Пәні:Математика | Жаңақала мектеп-гимназиясы |
Күні | Мұғалімнің аты-жөні: Рыскалиева Г.Ж. |
Сынып: 1 «Ә» | Қатысқандар саны:15 | Қатыспағандар саны:0 |
Сабақтың тақырыбы: | Заңдылықтар (1) |
Сабақ негізделген оқу мақсаты | 1.4.3.2 табиғаттағы әрекеттердің және күйлердің тізбегін анықтау, сандардың, фигуралардың, ойыншықтардың, түрлі түсті моншақтардың тізбегін құру және заңдылықтың бұзылуын анықтау |
| Барлық оқушылар істей алады: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санай алады.жұп, тақ сандар тізбегін құрады.. |
Оқушылардың көпшілігі істей алады: 2-ден 20-ға дейін сандық топтармен тура санайды. 2, 4, 6, 8, 10 сандарының жартысын біледі. |
Кейбір оқушылар істей алады: 20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрай алады. |
Тілдік мақсаты | Негізгі сөздер мен тіркестер: заңдылықтар |
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер |
Талқылауға арналған сұрақтар:Екі екіден санау кезінде қандай сандар болып бөлінеді? |
Санның жартысын табу үшін не істейміз? Барлық сандардың заңдылықтарын сақтап таба аламыз ба? Неліктен? |
Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар: |
|
Алдыңғы оқу | Санның жартысы |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз |
Сабақтың басы | 2 мин
5 мин
5 мин | Ұйымдастыру 1.Топтасу 1 2 3 4 деп санату. Төрт топқа бөлу. 1-топ «жұп сандар», 2-топ «тақ сандар», 3-топ «ондықтар», 4-топ «бірліктер» Кіріспе тапсырма. МК:Т:Қ: Оқушыларды топқа бөлу. Олардың алдына санау ресурстарын үлестіру. Олар жіпке тізілген түрлі түсті моншақтар болады. Топ болып отырған оқушыларға жіпке тізілген моншақ пен түйменің түстеріне қарай немесе пішініне қарай қандай заңдылық бойынша тізілгендігін анықтату. Мысалы, моншақ тізбегінің ақ, қызыл, көк түспен берілгендігі немесе түйме тізбегінің екі үлкен, бір кішкене түймелер арқылы берілгендігін атап айту керек. Берілген тізбектегі моншақтарды топпен санай отырып, жұп және тақ сандардың арасындағы заңдылықтарды қайталату. Мысалы, моншақтар тізбегін жұп сандар арқылы санату: 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14,16,18 т.с.с. Тақ сандар арқылы санату: 1, 3, 5, 7, 9 т.с.с. Оқушыларға заңдылықтардың әртүрлі түрлерін, заңдылықтарды моншақтар немесе түймелер арқылы қайталап көрсетуді сұрау. 2. МК:Қ: Суреттегі асықтар қандай заңдылықпен орналасқан? “Заңдылықты жалғастыр” тапсырмасы бойынша оқушылардың назарын суретке аудару. “Суреттегі асықтар қалай орналасқан?” деген сұрақтарды қою арқылы оқушылардың ой-пікірін тыңдау.. Келесі санның қандай болатынын тауып, жауабын тыңдау. Тапсырманы жалпы сыныппен орындату. Қабілеті жоғары оқушыларға осы тапсырмаға ұқсас қосымша тапсырмалар құрастырып айтуды ұсыну. Жауабы: 2, 4, 6, 8, 10, 12, ... |
Сабақтың ортасы |
10 мин
6 мин
5 мин
| 3. Ж:Қ: Заңдылықты сақтап, сандар қатарын жалғастыру. Тапсырмасын сан қатарындағы заңдылықты тауып, жалғастырып айтуын ұйымдастыру. Тапсырманы жұппен орындату. Жауабы: 14, 12. 4. Ұ; Қ Шығарып көр. Заңдылықтарды сақтай отырып,көше бойындағы үйлердің нөмірін айт.Көшенің қарсы бетіндегі үйлердің нөмері қандай болады? Жауабы: 15, 17, 19, 21.
5. МК:Т:Қ: Мысалдар неге осы ретпен берілген? Анықта. Оқушыларға тапсырманы топта орындауды ұсыну. Олардан барлық мысалдарды жеке параққа шығаруды сұрау. Содан кейін топпен мысалдар неге осылай тұрғанын талдауды ұсыну. Топтағы өз болжамын айтып беруді сұрау. Оқушыларға, егер мысалдардың біреуінің жауабы екіншісінің басы болып келсе, онда мұндай мысалдардың дөңгелек мысалдар деп аталатынын хабарлау. Оларға ұқсас дөңгелек мысалдар құрастыруды ұсыну. Орындап көр.Алашаның суретін сал. Жолақтарын қөрсетілген ретпен боя.Алашаның шетінде қандай жолақ болады? Ойлан. “Сандар тізбегін” оңға және солға жалғастыру үшін көрсетілген сандар арасындағы заңдылықты тапқызып, сол заңдылық бойынша жал-ғастыртып айтқызу. Тапсырманы орындау қиынға соққан оқушыларға 9-дан кейін келетін санды бірге талдау жүргізе отырып, табуға көмектесу. Жауабы: 1, 3, ..., 11, 13, 15. 6. Дәптермен жұмыс: |
Сабақтың соңы | 2мин | «Сұрақ-менен, жауап-сенен» Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін сұрақтар беріп, жауаптарын тыңдау: |
Қосымша ақпарат |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс |
| Жұптардың өзара тексеруі, смайликтер арқылы | Әдебиеттік оқу Табиғатты сүю, қорғау |
Рефлексия | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |