Пәннің аты: дүниетану | Уақыты: 2021ж | Кабинет:106 | Мұғалім: Рахимжанова Д.М. Сыныбы: 3 |
Сабақтың тақырыбы | Жануарлардың тіршілік ортасы.Мекен ортасына бейімділігі |
Мақсаты | А) Білімділік. Тірі табиғаттың ірі бөлігі ретінде жануарлар-дың тіршілік ортасы,мекен ортасына бейімділігі жайлы білім беру. Осы арқылы жануарлардың айналадағы дүниемен кең алқымды байланысы бар екенін түсіндіру. Ә) Дамытушылық. Оқушылардың алған білімдері бойынша түйін сөз таба білуге, тұжырым, қорытынды шығара білу қабілеттерін арттыру; Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру; Суреттер, сызбалар бойынша өздігінен жұмыс істеу білуге қалыптастыру, ой қиялын, тілін дамыту. Б) Тәрбиелік. Оқушыларды табиғаттың жанашыры болып қорғауға өз үлесін қосуына, табиғатты қорғау парызын орындауға үйрету; Жануарларды қорғауға тәрбиелеу Оқушылар: Жануарлардың тіршілік ортасы және мекен ортасына бейімділігі жайлы білетін болады; Жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. 3.Дарынды оқушылармен жұмыс жанданады Жаңа сабақ музыка,орыс тілі Топтық жұмыс,жұптық жұмыс, түсіндіру, зерттеу, сұрақ-жауап Суреттер, сызбалар, интерактивті тақта |
Күтілетін нәтиже Сабақтың түрі: Пәнаралық байланыс: Әдісі: Көрнекілігі: |
Психологиялық ахуал | Психологиялық сәт: 1. Қонақтармен сәлемдесу 2.Оқушыларға сәттілік тілеу 3 .Сынып әнұранын орындау 1.А)Бейнеролик арқылы көрсетілген жануарларды есте сақтау; Ә) «Әткеншек»/ «Карусель»/ стратегиясы бойынша топтық жұмыс жүргізу,әр топ қанша жануарды есте сақтағандықтарын анықтау |
Қызығушылық-ты ояту,зейінді шоғырландыру |
Жаңа сабақ | 1.Сабақтың тақырыбын,мақсатын оқушыларға ашқызу /2слайд/ 3.Дарынды оқушылардың әзірлеген суреттері ,бейнероликтері арқылы тақырыпты түсіндірту/3слайд/: Жануарлар алуан түрлі ортада тіршілік ететіндігін : Суда, құрлықта, топырақта,адам және жануарлар денесінде тіршілік ететін паразиттер жайлы білім беріледі./4,5слайд/ 4.Қазақстанда тіршілік ететін жануарлардың мекен ортасы жайлы оқушылар білім береді. 5. « Тіршілік ортасын ата» ойыны арқылы білімді тиянақтау/6слайд/ 4.Оқулықпен жұмыс116-117б /оқыту,талдау/ 5.Дәптермен жұмыс:118б тапсырманы дәптерге орындату, жұптық жұмыс арқылы тексерту / Суреттегі жануарларды мекен ету ортасына қарай топтастыру/ |
Сергіту сәті | Бейнекөрініс арқылы дене жаттығуларын жасау | |
Ой толғаныс | 1.«Ойлан,тап!» стратегиясы : 8-11 слайдтағы мәтіндерді оқыту арқылы жасырынған жануар атауын,мекен ету ортасын кестеге толтыру /топта талқылап ,кестені толтырады,дұрыс жауаппен салыстырады,өз ойларын дәлелдейді/ 2.А)Тіршілік ортасына байланысты не артық екенін анықтату Ә)Жануарлар атауын қазақ тіліне аударту/14 слайд/ |
Кері байланыс | 1.А)«Жалған» ба ,әлде «Ақиқат» па? стратегиясы бойынша «+» немесе «-»таңбасын қойып,сабақты бекіту/алдарындағы кестені толтырады/; Ә)Жұптық жұмыс арқылы тексереді /15-16 слайд/ 2.Сипаттауы бойынша қандай мекен ортасы екенін анықтату/жұбынының жауабын тексерту/ 17,18 слайд |
Бағалау | «Бас бармақ», «Шапалақ», «Қошемет» әдістері бойынша бағалау |
Үйге тапсырма | 116-118 бет оқу,мазмұндау Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы тақырыбына дайындық,суреттер,бейнематериалдар жинақтау | |
| | |