Мерзімі
Сыныбы: 3
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы:
Жануарлардың мекен ортасына бейімділігі
Сабақтың мақсаты:
Орманда өмір сүретін аңдар әлемін танып, жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасына көз жеткізу.
Күтілетін нәтиже
Жануарлар, үй жануарлары мен жабайы аң, құстардың тіршілігіндегі өзгерістерді ерекшеліктерді танып біледі
Жаттығулар
Сергіту жаттығулары, жұмбақ шешу, «Бутерброд», «Конверт-сұрақ», «Елші», топтық жұмыс, жеке жұмыс
Сілтеме
Оқулық, ғаламтор, слайд, проектор, МАН
Негізгі
дереккөздер
Оқулық, АҚТ, фотосуреттер
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
10 минут
Сыныппен амандасамын
Стикерлердің түстері арқылы топқа бөлемін. Топ ережесін еске саламын.
Психологиялық жаттығу
- Балалар қол ұстасып шеңбер жасап тұрады.
- Бұл неге ұқсайды.? (кішкентай шарға)
- Шарымызды үрлейік.
- Енді қандай шар болды? (Үлкен шар)
- Бұл шарымыз тағы, неге ұқсайды? (Күнге)
Ал, балалар, қолымызды күн нұрына созайықшы.
- Балалар, күннің нұрына қолымызды жылытып, алақанымызбен көзімізді жұмайық.
- Балалар көздерін жұмып тұрғанда орманда өмір сүретін әртүрлі құстардың, аңдардың дыбысы естіледі.
Балалар аң - таң болып көздерін ашады.
Оқушылар амандасады
Стикерлердің түстеріне қарай топқа бөлінеді
Топ ережелерін айтады
Психологиялық жаттығуларды орындайды
10 минут
Үй тапсырмасын сұрау. Жеке жұмыс.
Әр топ үй тапсырмасы бойынша 4-5 сұрақтан дайындап, конвертке салады. Әр топтың сұрақтарын бір-біріне алмасытырып беру арқылы үй тапсырмасын орындайды.
Жұмбақ шешу.
Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ - тоқ - тоқ соғады.
Ол не? (тоқылдақ)
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (қоян)
Бұлардың мекен ортасы туралы не білеміз?
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын.
Қысқаша мәлімет беремін.
Конверт-сұрақ арқылы үй тапсырмасын айтып, бағаланады.
Жұмбақтың шешуін табады.
Жануарлардың мекен ортасы туралы білетіндерін айтады.
Жаңа сабақтың тақырыбы-мен және мақсатымен таныс болады.
20 минут
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді топтар бөліктерге бөліп оқиды.
Дәптермен жұмыс.
Мекен ортасы туралы ережені дәптерлеріне жазғызу.
Сергіту сәті
Топтар бейнеролик арқылы түсінгенде-рін басқа топтарға барып түсіндіреді.
Оқушылар мәтінді іштей оқып, мазмұнын талқылайды.
Дәптерлеріне ережені жазады.
Жаттығу жасайды.
Жануарлар туралы көрген бейнероликтерді «Елші» болып топтарға барып таныстырады.
4 минут
«Бутерброд» тәсілі арқылы сабақты қорытындылайды.
Кері байланыс жасайды
Сұрақтарға жауап беру арқылы бутерброд құрастырады.
1 минут
Үй тапсырмасын беремін.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.