Сабақ кезеңі-уақыты | Педагогтың іс -әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы(2-минут) | Оқушылармен сәлемдеседі,оқушылардың назарын өзіне аударады. Психологиялық ахуал: Біз бақытты баламыз, Биіккі қанат қағамыз, Болашаққа талпынып, Оттай лаулап жанамыз, Мақсатымыз- білім алу, Міндетіміз- еңбектену, Топқа бөлу: 1-топ: Жануарлар 2-топ: Өсімдіктер. | Мұғаліммен амандасады, тақпақты мұғалімнің артынан қайталайды. | Мадақтау! Жарайсыңдар! Бәрекелді! | Әуен |
Сабақтың ортасы (5-минут) | Өткен сабақтарды есімізге түсіру үшін мына ойынды ойнайық. Ойынның мақсаты- мына қомағай құртқа алмамызды бермей, себетімізді толтырумыз керек. | Ойындағы сұрақтарға жауап береді. | Жарайсыңдар! Бәрекелді! | Umaigra платформасы |
Сабақтың ортасы(2-минут) | 1-тарсырма. Жануарларды ата.Қай жануар қайда тіршілік етеді? -Барыс қайда тіршілік етеді? -Бұлбұл қайда тіршілк етеді? -Тасбақа айда тіршілік етеді? -Тышқан қайда тіршілік етеді? -Кит қайда тіршілік етеді? Жануарлар туралы бейнеролик көрсетеді. -Оқушылар жанды табиғат па әлде жансыз табиғат па? -Жануарлардың тіршілігне не қажет екен? -Өсімдік пен жануарлардың қандай ұқсастығы бар екен? | Сұрақтарға жауап береді. -Тауда. - Орманда. - Құрлықта. - Суда. - Құрлықта. - Суда тіршілік етеді. Бейнероликтен жануарлар туралы ақпарат алады. Түсінгені бойынша,сұрақтарға жауап береді | Мадақтау! Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау стикерімен бағалайды. | Waizer.me платформасы Бейнеролик |
1-минут | Оқушылар шаршап қалған секілдіміз, қанекей бір сергіп алайық! Сергіту сәті Нейро жаттығулар Менің артымнан қайталайық -қайшы -ешкі Деп қайталап,олардың миын жаттықтыру. Жарайсыңдар оқушылар! Өзімізге бір шапалақ ұрайық! | Орындарында отырып,нейро жаттығударды орындайды.Өздеріне шапалақ ұрады. | Жарайсыңдар оқушылар!Шапалақ. | Әуен |
3-минут Топтық жұмыс. | 2-тапсырма. Өсімдіктер мен жануарлардың айырмашылығы мен ұқсасытығын тірек сөздерді қолдана отырып, венн диаграммаға жазады. Тірек сөздер:тіршілігі, сырт-келбеті, қозғалысы,өсуі,қоректенуі | Топпен бірлесе тапсырманы орындайды.Өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастығы мен айыомашылығын қағазға жазады.Жазған тапсырмасын қорғайды. | Топ бағалау стикерімен бағаланады | Бағалау стикері, А3 қағазы. |
2-минут | Қызықты мәліметтер Оқушыларға жануарлар мен өсімдіктер туралы қызықты мәліметтерді бейнеролик арқылы көрсетеді. | Бейнероликтен көрген жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерден түсінгенін айтады | Жауап берген оқушылар бағалау сикерімен бағаланады | Беунеролик,бағалау стикері |
Рефлексия (1-минут) | Оқушылар қанекей “Бес бармақ”әдісі арқылы сабақта не үйренгендеріңді,неден қиналғандарыңды және т.б сұрақтарға жауап бересіңдер. | Не үйренгендім? Неден қиналдым? Қандай жетістікке қол жеткіздім? Көңіл күйім Сабақ ұнадыма? деген сұрақтарға жауап береді. | Сабақтың соңында стикерлердің санына байланысты баға қояды. 5-6 стикер-9-10б 3-4 стикер-7-8б 1-2 сикер- 5-6б | |