Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты: 1.Зат есім туралы өтілгендерді қайталап,
еске түсіру.
2.Оқушылардың танымдық қабілетін,
тіл байлығын,ойлау қабілетін дамыту.
3.Оқушыларды адамгершілікке,белсенділікке,
ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Кесте,қима қағаз,ойындар, суреттер.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың өту әдісі:Сұрақ-жауап,ой қозғау,талдау.
Сабапқтың барысы: І Психологиялық дайындық
М- Екі көз не үшін керек?
О-Жақсыларды көру үшін
М-Екі құлақ не үшін керек?
О-Ақыл,кеңес тыңдау үшін
М-Екі қол не үшін керек?
О-Елге көмек беру үшін
М-Екі аяқ не үшін керек?
О-Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін.
ІІ Өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру;
«Бәйге» ойыны
1.Қос сөздерді тап.Олар қалай жасалған?
Көре-көре көсем боларсың,
Сөйлей-сөйлей шешен боларсың.
2.Біріккен сөзден жасалған құстарды ата.
3.Мағынасы қарама-қарсы сөздерді ата.
4.Мағынасы жуық сөздерді ата.
5.Дыбысталуы бірдей,мағыналары әр басқа сөздерді ата.
6.Қыстырма сөзді тап.
«Әрине,еңбексіз ер де,жер де көгермейді.»
7.Сөйлемнен бірыңғай мүшелерді ата.Сұрақ қой.
«Ақ,қызыл,сары шарлар аспанда қалықтап үшты.»
-Cуреттен не көріп тұрмыз?
-Тәуелсіздік монументі.
-Ол қай қалада?
-Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына неше жыл болды?
-20 жыл.
-Тәуелсіздікті қай жылы алдық?
-1991 жылы 16 желтоқсанда Парламент «Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»Заң қабылда-
ды.Бұл күн еліміздің «Тәуелсіздік күні» деген атпен енді.
І .Тас қақпаның тапсырмасы:
Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
1.Тамақ,ас(азық)
2.Жасы үлкен құрметті адам(ақсақал)
3.Бас киім(тақия)
4.Қазақстандағы тау(Көкшетау)
5.Ұлттық ойын(соқыртеке)
6.Аққу төлі(көгілдір)
7.Сүт тағамы(қымыз)
Кестені пайдаланып зат есім туралы білетіндерін қайталау.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу
Ертегіні түсініп оқы.Бірінші сөйлемнен зат есімдерді тап.
Мәтіннен тәуелденген зат есімдерді теріп жаз. Олардың
жалғаулары қай жақта тұрғанын айт.
2-жаттығу
(ауызша)
ІІ.Күміс қақпаның тапсырмасы:
«Ішіне және сыртына» стратегиясымен жұмыс
(сөздерді жіктеп жазу)
3-жаттығу
Жұмбақты оқып,шешуін табу.Тәуелдеулі зат есімдерді
тауып, түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін
түсіндіру.
4-жаттығу
Сөздерді оқы. Бірінші жолдағы сөздер қай сөз табына
жатады? Екіншідегі ше? Осы сөздерден зат есім жасап жаз
ІІІ.Алтын қақпаның тапсырмасы.
-Ребус шешу(5-жаттығу)
Шешуі: «Адал достық алтыннан да қымбат»
-Достық туралы мақал-мәтел айту.
IV.Ой қозғау.
Кестемен жұмыс.
Семантикалық картамен жұмыс.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 6-жаттығу.