kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ж.Аймауытов «А?білек» романы

Нажмите, чтобы узнать подробности

А.А.Жуматаева

«А?танберді атында?ы орта мектеп-ба?ша»

коммуналды? мемлекеттік мекемесі.

Таскескен ауылы

?ржар ауданы

Шы?ыс ?аза?стан облысы

                                            Ж.Аймауытов «А?білек» романы

          Саба?ты? ма?саты: Ж.Аймауытовты? «А?білек» романы бойынша ?ылыми ба?ытта?ы ізденіс ж?мыстары, де?гейлік тапсырмалар ар?ылы жа?а саба?ты т?сіндіру. ?р о?ушыны? ?зіндік ?иялына ерік бере отырып ой т?юге баулу,сын т?р?ысынан ойлау?а да?дыландыру, ?з бетімен ізденуге баулу.

         Саба?ты? к?рнекілігі: Ж. Аймауытовты? «А?білек» романы, романнан ?зіндіні  ты?дау, тіреу сызба.

         Саба?ты? барысы:

         І. «А?білек» романын бастамас б?рын, ?ткен та?ырыптар?а шолу жасап к?рейік. Б?л романды талдау барысында ?ажет болады.

         С?ра?:

1.Ж?сіпбек Аймауытов кім?

2.Ма?жан, Ахмет, С?кен, Міржа?ыптар кім?

3.Оларды? ?ызметіні? ?ай жа?ы басым?

Біз б?ларды ?дебите саласына ?атысты бол?анды?тан, шы?армашылы? жа?ынан ?арастырып отырмыз, б?лар бізді? санамызда а?ын, жазушы болып ?алыптас?анымен, олар шын м?нінде ?о?ам ?айраткерлері, саясаткерлер ж?не ?кімет басшылары.

С?ра?: Ж. Аймауытовты?  саяси к?з?арасы ?алай ?алыптасты? Репрессия?а ?шыра?ан Ж?сіпбекке ?андай айып та?ылды?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ж.Аймауытов «А?білек» романы»

А.А.Жуматаева

«Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақша»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Таскескен ауылы

Үржар ауданы

Шығыс Қазақстан облысы



Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы

Сабақтың мақсаты: Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы бойынша ғылыми бағыттағы ізденіс жұмыстары, деңгейлік тапсырмалар арқылы жаңа сабақты түсіндіру. Әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып ой түюге баулу,сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, өз бетімен ізденуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы, романнан үзіндіні тыңдау, тіреу сызба.

Сабақтың барысы:

І. «Ақбілек» романын бастамас бұрын, өткен тақырыптарға шолу жасап көрейік. Бұл романды талдау барысында қажет болады.

Сұрақ:

1.Жүсіпбек Аймауытов кім?

2.Мағжан, Ахмет, Сәкен, Міржақыптар кім?

3.Олардың қызметінің қай жағы басым?

Біз бұларды әдебите саласына қатысты болғандықтан, шығармашылық жағынан қарастырып отырмыз, бұлар біздің санамызда ақын, жазушы болып қалыптасқанымен, олар шын мәнінде қоғам қайраткерлері, саясаткерлер және үкімет басшылары.

Сұрақ: Ж. Аймауытовтың саяси көзқарасы қалай қалыптасты? Репрессияға ұшыраған Жүсіпбекке қандай айып тағылды?

Естеріңе сақтаңдар, кез – келген мемлекетте басқару ісінде көбінесе творчество адамдары тартылған. Мәселен, орыс революционерлерінің бәрі де творчество адамдары болған.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

«Ақбілек» - қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы реалистік проза талаптарына, жанрдың еуропалық шарттарына жауап беретін толыққанды, көркем, бастан аяқ салиқалы, сабырлы, ұстамды проза үлгісіндегі реалистік роман.

Қазақ әдебиетінде реалистік принциптерді алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі – Жүсіпбек.

«Ақбілек» романы Аймауытов шығармашылығының шыққан биігі деуге болады. Жазылғанына 70 жылдан асқан осы роман бүгін ғана жазылып, әлі сиясы да кеуіп үлгермегендей әсер қалдыратындығына қайран қаласың. Сыңғырлаған күмістей тап – таза шебер тіл бірден үйіріп әкетіп, еріксіз тәнті етеді. Ол стиль, композиция тәрізіді көркемдік құралдарға ерекше көңіл бөлді. Еуропа, орыс әдебиетіндегі бейне жасау, мінездерді даралау дәстүрлерін еркін пайдаланды. Жазушының бар таланты биік қырынан көрінеді.

Жазушы бұрын сыры жұртқа айтылған тақырып емес, соңы, мүлде тың, тіпті сирек оқиғаларды романға арқау еткен.

Тақырыбы – әлеуметтік тартыстар, тап күресі, ел мойнына түскен салмақ және адамдардың тағдыры.

Бұл психологиялық роман – адамдардың психологиясын қарастыратын роман. Натурализм үлгісімен жазылған.

Натурализм деген не?

Натурализм XVII ғасырдың ІІ жартысында Францияда пайда болған, негізін салған – Эмиль Золя. Ол – «талдау», «анализ жасау» деген сөз, яғни адамның өмірін сынақтан, эксперименттен өткізеді.

1.Адамдардың өмірін сынақтан өткізеді. Кейіпкердің ғұмыры түрлі сынақтан өтеді. Сол сынақтан өту кезіндегі кейіпкердің психологиялық өзгерістерін зерттейді.

2.Натурализмнің тағы бір ерекшелігі – өмір мен өлімнің күресі.

3.Табиғат заңдылықтары мен адам өмір сүріп отырған қоғам заңдылықтарын қатар алып жүреді.

«Ақбілек» романын ашқан кезде тамаша табиғатымен Алтай тауы қарсы алады (кітаптан үзінді).

1.Біз осылай табиғатты тамашалап, мамыржай отырғанымызда ойламаған жерден оқыс оқиға, Ақбілектің әкесі Мамырбайдың ауылына кіріп кеттік.

А) Ақбілектің көзінің тартуы нені аңғартады?

Ә) Шұбап келе жатқан 4 атты кімдер болып шықты?

Б) Салт аттылардың бірден Мамырбайдың үйіне келуінен нені аңғардыңдар?

2. Ақбілек шұңқырда жатыр. Ақтар іздеп жүр. Анасының өлімі. Романда кездескен бірнеше қайғылы оқиғалар Ақбілектің көз алдынан өтті.

А) Ананың балаға деген махаббаты қандай оқиғамен байланысты көрінеді?

Ә) Ақбілектің шұңқырда екенін кім білді?

Б) «Қызын бұркітше бүріп жатқан 2 орысты анасы екпінмен келіп итеріп тастап, балапанын басқан ана құстай баласын бас салды» деген көріністің аяғы немен тыңды?

В) Қазақтың бас араздығынан кек туатыны қай көрініс арқылы сипатталған?

3. Ақбілек ақтардың қолында. Ақбілекке таласып, қатардағы солдат пен қарамұрт офицер дуэлге шығып, жас жігіт мерт болады. Ақбілектің денесі түршігіп кетті. Романда бірінші өлімнің денесі суымай жатып, екінші өлімге кездестік.

4. Қарамұрт офицер 14 жастағы Ақбілектің өміріне дақ түсірді.

А) Ақбілектің көрген зәбірін, арының аяқ асты болуын қай көріністер арқылы байқаймыз?

Ә) Ақбілекке екі офицердің таласуы, қарамұрттың жирен офицерді дуэльде атып өлтіруінің себебі неде?

5. Қарамұрт қоштасарда Ақбілекті атқалы тұр. Ақбілекке өлім қаупі төніп тұр.

Сұрақ: а) Өлім – суық сөз. Ол – адам ба, әлде басқа ма?

Фантазияларыңа ерік беріңдер, ойларыңды тежемеңдер. Ол – қандай образ?

Ә) Ақбілектің өлімге қарсы әрекеті.

Б) Оқиға барысында қарамұр офицер қай қырынан байқалады?

Ақбілектің азаппен өткізген түні. Табиғат пен тіршілігінің заңдылықтарының қатар жүруі, хикаяның психологиялық саралаумен берілуі.

«Ақбілектің жанын жынның ойнағындай ойраңдап кеткен озбыр омырау, өксікті күндер орыс мінген аттардың аяғымен бірге алыстап бара жатты.

О кезде ызғырығы ызылдап, бойды мұздатып, сабалақ қара бұлттан түн жамылған күздің көзсіз қара түні ақ бас Алтайдың үстіне қара бурадай шөгіп, сай – салаға бауырын төсеп, дүние қарауытып келе жатыр еді. Көк жүзінде жайылып жатқан жұлдыз, қойларын көздеп тұратын шопан атасындай – жау көргендей, зым – зия жоғалыпты.

Саялдық қара бұлттар– ау! Ақбілектің жанын тұншықтырған қара тұман аз болды дедіңдер ме, үстіне мұнша төнгенше, анау асқар таулардың басына төнсеңдерші!

Күздің сарғыш жапырақтары – ау! Кімді әлдилеп, сыбырлап тұрсыңдар? Қалың бұтаның қайғысыз, қамсыз бөденелері – ау! Несіне қара түнді жаңғырықтырып тұрсыңдар? Сұлудың жүрегін жанышқан ауыр шерді сендер сейілтем дейсіңдер ме?

Бұлттар - ау, серпілмейсіңдер ме?!

Жапырақтар – ау, сыбдырлап жерге төгілгенше, шерлі сұлуға сая болсаңдаршы!

Ызығырық – ау, ызылдағанша, жапанда жалғыз қалған баланың әкесіне хабар берсеңдерші!

Ой, мейірімсіз шіркіндер – ай! Сендердің тілдеріңді Алтайдың жаралы аруы білмейді ғой! Сендердің қас – қабағыңа қараймын, сендерге еркелеймін деп есіл сұлу мұндай күйге ұшырады ғой! Жел мен бұлттың алласына сенем деп сенделіп қалды ғой!»

6. Ақбілек тауда жалғыз. Елестетіңдер. Қою қараңғылық, түн, су арқырап ағып жатыр, жел гуілдеп тұр. Бір кезде ұлыған қасқырлар даусы естіледі. Олар бірте – бірте жақындап, Ақбілекті қоршап алды.( Көзге елестетіп көріңдерші)

А) Жазушы оқиғаны неге қасқырмен байланыстырады?

7. Ақбілекті озбырлардың, қатыгездердің тобы қоршап алды. Сол топпен Ақбілек жалғыз күресуі керек. Ақбілекті олар талап жеп қоюы мүмкін еді. Егер де Ақбілек кенет аяқ астынан жылт еткен шоқ көрмесе...

А) Жылт еткен шоқ оқиғаны қалай өзгертті?

Ә) Шоқ ненің белгісі?

8. Ақбілек жолға шығады. Оған диуана Ескендір кездеседі.

А) Диуана Ескендір Ақбілекке қандай көмек берді?

9.Ақбілекті ағасы ауылға алып бара жатыр.Ақбілек неге мұңаяды? Қуану керек емес пе? Ол неге өлім тілеп, өлім шақырып келе жатыр? Ақбілектің басындағы бұлт енді қоюлана түсті.

А) « ... бұрынғы кіршіксіз аппақ кеудесіне енді қара құзғын ұя салып кеткен тәрізді. Осы арам денеммен, арам аузыммен әкемнің иманды жүзіне қалай жақындаймын? Ойбай – ау! Менің күйеуім ше?» деген жолдардан қазақ қыздарының ар – ұжданы төңкеріске дейін қандай дәрежеде болғанын аңғартып тұр?

Ә) Ақбілектің басына түскен қайғының мәні неде?

10. Ақбілек ауылға барды. Әкесі арасындағы қатынас. Медеуі - Бекболат, Ұрқия.

А) Әкесінің өзгерісі мен салқындығы арқылы автор нені аңғартпақ?

Ә) Автор Ұрқия мен Ақбілектің жасырын сырын қандай мақсатта пайдаланған?

11.Өгей шеше.

А) Өгей шешенің тепкісін қандай суреттер арқылы сипатталған?

12. Түс көреді.

13.Азапты күндер.

14. Әкесі қуып шығады.

15. Босанады.

16.Ағасы қалаға кетеді.

17. Семейде, Омбыда, Ақмолада оқиды.

18. Ақбала – Ақбілек – Балташ.

А) Ақбілек пен Ақбаланың махаббатының сәтсіздікке ұшырау себебі неде?

19. Ақбілек ауылда.

А) Ақбілектің елге оралуы, ағасы мен жеңгесінің қарсы алуы қандай дәрежеде өтеді?

Ә) Ақбілектің Бекболат еліне соғуы, Бекболаттың пішіні Ақбілек арқылы сипатталуы неліктен?

20. Ақбілек тазарады, жеңеді.

А) Автор әкесінің тарапынан « Ақбілек жат, өнерлі! Ол енді ақсақалдың ғана баласы емес, көптің баласы. Енді ақасақал именеді» деген ой- түйін арқылы нені меңзеп тұр?

ІІІ. Әдебиет теориясынан

Әдебиет жанр термин ретінде шартты екі мағынада қолданылады.

1)Әдебиеттің тектері - эпос, лирика, драма.

IV. Психологиялық параллелизм.

V. Үйге тапсырма: «Ақбілек» романының тілі.

VI.Оқушылардың білімін бағалау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ж.Аймауытов «А?білек» романы

Автор: Жуматаева Анар Аманжоловна

Дата: 17.01.2016

Номер свидетельства: 278221


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства