Ана тілі 1 «Ә» | | Абдикадирова А.Т. |
Сабақтың тақырыбы | «Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер.» |
Сілтеме | 1 «ә» сынып «Ана тілі» оқулығы |
Сабақтың жабдығы | Интер. тақта, слайд, суреттер, оқулық |
Жалпы мақсаттар | Заттын атын білдіретін сөздерді меңгерту, табиғатты сүюге, құстарды қорғауға тәрбиелеу. |
Міндеттері: | 1.Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер жайлы түсініктерін пысықтау, мамандық түрлерін ажыра білуге, заттың атын білдіретін сөздерге Кім?Не?Кімдер? Нелер? сұрақтарын қоюды үйрету. 2.Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3.Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, мәдени сөйлеуге тәрбиелеу |
Күтілетін нәтижелер: | Заттың атын білдіретін сөздер, құстар туралы түсінік алады, еңбектің пайдасын ұғынады, өлеңді түсініп оқи отырып, есте сақтап, талдай біледі, оқушы бойына қамқорлық сезім қалыптасады. |
Негізгі идеялар | Адамдардың, жануарлардың, заттардың аттары туралы ұғым. «Құстарым, келіңдер» өлеңінің пайдасы Экологиялық тәрбиесінің құндылығы. Өз бетінше жұмыс істеу арқылы білімдерін өмірде пайдалана алуға даярлау. |
Тапсырмалар: | 1.Миға шабуыл 2.Топтық тапсырма. 3.Ойлан-топтас-талқыла (Өлеңнің маңыздылығын тауып, мағынасын түсіндіру) 4. «Құстар » ұғымын талдау. 5. Сөз, сөйлемдер құрастыру |
| Жүргізетін жұмыстар |
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
Топқа бөлу | Құстардың суреттерін таратып беру | Оқушылар құстарды таңдау арқылы топқа бөлінеді |
Ынтымақтастық атмосферасы | І.Ұйымдастыру кезеңі Сыныппен сәлемдесу. Психологиялық дайындық жасау: «Ақ тілек» Мақсатымыз - білім алу, Міндетіміз - еңбектену. Еңбек етіп жұмыла, «5» - ке қолды жеткізу. | Оқушылар бір-біріне қарап, өлеңді жатқа оқиды, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. |
Үй тапсырмасын пысықтау | «Жазғытұрым» өлеңін жатқа сұрау - балалар, біз қай мезгіл туралы айтып жатырмыз? - көктем - көктем деген сөз қандай сұраққа жауап береді? - не? - ережені кім айтып жібереді? - олай болса, біз бүгін заттың атын білдіретін сөздер туралы сабағымызды пысықтаймыз. •Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейді. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады: Ұстаз, дәрігер, мысық, ит, аққу. | Оқушылар ауызша жауап береді |
Жаңа сабақ Миға шабуыл | -Дұрыс, ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Заттың атын білдіретін сөздер» (тақтаға жазу). - балалар, әр мезгілдің өзінің ерекшелігі бар. Мезгілдер туралы айта отырып, жаңа сабаққа қадам жасау. Енді мына видеоға көңіл аударайық. Көктем туралы видео көрсету. Осы видеоны көре отырып, не айтуға болады? Ендеше, көктемге байланысты жаттығу орындайық. Оқулықпен жұмыс. (тақтаға жаздыру) 97-бет. 85-жаттығу. Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазу. 1. Көктем, туды, көрікті. (1-топ) 2. Ери , қар, бастады. (2-топ) 3. Жел , жылы, соқты. (3-топ) Не? Сұрағына жауап беретін сөздерді табыңдар |
Сергіту сәті | Күнде аспанға қараймыз, Қайтқан құсты санаймыз. Үшбұрыш болып тырналар, Көк жүзінде сырғанар. Мына видеоға көңіл аударайықшы. ( құстар туралы видео көрсету) Видеодан не туралы көріп отырмыз? Құстар Құстардың дүние жүзінде түрлері өте көп. Жыл құстары, су құстары, қыстап қалатын құстар, үй құстары деп бөліне береді. Олардың бәрі де пайдалы. Құстарды қанатты жануарлар деп атайды. Онда Қ.Ыдырысовтың « Құстарым, келіңдер» өлеңімен танысайық. Қ. Ыдырысов суреті, өмірбаяны, еңбектері (Слайд көрсету) Ақын Қабдыкәрім Ыдырысов ( 1928-1978 ) аралығында өмір сүрген. Ол ақын. Шаруа отбасында дүниеге келген. Оның көптеген басқа да өлеңдері бар. Мысалы: Өздеріңізге таныс «Әрқашан күн сөнбесін» өлеңін осы ақын жазған екен. - енді, осы өлеңді барлығымыз хормен айтып жіберейік. Жаттығу жұмысы Түсініксіз сөздерді атау. Сол сөздердің мағынасын ашу. Әр жолдан заттың атын білдіретін сөздерді ауызша атау, сұрақ қою. Құстарым, келіңдер •Өткен жыл көктемде (1-топ) •Бала едім тым кіші. •Кім білсін, өкпелеп •Кетті ме жыл құсы... Ол құстар қайда кетті? Ол құстарды қалай атаймыз? Күннің суытып, жәндіктердің көпшігі қырылып қалады, кейбір жәндіктер ағаштардың қуыстарына тығылады. Осылайша құстардың жемі азаяды. Осыған байланысты құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ол құстарды жыл құстары деп атаймыз. •Өтті тез он екі ай, (2-топ) •Енді мен үлкенмін! •Келсе ұшып көп торғай, •Өзім-ақ күтемін. - Қандай жыл құстарын білеміз? Аттарын айтайықшы жабайы үйрек, тырна, көкек, ұзақ, қарлығаш, қараторғайлар жатады екен •Құстарым, келіңдер, (3-топ) •Қарсы алам өзім-ақ . •Жаңа "үйге” еніңдер, •Міне көл, міне бақ. Қ. Ыдырысов Жұмбақ Тал басында түндіксіз отау (ұя) Құстардың ішіндегі адамға ең жақыны – Қарлығаш. Олар жемін ұшып жүріп аулайды. Тіпті суды да қалқып жүріп ішеді. Қарлығаш ұясын үйдің шатырына салады. Тырна балшықты, ылғал шабындықты жерлерде мекендейді. Қазақстанда тырна наурыздан қыркүйекке дейін кездеседі, қалған уақытта Индия, Пакистан, Иранда болады. Олар топ-топ болып тыраулап, оңтүстікке қарай созылып ұшады. Ол ұясын бағаналардың үстіне салады. Қараторғайлар ағаш қуысына салады немесе ағаш ұяларда балапан басады. Міне, осылай әр құс өзінің ұясын салады екен. Бұл құстар табиғатты қорғайды. Оларды әр уақытта аялау керек. Балалардың жауаптары тыңдалады. Шығармашылық тапсырма (топқа тапсырма) Әр топ құстар ұясының салынған суретін бояйды. 1-топ: «Қарлығаштар» ұясын үйдің шатырының іргелеріне салады 2-топ: «Тырналар» бағаналардың үстіне салады 3-топ: «Қараторғайлар» ағаш қуысына салады |
Ой толғаныс | Ой қозғау: Ойын «Құстарды тыңдау» Құстар қандай дыбыс шығарады? Қарқылдайды, құрқылдайды, шақылдайды, шықылдайды, тоқылдайды Енді үн таспадан құстардың даусын тыңдап, құстарды табайық. Ойын «Сөздерді тап» |
Сабақты бекіту | Экология әліппесі: Құстардың ұясын бұзба, балапандарына тиіспе. Суық күндері қыстап қалатын құстарға көмектес. Оларға жем шаш. Суықторғайлар қаптап, аула маңында жүреді, оларды таспен атпа. 1 наурыз алғыс айтатын күн болғандықтан, қазір бір-бірімізге алғыс айтайық. |
Үй тапсырмасы | Өлеңді мәнерлеп оқу, жаттау. 86 –жаттығу жазу. | Оқушылар күнделіктеріне жазады |
Бағалау | Бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушылар сабақтан алған әсерлерін қызыл, сары, жасыл жапырақтар арқылы білдіріп, тақтадағы плакатқа «Даналық ағашына» жапсырады. |
Кері байланыс Рефлексия. |