kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тұрақты сөз тіркесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыни ойлата отырып, тұрақты сөз тіркесі туралы ұғымдарын қалыптастыру; Тұрақты сөз тіркесі бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалып, ойды көркем, әсерлі жеткізетінін топтық жұмыстар арқылы ұғындыру;.Оны сөйлем ішінен таба білуге шығармашылық тапсырмалар орындауда мүмкіндік туғызу;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тұрақты сөз тіркесі»

Тақырыбы

Тұрақты сөз тіркесі




Мақсаты




 Сыни ойлата отырып, тұрақты сөз тіркесі туралы ұғымдарын қалыптастыру; Тұрақты сөз тіркесі бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалып, ойды көркем, әсерлі жеткізетінін топтық жұмыстар арқылы ұғындыру;.Оны сөйлем ішінен таба білуге шығармашылық тапсырмалар орындауда мүмкіндік туғызу;

Күтілетін нәтиже


1.Топтаса отырып, сыни ойлайды, ізденеді, үйренеді, талдайды;

2.Өз бетінше жұмыс істеу арқылы пәнге қызығушылығы артады.

3. Тұрақты сөз тіркесі туралы ұғымы қалыптасады.


Түйінді идея

Күнделікті өмірде тұрақты сөз тіркесін басқа сөздерден ажырата алады. Сөз арасында қолдана біледі.

Көрнекілігі: 

Презентация, суреттер, нысана, стикерлер, бағалау парақшалары, қима қағаздар, маркерлер.

Әдіс – тәсілдер

Тренинг. «Ақ тілек,» «Дұрыс және дұрыс емес» ойыны, галереяда, сәйкестендір.


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Қызығушылықты ояту












Топқа бөліну

Тренинг. «Ақ тілек»

Оқушылар сабақтың алдында шеңбер құрып тұрады. Оқушылардың сабаққа қатысымы тексеріледі. Қандай күн екені сұралып, ана тілдің қуатын дарытатын қазақ тілінің басталатыны хабарланып айтылады да,қораптың ішіндегі суреттерге қарап, бір – біріне тілек айтады. Қораптың ішінде (дәптер, күн, шәй, гүл, машина) т.б. суреттер болады.





Оқушылар асық арқылы топқа бөлінеді.

Қызыл түс – 1 топ

Көк түс – 2 топ

Ақ түс – 3 топ

Т +

Топ ережесімен таныстырылады.

Тренингке қатысады.

Оқушылардың сабаққа қатысымы

тексеріледі. Оқушылар сабақтың алдында шеңбер құрып тұрады.
Қораптағы суреттерге қарап бір – біріне тілектерін айтады.

Топқа бөлінеді.




Тазалық. Тәртіпті.Тиянақты. Тез. Тыңдау т.б



Мадақтау



Смайлдар арқылы бағалау


Білу

















Дұрыс және дұрыс емес әдісі

  1. Сөз тіркесі бір ғана сөзден құралады.

  2. Сөз мағыналарының 3 түрі бар?

  3. Сұлу, әсем, көркем сөздері бір – біріне мағыналары жуық сөздер

  4. Бөлменің терезесі ашық. Айшаның мінезі ашық сөйлемдері бір – біріне қарама – қарсы сөздер.

  5. Сұйық сөзіне қарама – қарсы сөз кою.

  6. Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздерді синионим сөздер дейміз.

  7. Атақты, әйгілі белгілі, көрнекі сөздері мағыналары бір – біріне жуық сөздер.

  8. «Қорқақ» сөзіне мәндес, жуық сөз ержүрек

  9. Жақсы – жаман сөздері мағынасы – қарама қарсы сөздер, өйткені олар бір сөз тобына жатады.

  1. 10.Тырна – жылы жаққа ұшып кететін құс.Ит қыңсылап жер тырнады сөйлемдері дыбысталуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер.


Оқушылар дұрыс болса қолдарындағы

көк түсті көтереді, дұрыс емес болса қызыл түсті көтереді.














Мадақтау


Смайл арқылы бағалау


Түсіну
























Қолдану 

Оқулықпен жұмыс

Тақтамен жұмыс.

Дәптермен жұмыс.



Оқушылар жаңа сендер ұзақ қоңырауда жүрек жалғап алдыңдарма?

Мұндағы жүрек жалғау деген сөз – тамақтану деген мағынаны білдіреді



21-жаттығуды оқушыларға оқытып, талдау жұмысын жүргізу.

- Бағанның сол жағындағы сөз тіркестері не туралы?

- Оң жақтағы сөз тіркестері ше?

Қорытынды ереже шығару. Үш сөздің тіркесуі арқылы жасалған үріп ауызға салғандай «сұлу» деген мағынаны білдіреді. Мұндай тіркестер біріге тұрып, бір-ақ мағына береді. Оларды тұрақты сөз тіркестері деп айтады.

Кестемен жұмыс

Тұрақты сөз тіркесі беретін мағынасы

Бүйрегі бұрды жаны ашыды

Қой аузынан шөп алмас жуас, момын

Төбе шашы тік тұрды қорықты

Ешкімнің ала жібін аттамайды қиянат

жасамайды

Топтық жұмыс.

1-топ- 22 жаттығу.

2-топ- 23-жаттығу.

3-топ- 24 –жаттығу







Суретке қарап, сөйлем құрауды басқару. Тұрақты сөз тіркесін табу.



Оқушылар жүрек жалғау дегеніміз не? Неге ауыз жалғау деп айтпаймыз.


Дәптерге күннің жадын жазады. Көркем жазу

















1-топ 22 жаттығу

«Аяды», «Алыста», «Тыңдамады» сөздеріне алмастыру

2-топ 23 жаттығу

Берілген сөз тіркесіне сөйлем құрап жазу.

3-топ 24 жаттығу

Сурет бойынша «Екі езуі екі құлағында» сөз тіркесіне сөйлем құрап жазу.

Жаттығуды өз беттерінше орындайды.




Критерий арқылы бағалау





Сергіту сәті


Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

«Үш тілде»

Кітап – книга – book

Мысық – кошка – сat

Қалам – ручка – pen

Ауыз – рот – mouth

Мұрын-нос - nose

Жүрек –сердце – heart

Ит – собака – doq

Шаш – волосы – hairs

Қоян – заяц - rabbit


Ой сергітеді,

шаршағандары

басылады

Үш шапалақ

Талдау



















« Галереяда» ой шарлау

Тақтадан суреттер көрсетіледі .Суретке байланысты тұрақты сөз тіркесін құрау.


.

Критерий

арқылы бағалау




1. Құлағы елең етті.

2. Жылан жалағандай.

3. Ит өлген жер

4. Қас пен көздің арасында

5. Тіс жармады, тіс батпады.

6. Түймедейді түйедей қылды.

7. Шие жегендей қылды.

8. Төбе шашы тік тұрды

9. Ит арқасы қиянда.

10. Ұялғаннан беті қызарды

11. Қой үстіне бозторғай ұялады.

12. Ас иесімен тәтті.

сөз тіркесін жазып, сөйлем құрайды.


Критерий арқылы бағалау





Жинақтау


І топ: Әр шарда жазылған сөзге тиесілі тұрақты сөз тіркесін тауып айтыңдар және сөйлем құра.

Қараңғы, лезде, алыста, тыңдамау.

ІІ топ: Сәйкестендір

Екі көзі төрт болды – қорықты

Көзден ғайып болу – жоқ болу

Қой аузынан шөп алмас – момын

Арасынан қыл өтпейтін – тату

ІІІ топ:

Сөйлемнің ішінен тұрақты сөз тіркестерін тауып атаңдар. . Спортшылар орта жолда тоқтап, жүрек жалғады. Асанның атасы сөйлегенде сөздің майын тамызды. Қайсардың тамаққа тәбеті тартпады. 

Топтарға тапсырма беріледі. Берілген тұрақты сөз тіркестерін сол сөздің 
мағынасын білдіріп тұрған сөзге қарай сызбамен көрсетіңдер. 

Үш шапалақ



Кері байланыс

«Май шам»

Оқушылар өз ойларын айтады



Үйге тапсырма

Көркем әдебиеттен тұрақты он тіркес жазып келу, мағынасын ашу

Күнделіктеріне жазып алады.




Бағалау

Бағалау парақшалары толтырылады.

Топ басшысы бағалайды




Рефлексиялық есеп

Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай ақ олардың қызығушылықтарын,әр оқушының нені жасқсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады. Сабақтың мақсаты: Сыни ойлата отырып, тұрақты сөз тіркесі туралы ұғымдарын қалыптастыру; Тұрақты сөз тіркесі бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалып, ойды көркем, әсерлі жеткізетінін топтық жұмыстар арқылы ұғындыру;.Оны сөйлем ішінен таба білуге шығармашылық тапсырмалар орындауда мүмкіндік туғызу;

Мен сабақты бастамас бұрын оқушылардың көңіл күйін көтеру керек деп шештім. Оқушылармен амандасқан соң оларды ортаға шақырып,шаттық шеңберін құру керектігін айттым. Выгоготский кіші жастағы балаларды когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде,яғни анағұрлым қабілетті оқушылырмен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым- қатынас жасау арқылы қалыптасатын субъект ретінде суреттейді. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін, бір - бірлеріңе қандай тілек білдіресіңдер? деген сұрақ қойдым.Әр оқушы өздерінің достарына тілектерін білдіріп шықты. Тілектері әр-түрлі болды. Бұл мен үшін пайдалы болды. Себебі сыныптағы жекелеген оқушылардың қарым-қатынасы қандай екенін байқадым.Болашақта тренингтерді көбірек өткізуім керек деп шештім.Сонымен ,бүгінгі күнге жақсы көңіл күй тілеп, топқа бөлу үшін үстелге ақ, көк, қызыл түсті асықтарды қойдым. Оқушылар бір-бірден асықтарды алып топқа бөлініп отырады.Топқа бөлініп отырғаннан кейін топ ережесін естеріне түсірді. Кейін үй тапсырмасын бекіту мақсатында «дұрыс және дұрыс емес» әдісін пайдаландым. Оқушылар қолына қызыл және көк түсті таяқшалар берілді. Оқушылардың сқрақты дұрыс түсініп оқымауынан көп 1-2 сұраққа қателескен оқушылар болды. Жаңа сабақты «Оқушылар жаңа сендер ұзақ қоңырауда жүрек жалғап алдыңдарма?» деген сұрақтан бастадым. Оқушылар не дейсіз? Не жалғап алдыңдарма дейсіз? Жүректі қалай жалғайды? деген сұрақтар қойды. Мұндағы жүрек жалғау дегеніміз – тамақтану дегенді білдіреді. Оқушыларға көптеген мысалдар келтіру арқылы жаңа тақырыпты меңгерттім. Тақырыпты ашу аясында оқулықпен жұмыс жүргізілді. 22,23,24 жаттығуларды оқушылар топпен орындады. Байқағаным, тұрақты сөз тіркесіне келгенде Жүрсін, Нұрмұхаммед сияқты оқушылар сөйлем құраудан қиналып қалды. Әрі қарай «Галереяға саяхат» әдісін пайдаландым. Мұнда оқушылар қызығушылықпен орындап, жылдам – жылдам айтып отырды. Серніту сәтін үш тілде жүргіздім. Оқушылар ағылшын тіліне келгенде ойланып қалды. Кейін 3 топқа үш түрлі тапсырма берілді. Тапсырмаларды 3 – топ сылбырттық танытса, 1-2 топ өз деңгейлерінде орындап шықты. Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет,сондықтан бағалау ізгі болуы керек. Сабақта критерий арқылы өзін-өзі және өзара бағалады.Ал мен жалпы критерий арқылы бағалап отырдым.Бағалау оқушыларға өте қызық болды.Олар топтағыларды бақылай отырып,өзін өзі реттеуге де біршама төселіп қалды. Осы бағалаулар арқылы өзінің білім деңгейі қаншалықты екендігін білді

Қорытындылай келе, топтағы тапсырмаларды тез орындауға,басқалардан қалып қоймауға тырысып,жұмысты жандандыруға көп көмегін тигізді.Міне,сабақтың сәттілігі-осында.Атап айтатын болсам Олжас, Нұрай, Эльмаз, Балнұр, Ажар өздерінің белсенділіктерін тағы бір айқындап берді.Өйткені,бесеуі де бұрыннан белсенді оқушылар еді,ал бүгінгі сабақта олар тобындағы балаларды алға қарай тартып,барлық тапсырмаларды орындау барысында көзге түсті. Осы сабақта қандай қателіктер болды деп ойланғанымда, менің байқағаным-оқушылардың тәртібі,топқа бөлінгенде келіспеушіліктің болуы,яғни жақсы оқитын оқушылар нашар оқитын оқушылармен отырғылары келмеді,топтық жұмыста таластың туындауы,бір-екі оқушының назардан тыс қалуы сияқты сәтсіздіктер туындады.Осы сәтсіздіктерді болашақта болдырмауды ойға түйіп алдым.Сабақтың сәтті өтуіне көп күш жұмсап,тиімді әдіс-тәсілдерді қарастырдым.Соның нәтижесінде бүгінгі сабағымның сәтті тұстары басымырақ болды. Міне,менің бір сабағымда алған әсерім мен жетістігім осындай.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тұрақты сөз тіркесі

Автор: Магзумова Торгын Уйсинбаевна

Дата: 26.03.2019

Номер свидетельства: 504778

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Т?ра?ты с?з тіркесі "
    ["seo_title"] => string(22) "tu-rak-ty-soz-tirkiesi"
    ["file_id"] => string(6) "243912"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445855473"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Тұрақты сөз тіркесі"
    ["seo_title"] => string(22) "tu_rak_ty_soz_tirkiesi"
    ["file_id"] => string(6) "399899"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489422880"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "А?ылшын ж?не ?аза? тіліндегі т?ра?ты тіркестер"
    ["seo_title"] => string(57) "ag-ylshyn-zh-nie-k-azak-tilindieghi-tu-rak-ty-tirkiestier"
    ["file_id"] => string(6) "317456"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460372449"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Т?ра?ты с?з тіркестері"
    ["seo_title"] => string(22) "turaktysoztirkiestieri"
    ["file_id"] => string(6) "284207"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453950123"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Т?ра?ты тіркестер. "
    ["seo_title"] => string(23) "tu-rak-ty-tirkiestier-1"
    ["file_id"] => string(6) "200245"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428757119"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства