kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Б?йшешек" "Жау?азын"1-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  Затты? атын білдіретін с?здер.               Б?йшешек. Жау?азын                               

Саба?ты? ма?саты: 1.) О?ушыларды? заттын атын білдіретін с?здер туралы   т?сініктерін ке?ейту.К?ктемні? ал?аш?ы г?лдері б?йшешек пен жау?азынмен таныстырып, ?ле?дерді о?ып беру.

2.) О?у жылдамды?тарын арттыру.С?йлеу тілдерін дамыту, с?здік ?орларын молайту,есте са?тау ?абілетін арттыру.

 3.) ?демілікке, ?ам?орлы??а, ??ыптылы??а т?рбиелеу       

Саба?ты? т?рі: аралас саба?

Саба?та пайдаланатын к?рнекті-??ралдар: сауыс?ан мен к?кекті?  суреті,суреттер,авторды? суреттері т.б.

Пайдаланатын ?діс-т?сілдер; с?ра?-жауап, ??гімелеу, ой ?оз?ау.

П?наралы? байланыс:

Саба?ты? барысы:

I.?йымдастыру кезе?і:

1.Психологиялы? дайынды?;

 II.?й тапсырмасын с?рау: 1.Сауыс?ан мен к?кек ертегісін сахналау.

2.Ой ?оз?ау

1. Сауыс?ан к?кекке ?андай ?сыныс жасады?

2. К?кекті? ?андай ойы болды?

3. К?кек пен сауыс?ан ?андай ??стар?а жатады?

3.Сергіту с?ті ; Олай болса балалар та?тада?ы бейне?зіндіні тамашалайы?.

4.Жа?а біз ?андай мезгілді тамашалады??  К?ктем

5.К?ктемде ?андай ?згерістер болады?  ?ар ериді,б?ршік жарады, жер  к?ктейді,б?йшешек шы?ады т.б. Д?рыс айтасындар.

6. Б?лар ?андай г?лдер?(о?ушыны? жауабы)Ал ендеше осы к?ктемде бізге к?ктемні? ал?аш?ы хабарын жеткізетін б?йшешек, жау?азын деген г?лдер ?седі екен.(Оларды? суретін к?рсетіп ??састы?тары мен ?згешеліктерін к?рсету).

Ендеше б?гінгі жа?а саба?ымызды? та?ырыбы к?ктемні? ал?аш?ы жаршысы «Б?йшешек»  Н.?лім??ловты?  ж?не  «Жау?азын» Н.Айтовты? ?ле?дерімен танысамыз.

IV. Ма?сат ?ою кезе?і: -Біз б?гін К?ктемні? ал?аш?ы жаршысы Жау?азын мен б?йшешек туралы білетін боламыз.Кім?кімдер?Не Нелер? С?ра?тарына жауап беретін с?здер туралы білетін боласы?дар

V. Жа?а саба?:

1. Автор туралы ?ыс?аша м?лімет беру

 Екі ?ле?ді м?нерлеп о?ып беру. Суретпен т?сіндіру.

Б?гін немен танысты??(Г?л - г?лдер).Б?л с?здерге с?ра? ?ояйы?шы Не?Нелер? К?ктем айында ?андай мерекелер бар?(ана-аналар),С?ра? ?ояйы?шы Кім?Кімдер?

Ережені о?ыту

89- жатты?у. С?ра?тар?а жауап бері?дер.Суретпен т?сіндіру.Д?птермен ж?мыс ж?ргізу.

90-жатты?у Затты? атын білдіретін с?здерді ата?дар.О?ыту ар?ылы суретпен т?сіндіру.

7. Бекіту; Суреттерге с?ра? ?ою.(доп-доптар,?же-?желер).

8. Галерея?а саяхат;

9. Ба?алау,мада?тау

1.Б?гін мына г?лдерді? ішінен ?андай г?лдермен танысты??

2.Олар ?андай г?лдер екен?

3.Осы г?лдерден бас?а ?андай г?лдер т?рлерін білесі?дер?

10. Кері байланыс;

Балалар жа?ында ?андай мереке келе жатыр?

Олай болса мына г?л к?лтелеріне  аналарымыз?а тілек жазып, бір орам г?л шо?ын ??райы?.

11.?йге тапсырма; «Б?йшешек» ?ле?ін жаттау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Б?йшешек" "Жау?азын"1-сынып »

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Қанатты сөздер мен тақырып.

Кіріспе сөз:

Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің  ұйымдастыруымен өткізілгелі  отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне  аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген – бір мұрат.

Алдына түсіп ананың.

Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

 

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4- сыныптарды ортамызға!

  Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

 



Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын  6 жасар бала болса,  бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт.  Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап»Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары , «Әдепті бала ,әсем қыз» , «Әнші , биші балапан», «Кішкентай күз аруы», «Көктем аруы», «Кішкентай жігіт сұлтаны»,Мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер,сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

   Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген  аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі  балалық шақтан басталады.  Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен  қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі  отыр.Ендеше қызықты да  ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

Қуанышбек; Аяулы ұстаз өлшемі жоқ бағаңның

Айтыңдаршы таласады оған кім

Еленуде елге істеген еңбегіңіз,-дей келе,сөз кезегін мектеп басшысына береміз



 Әсел : Бала шаққа болашақты  жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

 Қуанышбек: Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

 Әсел: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

Қуанышбек: Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

 Әсел : Дұрыс айтасың, Қуанышбек ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.

Қуанышбек : Олай болса Әсел  алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық!



Хор: «Мектебім» әні.



Әсел : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

 1 оқушы 

2 оқушы:

 3 оқушы:

4 оқушы:

 5 оқушы:

 

 Әсел ; Хор : «Ардақты ұстазым» әні орындалады

Мың бұрала билеген, 
Аруды кім сүймеген. 
Аққудайын қалықтап, 
Өзбек биін билеген. 
Өзбек биі. (Динара,Жаңагүл,Алмагүл) 



Қуанышбек: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім.  Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Әсел?

 Әсел :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен  мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» – деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

 Қуанышбек: Дұрыс айтасың Әсел,ғылым иесі  ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан  жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім  мен тәрбие алған.

 Әсел : Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

 1 оқушы:  3 оқушы

  2 оқушы: 4 оқушы:



 Бәрі :  Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

           Мың алғыс мына отты жүректерден!



Қуанышбек;  Хор : «Ұстазым» әні

 

Әсел:  Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.



Қуанышбек:  Енді міне  сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Әсел: Иә, міне сағымдай өте шыққан  4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

 Би; Рокен роль

Қуанышбек; Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,ағылшын тілі пәндерін зер салып оқып үйрендік. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық, ағылшын,орыс тілінде

1оқушы ;

 2 оқушы: 

 3 оқушы:  4 оқушы

Әсел; хор «Учать школе»

Тақпақтар Отан туралы ;

1 оқушы;

2 оқушы;

Қуанышбек: Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
Шықсын енді ортаға биші тобымен
Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.

 Бақытжанның орындауында Туған жер әні,қарсы алыңыздар

 

Әсел: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де  сол кісілердің арқасы.

 



Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.

  Қуанышбек: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді.Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!



 1 оқушы: Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

 2 оқушы:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

Әсел : Ән Ұлдайдың орындауында «Армансыз күнім болмайды»



Қуанышбек; 
Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз, 
Бір мектептің ұлы менен қызымыз. 
Бірдей өстік оқуда да еңбекте 
Күліп ойнап біріміз бен біріміз. – деп ортаға КВН тарландарын шақырайық. 


Әсел; Дос жайында көп ақындар жырлаған,

Дос туралы көп әңгіме тыңдаған

Шын достықтың мәртебесі жоғары,

Екендігін мойындаған бұл ғалам

Тақпақтар;

1оқушы;

2оқушы;

«Достар» әнін орындайтын Ернар,Бақытжан,Әділбек

Қуанышбек; Би; Тока-тока

Әсел; хор Ұстазым



Қуанышбек; Құрметті ұстаздар!Біз сіздердің шыдамдылықтарыңыз үшін!

Әсел; Кешірімді мінездерің үшін!

Қуанышбек; Біз үшін ағарған әр тал шаштарыңыз үшін қашанда қарыздармыз!



Қуанышбек; Құрметті ата-аналар,ұстаздар,

Жақсы шәкірт азамат атанады

Халқынан,ата-анадан бата алады

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін

Ортаға шақырайық ата-ананы

Әсел;

Қол жаяйық халайық, 
Бата тілеп алайық. 
Бастауышпен қоштасып 
Орта буынға барайық. 
Бата алу. (үлкен кісіден).



Қуанышбек;



Жетекші боп жүрдіңіз түлегіне, 
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де, 
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін, 
Сіздерге арнап айтатын тілегін де – дей отырып ұстазымызға береміз.

 
Ұстаз сөзі
Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен, 
Аластайтын жаныңды күз көңілден. 
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін, 
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен. 


Марапаттау рәсімі: Алғыс хат. 



Ұстаз сөзі; Қырандарымыздың білім қуған қанаттары талмасын

Тек биікке самғасын

Әріптерді танып алып тұрсыңдар,

Естеріңде болсын алда бір сын бар

4 жыл менен білім алып шыққанмен

Келешекте жазылатын жырсыңдар

7 жылда өтер зулап сынаптай,

Бақыттымын маған тұрса сын айтпай

Осымен көңілді ән-би кешіміз аяқталады

Ән; Досведания 4 класс






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Б?йшешек" "Жау?азын"1-сынып

Автор: Жумагалиева Асем Дуйсегалиевна

Дата: 06.04.2015

Номер свидетельства: 197935


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства