Сабақ: №1 | Мектеп: №63 |
Күні:04.05.2016 ж | Мұғалімнің аты-жөні: Тлеумбетова Гүлшат Агыбаевна |
Сынып:2 – сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Жамбыл. Алатау |
Сабақ негізделген оқу мақсаты | «Алатау» өлеңі мазмұнындағы табиғатты сипаттайды. |
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар істей алады: |
оқушылар «Алатау» өлеңіндегі табиғат құбылыстарын атай алады |
Оқушылардың басым бөлігі: |
өлеңнің аталу себебін ажыратады |
Кейбір оқушылар істей алады: |
табиғаттағы құбылыстарды суреттей алады. |
Тілдік мақсат | Оқушылар: туған өлке табиғатын сипаттай алады. |
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
Ну, мұнар, кептес, Жетісу. |
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер |
Талқылауға арналған сұрақтар: |
«Алатау» өлеңінің мазмұнын суреттеңіз. Табиғаттың адам үшін маңызын түсіндіріңіз. Өлең жолдарындағы аң-құстарды атаңыз. |
Сіз неліктен өлеңнің «Алатау» деп аталатынын айта аласыз ба? |
Жазылым бойынша ұсыныстар: |
Өлең жолындағы аң-құстарды теріп жазу Өлеңдегі жеміс ағаштарын жазу Жамбыл ата туралы білетіндеріңіз бойынша ассоциация құру |
Алдыңғы тақырып | Жамбыл Жабаев туралы біледі. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз | Ресурстар |
Басы | 1 минут 3 минут 2 минут 1 минут | Ұйымдастыру кезеңі Жаңаша топтастыру «Мозайка» әдісі арқылы 4 топқа біріктіреді Табиғат туралы бейнеролик көрсетіледі. Бейнеролик көрсетіліп болған соң оқушыларға сұрақ қойылады. Балалар, бейнероликтен қандай көріністі тамашаладыңыздар? Табиғат дегенді қалай түсінесіздер? Табиғатқа не жатады? Табиғаттың қандай пайдасы бар? Біздің Қазақстанда қандай таулар бар? | Сурет қиындылары |
Ортасы | 3 минут 3 минут 15 минут (тапсырманы орындауға 7 минут, қорғауға 8минут) 1 миунт 1 миунт 4 минут 2 минут | Электронды оқулық арқылы ақынның шығармашылығымен таныстырылады және «Алатау» өлеңін тыңдайды. Бейнебаяннан кейін оқушылар «Алатау» өлеңін мәнерлеп оқиды. Дәптермен жұмыс. Оқушылар дәптерлеріне сөздік жазады. Ну-қалың, мұнар – бұлыңғыр, кептес-тілдесу, сөйлесу Топтық жұмыс. Өлең мазмұнымен танысады, талқылайды 1-топ. Сурет салу 2-топ. Табиғатты суреттейтін сөздерді табу 3-топ. Алатау өлеңін мәтінге айналдыру 4-топ. Аяқталмаған тезис Бақылаушының бақылау парағымен ФБ Кері байланыс: 1) Топта жұмыс істеу ұнады ма? 2) Сізге топта жұмыс істеген қаншалықты тиімді болды? Жұптық жұмыс Өлеңдегі ақын ойын және сөзін пайдаланып, сызбаны дәптерлеріңізге толтырыңыз. Берілген сөз | Осы сөзге қатысты көркем сөз | Таудан аққан су | Дыбысы, қимылы | Таудағы жемістер:... | Олардың дәмі | Таудағы аңдар:... | Олардың қимыл-қозғалысы | Тау суындағы жәндік... | Оның қимылы | Бағдаршам арқылы бағаланады Сергіту сәті | Электронды оқулық Таратпа материалдары Таратпа материалдары Кесте |
Соңы | 7 минут 1 минут | Жеке жұмыс (кеңейтілген тапсырма) 1. Жаңа сөздерді мағынасымен сәйкестендіріңіз. 1. Ну а) бұлыңғыр 2. Мұнар в) тілдесу, сқйлесу 3. Кептес с) қалың Аты-жөні: | 2. Жаңа сөздердің мағынасын жазыңыз 1. Ну 2. Мұнар 3. Кептес Аты-жөні: | 3. Өлеңдегі жаңа сөздерді мағынасымен жазыңыз 1. 2. 3. Аты-жөні: | Оқушыларға ашық сұрақ қойылады. Табиғат адамға не береді? Табиғатты қастерлеу дегенді қалай түсінесің? Рефлексия тақташасы: Жазған жауаптарын тілек ағашына жапсырады. Не білдің? Не үйрендің? Не білгің келеді? Үйге тапсырма «Алатау» өлеңін жаттап келу. | Стикер |
Қосымша ақпарат |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау | Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс |
1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушылар өзара қолдау, көмек көрсетуді жүзеге асырады. 2. Қабілеті жоғары оқушылар кеңейтілген тапсырманы орындайды | 1. Мадақтау арқылы 2. Бақылаушының бақылау парағымен ФБ 3. Бағдаршам | 1. Дүниетану 2. АКТ (электронды оқулық, бейнеролик) 3. Өзара байланыс орнайды, өзгенің пікірімен санасу |
Рефлексия | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? - Бүгін оқушылар не білді? - Сыныптағы ахуал қандай болды? - Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? - Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? - Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Оқу мақсаттары шынайы болды. Алатау өлеңіндегі табиғат туралы білді.Өлеңдегі аңдар,құстар,жемістер ерекшеліктерін түсінді. Сыныпта ахуал қалыптасты.Өз ойларын жеткізе білуге талпынды.Сабақты өткізу барысында уақытты үнемдей алмадым. Топтық жұмыстағы бағалаудың түрін өзгерттім. |
Қорытынды бағамдау |
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)? 1.Сыныпта ахуал орнады. 2.Өз ойларын жеткізе білді. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)? 1.Топтық,жұптық жұмыстағы оқушылардың ауыз біршілігі,ұйымшылдығы ,татулығы. 2.Өздігінен жұмыс жасауы. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Кері байланыс арқылы оқушыларға саналы рефлексивтік бақыау орнату. |
Қызылорда облысы Арал ауданы Акбай ауылы № 63 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Тлеумбетова Гульшат Агыбаевна