-Қазір ана тілі сабағы. Біз сабағымызды топпен жұмыс түрінде жүргізетін боламыз. Топтың әрбір мүшесі дұрыс жауа берсе алдарындағы қар қиыршығынан біреуін алып отырады. Сабақ соңында осы қиыршық бойынша жұмыстарың бағаланатын болады.
1- топ – «Қыс», 2- топ – «Көктем», 3- топ – «Жаз», 4- топ - «Күз» мезгілі. Әр топ өз мезгілінде қандай айлар барын атап кетеді.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Ширату сұрақтары : -Ал қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
- Қандай және нешінші жыл? (2015, қой жылы)
-Қай ай,нешесі? (Қаңтардың 15-і)
-Жақсы, сендерге үй тапсырмасына Сыдықовтың қар туралы өлеңін жаттап келу берілген болатын. Енді осы өлеңді қалай түсінгендерің байқау үшін мынадай тапсырма бермекпін.
Әр топ алдарыңда жатқан қағазға өлең желісі бойынша сурет салып, топтың бір мүшесі шығып оны қорғау керек. Бұл жұмысқа мен 3 минут уақыт беремін.
-Қане, кірісейік.
Әр топ өз жұмысын қорғайды. Сондай-ақ әр топтан 1 оқушы шығып өлеңді мәнерлеп оқитын болады. Ол оқушыға басқа топ оқушылары өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.
-Балалар бүгінгі сабағымызда біз қыс туралы әңгімемізді жалғасыртын боламыз.
3. -Қазір «Қыс» сөзіне ассоцациялық аймақ құрайықшы. «Қыс» сөзін айтқанда ойымызға не келеді?
(қар, боран, қырау, аяз, суық, отын, тон...)
4. -Ия , дұрыс біз бүгін де қыс туралы тақырыбымызды жалғастыратын боламыз.Жүсіпбек Аймауытовтың «Қыс» өлеңімен танысатын боламыз.
Ж. Аймауытов- көрнекті жазушы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі.
5. «Қыс» өлеңін үлгі оқу. Сөздік жұмысын жүргізу. Өлеңді оқушыларға оқыту. Әр топтан 2 оқушыға оқыту. Түсінгендерін өз сөздерімент әңгімелету.
6. Сергіту сәтін жүргізу.
7. Әр топқа сөздер беріледі. Сол сөздерден сөйлем құрайды. Оқушылар сол сөйлемдерді ретімен орналастырып, әңгіме құрайды.
1-топ Қыс мезгілі келді.
2- топ Жапалақтап қар жауды.
3- топ Айнала аппақ болды.
4- топ Балалар қармен ойнады.
8. Күнді жаздырып, әдемі жазу минутын жүргізу. Осы сөйлемдерді тақтаға , дәптерлеріне жаздыру.
9. а ) Топтарға сөздер жазылған бет беріледі. Оқушылар ол сөздерді топтап, ат қояды. Сол атауға әңгіме құрайды.