kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?йірме ?ол ?нері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?сінік хат

Ба?дарламаны? ма?саты:

Балалар?а ?осымша білім беруде о?ушыны? білімін, шеберлігін  к?рсету. О?ушыны шы?армашылы? ж?мыс?а тарту ар?ылы танымды? ?абілеттерін, ?ызы?ушылы?ын арттыру, жетістіктерін ба?алап к?рсету, белсенділігін ?алыптастыру, ?здігінен е?бек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?йірме ?ол ?нері »

Түсінік хат

Бағдарламаның мақсаты:

Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін  көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.

Бағдарламаның міндеті:

Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан  өнері тамған баланы тәрбиелеу.  Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.

 Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.

 Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген.   Елімізді-2030 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш - бүгінгі оқушы балалар екені де анық. 

Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу,  үйрету аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын.

Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман  ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан  бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу.

Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен  қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның  адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету.

Бұл авторлық бағдарлама, бұл бағдарламаны жасауда өзімнің жылдар бойы жасаған тәжірибемді пайдаландым. Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты  3-4 сыныпта оқитын оқушыларға арналған. Бағдарлама оқу жылына арналған. Сабақтың түрлері: баяндама, лексия, пікірталас, әңгімелесу, талдау, теориялық, машықтық, жеке, топтық, сауалнама, кездесулер түрінде, технологиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер арқылы орындалуы жүзеге асырылады. Күтілетін нәтижелер:  оқушылар өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін мектепішілік, аудандық көрмеде көруі.

Бағдарламаны жүзеге асырудың қорытынды түрі мектепішілік, аудандық көрмеге жұмыстарды шығару.

Бұл бағдарлама 11 бөлімнен тұрады.

Көркем еңбек бөлімінде ұлттық киім түрлері, әйелдер мен ерлер киімдерін түрлі материалдан қиып жапсыру үйретіледі.

Тұрмыстық еңбек бөлімінде әшекейлік, тұрмыстық бұйымдар құрастыру, ыдыс-аяқтарды мүсіндеу, безендіру үйретіледі. 

Жұмсақ бейне ойыншықтар бөлімінде жұмсақ ойыншықтар жасау технологиясы үйретіледі.

Жапсырмалау жұмысы бөлімінде қағаз, мата, былғары, түрлі-түсті қағаздан ертегілер әлемінен көрініс құрастыруға үйретіледі.

Былғарымен жұмыс жасау бөлімінде былғарыны тазалау, бояу, пішу, одан әртүрлі бұйымдар жасау үйретіледі.

Ою-өрнек бастырмалар бөлімінде ою-өрнектің үлгілерін жасау, ою жиегін кестелеу әдістері үйретіледі.

Сәндік қолданбалы – өнер элементтері бөлімінде шолпы, алқа, білезік, тұмарша бұйымдарын жасау үйретіледі.

Су моншақ тоқып үйрену бөлімінде моншақпен бұйымдар кестелеу, моншақпен кестелеу жұмыстарына үйретіледі.

Тоқыма-өнері бөлімінде тоқу әдістеріне үйретіледі.

«Қолөнер - еңбектің қайнар көзі» үйірмесінің бағдарламасы оқушыларға тәрбиелік мәні бар, көркемдік шеберліктің үлгісі. Бүгінгі шәкірттерді, еңбекқор, жан-жақты икемділік қабілеттері жетілген азамат етіп тәрбиелеуді көздейді. Бағдарлама бойынша жас ерекшеліктеріне, байланысты орта 3-4 сыныпта, ересек 3-4 сыныпта оқитын оқушылармен сабақты ұйымдастыру әдістемесін, теориялық сабақтар мен практикалық жұмыстар үшін уақытты дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бұл бағдарлама негізгі орта, жалпы орта білім беретін мектептердің және қосымша білім беру мекемелерінің технология пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.

Бағдарлама түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:

Әрбір жетекші мұғалім өз пәнін жақсы біліп қана қоймай, үнемі ізденіс үстінде болу керек, жұмыс жасауға қажетті материалдарды көркем әдебиеттерден, баспа сөз беттерден, ақпарат құралдарынан іздестіре отырып, тақырыпқа байланысты элементтерін, дайын бұйым түрлерін, слайд-фильмдерді, әсіресе компьютер  арқылы фото туындылары т.б.с.с. көрнекі материалдарды барынша пайдаланып, көп еңбектенуге тура  келеді.

Қазір оқушыларымыз өнердің барлық түрлерін, қолөнер еңбекке икемділіктерін үйірме жұмыстарымен айналыса отырып толық меңгеруге тәрбие берудің деңгейін көтеріп, мақсатқа жету үшін түрлі әдіс-тәсілдер қажеттілігінің туындауын шығармашылық іс- әрекеттерімен көрсетуде.      



















Күнтізбелік жоспар

4 сынып

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1.

Техникалық еңбек  кіріспе ұйымдастыру жұмыстары. Технологиялық мәліметтер. Үйірменің мақсаты, маңызы, қолданылуы, әдіс-тәсіл жұмыс түрлері. Қажеттілік материал әзірлеу, жұмыс орны ережелерімен таныстыру.

1


2.

Көркем еңбек. Шеберлер, туынды жұмыстарымен, еңбектерімен таныстыру.

1


3.

Ұлттық безендіру, бедерлер көркемдік өнер бейнелерді киіндіру картон қағаз, түрлі материалдардан.

1


4.

Қолданбалы еңбек.

1


5.

Тігіс, жапсыру, есу әдіс-тәсілдері.

1


6

Ұлттық қуыршақ үлгісін жасау.

1


7.

Тұрмыстық еңбек.

1


8.

Қолданбалы көркем өнер және сәндік бұйымдар.

1


9.

Ермексаздан жапсырма және ыдыстарды мүсіндеу немесе қалыптау.

1


10.

Ыдыстарды әр түрлі материалдан құрастырма жапсыру.

1


11.

Жұмсақ бейне ойыншықтар жасау.

1


12.

Жануарлар, құстар түрлерін жасау.

1


13.

Жапсырмалау жұмысы. Мата, былғары, фальга, өсімдік түрлерімен композициялау, көрініс жасау.

1


14.

Апликациялық қиылыстыру арқылы «Ертегілер елінде».

1


15.

Апликация жасау. Анамызға сыйлық

1


16.

Ою-өрнек жұмысы.

1


17.

Ою-өрнек туралы тарихи мәлімет беру.

1


18.

Шығу тарихы.Қазіргі қолданыста ою-өрнек ерекшелігі, ою-өрнек сән үлгілерін жасау; (қалауынша) жұмыс )киіз үй, тұмарша).

1


19.

Сәндік қолданбалы өнер технологиясы.

1


20.

Көркем қолөнер элементтерінің қолданыста пайдалану технологиясы.



21.

Қатырмақағазбен қобдиша, қоржын бұйымдарын жасау.

1


22.

Моншақ туралы жалпы түсінік.

1


23.

Моншақпен жұмыс

1


24.

Моншақпен бұйымдар бедерлеу,кестелеу.

1


25.

Ұлттық киімдер тігу

1


26.

Тоқу өнері туралы түсінік беру, керекті құралдармен танысу.

1


27.

Тоқыма өнерімен жұмыс

1


28.

Тоқылу әдіс-тәсілдерін технологиясын меңгеру, үйрену, жұмыс жүргізу.

1


29.

Былғары өңдеу туралы түсінік беру, тазалау, пішу, бояу.

1


30.

Былғарымен жұмыс және әдіс-тәсілдерін меңгеру.

1


31.

Жұмыс жүргізу құрал-жабдықтармен таныстыру.

1


32.

Лента туралы жалпы түсінік.

1


33.

Лентамен гүл анимациясын жасау.

1


34.

Қағаздан бұйымдар жасау.

1









































Мазмұны

Техникалық еңбек — 1сағат.

Ұйымдастыру жұмыстары, техникалық мәліметтер, балаларға үйірменің мақсатының маңызын түсіндіру. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Қағаздың маңыздылығы, қасиеттері, ерекшеліктері, қолданылуы, түс үйлесімділігі, желімнің түрлері, қажетті материалдар әзірлеу, эскиздер жасау.

Көркем еңбек — 5 сағат.

Қолданбалы еңбек халық шеберлерінің еңбек ж

ұмыстарымен танысу. Ұлттық киім түрлері. Әйелдер мен ерлер киімдері. Түрлі материалдан киімдерді қиып жапсыру.

Тұрмыстық еңбек — 4 сағат.

Қолөнер көркемдік бұйым материалдарынан әшекейлік, тұрмыстық бұйымдар құрастыру, ыдыс-аяқтарды мүсіндеу, безендіру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Жұмсақ бейне ойыншықтар — 2 сағат.

Әр түрлі бұйымдар жасау (жануар, құстар, адам, жәндіктер) технологиясымен таныстыру. Сызба, пішу, құрастыру, тігу, безендіру.

Жапсырмалау жұмысы — 3 сағат.

Қағаз, мата, былғары, түрлі-түсті қағаздан құрастыру. Ертегілер әлеміне көрініс жасау. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Былғарымен жұмыс жасау — 3 сағат.

Былғары өңдеу туралы түсінік беру, тазалау, бояу, пішу, онымен жұмыс жасалатын құрал-жабдықтармен таныстыру және қолдана білу. Әр түрлі бұйымдар жасау.

Ою-өрнек бастырмалар — 3 сағат

Ою-өрнектің шығу тарихы, қолданылуы. Ою-өрнектің үлгілерін жасау, ою жиегін кестелеу әдістері. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сәндік қолданбалы өнер элементтері — 3 сағат.

Көркем қолөнер технологиясына түсінік. Шолпы, алқа, білезік, тұмарша, бұйымдар жасау.

Моншақ пен бұйым жасау3сағат.

Моншақ туралы жалпы мағлұмат, моншақпен бұйымдар кестелеу, моншақпен маталар кестелеу.

Тоқыма өнері — 4 сағат.

Тоқу өнері туралы түсінік беру. Көрнекті материалдармен, құрал-жабдықтармен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Тоқу әдістерін үйрету, дайындау, соңғы өңдеу жұмыстары.

Лента мен жұмыс – 2 сағат.

Лентамен жұмыс жасаған кезде әр түрлі лента түрлерін пайдаланамыз. Еңалдымен гүлдерді лентамен жасалу жолдарының әр түрлерін үйрендім. Гүлдер – әсемдік белгісі. Түрлі-түсті ленталарды пайдаланып, үйлестіріп, әшекейлеп тігіледі. Түрлі-түсті ленталармен тігілген бірнеше гүлдерден панно жасадым. Лентамен жасалған жұмыстың ерекшелігі әдемі және де көбіне көмкеріліп келеді.

Түрлі - түсті қағаздармен жұмыс – 1 сағат



Білуі тиіс:

 

  • Қолөнер үйірмесі сабағынның негізгі бағыты үйрету, оқыту, игерту болып табылады.

  • Әр сабақта оқушы қолөнер бұйымдар жасаумен қатар, ұлттық  тәлім-тәрбиені бойына сіңіреді

  • Сонымен бірге оқушы салт –дәстүрімізддегі қолөнеріміздің адам айтқысыз қымбат, замандар бойы тарих жасап қалдырған асыл мұра екендігін жете түсіне білуі керек.

  • Қолөнер үйірмесінде халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршен қолөнерін жасап үйренеді.

  • Қолөнерге қызықтыру үшін кез-келген бұйым туындыларының жасалу құпия тарихын ашып көрсетейік, «Жас келсе іске» дегендей -

«Еңбек- ширатады,

«Өмір - үйретеді».

«Білім - асыл қазыналы сандық,

Оны ашатын кілті - еңбек».


































Пайдаланылған әдебиеттер:

Ай сайын шығатын  «Технология» Республикалық әдістемелік журналы.

Бас редактор Әбиева Фарида Бейбітқызы 2006, 2007, 2008, 2009.

Ай сайын шығатын қоғамдық-саяси, әдеби - көркем және суретті «Қазақстан әйелдері» журналы. 2004, 2005, 2008, 2009 ж

Бас редактор: Баққожа Мұқағали.

Маргулан А.Х. Казахское народное  Прикладное искусство- Алма-Ата: Өнер 1986,256 бет.

Шоқпарұлы .Д. Тері өңдеу өнері, Мектептегі технология






































Қол өнер

4- сынып












Мұғалім: Нурпеисова А.Б.
















2015-2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?йірме ?ол ?нері

Автор: Нурпеисова Айгуль Баубековна

Дата: 06.09.2015

Номер свидетельства: 228889

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Кластан тыс шара "Алма ж?рме?кесі" "
    ["seo_title"] => string(37) "klastan-tys-shara-alma-zh-rmien-kiesi"
    ["file_id"] => string(6) "122941"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1414358863"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Айтыс ?нері ж?не опера. "
    ["seo_title"] => string(26) "aitys-onieri-zh-nie-opiera"
    ["file_id"] => string(6) "148533"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419765147"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "Бейнелеу ?нері п?нінен дарынды балалармен ж?мыс ж?ргізу жолдары"
    ["seo_title"] => string(65) "bieinielieuonieripniniendaryndybalalarmienzhumyszhurghizuzholdary"
    ["file_id"] => string(6) "269546"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450862379"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) "?лтты? шешендік ?нер. ?аза? шешендік ?неріні? бірінші кезе?і. Май?ы би мен Аяз би."
    ["seo_title"] => string(82) "ulttykshieshiendikonierkazakshieshiendikonierininbirinshikiezienimaikybimienaiazbi"
    ["file_id"] => string(6) "289373"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454786726"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) ""?нер" ?йірмесі "
    ["seo_title"] => string(15) "onier-uiirmiesi"
    ["file_id"] => string(6) "152399"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420831368"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства