kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ұл бала мен қыз бала"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Құндылық:  дұрыс әрекет
Қасиеттер:    көпшілдік, сыйластық, достық, кешірімділік
Мұғалiм: Есенова Д.Д               
Сынып – 3  
Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;
Міндеттері:
- ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру;
- өзара сыйластық қарым - қатынастарын  дамыту;
       - инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.    Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
 оқулық, дәптер, үнтаспа, күнделік, қанатты сөз

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
 Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін  «5-Т» қайталау, оқушылардың оқу құралдарын тексеру.
Тыныштық сәті.  «Нұрға бөлену»
(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
2. Үй тапсырмасын тексеру 
Т. Дәуренбековтің «Кімнің жұмысы» әңгімесін оқып талдау.
Сұрақтар:
Қыз бала мен ұл бала өзара сыйластығы туралы не айта аласыңдар?
Ұл бала мен қыз баланың достығы дегенде нені түсінесіңдер?
Түйіндеме. Мектепте қыздар да, ұлдар да бірдей білім, тәрбие алады, «оқушы» мәртебесі бәріңе ортақ. Сыныпта тату-тәтті болып, сыйластықты қарым-қатынас жасай білу – әдептіліктің бір белгісі. Тек мектепте ғана емес, аулада да көршілеріңмен ұл, қыз болып сыйласып, дос бола білген жөн.    Сабақ барысын талдау:
3. Дәйексөз.
  «Ел ұлымен берік, қызымен көрік»    (халық даналығы)
(Бірінші ұлдар, екінші қыздар, үшінші рет хормен оқып шығады).

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Ұл бала мен қыз баланың бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Түйіндеме. Қазақ халқы ұл дүниеге келгенде ел қорғайтын азамат туды деп мақтанып, масаттанады. Сондықтан да ұл баланы асқар тауға, алынбас қамалға, алмас қылышқа, қайратты бүркітке теңеді. Батырлардың көпшілігі ұлдардан шықты емес пе? Қобланды, Алпамыс, Райымбек, Абылай, Сырым және т.б. Қыздардан шыққан батыр болса, халық оларды ер мінезді дейді. Ал қыз дүниеге келгенде елге, өмірге көрік берер қыз туды, деп мәз-мейрам болады. Өйткені қыз бала тән сұлулығымен ғана емес жан сұлулығының байлығымен өмірді мәнді де сәнді етеді. Оларды гүлге, күнге, айға теңейді. Даналықтарды ерлерден кем түспеген қыздар да жоқ емес. Мысалы: Ұлдай хан, Қарашаш сұлу, Айша бибі, домалақ ана және т.б.  
4. Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)        
«Сайрам ару»             (ертегі)
Ертеде Құт қаласында Сая деген батыр тұрыпты. Оның Сайрам атты қызы ар екен. Сұлу жүзінің нұры түнде Ай, күндіз Күн сәулесімен тайталасыпты. Адам ғана емес, жер бетіндегі жан-жануарлардың бәрі Сайрам арудың келбетіне сүйсініп, содан сүйініш тауыпты. 
Жылжып жылдар өтеді. Сайрам ару да піскен алмадай албырап, нұрына нұр қосылады. Өскен сайын гүлдей құлпырады. Ханның қызы болмаса да, халқына қадірі одан кем емес екен. Елі аялап, төбелеріне көтеріпті. Сайрам арудың нұрлы жүзі, сұлу кескін-келбеті, әсем көркі, дариядай тасқындаған ақыл-ойы дүниенің төрт бұрышына аңыз болып тарапты. Қыздың әкесі жер бетінің түкпір-түкпірінен алтын-күміс саудырата сапырып, ағыл-тегіл сый алып келген әр қилы ел патшалары мен хандарының тарту-таралғыларын қабылдамайды. Бәріне бір – ақ жауап қайтарады:
   -Қызымның еркі өзінде, бағын байламаймын.Ұнатып, қалағанына көзім жетсе, жалқы жігіт боса да, қарсылығым жоқ!.
Сайрам қыз алтын-күмісін арқалап жүргендердің бір де біреуіне пысқырып та қарамайды. Сондағы қалауы не деп таңданысады жұрт. Осы құт қаласында бес саусағынан өнері тамған шебер, асқан ер жүрек Бөкен деген саңлақ жігіт бар екен. Сайрам ару сол жігітті ғана ұнатады. Жігіттің арманы да осы қыз екен. Бөкен – еліне қатер төндірген жауларға қарсы соғысып, шапқыншыларға талай-талай соққы берген, қайыспас қайсарлығымен, айбынды қаһармандығымен танылған, батыр атанған ер жігіт. Батыл, тапқыр істеріне елі сүйсінеді. Мақпалдай қара түнге, қара көк аспанға өзінің сәулесін шашқан асыл ару мен ер жігіттің қалауы еліне жария етіледі.
Ару мен ер жігіттің бұл қалауларын елі құптап, ақ тілектерін жаудырады. Сөтіп, ақылына көркі сай ару қыз Сайрам мен батыр да өнерлі ер жігіт Бөкен екеуі ұзақ және бақытты өмір сүрген екен.
Сұрақтар: -Сайрамның бойынан қыздарға тән қандай қасиеттерді байқадыңдар?
- Сайрам мен Бөкен бір – біріне сай ма?
5. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.
 А) Ұлдар мен қыздар екі топқа бөлінеді
Ұлдарға: «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»
Қыздарға: «Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»
(Әр топ өз ойларын плакат бетіне түсіреді.Жұмыстарын қорғайды.)
Б) «Егер ұл болсам., егер қыз болсам.» ойыны күтілетін жауап: 
     Егер мен ұл болсам елімді қорғаймын; қыздарға көмектесемін т.б.
     Егер мен қыз болсам өте таза жүремін; дөрекі сөз айтпаймын т.б.                               

6. Топпен ән айту.
1.Ақиқаттың әнін,
Айтамын күнде мен.
Бөбек әлемінің 
Сырларын түсініп,
Нұрына шомылдым күннің.
Тыныштық жан - көркем,
Керемет ол неткен,
Ар- ұждан сөйлейді,
Жүректі тербейді
Бақытқа жетелейді
Қайырмасы:
Құндылықтар – мәңгі әнім,
Құндылықтар – өмір мәні
Ізгіліктің ғажап күйіне
Ертесіңдер сендер.
2.Дұрыс әрекеттер
Сүйіспеншілік береді,
Тыныштық орнайды,
Қиянат болмайды,
Адамзатқа әлемдегі.    
7. Үй тапсырмасы.
Ө. Тұрманжанов өлеңді жаттау (№ 15 сабақ).    
8. Соңғы тыныштық сәтi. 
Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
   - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.    

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ұл бала мен қыз бала"»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: № 34 А. Тайманов атындағы мектеп-гимназия

Мерзiм:

Пәні: Өзін-өзі тану

Тақырып: «Ұл бала мен қыз бала»

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: көпшілдік, сыйластық, достық, кешірімділік

Мұғалiм: Есенова Д.Д

Сынып – 3

Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

- ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру;

- өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту;

- инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

оқулық, дәптер, үнтаспа, күнделік, қанатты сөз


Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталау, оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

2. Үй тапсырмасын тексеру

Т. Дәуренбековтің «Кімнің жұмысы» әңгімесін оқып талдау.

Сұрақтар:

  • Қыз бала мен ұл бала өзара сыйластығы туралы не айта аласыңдар?

  • Ұл бала мен қыз баланың достығы дегенде нені түсінесіңдер?

Түйіндеме. Мектепте қыздар да, ұлдар да бірдей білім, тәрбие алады, «оқушы» мәртебесі бәріңе ортақ. Сыныпта тату-тәтті болып, сыйластықты қарым-қатынас жасай білу – әдептіліктің бір белгісі. Тек мектепте ғана емес, аулада да көршілеріңмен ұл, қыз болып сыйласып, дос бола білген жөн.

Сабақ барысын талдау:





Үнтаспа









Оқулық

3. Дәйексөз.

«Ел ұлымен берік, қызымен көрік» (халық даналығы)

(Бірінші ұлдар, екінші қыздар, үшінші рет хормен оқып шығады).


  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Ұл бала мен қыз баланың бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Түйіндеме. Қазақ халқы ұл дүниеге келгенде ел қорғайтын азамат туды деп мақтанып, масаттанады. Сондықтан да ұл баланы асқар тауға, алынбас қамалға, алмас қылышқа, қайратты бүркітке теңеді. Батырлардың көпшілігі ұлдардан шықты емес пе? Қобланды, Алпамыс, Райымбек, Абылай, Сырым және т.б. Қыздардан шыққан батыр болса, халық оларды ер мінезді дейді. Ал қыз дүниеге келгенде елге, өмірге көрік берер қыз туды, деп мәз-мейрам болады. Өйткені қыз бала тән сұлулығымен ғана емес жан сұлулығының байлығымен өмірді мәнді де сәнді етеді. Оларды гүлге, күнге, айға теңейді. Даналықтарды ерлерден кем түспеген қыздар да жоқ емес. Мысалы: Ұлдай хан, Қарашаш сұлу, Айша бибі, домалақ ана және т.б.







«Мақал-мәтелдер жинағы»

4. Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

«Сайрам ару» (ертегі)

Ертеде Құт қаласында Сая деген батыр тұрыпты. Оның Сайрам атты қызы ар екен. Сұлу жүзінің нұры түнде Ай, күндіз Күн сәулесімен тайталасыпты. Адам ғана емес, жер бетіндегі жан-жануарлардың бәрі Сайрам арудың келбетіне сүйсініп, содан сүйініш тауыпты.

Жылжып жылдар өтеді. Сайрам ару да піскен алмадай албырап, нұрына нұр қосылады. Өскен сайын гүлдей құлпырады. Ханның қызы болмаса да, халқына қадірі одан кем емес екен. Елі аялап, төбелеріне көтеріпті. Сайрам арудың нұрлы жүзі, сұлу кескін-келбеті, әсем көркі, дариядай тасқындаған ақыл-ойы дүниенің төрт бұрышына аңыз болып тарапты. Қыздың әкесі жер бетінің түкпір-түкпірінен алтын-күміс саудырата сапырып, ағыл-тегіл сый алып келген әр қилы ел патшалары мен хандарының тарту-таралғыларын қабылдамайды. Бәріне бір – ақ жауап қайтарады:

-Қызымның еркі өзінде, бағын байламаймын.Ұнатып, қалағанына көзім жетсе, жалқы жігіт боса да, қарсылығым жоқ!...

Сайрам қыз алтын-күмісін арқалап жүргендердің бір де біреуіне пысқырып та қарамайды. Сондағы қалауы не деп таңданысады жұрт... Осы құт қаласында бес саусағынан өнері тамған шебер, асқан ер жүрек Бөкен деген саңлақ жігіт бар екен. Сайрам ару сол жігітті ғана ұнатады. Жігіттің арманы да осы қыз екен. Бөкен – еліне қатер төндірген жауларға қарсы соғысып, шапқыншыларға талай-талай соққы берген, қайыспас қайсарлығымен, айбынды қаһармандығымен танылған, батыр атанған ер жігіт. Батыл, тапқыр істеріне елі сүйсінеді. Мақпалдай қара түнге, қара көк аспанға өзінің сәулесін шашқан асыл ару мен ер жігіттің қалауы еліне жария етіледі.

Ару мен ер жігіттің бұл қалауларын елі құптап, ақ тілектерін жаудырады. Сөтіп, ақылына көркі сай ару қыз Сайрам мен батыр да өнерлі ер жігіт Бөкен екеуі ұзақ және бақытты өмір сүрген екен.

Сұрақтар: -Сайрамның бойынан қыздарға тән қандай қасиеттерді байқадыңдар?

- Сайрам мен Бөкен бір – біріне сай ма?










Ертегілер жинағы

5. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.

А) Ұлдар мен қыздар екі топқа бөлінеді
Ұлдарға: «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»
Қыздарға: «Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»
(Әр топ өз ойларын плакат бетіне түсіреді.Жұмыстарын қорғайды.)

Б) «Егер ұл болсам..., егер қыз болсам...» ойыны күтілетін жауап: 
Егер мен ұл болсам елімді қорғаймын; қыздарға көмектесемін т.б.
Егер мен қыз болсам өте таза жүремін; дөрекі сөз айтпаймын т.б.







Дәптер


6. Топпен ән айту.

1.Ақиқаттың әнін,

Айтамын күнде мен.

Бөбек әлемінің

Сырларын түсініп,

Нұрына шомылдым күннің.

Тыныштық жан - көркем,

Керемет ол неткен,

Ар- ұждан сөйлейді,

Жүректі тербейді

Бақытқа жетелейді

Қайырмасы:

Құндылықтар – мәңгі әнім,

Құндылықтар – өмір мәні

Ізгіліктің ғажап күйіне

Ертесіңдер сендер.

2.Дұрыс әрекеттер

Сүйіспеншілік береді,

Тыныштық орнайды,

Қиянат болмайды,

Адамзатқа әлемдегі.









«Әндер жинағы»

7. Үй тапсырмасы.

Ө. Тұрманжанов өлеңді жаттау (№ 15 сабақ).

Оқулық

8. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Үнтаспа

























Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: А. Тайманов атындағы № 34 мектеп-гимназиясы

Мерзiм:

Тақырып: «Дос болайық бәріміз» (1- сағат), № 15 сабақ

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: сыйластық, достық, татулық, бірлік, әділ болу.

Мұғалiм: Есенова Д.Д

Сынып: 3 «Г»; «Б»; «Д»; «А»; «Ә»; «В».

Сабақ мақсаты:

Балалардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;

- достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-достыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

оқулық, дәптер, үнтаспа, күнделік, қанатты сөз


Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталау, оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

2. Үй тапсырмасын тексеру

Ө.Тұрманжановтың «Күштісің енді сен», - деді» атты өлеңді оқу.


Сабақ барысын талдау:



Үнтаспа





Оқулық

3.Дәйексөз.

«Татулық – достық кепілі» (халық мақалы)

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Достықты, татулықты қалай түсінесіңдер?

  • Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?

Түйіндеме. Шын достар уәдесінде тұрады, ойындары, сөздері жарасады, бірін-бірі ренжітпейді, қуантқысы келеді, бір-бірінің көңіліне қарайды. Ал осы айтылғандар татулық белгісі. Сондықтан да шын достыққа татулық арқылы қол жеткізуге болады.





Оқулық

4. Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

«Достар» аңыз әңгіме

Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, 3 баласы бар. Екіншісі бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ болған ішінен: “Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады” деп ойлайды, “Мен жалғыз тұрамын, сондақтан да айтарлықтай көп қажеттілігім да жоқ”. Осындай ойымен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: “Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар – қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды” дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азалмағаның екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған-біткенді түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмады.

Сұрақтар:

  • Екі достың іс – әрекетін татулыққа жатқызуға бола ма?

  • Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?

Түйіндеме: «Мақсат-мүддесі, арман-тілегі, талап-талғамы үйлесімді адамдар арасында достық болады. Адамдардың бір-біріне адалдығы мен сенімділігі достық қарым- қатынасты нығайтады».



Өсиет әңгімелер жинағы

5. Шығармашылық жұмыс

Оқушыларды 3 топқа бөлу.

1 топ: «Жағдаяттарды талдау».

2 топ: «Достық ережесін құру».

3 топ: «Менің достарым» тақырыбына әңгіме жазу.



Оқулық, дәптер

6. Топпен ән айту.

Жан - досым»

Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!
Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымызда бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн!
Қайырмасы:

Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды сан аштық.
Жол тапсақта бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақ та бiрге жүрiп адастық.

Қайырмасы:

Өмiр өзi арқамызға жүк салып,
Бәрiмiздi қияларға жұмсады.
Қатар ұшқан құска ұқсадык әлде бiз,
Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық




«Әндер жинағы»


7. Үй тапсырмасы.

М.Есенәлиеваның аударуымен берілген Е.Козлованың «Сазды хикая» ертегісін оқу.

Оқулық

8. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.



Үнтаспа




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Ұл бала мен қыз бала"

Автор: Есенова Дамира Дабыскаливна

Дата: 30.06.2017

Номер свидетельства: 423528

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "?зін-?зі тану п?ніне арнал?ан ашы? сабак "?л бала мен ?ыз бала""
    ["seo_title"] => string(67) "ozin-ozi-tanu-p-ninie-arnalg-an-ashyk-sabak-u-l-bala-mien-k-yz-bala"
    ["file_id"] => string(6) "251300"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447228819"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Та?ырыбы "Мені? Каза?станым""
    ["seo_title"] => string(25) "takyrybymieninkazakstanym"
    ["file_id"] => string(6) "330522"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464284941"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "My clothes. Мені? киімдерім."
    ["seo_title"] => string(28) "my-clothes-mienin-kiimdierim"
    ["file_id"] => string(6) "269073"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1450756721"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "My clothes. Мені? киімдерім."
    ["seo_title"] => string(30) "my-clothes-mienin-kiimdierim-1"
    ["file_id"] => string(6) "269074"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1450756729"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Жол ережесін кім білгіш?""
    ["seo_title"] => string(26) "zhol_erezhesin_kim_bilgish"
    ["file_id"] => string(6) "604306"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1649262422"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства