, кристалдық торы – молекулалық, tқ0=1000С, tқату0=00C. Жер шарындағы 71% -су бар, адам денесінде -65-70%, мида -81%, тығыздығы 1г/см3. Су – еріткіш. Адам тағамсыз 30-40 күн шыдаса, сусыз 3 күн ғана шыдайды екен.

4 – конверт жауаптары:

Мұнай – қара қоңыр түсті, өзіне тән иісі бар, май тәрізді сұйықтық. Суда ерімейді. Мұнайдың құрамында: қаныққан көмірсутектер, циклопарафиндер, ароматты көмірсутектер, минералды тұздар, металдар, су т.б. қоспалар бар. Мұнайдан алынатын өнімдер: бензин, лигроин, керосин, газоиль, мазут. Қазақстанда алғаш мұнай өндіру ісі 1899-1900 жылдары басталды. Теңіз, Қарашығанақ, Құмкөл, Жаңажол т.б. мұнай кеніштері бар. 250-ге жуық мұнай кеніштері бар екен. Олардың 100-ден астамы игерілді. Жылына 18,6 млн.тонна мұнайды айыру зауыты жүмыс істейді. Қазақстан Республикасының аумағында 6 мың шақырымнан астам мұнай құбыры және 11 мың шақырым газ құбыры желісі тартылған.

5 – конверт жауаптары:

Н2О – су, Н24 – күкірт қышқылы – автотранспорт саласындағы аккумуляторда электролит есебінде қолданылады.


1 –сурет ( дұрыс) 2 – сурет.

сыздықтатып, жаймен құю керек! ( дұрыс емес)

6 – конверт жауаптары:

«Патша арағы» екі қышқылдың 1көлем түз қышқылы ( НСl) мен 3көлем азот қышқылының (НNО3) қоспасынан тұрады және алтын металын ерітеді.

1 – конверт жауаптары:

1399 жылы Түркістанда құйылған. Оның құрамында жеті металл бар. Олар: темір, мырыш, мыс, қалайы, қорғасын, алтын, күміс. Оның диаметрі – 2,45м, салмағы –2т,

биіктігі тұғырымен бірге – 2,62м, ішіне мың литр сұйықтық сияды. Қола қазан деп те аталады.

2 – конверт жауаптары:

Темір элементі – металға жатады. Темір – жылтыр, күміс түстес ақ металл. Оның тығыздығы – 7,87г/см3, балқу t0= 15390С, ауыр металға жатады. Иілімді, магниттелетін, VIII топтың қосымша топша, IV периодтың жұп қатарында орналасқан. Шойын, болат деген құймалары бар. Қанға қызыл түс береді.

3 – конверт жауаптары:

Ауа – газдар қоспасы. Оның құрамын алғаш рет француз ғалымы Антуан Лавуазье (1774ж) анықтады. Ауада 78% азот, 21% оттек, 0,03% СО2, 0,94% инертті газдар бар. Н2 – жанғыш ауа, СО2 – орман ауасы, N2 – тіршіліксіз, О2 – латын тілінен ( оксигениум) – қышқыл тудырушы мағыналарын береді. Асыл газдар VIII топтың негізгі топшасында

( Ne,He, Ar, Kr, Xe, Rn) орналасқан, ешқандай элементтермен қосылысқа түспейді.

4 – конверт жауаптары:

Көміртек С көмірдің құрамына кіреді.

С→ СО2 → Н2СО3 (схема)

Еліміздегі пайдаланатын отынның 1/2 бөлігі көмірдің үлесіне тиеді. Көмір металлургияда, электр қуатында, коммуналды-тұрмыстық шаруашылықта қолданылады. Шикізат ретінде химия өнеркәсібінде қолданылады. Қарағанды, Екібастұз, Майкүбі, Борлы т.б. көмір кен орындары бар. Көмірден кокс, смола, кокс газы, пластмасса, азот тыңайтқыштары, синтетикалық талшық, бояғыш заттар т.б. алынады.

5 – конверт жауаптары:

«Электрошам» деп аталады.Оны жасауда сегіз металл қолданылады: вольфрам – W, темір – Fe, никель - Ni, мыс - Cu, мырыш – Zn, қалайы – Sn, қорғасын – Pb, сурьма – Sb. Шынысының формуласы: Na2O * CaO * 6SiO2; ішінде инертті газ толтырылған.

6 – конверт жауаптары:

Өсімдіктердің түсімділігін арттыратын химиялық зат минералды тыңайтқыштар деп аталады. Оның мынадай түрлері бар:

  1. Азотты тыңайтқыштар 2.Калийлі тыңайтқыштар 3. Фосфорлы тыңайтқыштар

1840 жылы неміс ғалым Юстус Фон Либих ашты.

Негізгі сүрақтардан басқа екі конвертте үш-үштен блиц сұрақтары болды:

  1. Осы заманғы алюминийдің алынуын кім және қай жылы ашты?

  2. Пайдалы қазбалар дегеніміз не? Олар қалай бөлінеді?

  3. Жасыл немесе қара түйіршік түрінде кездесетін қопарылғыш зат. Оның химиялық құрамына не кіреді және қайдан алынады?

  4. Ең күшті тотықтырғыш.

  5. Адамзат ашқан бірінші металл не?

  6. Аса көрнекті , дарынды қазақ академигінің құрметіне арналған минералдың аты және ол қайдан табылған?

Блиц сұрақтардың жауаптары:

  1. 1886 жылы 22 жасар американдық Холл және француз Эру ашты.

  2. Халық шаруашылығына пайдаланылатын қажетті заттарды айтамыз. Түрлері:

а) жанатын ә) кенді ә) кенсіз

3. Қопарылғыш зат порох деп аталады. Құрамы: N – 75%, C – 13%, S – 12%. Құс

саңғырығынан және ауадан алады.

4. Ең күшті тотықтырғыш – фтор (Ғ ).

5. Адамзат ашқан бірінші металы – алтын. Ашаң сары түсті, жалтыраған, жұмсақ

созылғыш металл.

6. Бұл минерал Қаратаудан табылған. Аса көрнекті, дарынды қазақ академигі Қаныш

Сәтбаевтың құрметіне « Сәтбаевит» деп аталады.

Қорытынды: «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді.Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады.Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл.Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны»

Қазақстан Президентінің Назарбаев Университеті студенттері алдында сөйлеген сөзі.


Сынып оқушыларын марапаттау.



Серебряково жалпы орта білім беретін мектебі

















«Жаратылыстану ғажайыптары»

8 - 10 сыныптар арасындағы білім сайысы.




Өткізген: география-биология

пәндері мұғалімі Жалмуханова Р.Ш.

химия пәнінің мұғалімі Саттыкова К.М.














2015-2016 оқу жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Сыныптан тыс шара Жаратылыстану ?ажайыптары

Автор: Жалмуханова Рауза Шакеновна

Дата: 31.03.2016

Номер свидетельства: 312941


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства