Просмотр содержимого документа
«Жақсылық пен жамандық»
ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ЖАМАНДЫҚ
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды халықауыз әдебиетінің үлгісі – ертегімен таныстыра отырып, оларға қулықтың, зұлымдықтың адамды бірде болмаса бірде орға жығып, азапқа түсіретінін, адалдық, қайырымдылық бағытқа жеткізетінін түсіндіру.
Оқушының қиялына қанат бітіріп, армандай білуге жетелеу, сөздің қорларын дамыту.
Оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Шығармашылық жұмысқа баулу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Жабдықталуы: ертегі бойынша салынған суреттер, мақал – мәтел, тірек сызбалар.
Түрі: сахналау, қорыту, түйіндеу.
Әдісі: шығармашылық ой қозғау, түсіндірме, сұрақ – жауап өз ойын ортаға салу.
Сабақ барысы:
а) Ұйымдастыру бөлімі.
б) Оқушыларды сабақ жоспарымен таныстыру.
Жақсылық пен Жамандық
(Ертегі)
Үйге берілген тапсырма. Мәтінді сахналап Мақал қуаласпақ;
Оқулықтағы сюджетті көрсету Жақсы – жаман
суретті пайдаланып, қасиеттері
әңгіме құрастырып келу. Бойынша
Жақсылықтың алаңдауы
Аңдардың әңгімесі
Жақсылықтың байып кетуі
Жамандықтың сазайын тартуы.
Ой шақыру стратегиясы
Ертегіден тірек сызба арқылы қандай қорытынды жасауға болады?
Ой қозғау.
а) Халық шығармаларына нелер жатады?
б) Төрт түлік жырлары, аңыздар, батырлар жыры, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, шешендік сөздер, ертегі т.б жатады.
2. Ертегідегі негізгі ой қандай күреске құрылған
Ертегідегі негізгі ой әділеттілік пен әділетсіздік арасындағы күреске құрылған.
Жақсылық пен Жамандық атты екі адам туралы. Жақсылық өзінің жақсылығының арқасында жақсы өмір сүріп, Жамандық жамандығынан ит-құсқа жем болады.
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Үйден құрастырып келген ертегілерін айтқызу.
Оқушылар «Әділет пен Әділетсіз» (ертегі), «Түлкі мен Қасқыр» ертегісін құрастырды.
Жаңа сабақ. Жоспар бойынша жұмыс жасаймыз
Бөлімді рөлге бөліп оқыту.
Сахналау. (Ертегі желісі бойынша)
Сұрақ – жауап. Ертегі қалай аяқталды?
а) Жақсылық неге байып кетті?
ә) Жамандық неге сазайын тартты?
б) Ертегідегі оқиға қалай аяқталады деп ойлайсың?
Мақал қуаласпақ ойыны
Адамның жақсы мен жаман қасиеттері бойынша мақал айтып жарысу.
Жақсыдан жирен, жаманнан жирен.
Жаман аттан аяғым артық,
Жаман жолдастан таяғым артық.
Ат жаманы жолда қалдырар,
Жолдас жаманы қолда қалдырар.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Жолдас, жолдасқа қиянат еткен оңбас.
Жақсы жаныңа жолдас, жаман малыңа жолдас.
Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің наны тәтті.
Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі,
Жамандыққа жақсылық ер адамның ісі.
Әдепті бала арлыбала, әдепсіз бала сорла бала.
Сабақты тірек схема бойынша қорытындылау.
а) Адамның бойынға жақсы, жаман қасиеттерді таныстыру.
Зұлымдық
Жамандық
қулық
Ит – құсқа жем болды
Жақсылық
Адал
қамқор
Мақсатына жетті
ә) Жамандық пен Жақсылыққа мінездеме беру. (Венн диаграммасы бойынша)
Жағымды қасиеттер (ортақ қасиеті) Жағымсыз қасиеттер