Саба?ты? та?ырыбы: ?ле?ді о?и отырып, мазм?нын ашу, автор туралы ма?л?мат беру, т?лік атауларымен танысу.
Дамытушылы?ы: О?ушылар?а к?ркем с?зді? ма?ынасын ме?герте отырып, тілдік ?орларын ?олдана алу, ж?йелі с?йлеу да?дыларын жетілдіру.
Т?рбиелігі: т?рт т?лікті ?астерлеуге, е?бекшілдікке, ?ам?оршылды??а т?рбиелеу.
Саба?ты? типі: білімді тексеру
Т?рі: жа?а білімді ме?герту
?діс-т?сілдері: ?ызы?ушылы?ын ояту, сыни т?р?ысынан ойлау?а ?йрету, ой ту?ызу, к?шбасшылы?, топтастыру.
К?рнекілік: смайлик, слайд-шоу, ?лестірмелер, ребус, жапсырма ?а?аздар.
Просмотр содержимого документа
«Т?лік туралы саба? »
«Түлік туралы сабақ»
Ерсайын Адеми
Ақжар Қазан орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
4- сынып
Сабақтың тақырыбы: Өлеңді оқи отырып, мазмұнын ашу, автор туралы мағлұмат беру, түлік атауларымен танысу.
Дамытушылығы: Оқушыларға көркем сөздің мағынасын меңгерте отырып, тілдік қорларын қолдана алу, жүйелі сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелігі: төрт түлікті қастерлеуге, еңбекшілдікке, қамқоршылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білімді тексеру
Түрі: жаңа білімді меңгерту
Әдіс-тәсілдері: қызығушылығын ояту, сыни тұрғысынан ойлауға үйрету, ой туғызу, көшбасшылық, топтастыру.
Көрнекілік: смайлик, слайд-шоу, үлестірмелер, ребус, жапсырма қағаздар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа әзірлігін тексеру
Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тпсырмасын тексеру. «Үлек» мазмұндау, өлең құрастыру.
ІІІ. Жаңа сабақ. «Бәйге» ойыны. Жұмбақ жасыру.
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ (жылқы)
Кезікті бір жануар
Үстінде бір тауы бар. (түйе)
Кішкене ғана бойы бар
Айналдыра киген тоны бар. (қой)
Екі айнсы бар,
Екі найзасы бар (сиыр)
Екі құлғы бар
Иегінде сақалы бар (ешкі)
Осы жауарларды бір сөз бен қалай атаймыз?
Төрт түлік. Ендеше бүгінгі сабағымыз түлік туралы болмақ.
Түліктің түрлерін атайық.
Қазақ ұғымында әр малдың пірі, киесі, қамқоршысы болған.
Соған байланысты қазір сыныпты бес ауылға бөлеміз.
Түйе атасы - Ойсылқара
Жылқы атасы – Қамбарата
Сиыр атасы – Зеңгібаба
Қой атасы – Шопаната
Ешкі атасы – Сексеката
Тапсырма: (топтастыру әдісі)
Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқыту.
Сергіту сәті: Төлдер ( музыкалық әуенге билеу)
IV. Сабақты бекіту. Шығармашылық тапсырма. Әр ауылға тапсырма беру.
Ойын: «Дауысын тап»
V. Сабақты қорытындылау, бағалау.
- Балалар, төрт түлік мал адам үшін өте пайдалы. Оларға қайырымдылық керек. Ал бағу, оны күту, өсіру керек.
Үйге тапсырма: Өлеңдегі бір сабақты жаттау, төлдер тақырыбынан шағын эссе жазу.
Ән; «Қошақаным» сабақты аяқтау.