kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Көше мен жол заңдылықтары" акциясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Көше мен жол заңдылықтары»

Мақсаты: Оқушыларды жол ережесін сақтауға үйрету, көше қатынас ережелерін меңгерту, жол белгілермен таныстыру, оларды бұлжытпай орындауға баулу, жол апатынан сақ болуға үйрету.

Көрнекілігі: Жол белгілері суреттері, қауіптіліктің алдын  алуға  байланысты суреттер, жолақ жол,  бағдаршам, шарлардан жасалған  бағдаршам, естелік тарататын қима қағаздар.
Түрі: Акция
 

Тақырыбы: «Көше мен жол заңдылықтары»

Мақсаты: Оқушыларды жол ережесін сақтауға үйрету, көше қатынас ережелерін меңгерту, жол белгілермен таныстыру, оларды бұлжытпай орындауға баулу, жол апатынан сақ болуға үйрету.

Көрнекілігі: Жол белгілері суреттері, қауіптіліктің алдын  алуға  байланысты суреттер, жолақ жол,  бағдаршам, шарлардан жасалған  бағдаршам, естелік тарататын қима қағаздар.
Түрі: Акция
 

Тақырыбы: «Көше мен жол заңдылықтары»

Мақсаты: Оқушыларды жол ережесін сақтауға үйрету, көше қатынас ережелерін меңгерту, жол белгілермен таныстыру, оларды бұлжытпай орындауға баулу, жол апатынан сақ болуға үйрету.

Көрнекілігі: Жол белгілері суреттері, қауіптіліктің алдын  алуға  байланысты суреттер, жолақ жол,  бағдаршам, шарлардан жасалған  бағдаршам, естелік тарататын қима қағаздар.
Түрі: Акция

Тақырыбы: «Көше мен жол заңдылықтары»

Мақсаты: Оқушыларды жол ережесін сақтауға үйрету, көше қатынас ережелерін меңгерту, жол белгілермен таныстыру, оларды бұлжытпай орындауға баулу, жол апатынан сақ болуға үйрету.

Көрнекілігі: Жол белгілері суреттері, қауіптіліктің алдын  алуға  байланысты суреттер, жолақ жол,  бағдаршам, шарлардан жасалған  бағдаршам, естелік тарататын қима қағаздар.
Түрі: Акция

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Көше мен жол заңдылықтары" акциясы»

5 мектеп-лицей









(«Қауіпсіз жол» атты онкүндікте өткізілген акция)

Көше мен жол

заңдылықтары








Өткізген: Дәрменқұлова Л.Ж.

3 А сынып








2019-2020 оқу жылы

Тақырыбы: «Көше мен жол заңдылықтары»

Мақсаты: Оқушыларды жол ережесін сақтауға үйрету, көше қатынас ережелерін меңгерту, жол белгілермен таныстыру, оларды бұлжытпай орындауға баулу, жол апатынан сақ болуға үйрету.

Көрнекілігі: Жол белгілері суреттері, қауіптіліктің алдын алуға байланысты суреттер, жолақ жол, бағдаршам, шарлардан жасалған бағдаршам, естелік тарататын қима қағаздар.
Түрі: Акция
Сабақтың барысы:

Жүргізуші Ильяс:Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар, ата-аналар! «Көше мен жол заңдылықтары» атты шарамызға қош келдіңіздер. Біздің қаламызда, еліміздің барлық қала, ауылдарында – бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Осы мақсатта мектебімізде бастауыш сынып оқушыларының арасында «Қауіпсіз жол» атты онкүндік өтуде. Біз 3 А сынып оқушылары да осы онкүндікке өз үлесімізді қосып, «Көше мен жол заңдылықтары» туралы сөз қозғамақшымыз.

Мұғалім:

Бүгін бізде қонақта Шалқар ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы, полиция лейтенанты Аманжолов Жеткерген Жұмаханұлы, Шалқар ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының кіші лейтенанты Рыщанов Ерлан Ермалайұлы, мектеп медбикелері Кулимова Сания Айсауытқызы және Мұханбетбақова Бибіжан Нұрлыбекқызы, ата-аналар мен ұстаздар қауымы.

Жүргізуші Ильяс: Сонымен жол белгілеріне назар аударайық.

Айзере: Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.

Әлішер: 1998 жылдан бастап Республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді: ескерту белгілері, басымдылық белгілері, тыйым салу белгілері, міндеттеу белгілері, ақпараттық-көрсеткіш белгілері, қызмет көрсету белгілері,

қосымша ақпараттық белгілер.

Ерасыл: Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.

Нұрхан: Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.

Сағадат: Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді.

Мәди: Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.

Роллан: Қосымша ақпараттық белгілер бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі.

Адия: Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады.

Мұғалім: Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Ол қандай ереже? Ендеше назар аударайық.

Жүргізуші Ильяс: Есте  болсын!

Нұргелді: Жаяу жүргіншілер  жаяу  жолмен  ғана  жүруі  тиіс.

Малика: Жолдың бойымен  жүруге,  ойнауға  болмайды.

Фариза: Көшенің арғы  бетіне  тек  бағдаршамның  жасыл  белгісі  немесе  жүргіншігіе  арналған 

жол  арқылы  өту  керек.

Адия: Тұрған автобус  пен  троллейбустың  артынан  айналып  өткен  дұрыс.

Кәусар: Велосипедпен жаяу  жолдың  бойымен  жүру  керек.

Нұрәли: Көлік ішінде  келе  жатқанда  жүргізушінің  мазасын  алмау  қажет.

Айша: Көліктен немесе  ағаш  тасасынан  жолға  жүгіріп  шығуға  болмайды.

Айзере: Жол қозғалыс  Ережелерін  бұзған  азаматтарға  Қазақстан  Республикасының 

заңнамаларына  сәйкес  жауапкершілік  жүктеледі.

Еркеназ: Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше күте тұр.
Жасұлан: Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр. Алдыңнан машина шықса, жол бер. Омар: Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
Гүлденай: Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді.
Айару: Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара.

Дильназ: Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда  ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
Аягөз: Жол қиылысында аса абай бол. Бағдаршамға қарауды ұмытпа.
Аманбек: Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе және ілісіп кетпе.

Адуллаһ: Көшенің шетіне өту үшін арнайы өткелден өту керек. Ал қалалық жерлерде аспалы көпірлермен, жол асты жолымен жүреді.

Әлішер: Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады.

Ильяс: Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма. Ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше күте тұр.

Аялдамада тұрған автобустың арт жағынан айналып өт.Сонда сен оның соңынан келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

Ерасыл: Жолдан өткенде әңгімені доғарып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудар.

Роллан: Транспорттың артына жабысуға болмайды, құлап, апатқа ұшырауың мүмкін.

Нұрхан: Көшеде келе жатып, қақпадан шығып келе жатқан көлікті көрсең күте тұр.

Мәди: Көшеде тоқтап тұрған көліктің қасынан абайлап өт, көлік есігін ашып қалуы мүмкін.

Сағадат: Қала көшесімен келе жатқанда абай бол! Асықпа! тек тратуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.

Мұғалім: Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды. Міне, балалар, біз әркез жолда абай болсақ қана өз өмірімізді қауіп қатерден сақтай аламыз. Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!

Мұғалім: Ендігі сөз кезегін Шалқар ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы, полиция лейтенанты Аманжолов Жеткерген Жұмаханұлына беріледі

Жүргізуші Ильяс: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Баршамызға оның сырын біліп, тілін алу керек. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.

Ендеше Шалқар ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының кіші лейтенанты Рыщанов Ерлан Ермалайұлын балаларға жаяу жүргіншілер жолынан өту ережесін көрсетуін сұраймыз.

Еркеназ:

Бақылап жол тәртібін,

Өткізетін әр күнін.

Реттеуші көрдім мен,

Қиылыстан дәл бүгін.

Ала таяқ қолында

Айтары көп оның да.

Не істеу керек, тұрса да

Реттеуші жолында.

Тік көтерсе таяғын,

Баспа алға аяқты.

Бағдаршамның бұл белгі,

Сары шамы сияқты.

Гүлденай:

Кеудесімен бұрысла,

Қарап саған бетпе – бет.

Тұрғаны оны ұғыңсан,

Жолды жапты өтпе деп.

Арқа жағын қаратса,

Өтіп кетпе аңғармай.

Бағдаршамның бұл белгі,

Қызыл түсі жаңғандай.

Кәусар:

Оң иық, не сол иық,

Бұрылғанда сен жаққа,
Тұрып қалма мөлтиіп,

Алға қарай тез атта.

Реттеуші бұрылды,

Бір қырындап тік тұрып,

Жасыл жанды дегенді,

Жүргіншіге ұқтырып.

Реттеуші бар көшеде,

Тап болса егер кімде – кім,

Тек сол берген белгіге,

Көну соның міндеті.

(Жол полиция қызметкері балаларға жаяу жүргіншілер жолынан өту ережесін көрсетеді)

Мұғалім: Бүгінгі акция барысында келген қонақтардың қаншалықты жол ережесі туралы мағлұмат алғандығын бақылау мақсатында «Жалғасын тап» деген ойын ойнамақшымыз. Қазір мен бірнеше жол ережелерін бастап оқимын, соңын сіздер аяқтайсыздар. Сендер бұл ережелерді мұқият тыңдаңдар. Жол ережесін бастап оқығанда сендер жалғасын тауып жалғастырып және себебін айтып кетесіздер.

1. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма. Ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше күте тұр.

2.Аялдамада тұрған автобустың арт жағынан айналып өт.Сонда сен оның соңынан келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

3. Жолдан өткенде әңгімені доғарып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек.

4. Көшенің шетіне өту үшін арнайы өткелден өту керек. Ал қалалық жерлерде аспалы көпірлермен, жол асты жолымен жүреді.

5. Транспорттың артына жабысуға болмайды,құлап, апатқа ұшырауын мүмкін.

6. Көшеде келе жатып, қақпадан шығып келе жатқан көлікті көрсең күте тұр.

7. Көшеде тоқтап тұрған көліктің қасынан абайлап өт, көлік есігін ашып қалуы мүмкін.

8. Қала көшесімен келе жатқанда абай бол!Асықпа! тек тратуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.

9. Жолдың бойымен  жүруге,  ойнауға  болмайды.

10. Көшенің арғы  бетіне  тек  бағдаршамның  жасыл  белгісі  немесе  жүргіншігіе  арналған 

жол  арқылы  өту  керек.

11. Көлік ішінде  келе  жатқанда  жүргізушінің  мазасын  алмау  қажет.

12. Көліктен немесе  ағаш  тасасынан  жолға  жүгіріп  шығуға  болмайды.

13. Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара.

14. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда  ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
15. Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе және ілісіп кетпе.

Мұғалім:

Жарайсыңдар, балалар. Жол бойында болатын апатты, қиын жағдайлардың алдын алу мақсатында бүгінгі акциямыздан естелік ретінде акцияға қатысушыларға «Қауіпсіз жол бағдары» атты естелік парақшаларын тарату үшін ортаға жол полиция қызметкерлерін шақырамыз.

(3 А сынып сақшылары мен жол полиция қызметкері қатысушыларға естелік парақшалар таратады)
Қорытынды

Мұғалім: Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!

















































Сынып сағаты анализінің хаттамасы

(сыныптан тыс іс-шаралар)

Күні:__________

Сынып:_________

Білім алатын оқушылар саны:_________

Сынып жетекшісі:________________________________________________________________________

Сынып сағатының тақырыбы:___________________________________________________________

Онкүндік немесе айлық атауы:____________________________________________________________

Қатысушылар: ______________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________




Не бағаланады



1

Сынып жетекшісінің негізгі жеке басының бағасы.




Сынып жетекшісінің толықтай ой өрісі және білімі




Педагогикалық және әдістемелік шеберлігінің деңгейі




Сөйлеу мәдениеті, дикция, шапшаңдық, қарқындылық, бейнелілік, сезімдік




Әдептілік және демократияшылдық деңгейінде оқушылармен қарым-қатынас




Мұғалімнің сыртқы келбеті, мимикасы, қылықтары, өз- өзін ұстау



2

Сынып сағатындағы оқушылардың негізгі мінездемелері




Танымдық белсенділігі, шығармашылық және өз бетінше жұмыс жасау деңгейі




Жалпы тәрбиелеу және арнайы икемділігі және дағдылары




Ұжымдық (топтық) жұмыстар формаларының тиімділігі




Тәртіптілік, ұйымшылдылық, қызығушылық деңгейі.



3

Сынып жетекшісінің және оқушылардың ұстанымын бағалау.




Тәрбиелік материалдың ғылымилығы, қол жетімділігі.




Өзектілік және өмірмен байланыс




Жаңа нәрсенің деңгейі, тәрбиелік материалдың тартымдылығы.



4

Тәрбие берушінің және оқушылардың сынып сағаты барысында қызмет әдісі тиімділігін бағалау.




Сабақ уақытын ұтымды және тиімді пайдалану, оның оңтайлылығы, кезектесуі және қызмет түрлерін алмастыру.




ТСО және көрнекіліктің мақсаттылығы және тиімділігі.




Сынып сағатының барысында оқушылармен кері байланыс




Сынып сағатының оқушыларға тигізетін эстетикалық ықпалының деңгейі.



5

Өткізілген сынып сағатының қорытындыларын және мақсаттарын бағалау.




Сынып сағатының тұжырымдамаларының нақтылық, анықтылық және қысқа айтушылық деңгейі.




Мақсатқа бір уақытта нақтылы, күрделілік және қолдан келерлік қол жеткізу.




Жүргізілген сабақтың оқушыларға ықпалын тигізу. (не нәрсеге және қандай дәрежеде оқытылды)




Тәрбие беру ықпалдылығының деңгейі. (олардың тәрбиелеуге не себеп болды )




Сабақтың оқушыларға тигізген ықпалдылығының деңгейі (олардың дамуына не себеп болды)




Қорытынды:




Әр өлшемнің жоғары бағасы 3 ұпай: жоғары деңгейі 57-63, жақсы деңгейі 50-56, орташа деңгейі 43-49, төмен деңгейі 36-42


Шешімі:

1.__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2.__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары:


Топ жетекшісі:





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Көше мен жол заңдылықтары" акциясы

Автор: Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы

Дата: 30.09.2019

Номер свидетельства: 521350


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства