-Тыма? тігу ?шін ?андай а? немесе мал терісі пайдаланылады?
-Тыма?ты? сырты ?андай матамен тысталады?
-?аза? хал?ы ?андай бас киімдерді ?шекейлеген?
І?.Жа?а саба?
А)?ызы?ушылы?ын ояту
«С?зж?мба?»шешу ар?ылы саба?ты? та?ырыбын ашу.
1. Мата т?рі (масаты)
2.К?ркем с?зіні? синонимі (?сем)
3. Тыма??а та?ылатын н?рсе (бау)
4. Сырт киім (ішік)
5. К?йлек б?лігі (етек)
6. ?йелдерді? ?лтты? киім (?амзол)
7. ?желер киетін ?лтты? бас киім (кимешек)
С?зж?мба?ты? ортасынан «с?укеле» деген с?з шы?ады.С?укеле туралы о?ушыларды? білетіндерін с?рап шы?у.
?) «Сен білесі? бе?» с?укеле туралы ма?л?мат беру
?йелдерге арнал?ан ?лтты? бас киім т?рлері ?те к?п. Олар?а: с?укеле, та?ия, кимешек, б?рік та?ы бас?алар жатады.
С?укеле –?ыздарды? ?зату тойында киетін с?нді, ?шекейлі бас киімі. С?укеле алтын, к?міс, асыл тастармен ?шекейленіп, зермен, жібек жіппен кестеленеді. Т?бесіне ?кі та?ылып, жерге дейін т?гілген а? желек жабылады.
С?укеле – тек ?затылатын ?ызды? бас киімі, оны беташар?а дейін киген, етегі ?ымбат терімен к?мкерілген, сосын міндетті т?рде желегі бол?ан. Я?ни, ?затылатын ?ызды? с?укелесіні? желегі бетін к?мкеріп т?рады. ?алы?ды?ты жасырып, ж?зін к?рсетпей к?мкеріп т?рады дегенге с?з, беташардан кейін с?укеле алынады да, желек немесе бергек жас келіншекті? басына орамал болып та?ыл?ан. Жаулы? жас келіншекті? басына ?зіні? ?німен, с?німен келген.С?йтіп ?лкен салт, д?ст?рмен келіп барып, ?аза? келіншегіні? басына жаулы? боп т?сетін бол?ан.
?ыз ?з ?йінен ?затыларда шешесі ?ызыны? басында?ы ?кілі та?иясын алып с?укелені ?з ?олымен кигізіп, а? батасын беріп аттандыр?ан.
О?улы?тан с?укелені? жасалу жолдарын о?ушылар?а о?ыту.
Ж?мысты? орындалу реті:
1.С?укелені? конус т?різді екенін ескеріп, оны? биіктігі мен диаметрін аны?таймыз. Биіктігін 20см, диаметрін 46 см деп алып, ?атты ?а?аз бетіне с?укеле пішінін т?сіреміз. ?атты ?а?азды т?сірілген сызы? бойынша ?иып желімдейміз. ?атты ?а?аздан жасап ал?ан конусымыз с?укелені? негізі болады.
Просмотр содержимого документа
«С?укеле тігіп ?иренеиіk»
Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,
А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің
мұғалімі Өтегенова Сәуле
Тақырыбы: Сәукеле тігу
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сәукеле туралы түсінік беру. Сәукеле тігуді үйрету.
Дамытушылық: Оқушының ой – қиялын дамытып, іскерлікке баулу.
Тәрбиелік: Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдарды сақтауға, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бас киім түрлері, сәукеле үлгісі, сызбалар
Құралдар: қызыл мата, қайшы, қатырма қағаз, желім, үкі
Әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушыларды түгелдеу
ә) сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Тымақ тігу.
ІІІ.Өткен сабақты бекіту
-Тымақ қандай бөліктерден тұрады?
-Тымақ тігу үшін қандай аң немесе мал терісі пайдаланылады?
-Тымақтың сырты қандай матамен тысталады?
-Қазақ халқы қандай бас киімдерді әшекейлеген?
ІҮ.Жаңа сабақ
А)Қызығушылығын ояту
«Сөзжұмбақ»шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
1. Мата түрі (масаты)
2.Көркем сөзінің синонимі (әсем)
3. Тымаққа тағылатын нәрсе (бау)
4. Сырт киім (ішік)
5. Көйлек бөлігі (етек)
6. Әйелдердің ұлттық киім (қамзол)
7. Әжелер киетін ұлттық бас киім (кимешек)
Сөзжұмбақтың ортасынан «сәукеле» деген сөз шығады.Сәукеле туралы оқушылардың білетіндерін сұрап шығу.
Ә) «Сен білесің бе?» сәукеле туралы мағлұмат беру
Әйелдерге арналған ұлттық бас киім түрлері өте көп. Оларға: сәукеле, тақия, кимешек, бөрік тағы басқалар жатады.
Сәукеле –қыздардың ұзату тойында киетін сәнді, әшекейлі бас киімі. Сәукеле алтын, күміс, асыл тастармен әшекейленіп, зермен, жібек жіппен кестеленеді. Төбесіне үкі тағылып, жерге дейін төгілген ақ желек жабылады.
Сәукеле – тек ұзатылатын қыздың бас киімі, оны беташарға дейін киген, етегі қымбат терімен көмкерілген, сосын міндетті түрде желегі болған. Яғни, ұзатылатын қыздың сәукелесінің желегі бетін көмкеріп тұрады. Қалыңдықты жасырып, жүзін көрсетпей көмкеріп тұрады дегенге сөз, беташардан кейін сәукеле алынады да, желек немесе бергек жас келіншектің басына орамал болып тағылған. Жаулық жас келіншектің басына өзінің әнімен, сәнімен келген.Сөйтіп үлкен салт, дәстүрмен келіп барып, қазақ келіншегінің басына жаулық боп түсетін болған.
Қыз өз үйінен ұзатыларда шешесі қызының басындағы үкілі тақиясын алып сәукелені өз қолымен кигізіп, ақ батасын беріп аттандырған.
Оқулықтан сәукеленің жасалу жолдарын оқушыларға оқыту.
Жұмыстың орындалу реті:
1.Сәукеленің конус тәрізді екенін ескеріп, оның биіктігі мен диаметрін анықтаймыз. Биіктігін 20см, диаметрін 46 см деп алып, қатты қағаз бетіне сәукеле пішінін түсіреміз. Қатты қағазды түсірілген сызық бойынша қиып желімдейміз. Қатты қағаздан жасап алған конусымыз сәукеленің негізі болады.
2. Қиып алынған сәукеленің қалып үлгісін қызыл түсті мата бетіне орналастырамыз. Жиегінен тігіске 1 см-дей қалдырып, бормен сызамыз.Сызық бойынша матаны қиып аламыз.
3.Қиып алынған матаның теріс бетінен көктеп тігеміз. Сонан кейін оң бетіне аударып, сәукеленің қатты қағаздан жасалған негізіне кигіземіз.
4.Сәукеленің төменгі бөлігінің жиегіне биіктігі 3см мақта желімдейміз.
5.Ақ түсті тоқыма жіптен шашақ жасап, үкісі ретінде сәукеленің төбесіне қадаймыз.
ҮІ.Сарамандық жұмыс
1. Қауіпсіздік ережесін сақтау
Матаны қиғанда мата мен қайшы көзден 30-40см арақашықтықта болуы керек.
Қатырма қағазды қиғанда саусақтарыңды абайла.
Инені ине шаншығышқа қадап қой.
Оқушылардың жұмыстарына бақылау жасау, жасалған сәукелелерді нөмірлеп үстелге орналастыру.