kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?о?амны? даму за?дылы?тары мен ?ызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Cаба?ты? та?ырыбы: ?о?амны? даму за?дылы?тары мен ?ызметі.

Саба?ты?  т?рі: аралас.

Саба?ты? ?дісі: баяндау.                                                          

Саба? ма?саты: ?ткен та?ырыппен жа?а та?ырыпты байланыстыру барсында студенттерді? ал?ан білімін жан-жа?ты де?гейде тексеру.

Міндеттері: 1.  ?о?амны? дамуында?ы за?дылы?тарды ба?ындыратын ілімдерді? м?нін, ма?ынасын ашу, ?о?амда?ы ат?аратын ?ызметін, ?ажеттілігін, шы?у тарихын т?сіндіру

2. Студенттерге ?о?амны? даму за?дылы?тарыны? шы?у тарихынын мазм?нын т?сіндіре отырып танымды? ойлау, есте са?тау ?абілеттерін дамыту.

3. ?о?амны? дамуы барысында ?алыптас?ан за?дылы?тарды са?тауды? ?аншалы?ты ма?ызды екенін айта отырып, ?здері ?мір с?ріп отыр?ан ?о?амыны? жан ашыры болар азмат етіп т?рбиелеуге ы?пал жасау.

П?наралы? байланыс: Философия, математика, физика

К?рнекі ??ралдар, жабды?тар: электронды о?улы?, с?з ж?мба?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қойшыгарина Қоғамтану»

М.Тынышпаев атындағы ҚазККА

Ақмола колледжі

Тарих пәні оқытушысы

Қойшыгарина Гүлнұр Қалқаманқызы



Сабақ жоспары


Пән аты: Қоғамтану

Cабақтың тақырыбы: Қоғамның даму заңдылықтары мен қызметі.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақ мақсаты: Өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыру барсында студенттердің алған білімін жан-жақты деңгейде тексеру.

Міндеттері: 1. Қоғамның дамуындағы заңдылықтарды бағындыратын ілімдердің мәнін, мағынасын ашу, қоғамдағы атқаратын қызметін, қажеттілігін, шығу тарихын түсіндіру

2. Студенттерге қоғамның даму заңдылықтарының шығу тарихынын мазмұнын түсіндіре отырып танымдық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Қоғамның дамуы барысында қалыптасқан заңдылықтарды сақтаудың қаншалықты маңызды екенін айта отырып, өздері өмір сүріп отырған қоғамының жан ашыры болар азмат етіп тәрбиелеуге ықпал жасау.

Пәнаралық байланыс: Философия, математика, физика

Көрнекі құралдар, жабдықтар: электронды оқулық, сөз жұмбақ


САБАҚ БАРЫСЫ

1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа бетбұрыс жасау

2.Өткен тақырыпты тексеру

Жұмыс түрі: Реферат арқылы үй тапсырмасын қорғау.

Төмендегі жоспар бойынша үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрау:

  • Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны қандай?

  • Қандай ұйымдарға мүшелік етуде?

  • Ұйымдардың Қазақстан үшін қаншалықты маңызы бар?

  • Қасақтанның әлемдегі орны қандай?

  • Қазақстандағы әлемге танымал болған соңғы жаңалықтары қандай?

Үй тапсырмасын төмендегі «Философтар» сөз жұмбағы арқылы қорыту:





1











2

П

Т

О

Л

Е

М

Е

Й

3

Л

Е

Н

И

Н










4

Ф

А

Л

Е

С






5

К

А

Н

Т







6

Э

Н

Г

Е

Л

Ь

С






7

С

О

К

Р

А

Т





8

М

А

р

К

С







1. «Философия» терминин алғаш қолданған математик, философ кім?

2. «Геоцентрлік жүйе» авторы?

3. К.Маркстің материалистік ілімін жалғастырушы кім?

4. Табиғаттың белгілі бір заңдылықтарын зерттеген ежеглгі грек философы кім?

5. «Философиялық антропология» терминін алғаш енгізген кім?

6. «Жер де ғарыштың бір бөлігі» деген кім?

7. «Ей, адам баласы, өзіңді-өзің тани біл!» деп ұрандаған кім?

8. «Адам - барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» деген сөздің авторы?


3. Жаңа тақырып өту:

Жаңа тақырыпты баяндау әдісі арқылы түсіндіру.

Жоспары

  1. Диалектиканың заңдары

«Диалектика» (грекше dialetire пікірлесу, дауласу) терминін алғашында пікір алысу, сөз жарыстыру, айтысу өнері деген мағынаны білдірген. Сократ диалектиканы қарама-қарсы пікірлерді қақтығыстыру жолымен ақиқатты іздестіру өнері ретінде қолданған.

Диалектика – дамудың жалпы заңдары туралы ілім, теориялық ойлаудың логикасы әрі таным әдіснамасы.

Диалектиканың негізгі үш заңы:



Қарама-қарсылықтардың санның сапаға немесе терістеуді терістеу заңы

бірлігі мен күресі заңы керісінше, сапаның

санға айналу заңыы қорыту:ылықтарын зерттеген ежеглгі грек философы кім?ңызды екенін айта отырып 0000000000000000000000000000

  1. Сан мен сапаның бірлігі заңы

Диалектиканық көзқарас бойынша даму дегеніміз - сападан екінші сапаға өту, жаңа сапаның пайда болуы. Әр нәрсенің өзіндік сапасы мен сандық айқындамасы бар.

Сапа дегеніміз – нәрсені, затты өзіне-өзін барабар қылып тұрған, оның өзімен тең ішкі айқындамасы, ең басты қасиеттерінің жиынтығы;

Сандық айқындама заттардың, нәрселердің, құбылыстардың, үдерістердің нақты мазмұны мен сапалық табиғатына салыстырмалы алғанда бейжай болып келетін, олардың қасиеттерінің үлкенді-кішілігін білдіретін, сан арқылы өрнектелетін жалпылама анықтамасы.

Заттаң сапасы мен санының арасында белгілі бір терең байланыс, бірлік бар. Оны өлшем деп атайды.

Өлшем – сапа мен санның бірлігі.

  1. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы

Диалектиканың бұл заңының мазмұнын ашу үшін тепе-теңдік, айырмашылық, қарама-қарсылық, қайшылық, қайшылықытың шешілуі сияқты категориялардың арақатынасын қарастыруға тура келеді.

Диалектикада қарама-қарсылық деп тұтас құбылыстың, үдерістің бір-бірін бір мезетте әрі жоққа шығарылатын, әрі өзара қажет етіп, тіленіп тұратын жақтарын, қасиеттерін, белгілерін атайды. Диалектикалық қарама-қарсылықтың жақтары бірінсіз-бірі болмайды, олар бір-біріне тәуелді болып, бір-бірін толықтырып, тұтасып тұрады.

  1. Терістеуді терістеу заңы

Терістеуді терістеу заңының мазмұнын ашу үшін біз теріске шығару, ілгерілеу, қайталану, терістерді терістеу, сабақтастық сияқты ұғымдарға жүгінеміз.

Диалектикалық терістеу даму сатылары арасында терең заңды байланыс бар екенін көрсетеді. Диалектикалық мағынасында терістеу – бардың өміршең жақтарын мейлінше сақтап қалу, түбегейлі қиратпай, еппен «түсіру».


4.Нығайту

Жаңа тақырыпты төмендегідей сұрақтар арқылы нығайту:

  • Диалектика ұғымын нені білдіреді, қай тілден енген?

  • Диалектиканың шығу тарихына үлес қосқан философтар кімдер?

  • Диалектиканың негізгі неше заңы бар? Оларды ата!

  • Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы не үшін қажет?

  • Сан мен сапаның бірлігі заңын қалай түсінесіз?

  • Терістеуді терістеу заңы нені білдіреді?


5. Үй тапсырмасы

Ә.Нысанбаев «Адам және қоғам» 11 сынып §9-10 44-52 б

Реферат, сөз жұмбақ дайындау.


6.Өзіндік жұмыс

Кестені толтыр!

Диалектиканың негізгі үш заңы және олардың

мазмұнын ашатын ұғымдар

Сана мен сапа бірлігінің заңы

Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы

Терістеуді терістеу заңы







7.Қорыту

Сонымен бүгінгі сабақты қорытатын болсақ философия тарихында онымен біте қайнасып, әбден иі қанған, теориялық ойды ақиқатқа жетелейтін бірден-бір сенімді әдіс диалектикалық әдіс болып табылатынын айта отырып, «диалектика» ұғымы пікірлесу, дауласу, пікір алысу, сөз жарыстыру, айтысу өнері деген мағынаны білдіретінін тағы да естеріңізге саламын.

Ендеше сабақты төмендегідей кестені толтыру арқылы қорытайық:


Нені білем?

Нені білдім?

Нені білгім келеді?






8.Бағалау

Студенттерді сабаққа дайындық нәтижесі бойынша бағалау.


Оқытушының аты-жөні: Г.К.Койшыгарина

Қолы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
?о?амны? даму за?дылы?тары мен ?ызметі

Автор: ?ойшыгарина Г?лн?р ?ал?аман?ызы

Дата: 13.06.2016

Номер свидетельства: 334246


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства