kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тұздың пайдасы мен зияны"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ас тұздың қажеттілігін түсіндіре отырып, оны үнемді және белгілі мөлшерде пайдалана білуге үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тұздың пайдасы мен зияны"»


Тәрбие сағатының тақырыбы: Тұздың пайдасы мен зияны.

Мақсаты: Ас тұзының қажеттілігін түсіндіре отырып, оны үнемді және белгілі мөлшерде пайдалана білуге үйрету, ас тұзына деген қазақ халқының қөзқарасы арқылы балаларға ұлттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: ас тұзы, қорап,нақыл сөз.

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Амандасу (оқушылармен)

2. Құпия қорап арқылы тәрбие сағатының тақырыбын ашу.

- Балалар мына қорап жай қорап емес, құпия қорап. Мұның ішінде бүгінгі сабаққа тікелей қатысты нәрсе бар. Соны тауып көрелік. Ол үшін көмекші сөздер айтамын.

- пайдалы қазба: (оқушылар жауабы: тас көмір, мұнай, тас, алтын, әктас т.б)

- көлден шығады: (оқушылар жауабы: саз, құм, су, тас т.б)

- тағамға қосамыз, ащы: (оқушылар жауабы: ас тұзы)

Ендеше қорапты ашып қарайық, не бар екен?

- Ас тұзы.

Өзi ащы,

Бiрақ,

Дәмдi етер асты.

Тұздың адам өмірінде, өнеркәсіп, медицинада адамдардың тұзсыз тамақ ішпек түгілі, өмір де сүре алмайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген ақиқат.

Қазір дәрігерлер науқастарға тұз бен қантта шектеу қойғанымен, оларға тұзды мүлдем қолданба деп ешқандай ақыл-кеңес бермейді. Біздің халқымызда Ет бұзылса, тұз салар, тұз бұзылса, не салар? деген қанатты сөз бар. Бұл тұз тәрізді қасиетке ие ешқандай заттың әлемде жоқ екендігін де паш етеді.

Ас тұзының ағзаға қажеттілігі жайлы айтатын болсам. Адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат — ас тұзы. Ол тағамдардың дәмін келтірумен бірге тіндердегі қажетті су мөлшерін реттеп, асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді. Ғылыми зерттеу деректеріне арқа сүйесем, адам ағзасында күн сайын тамақ арқылы орташа есеппен 10—15 граммдай ас тұзы сіңіріледі. Тағамда минералды заттардың, олардың ішінде ас тұзының жетімсіздігі әртүрлі ауруларды тудырады. Егерде жануарларды минералды заттардан біржолата айырса, олар көп ұзамай өліп қалады. Өсімдіктер болса, тұзды топырақтан алады.

Халық арасында Астың дәмін тұз кіргізер дейтін нақыл бар.

Халқымыз ерте кезден-ақ тұзды ем ретінде халықтық медицинада пайдаланады. Шыр етіп дүние есігін ашқаннан сәбиді күн аралатып,бір жасқа толғанша тұзды суға түсіреді.Тұз денені ширатып,жарақаттың тез жазылуына септігін тигізеді

Қазақ айтса, айтқандай, тұздың тамақ дәмін келтіруден басқа көптеген пайдалы тұстары бар екен...

1. Үйді сырлағанда немесе бөлмені бояғанда, немесе иіссудың жағымсыз иісі жайлап кетсе, құтыға тұз салып, аузын ашып қойыңыз. Иіс жоғалып, тұзға сіңеді.

2. Балық пісірілген ыдыста балық иісі ұзақ уақыт сақталып қалса, кетіру үшін, тұз қосылған суық сумен ысқылап жуу керек. Иістен түк қалмайды.

3. Кофенің дәмін келтіру үшін, бір болар болмас тұз салсаңыз жетеді

4. Табаға май салып қызған кезінде, көпіріп кетсе, аздап тұз салу керек.

5. Қол орамалда дақ сіңіп қалса жұмас бұрын, бір уыс тұз ерітілген жылы суға салып қойсаңыз, жоқ қылады.

6. Сарғайған терезегеде дақ түссе осылай жасаңыз.

7. Жұмыртқаны қайнатқыңыз келсе, суға тұз салыңыз. Су ішінде жұмыртқа жарылсада да, ақуызы сыртқа шығып кетпей, бірқалыпты піседі.

8. Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды.

• Ыстық күндері май салынған ыдысты тұзды суға малынған шүберекке орап қойса,май ерімейді.

• Тағам қуырған кезде табаға кішкене тұз сепсеңіз, май шашырамайды.

Тұздың денсаулыққа зияны.

.Іздене отырып, мынандай мәліметтерге тап болдым.

1. Тұзды мөлшерінен артық пайдаланса кейбір ауруларға әкеледі: қан қысымының көтерілуіне, бүйрек ауруларына шалдықтыралы.

2. Түз қорытылмайды, ағзаға сіңбейді. Қоректік қасиеті жоқ. Тұздың құрамында витамин, тірі қоректік заттар болмайды. Керісінше, бүйрекке, өтке, қуыққа, жүрекке, қан тамырларына зиян. Тұз бұлшық еттерді құрғатып, келеңсіз жағдайға жетелейді.



Мақал – мәтелдер

1.Ас тұзбен дәмді,

Ал адамзат салиқалы,саналы сөзімен мәнді.

2. Нан мен тұздан үлкен тағам жоқ.

3. Тұз-астың дәмін келтіреді,

Мақал сөздің сәнін келтіреді.

4. Көріксіз қыз тұзсыз нанмен тең.

5. Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.

Міне осындай көптеген мақал-мәтелдердің өзі осы тек тұзға қатысты бекер айтылмаса керек.



Қорытынды

Тамаққа тұз салып жатып, осы тұздың қайдан келгені туралы ойланбаймыз да. Ал ол жерасты шахтасынан немесе тұзды көлдің түбінен өндіріледі. Тұзды өндіру жұмысы күрделі, ал оны тұрмыста өте көп қолданамыз. Себебі оны тек тамаққа салып қана қоймайды, онсыз сабын, шыны, және бояулар мен дәрілердің кейбір түрлерін дайындау мумкін емес. Тұз жануарларға да керек. Қорықшылар жануарларға тұз қойып, оларды қосымша қоректендіріп отырады.

«Тұз — адамзатқа берілген асыл сый.» Оны қадірлеп, өз мөлшерінде тиімді тұтына білейік.

























Мамай негізгі мектебі





Сынып сағаты







Өткізген: Ахметқалиева Қ.Ж.

бастауыш сынып мұғалімі























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Тұздың пайдасы мен зияны"

Автор: Ахметкалиеа Карлыгаш Жексенбаевна

Дата: 01.03.2025

Номер свидетельства: 666007

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Солтүстік Американың өзендері мен көлдері"
    ["seo_title"] => string(46) "soltustik_amierikanyn_oziendieri_mien_koldieri"
    ["file_id"] => string(6) "359101"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479210008"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "«К?н, су, ауа» пайдасы мен ?ажеттілігі"
    ["seo_title"] => string(39) "kun-su-aua-paidasy-mien-k-azhiettilighi"
    ["file_id"] => string(6) "252417"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447385948"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "" Бал таты?ан балм?зда?" кіші ?ылыми конференция "
    ["seo_title"] => string(53) "bal-tatyg-an-balmu-zdak-kishi-g-ylymi-konfierientsiia"
    ["file_id"] => string(6) "220077"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1434510714"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "?ылыми жоба ?аза? халы? медицинасында?ы ас т?зыны? ма?ызы."
    ["seo_title"] => string(54) "gylymizhobakazakkhalykmieditsinasyndagyastuzynynmanyzy"
    ["file_id"] => string(6) "261705"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449170380"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Ас-адамны? ар?ауы "
    ["seo_title"] => string(20) "as-adamnyn-ark-auy-1"
    ["file_id"] => string(6) "163615"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422519231"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства