Просмотр содержимого документа
«Зат есімі ?айталаймыз»
Сабақтың тақырыбы:Зат есімі қайталаймыз
Сабақтың мақсаты:зат есімі туралы түсінігін бекіту;сойлем ішінен зат есімді таба білу;зат есімнің жекеше және көпше түрі,жалпы мен жалқы есім туралы алған білімін пысықтау.
«Ой қозғау » стратегиясы.Оқушылар тез арада зат есімге қатысты не білетіндерін тізіп жазады.Алдымен әр оқушы жеке-жеке жазады,содан кейін әдеттегідей топта,сосын сынып болып орындап,бір-бірінің жазғандарын толықтырады.
Оқулықтағы тақырыптың басында берілген сойлемдерді ауызша толықтырады. Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы сұраққа толық жауап берулерін қадағалайды.
1-жаттығу сұрақ қоя отырып ,зат есімдерді табуға дағдыландыруды көздейді. 2-жаттығудағы жалқы есім ,жалпы есім;зат есімнің жекеше,көпше түрлеріне байланысты тапсырмаларды орындағаннан кейін, Венн диаграммасы арқылы салыстырады.Балалар өз мүмкіндіктерінше білгендерін толтырады. Соңынан бірін-бірі толықтырып ортақ кесте жасайды.
1. Зат атаулары
2. Туыстық атаулар
3. Жәндік аттары
4. Құстардың аттары
5. Сөйлем ішінде кіші әріппен жазылады
1. Зат есім
2. Заттың атын білдіреді.
3. Сөз
4. Кім? Не? Кімдер? Нелер?
1. Жер су аттары
2. Кісі аттары
3. Тау аттары
4. Өзен, көл аттары
5. Қала аттары
6. Үй жануарларының аттары
7. Бас әріппен жазады
3-жаттығу барысында оқушылар сөздерге жұрнақтар жалғау арқылы туынды зат есім жасап үйренеді. 4-жаттығуды орыдау арқылы туынды зат есімдер туралы алған білімін пысықтайды. 5-жаттығу бойынша берілген сөздерден адам есімдерін құрып,олардың зат есім екенін анықтайды.
Ой толғаныс
«Заттың атын білдіретін сөздер қалай пайда болады деп ойлайсың?» деген сұраққа өз ойларын жазады(«Еркін жезу»стратегиясы).