Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Солтүстік Американың ішкі сулары туралы жалпы түсінік берумен қатар дағды, іскерлік, зейінін дамыта отырып, өмірге деген дүниетанымдылығын қалыптастыру арқылы, оқушыларды өзін-өзі бағалауға және оқуды бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже
географиялық орыны қандай алапқа жататыны туралы білу, түсіну.
оқулықты,интернетті пайладалана отырып анықтау.
салыстыру.
жетілдіру,алған білімімізді жинақтау.
Сабақтың түрі: жаңа білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыру сабағы
Сабақ формасы: топтық жұмыс.
Сабақтың әдістері: Диалогтік оқыту, СТО,топтық жұмыс, проблемалық-ізденушілік әңгімелесу, бірлесе отырып оқу.
Көрнекіліктер: Мұғалімге арналған нұсқаулық, дидактикалық материалдар,оқулық, интернет желісі.Д.Ж картасы. Белсенді тақта. Стикер. Маркер. Постер құру
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері. «Жүрек жылуы».
Аналар күні мерекесіне арнап, ұлдар қыздарға тілек айтады.
Ал қыздар ұлдарға алғысын білдіреді.
1. Топқа бөлу ( 4 топқа бөлу)
(өзендер, көлдер, теңіздер, мұхиттар) Әр топтың топ басшыларын топқа сұрақ қою арқылы сайлап аламыз.)
1. Ежелгі біртұтас құрлық
2. Ең үлкен материк
3. Жер шары бетінің жалпы ауданы
4. Ежелгі солтүстік материк
ІІ. Үйге берілген тапсырма.
«Даналық ағашы» ойынында ағашқа алма тәрізді етіп, сұрақтар ілеміз.
Оқушылар бір-бірден алманы алып, үйге берілген тақырып бойынша сұраққа жауап береді. Әрбір оқушының өткен сабақта алған білімін осындай ойындар арқылы тексеруге болады.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.Солтүстік Америка материгін таныстыру туралы тақпақ оқып, тақырыпты ашу.
Мен өзім үш бұрышқа ұқсас жермін,
Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.
АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,
Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,
Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,
Макензи, Миссисипи суым қандай!
Виннипег, Ұлы көлдер, тұзды көлім,
Тамаша көрген адам таң қалғандай.
-Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған?
(Солтүстік Америка)
Тұнбалы өзен, үлкен өзен,және гүрілдеуік су деген сөздер үндіс тілінен аударғанда қандай мағына береді? Осы термин сөзді дәптерге жазу.
Оқулық, карта, интернет материалдарын қолдана отырып постер құру.
(Жеке танысады, топпен талқылайды, қорғайды)
1 - топ постер жасау - Атлант, Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендері.
2 - топ постер жасау - Тынық мұхит, ішкі тұйық алап өзендері.
3 - топ Солтүстік Америка көлдері.
4 - топ – Ниагара сарқырамасы.
Топты «Бағдаршам» арқылы бағалау
Төмен
Орташа
Өте жақсы
Мұғалімнің қорытынды сөзі: (Содан соң мұғалім қорытынды жасап, оқушыларға Солтүстік Америка материгі туралы видеоролик көрсетеді.)
Сергіту: Жаттығу жұмыстары.
Талдау, салыстыру.
Өзендерге:
№
Ең, ең, ең
Жауаптары
1Ең ұзын өзені
2Ең төменгі температура
3Ең жоғарғы температура
4Ең биік жері
5Ең үлкен арал
6Ең ірі сарқырама
7Ең биік ағашы
8Ең ұзын, әрі енді тауы
9Ең ұзын жер асты үңгірі
10Ең үлкен, әрі ең терең каньоны
11Ең үлкен тау мұздығы
Көлдерге: Атлас картадан төмендегі обьектілерді тауып көрсетіңдер.
1 Миссисипи
2 Колумбия
3 Мак-Кинли
4 Жоғарғы көл
5 Мичиган
6 Эри
7 Онтарио
8 Үлкен тұзды көл
9 Ниагара
10 Макензи
Теңіздерге: Сандар сөйлейді
Осы сандардың нені білдіретінін табыңыз.
6420 км;
1200 м;
+57˚;
51 м;
25 км;
9000 км;
24,2 млн.км2;
6000 мм;
100 мм;
Мұхиттарға: Резюме
Материктің аты:__________________________________________________
Жер көлемі:______________________________________________________
Ең биік нүктесі:___________________________________________________
Ең төмен орналасқан нүктесі:_______________________________________
Зерттеген ғалымдар:_______________________________________________
Жағалайын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер:____________________
Мінездеме:_____________________________________________________
Топ бірін –бірі смайлик арқылы бағалау
Өзендер Көлдер Теңіздер Мұхиттар
Мақал - мәтелдердің мағынасын ажырату.
Өзендер: Сулы жер - нулы жер.
Көлдер: Су ішкен құдығыңа түкірме.
Теңіздер: Судың да сүрауы бар.
Мұхиттар: Ағын су тоқтамай, тіршілік тоқтамайды.
Жинақтау: «Керісінше ойлау» стратегиясы
Егер де Солтүстік Америкада су болмаса, қандай жағдай болар еді?
Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек»
Үйге тапсырма беру.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт