ІІ. Жаңа материалды қабылдау |
| Қазақтың ұлттық киімдері. Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Адамзат палеолит - тас дәуірінде-ақ тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланып, сүйек ине, сүйек бізді қолдана отырып тері және тоқыма киім-кешек жасауды үйренген.Ұлттық киімдерге – шапан, тақия, сәукеле, қамзол, бөрік, қамажай көйлек, т.б. жатады. Ұлттық киімдерді тек қазақ халқының мерекелік күнінде ғана киеді. Мысалы, Наурыз мерекесі қарсаңында. Халқымыздың ұлттық киім түрлері өте көп.Олар өзінің көз тартарлық әсемдігімен, ою-өрнегімен, сәнділігімен осы күнге дейін жоғары бағаланып,қадір қасиетін жоймай келеді.Олардың кейбіреуін күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін мереке-мейрамдарда, ойын-сауық, той-думандарда киеді. | |
ІІІ.Жаңа материалды түсіндіру
| А) жаңа ұғымға байланысты жұмыс
| Тымақ- ерлерге арналған бас киім.Тымақты қыс мезгілінде киеді.Суық күндерде киетіндіктен, оны құндыз, суыр, түлкі, қасқыр,және қозы, құлын, лақ елтірісінен тігеді.Қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағалысы – түлкі тымағы. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асылматалармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі үшкіл,төрт немесе алты сайдан, ал етек жағы тік төрт бұрыш немесе алты бұрыш болып келеді. Тымақтың іші терімен, сырты дүрия, пүліш барқытпен тысталады. Қауіпсіздік ережелерін айтып өту: 1.Инемен жұмыс жасағанда инені жіптен бос қалдырмау 2.Қайшыны бір-біріне бергенде ұш жағымен қаратып бермеу 3.Жұмыс аяғында инені жіпке түйреп қою және де т.б. Оған қажетті заттар: мата, тері, ине, жіп, қайшы. Оқушыларға тымақтың тігілу жолдарын көрсету Жұмыстың жасалу реті: 1.Тымақтың негізгі бөлігінің төбесіне биіктігі 15см,ені 9 см өлшемде қатырма қағаздан қалып үлгі дайындап алып,оны матаның бетіне түйреп айналасын бормен сызып,4 мата бөлігін қиып аламыз. 2.Тымақтың маңдайын жасау үшін биіктігі 4 см,ені 9 см болатын қалып үлгіні пайдаланып матадан бір бөлік қиып аламыз. 3.Тымақтың құлағы мен артқы етегін пішу үшін ұзындығы 27 см,биіктігі 8 см етегі доғалдау келген қалып үлгіні мата бетіне қоямыз да,бормен жан-жағын сызып қиямыз. 4.Дайын болған тымақ төбесінің бөліктерін теріс бетінен бір-біріне біріктіріп көктеп тігеміз. 5.Тымақтың етегі мен маңдайын төбесіне жалғап тігеміз. Жасанды теріден маңдайын әшекейлеп көркемдеуге болады. | Оқушылар қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді. Оқушылар сарамандық жұмыс кезінде тымақ тігумен айналысады. |
Ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма
| Сергіту сәті. Оқушылардың танымдық қабілеттерін «Ойлан, тап» ойыны арқылы арттыру. Ойынның шарты: Интерактивті тақтаға қазақтың ұлттық киімдерінің бірінің суреті жасырылады. Жасырылған суреттің бір бөлігі көрсетіледі. (Шапан, байпақ, бөрік, мәсі, тақия) Оқушылар тымақты тігіп аяқтайды. | Оқушылар ойынның жауаптарын табады. Оқушылардың тіккен тымақтарын тексеріп, жасаған еңбектеріне бағалау ретінде қазақтың ұлттық киімдері бейнеленген суреттерді таратып беру. |
ІҮ.Жаңа білімді бекіту | Тақтаға адам тұлғасының суреті берілген. Соны сұрақтарға жауап бере отырып, ұлттық киімдерін жапсырады. Сұрақтар: 1) Ұлттық киімдерді қандай мереке күні киеді? (наурыз) 2) Ерлердің жеңіл бас киімі? (тақия) 3) Былғарыдан тігілетін аяқ киім? (мәсі) 4) Тымақтың төбесі неше бөліктен тұрады? (төрт) | Оқушылар киімдердің астына жасырылған сұрақтарға жауап бере отырып адам тұлғасын ұлттық киімдермен киіндіреді. |