С /тақырыбы: Буын.Тымақ
С/мақсаты: Буын жайлы алған білімдерін еске түсіру. Мәтінді түсініп оқып,
ойын дұрыс жеткізуге пысықтау.
Тіл байлығын,сөздік қорларын дамыту,таным белсенділіктерін
арттыру.
Туыстық атауларды жаңғырту арқылы адамгершілікке,әдептілікке
өзара сыйластыққа баулу.
С/әдісі:ұжымдық жұмыс, ,сұрақ- жауап,салыстыру,талдау.
С/көрнекілігі: түрлі суреттер,семантикалық карта.кеспе буындар.
С/барысы: І.Ұйымдастыру
Оқушыларды түгелдеу.Сабаққа назарларын аудару
Психологиялық жаттығу жасау.
Күннің нұры шуақты,
Бүгін мені қуантты.
Құрдастарым сияқты
Оқушымын мен енді
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау
-Не деу керек? Өлеңін мәнерлетіп оқыту
-Буын деген не? Ережесін сұрау
-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінді?
-Жіңішке дауыстылар мен жуан дауыстыларды атау
-Жұп дауыстыларды атап беру «қатесін тап» ойыны
ІІІ. Жаңа сабақ:
Кіріспе бөлім:Әріпті жұмбақ жасыру
Бармақта бар
Саусақта жоқ
Башайда бар
Тұяқта жоқ «Б»
Ауылда бар
Елде жоқ
Дауылда бар
Желде жоқ «У»
Қылда бар
Жүнде жоқ
Жылда бар
Күнде жоқ «Ы»
Нарда бар
Қарда жоқ
Нанда бар
Майда жоқ «Н»
«Буын» сөзі шықты
Бүгін біз буын туралы алған білімімізді әрі қарай пысықтаймыз.
Буынның үш түрі болады:Ашық буын,Тұйық буын,Бітеу буын
-Кеспе буындардан сөз құрау АҚ-ПАН, СЫ-НЫП,МЕК-ТЕП,БА-ЛА,О-РАҚ
( Сөздерден сөйлем құрау )
« Сынып» сөзіне дыбыстық талдау жасау:
2 буын,5 әріп, 5дыбыс,2 дауысты дыбыс,3 дауыссыз дыбыс
ІV. Сергіту сәті
Оңға қарап түзу тұр,
Солға қарап түзу тұр
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық
Оқулықпен жұмыс: 62-жаттығу
Айна арман пияз
..-.. ..-.. . ..- ..
Балалар сендер қандай қазақтың ұлттық бас киімдерін білесіңдер? (тымақ,құлақшын,бөрік,тақия,кимешек,сәукеле,орамал т.б)
Балалар, бүгін сендермен Мыржақып Дулатовтың тымақ туралы әңгімесімен
танысамыз.(тымақ түрлерімен таныстыру)
Тымақ-мал,аң терісіінен тігілетін қыстық бас кмім.Төбесі биік,екі құлағы желкені жауып тұратын артқы етегі болады.Сыртын түрлі матамен қаптайды.
Кейбір тымақтарды ұлттық оюмен әшекейлейді.
Тымақ теріден жасалғандықтан,оның түрлері көп болады.Мысалы,
Түлкі тымақ
Барыс тымақ
Бұлғын тымақ
Сусар тымақ
-«Тымақ» әңгімесін мұғалім түсіндіреді.
--Кейіпкерлерін атау
--2-3оқушы оқиды
--сұрақтарға жауап алу
V.Қорыту: Бүгін біз не өттік?
Қандай тымақ түрлерімен таныстыңдар?
Буынның қандай түрлері бар?
Сен де Нұрмаш сияқты үлкендерге ұқсағың келе ме?
Бағалау.
Үйге тапсырма беру: «Тымақ»мәтінін оқу,мазмұнын айту.
64-жаттығуды орындау