Дұрыс айтамыз балалар машина, тікұшақ, ұшақтармен ойнайды.Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз «Ұшақ неден жасалады?»
Ұшақ неден жасалған?
Сөздікпен жұмыс
Ұшақ – самолет
Ағаш – дерева
Мата – ткань
1-тапсырмадағы суреттер арқылы оқушылардың сөздік қоры ағаш, темір, матаның үлгілерін дайындап қойып, оқушыларға қолымен ұстатып көрсетсе, әсер ерекше болады, жаңа сөздерді есте сақтауға жақсы мүмкіндік туғызады.
2-тапсырмадағы диологпен жұмыс істеу үшін «жасалған» сөзі түсіндіріледі.
Бұл не?
Бұл – ұшақ.
Ол неден жасалған?
Ол ағаштан жасалған.
Ұшақ ауыр ма?
Жоқ, жеңіл.
3-тапсырма кесте бойынша ұшақ, машина, қолжықтың неден жасалғанын айта алуға үйретеді.Оқушыларға бұл тапсырманы жеке – жеке және хормен оқу тапсырылады.
Ұшақ _______________ ағаштан
Машина _____________ темірден жасалған.
Қонжық _____________ матадан
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Ойын. Адасқан сөздерді табу.
Ұш ина
Ойын ақ
Ма шық
Темір тан
Ағаш ден
4-тапсырма сұраққа жауап беру дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар Ойыншықтар неден жасалған? Сұрағына жауап беріп үйренеді.Мұғалім суреттегі ойыншықтарды еске түсіреді.Мұғалім суреттегі ойыншықтарды еске түсіреді(қоян, мысық, робот). Оқушылар «Қоян матадан жасалған.Мысық ағаштан жасалған. Робот темірден жасалған.» деген сөйлемдер құрап айтады.
5-тапсырма ауыр/жеңіл, қатты/жұмсақ, таза/кір сөздерін салыстыра отырып есте сақтауға бағытталған. Оқушылар Ойыншық қандай? сұрағына жауап беріп үйренеді.
6-тапсырма да оқушылардың оқылым дағдысын жетілдіре түседі.
Мынау – ұшақ. Ұшақ ағаштан жасалған. Ол қатты, жеңіл. Менің ойыншығым әдемі, таза.