Пәні Әдебиеттік оқу
Күні 19.01.2017
Сынып 2 «Г»
Мектеп : « Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі » КММ
Қатыспағандар саны
Сабақтың атауы
В. Сухомлинский. Ақ шаш. Ана
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. «Ақ шаш» мәтінінің мазмұнын түсінеді.
2. Мәтіннің мазмұнын айта алады.
3. Мәтіннің мазмұнына байланысты өлең, мақал-мәтелдер айтып, ой бөлісе алады.
Оқу нәтижелері
Мәтіндегі негізгі ойды табу.
Ана және шаш туралы біледі және ажырата алады.
Ана туралы өлеңдер біледі.
Жетістік критерийлері
Берілген мәтінді түсініп тізбектеп оқуы.
Мәтінге байланысты мақаланың мазмунын терең түсінуі.
Мәтіндегі негізгі ойды табуы.
Тілдік мақсаттар
Оқылым, тыңдалым, айтылым,жазылым.
Құндылықтарды дамыту
Ана және Ақ шаш туралы біледі және түсінеді.
Пән аралық байланыс
Математика,бейнелеу.
АКТ-ны қолдану дағдылары.
Интерактивті тақтада суреттер көрсету.
Бастапқы білім
Мейірім.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар
Уақыт 45
Басталуы
1.Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу.
Ұлкенгеде сіз
Кішігеде сіз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз
Шаттық шеңберін құрып ынтымақтастық атмасферасын калыптастыру.
- Осы біздер қандаймыз?
- Талабы биік таудаймыз!
- Біз нені ұнатамыз?
- Жақсылықты ұнатамыз,
Жамандықтан тез қашамыз.
- Қалай оқимыз?
- Көп оқимыз. Терең оқимыз.
- Жанып тұрған шырақпыз.
Толқынды су бұлақпыз.
- Біз кімбіз?
- Елімізді өркендететін,
Қазақ тілін көркемдететін,
Бабаларға тағзым ететін,
Аналарға бас иетін
Елтаңбасымен еңселі,
Туымен тұғырлы,
Әнұранымен айбатты –
Қазақ елінің болашағымыз!
Үй тапсырмасын сұрау
10минут
Мейірім тақырыбын 4-5 оқушыдан сұрау.
Оқушыларды топқа әр түсті текшелер арқылы бөлу. Текше түстес көрсеткіші бар партаға отыру.
Ортасы 30минут
- Жаңа сабақ.
Ы.Алтынсарин. Бұл кім?
«Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (Ана)
Сабақтың тақырыбын ашып алу.
Оқулықпен жұмыс.
«Болжау» стратегиясы.
а) Балалардың алдына әңгімеден үзінді беру, яғни оны оқушылар ары қарай жалғастырып, оқиғаның немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.
ә) Оқулықтағы мәтінді оқып беру.
б) Мәтінді білім алушылар ойымен салыстыру.
в) Сұрақ-жауап.
- Мәтінде негізгі ой қандай мәселеге құрылған ?
- Мишаның байқампаздығын қалай аңғардың?
Ана өлеңін мәнерлеп оқыту.
1топ. Ана топтастыру
2топ Ана туралы өлең құрастыру.
3топ Ана туралы мақал – мәтел айту.
4 топ Шаш топтастыру
5топ Ана туралы шағын әңгме жазу.
Дискриптор: Мәтінді тізбектеп оқыды.
Мәтінің мазмұнын терең түсінді.
Негізгі ойды тапты.
Ана туралы өлеңді мәнерлеп оқыды.
Аяқталуы 5 минут
Кері байланыс. Ойланып көрейік жазып берейік
Мейірімді __________________________________
Дүниеге жарық сыилаушы _______________________
Жұмысшы ______________________________________
Ақын ________________________________________
Дәрігер _________________________________________
Мұғалім _____________________________________
Адал __________________________________________
Қасиетті қамқоршы ________________________________
Үйге тапсырма Ана өлеңін жаттау
Қосымша ақпарат.
Оқушыларға қалай көбірек қосымша көрсетуді жоспарлайсыз
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай көмек беруді жоспарлап отырсыз.
Бағалау-оқушылардың материалдарды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.