Просмотр содержимого документа
«Ы. Алтынсарин "Әке мен бала"»
Сабақ жоспары
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: «Әке мен бала» Ы.Алтынсарин
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: Тұңғыш педагог Ыбырай Алтынсарин өмірі және оның шығармашылығы туралы білімдерін қалыптастыру. Ы. Алтынсарин «Әке мен бала» әңгімесін жан- жақты талқылау.
2.Дамытушылық:.Оқушылардың ой –өрісін кеңейту,тіл байлықтарын молайту,байланыстырып сөйлеу дағдыларын, сын тұрғысынан ойлай білуін,танымдық қабілеттерін дамыту.Оқушыларды өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын толық жеткізе білуге төселдіру.
3.Тәрбиелік: .Бала бойына әкені сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру.Жаман әдеттен аулақ болуға, қанағатшылдыққа,ақылды, тіл алғыш болуға тәрбиелеу.
49- жаттығу.(Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазыңдар.Жұп дауысты әріптердің астын сызыңдар.)
ІV. Жаңа сабақ.
1.Мәтіннің авторы: Ы.Алтынсарин туралы не білеміз?
2.Ы.Алтынсарин кім? Ағартушы білімді адам.
3.Ыбырай атаның қандай әңгімесімен танысып едіңдер(Бір уыс мақта,Мақта қыз бен мысық.)
3. Интерактивті тақтамен жұмыс.
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.
Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Торғай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.
1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.
1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.
Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.
Шығармалары:“Қазақ хрестоматиясы”(1879 ж оқулық)
“Кел, балалар, оқылық”, “Өнер-білім бар жұрттар, Асан мен Үсен”, “Бай баласы мен жарлы баласы”, “Әдептілік”, “Әке мен бала”, “Таза бұлақ”, “Өзен” және т.б.
V.Мәтін мен жұмыс:
А)1-көрініс:Әке мен баланың егңс басынан қайтып, ескі тағаны көруі.
2-көрініс: Әкесінің әрекеті.
3-көрініс:Баланың шиені жерден алып жеуі.
4-көрініс: Әке ақылы
Ә) Талдау жұмысын жүргіземін.
1.Әкесі мен баласы қайдан қайтты?
2. Әкесі жолда не тауып алды?
3. «Анау тағаны ала жүр, балам» - кімнің сөзі ?
4. Баласы не деді?
5. Әкесі тағаны не істеді?
6. Мәтінде кездесетін мақалды тап?
7. Әкесі баласына шиені неге бермеді?
8. Әкесі баласына қандай ақыл айтты?
9. Бұл әңгіме сендерді неге үйретті?
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Тез шынығып алайық.
С Ө З Ж Ұ М Б А Қ
С Ұ Р А Қ Т А Р: 1. Ы.Алтынсарин кім? 2. Ы.Алтынсаринді кім тәрбиеледі? 3. Шиені неге айырбастады? 4. Ы.Алтынсарин қазақ балаларына арнап не жазды? 5. Әке мен бала не тауып алды? 6. Ы.Алтынсарин қайда туған ?