kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаратылыстану пәнінен ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: ЖаратылыстануМұғалімнің аты-жөні:Тоғжанова Бақтыгүл Оңғарқызы

Күні:Қатысқандар:20 оқушы

Сынып: 2 ә Қатыспағандар:-

Мектеп: №5

Тақырыбы:

Қаңқа құпиясы

 Осы сабақта қол жеткізілетін  оқу мақсаттары

  • Қаңқаның не үшін қажет екенін түсіну.
  • Қаңқа бөліктері мен атауларын білу.

 Сабақ  мақсаттары

Тақырыпты  түсініп оқи біледі. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттырады

Тілдік мақсат

Оқушыларкартаменжұмысжасайалады.

Негізгісөздер мен тіркестер:

Сыныптағы диалог:

Талқылау:

Сізнеліктен,,,екенінайтааласыз ба?

Жазылымбойыншаұсыныстар:

Алдыңғы оқу

 туралы түсінігі бар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

Психологиялық  ахуал қалыптастыру.

«Ағаш үйдің»  суреті арқылы сыныпты топқа бөлу.

Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралады.

Үлестірме қағаздар, суреттер

Білу

Жануарлардың қорғану жолдарын.

«Миға шабуыл»    Үйге берілген тапсырма сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру.

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ағаш үйдің қаңқасын  құрастырутоппен тапсырманы орындайды. Диалог арқылы, сұрақ-жауап арқылы бір-бірін толықтырады«Ежелгі Грекиядағы білім мен ғылым» туралы жаңа тақырыпқа байланысты «ЖИГСО» әдісіне қатысты тапсырмалар«Балапандар биі» атты жаттығу жасайды.

  Интербелсенді тақта, бейнеролик, жаттығулар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Аяқталуы

Көкпар ойыны арқылы  сабақты  жинақтайды. Әр топтан  2 оқушы ортаға шығып сұрақтарға жауап береді. « Галереяға саяхат»,  « Ішке, сыртқа»  әдістерін қолданамын. Оқушылар   өзара жарысады, ойларын ортаға салады, тақырыпты жинақтайды

Кітаптар, үлестірмелер

Қосымша ақпарат

Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары  оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбектегі қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс.

Спираль әдісі  бойынша тақырыпты талдау үшін арнайы тасырмалар беру

Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағдаршам, бағалау парақшалары

География, әдебиет, қазақ тілі.

Интерактивті тақта,

Рефлексия

  БҮҮ  Оқушыларға кесте толтыруды ұсынамын. Оқушылар кестені  толтырады.

Оқу мақсаттары анық қойылады.  Бүгін оқушылар ежелгі Грекиядағы ғылым мен мәдениет қалай дамығандығы туралы біледі. Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болады деп есептеймін. Берілген уақыт ішінде үлгеремін.

         
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«__МЖ Ба__тыгул (2)»

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Жаратылыстану Мұғалімнің аты-жөні: Тоғжанова Бақтыгүл Оңғарқызы

Күні: Қатысқандар:20 оқушы

Сынып: 2 ә Қатыспағандар:-

Мектеп: №5


Тақырыбы:

Қаңқа құпиясы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

  • Қаңқаның не үшін қажет екенін түсіну.

  • Қаңқа бөліктері мен атауларын білу.

Сабақ мақсаттары

Тақырыпты түсініп оқи біледі.. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттырады

Тілдік мақсат

Оқушылар картамен жұмыс жасай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сыныптағы диалог:

Талқылау:

Сіз неліктен ,,, екенін айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Алдыңғы оқу


туралы түсінігі бар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Ағаш үйдің» суреті арқылы сыныпты топқа бөлу.

Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралады.

Үлестірме қағаздар, суреттер

Білу

Жануарлардың қорғану жолдарын.

«Миға шабуыл» Үйге берілген тапсырма сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру.


Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ағаш үйдің қаңқасын құрастырутоппен тапсырманы орындайды. Диалог арқылы , сұрақ-жауап арқылы бір-бірін толықтырады «Ежелгі Грекиядағы білім мен ғылым» туралы жаңа тақырыпқа байланысты «ЖИГСО» әдісіне қатысты тапсырмалар «Балапандар биі» атты жаттығу жасайды.

Интербелсенді тақта, бейнеролик, жаттығулар



Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук



Аяқталуы

Көкпар ойыны арқылы сабақты жинақтайды. Әр топтан 2 оқушы ортаға шығып сұрақтарға жауап береді. « Галереяға саяхат» , « Ішке, сыртқа» әдістерін қолданамын. Оқушылар өзара жарысады, ойларын ортаға салады, тақырыпты жинақтайды

Кітаптар, үлестірмелер

Қосымша ақпарат

Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбектегі қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс.

Спираль әдісі бойынша тақырыпты талдау үшін арнайы тасырмалар беру

Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағдаршам , бағалау парақшалары

География, әдебиет, қазақ тілі.

Интерактивті тақта,


Рефлексия


БҮҮ Оқушыларға кесте толтыруды ұсынамын. Оқушылар кестені толтырады.

Оқу мақсаттары анық қойылады. Бүгін оқушылар ежелгі Грекиядағы ғылым мен мәдениет қалай дамығандығы туралы біледі. Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болады деп есептеймін. Берілген уақыт ішінде үлгеремін.





Просмотр содержимого документа
«__МЖ эссе пед идея»

Бекітемін:



Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні:

Мектебі

Сыныбы

Дәрісхана №

Тоғжанова Бақытгуль Оңғарқызы

5 орта мектеп

4

Бастауыш кабинеті

Сабақ тақырыбы:

Қайрат Жұмағалиев "Мен соғысты жек көрем".

Жалпы мақсаты:

Оқушыларға Қайрат Жұмағалиевтің «Мен соғысты жек көрем» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау,

Отанды сүюге, бейбітшілікті бағалауға тәрбиелеу.


Міндеттер:

  1. Оқушылардың қызығушылығын ояту

  2. Жаңа тақырыпты оқушылардың білімі арқылы бастау

  3. Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы әр баланы қамтуға

жағдай жасау

  1. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:

  1. Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты

меңгеріп шығады

  1. Оқушыларды оқуға мұғалім бағыттап отырады

  2. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін

жасайды.

Сабақта туындаған негізгі идеялар:

1.Оқушылардың өмірден алған білімдеріне, білетініне сүйену

2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа

ойлау дағдысын қалыптастыру

Сабақта қолданылатын материалдар:

флипчарт, стикерлер, маркерлер, компьютер


Оқыту әдіс-тәсілдер:

топқа тапсырмалар /Ой қозғау,Кластер,Синквейн,

Сәйкестендіру/

Дерек көздері:

Ана тілі оқулығы, ана тілі әдістемесі, ғаламтор желісі























Ой-

лау дең

гейі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Түрткі

(Тапсырма, сұрақ, жағдаят)

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Психологиялық ахуал «Шаттық шеңбері» арқылы бүгінгі күнге сіттілік тілеу

Топтарға бөлу 1,2,3 сандары арқылы топқа бөліну

5 минут


Психологиялық ахуал

орнатады.

Сыныпты 3 топқа бөледі.

Бағалау түрін

Түсіндіру.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып,бүгінгі күнге бір-біріне сәттілік тілеп, сандар арқылы

топқа бөлінеді.

Ой қозғау

Суреттер көрсету.





Кластер

Суреттер арқылы жаңа тақырыпты ашады



Соғыс сөзіне түсінік береді

Соғыс кезеңдері бейнеленген суреттер көрсету



Схемасын құру


Суретпен жұмыс.





Кластер қорғату


Оқушылар соғыс туралы өз ойларын айта отырып, кластер қорғайды.


Ойларын айтады

Деректер

Деректер сыр шертеді...

Eкінші дүниeжүзілік Ұлы Отaн cоғыcы туралы қысқаша мәлімет алады


Деректер арқылы жаңа сабаққа теориялық мағұлмат беру

Мағлұмат береді

Тыңдайды

Жаңа тақырып

Қайрат Жұмағалиев туралы мәлімет

Өмірбаяны мен шығармашылы-ғын айтып кету

Қысқаша тоқталып кетеді.

Тақтадан түсіндіреді

Оқушылар тыңдайды, есте сақтайды

Оқулықпен жұмыс

Мұғалімнің оқуы

Сөздік жұмыс

Түсіндіреді


Оқушылар іштей, тізбектей оқиды

Сергіту

«Ақ көгершін» әні

Караоке қосады

Әнді орындатады

Әнді бірге орындайды

Ән айтып серігеді

Топтық жұмыс

1-Драмалық көрініс

2- Сәйкестендіру

3- Синквейн

Тапсырманы түсіндіреді

Флипчарт таратады

Бақылайды

Тапсырмаларды орындайды

Қорытындылау

Сұрақ-жауап

Сұрақтар қояды

- Бүгінгі сабақта қандай өлең жолдарымен таныстық?
- Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды?
- Өлеңдегі балалардың тілегі не?
- Өзің қандай тілек тілер едің?


Оқушылардың жауабын тыңдайды

Жауап береді

Кері байланыс

Көңіл-күйлерін білдіру

Белгілерді тарату

Түсіндіреді

Сабақ қандай дәрежеде өткендігі туралы оқушылар ойларын тыңдайды

Белгілерді қажетті көңіл-күй суреттеріне қыстырады

Үйге

«Мен соғысты жек көрем!» өлеңін жаттау;




















Сабақтың тақырыбы: Қайрат Жұмағалиев  «Мен соғысты жек көрем»

Білімділік мақсаты: «Мен соғысты жек көрем» өлеңі арқылы түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру, өлең мазмұнын ашу;

 Тәрбиелік мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдары елі үшін жанын қиған ерлер өмірін дәріптеп, батырларға құрметпен қарауға тәрбиелеу, мақтаныш және патриоттық сезімдерін дамыту.

 Көрнекілігі:   Батырлардың суреттері, соғыс суреті

 Сабақ түрі: Танымдық – ізденіс сабақ      

 Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру

 Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту

 Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:  Оқушы назарын сабаққа аудару

Оқушыларды топқа бөлу.

Психологиялық дайындық



Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, өткені бүгін қонақтарды қарсы аламыз. Қазақ халқы қонаққа бар жақсысын ұсынған. Ал біздің ұсынатынымыз – біліміміз.

  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

2. Үй тапсырмасын сұрау

Н.Айтовтың «Алтын сөз» өлеңін жатқа айту

- Бата берген атасы көпке не тіледі?
- Балаға кім бол деп тілейді?
- Ата сөзі қандай сөз?
- Қандай бата сөздерін білесің?
3. Жаңа сабақ.Видео ролик көрсету. Слайд көрсету.

Ұлы Отан соғысы туралы деректер. Соғыс туралы әңгімелеу.
- Соғыстың жаман екенін ұқтық. Енді осы апатқа қарсылығын өзінің өлең жолдарымен білдірген ақындарымыздың бірі – Қайрат Жұмағалиев ағамыз.
Слайд. Автор Қ.Жұмағалиев туралы мағлұмат.


Қ.Жұмағалиев – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы. Ол 1937 жылы, 16 – қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Бесқұдық ауылында дүниеге келген. «Туған өлкем», «Таба нан», «Кәмпит туралы баллада» атты т.б. шығармалары бар.
4. Оқулықпен жұмыс


Өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын ашу. Іштей, тізбектей оқу
5. Дәптермен жұмыс


Сөздік жұмыс Қасірет – басқа түскен уайым, қайғы.
Жырақ – шалғай, алыс, қашық.
- Балалар, әр тапсырманы орындағаннан соң батырларымыздың құрметіне мәңгі алауға гүл шоқтарын қойып отырамыз.

Сынып оқушыларын үш топқа бөлу.




1. Оқу орталығы – өлеңді тізбектей оқиды.



2. Жазу орталығы –отан,батырлар туралы мақал-мәтелдер айту.



а)Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
ә)Жүк ауырын нар көтереді,
Ел ауырын ер көтереді.

б) Отан үшін отқа түс – күймейсің

в)Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.

ғ) Ердің көркі – елімен,
Отан көркі – жерімен.

г)Еліңді сүйсең – ерлік істейсің.

д)Жолдас қадірін жорықта білесің,
Дос қадірін соғыста білесің.


3. Шығармашылық орталық.

 

Сіз жасаған соғыстағы,

_____________  ұлы ғой.

Бастан кешкен ғұмырыңыз,

______________  толы ғой.

ІІІ топ:

Қайсар қызы қазағымның,

_____________________.

Жүрек жұтқан батыр едің,

_____________________.

ІІ топ:

Салып кеткен сара жолың,

_____________ бастайды.

Бізге арнап айтқан сөзің,

_____________ қалады.

IV топ:

Сарғая күткен ұлы күн,

__________ төккен күн.

Бағына талай баланың,

__________ Жеңіс Күн

орталық –өлең құрастырады.


Слайд. Мәңгі алауға гүл шоқтарын қою.


Слайд. Ойын «Сөзден сөз тудыр»


Бейбітшілік сөзінен жаңа сөз тудыру.
Бейбітшілік – Бейбіт, шіл, кіл, тік, тік, шік, кіші, ішік, кілт, бейіт, іл, ілік, екі, тіл, іш, етік, шет, шеті, ет, еті, біте, тіке, бет, тек, кет, білік, білек, бекіт, Бекіш, бел.т.б.



Сабақты қорытындылау.

- Бүгінгі сабақта қандай өлең жолдарымен таныстық?
- Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды?
- Өлеңдегі балалардың тілегі не?
- Өзің қандай тілек тілер едің?


Слайд. Видео ролик көрсету.
- Қара бұлтқа оранбасын Күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмек де!
Отанымның бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңде ұста, құрметте! – деген ақын ағаларымыздың өсиет сөздерін есте сақтап, сол Отан үшін қаза болған батырларымызды бір сәт еске алайық!
Батырларды бір сәт үнсіздікпен еске алу
Бағалау
Үйге тапсырма: өлеңді жаттау, мағынасын а





Ана тілі

4-сынып



Сабақтың тақырыбы: Мен соғысты жек көрем.



Мақсаты:

Білімділік: мәнерлеп оқуға баулу.



Дамытушылық: сабақтағы белсенділікті дамыту.



Тәрбиелік: Отанды сүюге, жақсы азамат болып

қалыптасуға тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Жоңғар шапқыншылығын,

Ұлы Отан соғысын бейнелейтін

және тақырыпқа мазмұндас суреттер.



Бағдарламалық мазмұн:



І. Психологиялық дайындық.



ІІ. Үй жұмысын тексеру.



ІІІ. Жаңа сабақ.

1) Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

2) Ой тастау (Жаңа тақырыпты өтуге дайындық.

Автор туралы қысқаша мағлұмат).

3) Ой толғау (Өлеңді таспадан тыңдату).

4) Ой шақыру (Шумақтардың мағынасын ашу).

5) Ой ізденіс (Шығармашылық тапсырма).

6) Ой қорыту (Тақырып бойынша түйін. Өз пікірі).



ІV. Сабақты қорыту.



V. Бағалау.









Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық.



ІІ. Үй жұмысын тексеру.



ІІІ. Жаңа сабақ.



1) Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

2) Ой тастау (Жаңа тақырыпты өтуге дайындық.

Автор туралы қысқаша мағлұмат).

- Біздің Отанымыз қалай аталады?

- Еліміз қандай үлкен мерекені тойлағалы отыр?

- Қазақстанда осы 20 жылдың ішінде қандай өзгерістер, жаңалықтар, айтулы мерекелер өткенін білесіңдер?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады).

- Балалар өздерің жауаптарыңда айтқандай Қазақстан – ұлан байтақ жер. Ол ата-бабаларымыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтап, бізге жеткізген аманаты. Біз бейбіт елде жасаймыз.

Осы бейбітшілік сөзінің антонимін білесіңдер ме?

- Соғыс!

- Соғыс деген сөзді естігенде біз өздеріңкинолардан көріп жүргендей атылған оқтардан, жарылыстардан, қираған қаруларды, қырылған адамдарды аш жалаңаш қиналған адамдарды елестетеміз.

Бүгінгі сабағымыз ақын Қайрат Жұмағалиевтың «Мен соғысты жек көрем» өлеңіне арналады.



Қайрат Жұмағалиев (16.9.1937 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Орда ауданын Бесқұдықа.) - ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

1993 — 1996 жылдары Қазақстан республикасы Парламенті Сенатының аударма-редакциялық бөлімінде сектор меңгерушісі, кеңесші болған. Қазір «Сарыарқа» журналында редактор.





3) Ой толғау - өлеңді таспадан тыңдату.

Мен соғысты жек көрем!

Қайрат Жұмағалиев.



Мен соғысты

Жек көрем!

Көкем айтып отырса,

Кім қасірет шекпеген.

Кім көз жасын төкпеген!

Талай өткен ғасырлар

Еш соғыссыз өтпеген.





Мен соғысты жек көрем!

Күні ертең-ақ ер жетем!

Қиялымды өрлетем!

Туған жерді

Әлпештеп

Кірпік ілмей

Тербетем!





Жету үшін мұратқа

Сапар шегем жыраққа!

Ғұмыр бойы соғысам

Асу бермес белдермен!

Асау өзен-көлдермен!

Құлазыған шөлдермен!





Мен соғысты жек көрем!

Адамзатты жеткізем,

Арманына жетпеген!











4) Ой шақыру.

- Балалар кітаптан өлеңнің І шумағын өздерің оқыңдар да, қай сөз түсініксіз болды, белгілеңдер. Шумақтың мағынасын ашайық.

Мен соғысты

Жек көрем!

Көкем айтып отырса,

Кім қасірет шекпеген.

Кім көз жасын төкпеген!

Талай өткен ғасырлар

Еш соғыссыз өтпеген.

Сөздік жұмыс:

Қасірет, көз жасын төгу – қырылу, туған-туысқандарынан ажырау, қайғыру.

Оқушылардың пікірі тыңдалады.



Мұғалім: Талай өткен ғасырлар

Еш соғыссыз өтпеген – деген өлең жолдарында айтылғандай халқымыздың басынан өткен қандай соғыстарды білесіңдер?



-XVIII ғасырдағы 70 жылға созылған Жоңғар шапқыншылығында Жоңғарлар қазақ ауылдарын бірінен соң бірін шапты. Адамдарын тайлы-тайлағына дейін қырып, жас әйелдер мен қыздарды шаштарынан матап, айдап әкетті. Бұл соғыс қазақ халқының жеңісімен аяқталды.



1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында мыңдаған қазақ азаматтары қайтыс болды. Яғни, мыңдаған ана балаларынан айрылды. Өздеріңдей мыңдаған бала әкесінен, бауырларынан айрылды.



Ұлы Отан соғысы да біздің жеңісімізбен аяқталды.



Оқушыларға ІІ шумақты оқу ұсынылады –

Мен соғысты жек көрем!

Күні ертең-ақ ер жетем!

Қиялымды өрлетем!

Туған жерді

Әлпештеп

Кірпік ілмей

Тербетем! – деген өлең жолдарынан не түсінесіңдер? оқушылар пікірі тыңдалады.

Мұғалім: Ия балалар, ата-бабабларымыздың қасық қаны қалғанша қорғап, аманат етіп жеткізген Отанымызды қорғау біздің міндетіміз.



Оқушыларға ІІІ шумақты оқыту ұсынылады.

Жету үшін мұратқа

Сапар шегем жыраққа!

Ғұмыр бойы соғысам

Асу бермес белдермен!

Асау өзен-көлдермен!

Құлазыған шөлдермен!

Мен соғысты жек көрем!

Адамзатты жеткізем,

Арманына жетпеген! – деген өлең жолдарынан не түсіндіңдер?

Оқушылар пікірі тыңдалады.



Мұғалім: Бұл өлең жолдарында еліміздің бейбітшілігін сақтау әрқайсымыздың міндетіміз екені айтылады. Ер жеткен соң Отанды қорғау, адам аяғы баспаған шөл далаларды игеру, қала салу, өзен-көлдердегі байлықтарымызды игеру келешекте сендердің міндеттерің.













5) Ой ізденіс.

Өлеңнің өздеріңе ұнаған шумағын көпше түрге айналдырып, дәптерлеріңе жазыңдар.

Мен соғысты жек көрем!

Күні ертең-ақ ер жетем!

Қиялымды өрлетем!

Туған жерді

Әлпештеп

Кірпік ілмей

Тербетем!

адамзатты жеткізем,

Арманына жетпеген!












Біз соғысты жек көреміз!

Күні ертең-ақ ер жетеміз!

Қиялымызды өрлетеміз!

Туған жерді

Әлпештеп

Кірпік ілмей

Тербетеміз!

Адамзатты жеткіземіз,

Арманына жетпеген!



6) Ой қорыту. (Оқушылардың тақырып туралы пікірлері тыңдалады).



ІV. Сабақты қорыту.



Біздің еліміз бейбітшілікті қалайды. Бейбіт өмір сүріп келеміз. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев елімзде ғана емес дүниежүзінде бейбітшілік орнату жолында күресіп келеді. Оған дәлел дүниежүзіндегі 56 ірі мемлекет біріккен. Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөнігндегі ұйымға еліміздің мүше болып кіруі.

2010 жылы бұл ұйымға Қазақстанның төрағалық етуі. Енді дүниежүзінің халықтары біздің елімізді жай ғана мемлекет деп емес, бейбітшілшік үшін күресуші дамыған ел деп біледі.



V. Бағалау.



Үйге тапсырма:

Мәнерлеп оқу. Бейбітшілік туралы 4 мақал жаттап, дәптерге жазып келу.



Эссе

«Менің педагогикалық ұстанымым»

 

«Ел  есінде  бір  жыл  қалғын  келсе-ас  бер,  он  жыл   қалғың келсе-ағаш   отырғыз,  ал  мәңгі  қалғың  келсе-бала   тәрбиеле» дейді  халық   даналығы. Мен    үшін  ең  қастерлі  де,  қасиетті мамандық  ол-ұстаздық.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз  айтқан  осынау   қастерлі   мамандықтың   иесі  атанғаныма   бес  жыл   болды.Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым -үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және  әр оқушының бойынан жақсылық  тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу

Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала,

Әр адамда өз анасынан басқа да

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада

Болу керек құдіретті төрт ана.

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі-деп  М.Шаханов  ағамыз айтпақшы,    адам   баласының   өміріндегі қасиетті   төрт  ананың бірі   болып  табылатын   қазақ   тілі   мен    қазақ  әдебиетінің мұғалімі   болу   аса   жауапкершілікті  іс   деп   білемін.  Осындай жаһандану   заманында  тұспа-тұс  келген   біздің    шәкірттеріміздің бойында   ұлттық   рухымызды   сіңіріп,  тілі  мен  дінін,  ділін   берік  ұстанған     ұрпақ   оқыту, тәрбиелеу   барысында   қазақ   тілі   мен әдебиеті   пәнінің  мұғалімінің  мойнына   жүктелетін  міндет  зор.Менің   педагог   ретіндегі  басты   ұстанымын-өз   ұлтыма рухани   діңгегі  мықты, қазақ   елін  әлемдік  кеңістікке  еркін  самғата   алатындай, білім  мен  тәрбие  деп  аталатын   қос   қанатын қомдаған  заманына  сай  ұрпақ  тәрбиелеуге   өз   үлесімді  қосу.

Ұлы Абай “Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады”, деп айтқаны белгілі.Адамзат   баласының    алтын  тәжі, асылы Пайғамбарымыз  Мұхаммед  с.г.с  хадис  шарифінде   былай  дейді: «Адам  баласының   бойында  бір  кесек ет  бар,егер  сол   ет   дұрыс  болса,  сол  адам  дұрыс  болғаны,ал  егер   сол  ет   дұрыс  болмаса онда  барлық   дене   бүлінеді».  Ал   ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны — мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі — білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», — деген.

    Мен  ақпарат  кеңістігінен  хабар  алып,  сабақтардың  қалай  өту барысын  көріп, өзге  ұстаздардан  ақыл-кеңес  алып  отырамын. ustaz.kz , sabak.kz т.б. көптеген  сайттарға   кіріп тұрамын. 

   Қазақ  тіл  мен   әдебиеті   сабағын   оқыту  барысында   интерактивті     модульдік   технологиялардың  әдісін  қолданамын. Келешекте өз әдістемелік технологияларым мен сабақ үйрету шеберлігімді жетілдіру үшін мынадай жұмыстар жүргізу қажет деп білемін:

үздіксіз біліктілігімді көтеріп отыру;

арнайы әдебиеттерді оқу;

оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын ендіріп отыру;

өзіндік сарап жүргізу арқылы ұзтаздық шеберлікті жетілдіру.

Қазіргі   ақпараттық  технологияның   заманында  ұрпағымыздың  бойында   кітап  оқу  үрдісі  кенжелеп    қалған.  Осы  кемшілікті  жою   барысында   шәкірттеріме  кітап  оқуға  көптеген тапсырмалар  беремін.  «Жас  қаламгер»  атты  үйірмемде балаларды    қазақ  халқының  маржан  сөздерімен  сусындатуға, кітап  оқуға  баулыймын.

Халқымызда  «Жас  келсе-іске»  деген   керемет  сөзі  бар. Демек  мен бойымдағы  жастық  жігерімді,  күш  қуатымды,жаңашылдығымды   шәкірт  тәрбиелеуге  жұмсауым керек.   Болашақта  өз   оқушыларымды   биік  белестерден   көрсем,    сол  үшін  өзімнің   кішкене   де   болса   үлесім  тиген   болса,  мен  өзімді   бақытты  ұстаз,  бақытты   адам  деп   білемін.





























Бақанас мектеп-интернаты







Эссе

Тақырыбы: «Менің педагогикалық ұстанымым: мәні,құндылықтары,басымдықтары»
















Бастауыш сынып мұғалімі: Мамышева Д.К
















2016 жыл
















Мен лайықтымын ақылдымын абзал жанмын

   Арманның қиялынан таңдағанмын

  “Ұстаз” деген ұлы істің мәнін біліп,

   Өміріме діңгек қып таңдап алдым.   деген

 жүрекжарды ұстаздық ұлы іске құлшынған жүрегімнен шыққан біраз өлең жолдарыммен бастауды жөн көріп отырмын.

    Мен өзімнің ұстаз болғаныма мақтан етемін, себебі, алғаш мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет қолыма қалам ұстаған күннен бастап, менің арманым мұғалім болу еді. Қазір мен өз арманыма жеттім деп ойлаймын және маған дәріс берген ұстаздарыма, ата-анама  алғысым шексіз. Мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға » дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл педагог мамандығына арнап айтылған мақал. Әрине, ұстаз деп тек мұғалімдерді айтуға болмайды. Менің  өміріңе бағыт берген, кәсібімді  үйреткен, тіршілігіме  нәр берген адамның барлығын ұстаз санаймын. Егер мектептегі ұстазға келер болсақ, бұларды жаны өте нәзік, жомарт, сезімтал жандар деп айтар едім. Оқушыға ұстаздық жасайтын адамның бойында өз мамандығына берілген, бар қуатын оқушыға сарқып бере алатын, онымен бірге қуана да, қайғыра да білетін барлық асыл қасиеттер болу қажет. Менің ойымша, ұстаз болу - кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы ұстаздан сабақ алдық» деп айтатындай дәрежеге жеткізу керек. Менің ұстаздарымды, ата-анамды мен «нағыз ұстаз» деп айта аламын және олардың жолын қуып өзімнің де ұстаз болғаныма қуаныштымын!«Орта мектепті аяқтағаннан кейін еш ойланбастан  мұғалімдік мамандықты таңдап,  Алматы қаласына «Үздіксіз білім беру» колледжге оқуға түсіп, колледжіні бітіргенен кейін, сол қалада Жемпи де педагогикалық институтта   жоғарғы оқу орнында білім алдым. Мұндағы өткен 3 жыл мен үшін зымырап тез өте шықты. Қолыма диплом алып, мұғалім мамандығын алып, мен мектепте, бастауыш сыныптарға  дәріс бере бастадым. Оқушыларым менің жаңалықтарыма, жаңа тәжірибеме қызығушылықпен жауап берді. Осылайша менің бірінші ұстанымым пайда болды: оқушыларды оқыту үшін, бірінші өзің оқуың  керек, оқушыларға тәрбие беру үшін, тәрбиені өзіңнен бастауың қажет, оқушыларды дамыту үшін, әрдайым өзің іздену, даму үстінде болуым қажет сонда ғана осы мамандыққа лайықтын деп санаймын. Бәрі бірден жақсы болып кете қойған жоқ. Мен көп іздендім, өз ісінің нағыз мамандарын, ең үздіктерін іздедім. Осылайша, мен өзімнің екінші ұстанымыма келдім: биіктерге жету үшін, болашаққа көз жүгіртіп, өз идеалыңды таба білуім керек. Мен өз әріптестерім арасынан Рахимбаева Назгүлдің  ұстаздық тәжірбиесін өзіме үлгі етемін.  

Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңыздырақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне осынысымен бағаланады. Цицерон. Еліміздің болашағы мұғалімнің білімі мен біліктілігіне, рухани әлеуетіне, құқықтық және саяси мәдениетіне байланысты. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру ұстаздарға шеберлік пен іскерлікті, кәсіби дайындығының сапасын өсіру және дамыту міндеттерін қойып отыр. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу.«Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Білім беру ісіндегі жоспарлаудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев былай дейді:«Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білімінің көрсеткішімен белгіленеді». Білімдену жүйесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу әдістеріне тәуелді.Оқу әдісі – білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірліктегі іс-әрекеті қимыл-тәсілдері.Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шәкірттің оқып-үйрену әрекеттерінің өзара байланыстылығы осы оқу әдісінен көрінеді.Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар оқуға, үйренуге деген ықыласын арттыру әр ұстаздың басты міндеті. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жалпы оқушы .бойына жауапкершілік сезімін қалыптастыру, ешқашан күн тәртібінен түспейтін мұғалімдерге қойылатын басты талап. Деңгей бағдарламасы мұғалімнің алдына, оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр.Кембридж бағдарламасы бойынша өткізілген курс тапсырмаларын орындау, мұғалімдердің шеберлігін арттыру– жас ұрпақты өз бетімен жұмыс істеу, тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу, жауапкершілігін арттырады. Осы жоба Қазақстан мектептерінде толық жүзеге асатын болса басқа елдермен бәсекеге түсе алатын жас ұрпақты тәрбиелеп шығуымыз сөзсіз.Мектептегі оқушыларға сапалы білім беру нәтижесі мұғалімнің ұстанымына байланысты.Ұстаным дегеніміз не? Мұғалімнің ұстанымы -оның көзқарасы, қабылдаған шешімі мен іс-әрекетінің негізі. Педагогикалық ұстаным– бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез – құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Оқыту ұстанымдары – оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын негізгі жағдайлар. Менің бастауыш пәнін оқыту технологиясының мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогикалық ұстанымым:«Маған айтып берсең – ұмытып қалармын, көрсетсең – есімде сақтармын, өзіме жасатсаң үйреніп алармын» –деп Конфуций айтқандай, білімді оқушылардың өздері меңгеруіне ұмтылдыратын әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Баланы өз алдына мақсат қоюға және жеке мүдделерін анықтауға және қорғауға үйретуіміз, яғни ашып айтқанда баланың таңдауын және оның қалауын дұрыс түсінуге, арманына жету үшін күресе білуге үйрету. Осы орайда Конфуцийдің :«Балаға балық ұстап берсең, бір рет жейді. Ал, сен оған қармақ беріп, балық аулауға үйретсең, ол балықты өмір бойы жейтін болады»,- деген сөзі сай келеді. Жалпы мен үш айлық курста үйренген барлық әдіс –тәсілдерді қолдана келіп, бір нәрсеге көбірек тоқталуды орынды деп есептеймін. Оқушының білім сапасын арттыру үшін ең алдымен оқушының есте сақтау қабілеттеріне назар аударып отыру керек деп ойлаймын. Мені толғандырған осы бір кедергіні болдырмау жолын іздеген кезімде «Хадис» кітабынан жауап тапқан болатынмын, бұл жауап былай айтылған еді: «Білімнің апаты – есте сақтамау, немесе оны қызығушылығы жоқ біреуге үйретіп алтынға тең уақытыңды босқа өткізу». Сол күннен бастап мен оқушының есте сақтауына мән беріп отырдым және бұл іс-әрекетімнің жемісін көре бастадым. Алдымен мен әрбір сабағыма жақсылап дайындалатын болдым, содан соң оқушылардың сол сабақта не үйренгені және сол тақырыпты оңай есте сақтауларына өз күшімді салып отырдым. Қарап отырсам бұл жұмысымнан өзімде рухтанып, бойымда құлшыныс пайда болғанын сездім және деңгейлік бағдарламаның оқу үдерісіне өзгеріс әкелетінін мойындадым, көңілде жүрген көп түйткілдің кілті іспеттес екеніне біртіндеп көз жеткіздім. Ендігі мақсатым «кембридж тәсілдерін» сабақта ұлттық педагогикамен үйлестіре пайдалану арқылы білім сапасын арттырумен қатар, тарихынан тәлім алған ұлтжанды, патриот тұлғаларды қалыптастыру «Ақша жоғалтсаң – ештеңеңді жоғалтпайсың, уақытыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, досыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, өзіңді жоғалтсаң  - бәрін жоғалтасың» деп неміс мақалы дұрыс айтылған. Осыған орай, менің өмірлік қағидам – ешқашан өз қадір-қасиетімді жоғалтпау, әрқашан тек шыншыл, адал, өз ісіне берілген тұлға болып қалу».




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Естествознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жаратылыстану пәнінен ашық сабақ

Автор: Тоғжанова Бақтыгүл Оңғарқызы

Дата: 05.02.2018

Номер свидетельства: 454891

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Таби?и ??былыстарды? к?пт?рлілігі ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(49) "tabig-i-k-u-bylystardyn-kopturlilighi-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "269818"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450927310"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Ашық сабақ. Тақырыбы: Зат қандай болады?"
    ["seo_title"] => string(38) "ashyk_sabak_takyryby_zat_kandai_bolady"
    ["file_id"] => string(6) "528757"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1574765899"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Жаратылыстану пәнінен ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(35) "zharatylystanu_p_ninien_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "436782"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509819396"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "География п?нінен "Агро?нерк?сіптік кешен" та?ырыбында ашы? саба?. 9-сынып."
    ["seo_title"] => string(71) "gieoghrafiiapninienaghroonierksiptikkieshientakyrybyndaashyksabak9synyp"
    ["file_id"] => string(6) "317405"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460357377"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Ашық сабақ "Ағза аурудан қалай қорғанады?""
    ["seo_title"] => string(40) "ashyk_sabak_agza_aurudan_kalai_korganady"
    ["file_id"] => string(6) "529539"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1575144010"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства