kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?дебиеттік о?у

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Абай ??нанбаев «?ылым таппай ма?танба» 
Саба?ты? ма?саты:
а) білімділік :Абай ??нанбаевті? «?ылым таппай ма?танба» ?ле?ін талдай отырып о?ушылар?а жаман мен жа?сы ?асиеттерді ажырата білу;
?)Дамытушылы? : ?р о?ушыны? ?зіндік ой-?иялына ерік беріп, ?зінше ой ?орыту?а ,ой т?юге баулу , шы?армашылы? ж?мыс?а ж?мылдыру ар?ылы танымт?сініктерін дамыту ,с?з м?дениетін дамыту , тіл байлы?ына ?лес ?осу?а жол ашу,п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру.
б) т?рбиелік .?лы а?ынны? ?мірін ?неге т?тып, о?ушыларды адами ?асиеттерге баулу,?зін-?зі ?стай білуге,адамгершілкке , жауапкершілікке т?рбиелеп , азаматты? бейнесін ?алыптастыру;
Саба?ты? т?рі: жа?а саба?
?діс-т?сілдері: талдау , салыстыру, ой ша?ыру, венн диаграммасы ,тест.
К?рнекіліктері: интерактивті та?та, а?ынны? портреті, а?ын туралы ?лылыр ой пікірлері , к?рме.
П?наралы? байланыс: тарих, ?аза? тілі.

Саба?ты? ?раны: 
Ж?регімні? т?біне тере? бойла,
Мен бір ж?мба? адаммын,оны да ойла .
Со?ты?палы, со?па?сыз жерде ?стім,
Мы?мен жал?ыз алыстым, кін? ?ойма.
 
Саба?ты? барысы:
І . ?йымдастыру кезе?і.
1. О?ушылармен амандасып,сыныпты т?гелдеу.

ІІ. Саба?ты? ма?сатымен таныстыру.

ІІІ. ?ызы?ушылы?ты ояту.

(Портретімен ж?мыс)

  • Б?л кім?                                                                                                                                               -  Біз Абай туралы не білеміз?                                                                                              - Абай атамызды? ?андай ?ле?дерін  жат?а білесі?дер?
  • Слайд к?мегімен ?міріне шолу жасау.Абайды? шын аты Ибра?им бол?ан. Абай деп ?жесі Зере еркелетіп ?ой?ан. Бала кезінде екі ананы? арасында тел ?скен Абайды же?гелері Тел?ара деп еркелетіпті. Тіпті М.?уезовты? ?зі Абай туралы жазба? бол?ан романын е? ал?аш “Тел?ара” деп ата?ан екен. Сол тел?араны? дана Абай?а айналып, ?лы а?ын болу жолына к?з салып к?релік.
  •   Абайды? бар ?мірі ?зі   туып ?скен Шы??ыс болысы, ?азіргі Абай ауданы, б?рын?ы Семей облысында ?тті. ?лы а?ын 1845 жылы ?йгілі ?ас?аб?ла? басында, киіз ?йде д?ниеге келді. ?кесі ??нанбай б?кіл Тобы?ты еліні? ?а?арлы ?міршісі, ?атыгез, ал шешесі ?лжан керісінше а?айын-туыс?а ?айырымды, мінезі ж?мса?, тілге бай адам бол?ан.Міне, с?би ша?ынан-а? Абай от пен судай екі ?дай, кере?ар мінезді адамдар ортасында ?мір кешті. Аяулы ?жесі Зере мен анасы ?лжанны? жас бала ?иялы мен санасыны?, мінез-??л?ыны? ?алыптасуына ?сері мол болды. Ол екеуі айт?ан ертегі, а?ыз-??гіме, к?лдіргі, мыс?ыл, ел басынан ?ткен тарихи о?и?алар зерделі бала-Абайды? санасына біртіндеп сі?е берді. Осылайша, бала Абай ?з хал?ыны? рухани ой ?азынасына ?аны?ып ?сті.
  •       Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаны? медресесіне о?у?а т?седі. Алайда, ?кесі Абайды билік ісіне араластырып, баулу ?шін о?уын ая?татпай, 14 жасында ?айтарып алады. Абайды? медереседегі о?уы осымен ая?таладады.
  • Абай Шы?ысты? классик а?ындары Фирдоуси, Низами, Науаи, ?л-Фараби ж?не т.б. Шы?армаларын ?ызы?а о?ыды. Оны? шы?ыс классиктеріне деген ынтасыны? зор бол?аны сонша, ?ле? жазу?а деген ал?аш?ы талпынысы солар?а  сиынудан басталды.
  • ІV. Ма?ынаны тану.
  • ?ле?ді м??алім м?нерлеп о?ып береді.
  • о?ушылар іштей о?иды

Абай ??нанбаев . «?ылым таппай ма?танба»

- (12-14 слайд) Сергіту с?ті.

- ?н айту «К?зімні? ?арасы»

- ?дебиет ?йірмесі.

- о?иды м?нерлеп

- мазм?нын ??гімелеуші

- салыстырушы (?азіргі ?мірмен)

- с?ра? ?оюшы

V. С?здікпен ж?мыс.

Н?фр?тлі – жеркенішті деген с?з.
?ибр?тлі – ?лгі деген с?з

- «Кім жылдам?» ойыны

 Жа?сылы? – жаманды? (Антоним )
??марлану – шаттану(синоним)
С?ну – жану (онтоним)

Венн диаграммасы

Бес н?рседен ?ашы? бол                                                                                                           Бес н?рсеге асы? бол

 

 

Жа?сыдан ?йрен, жаманнан жирен

VІ. «Кім ал?ыр ?» ойыны. Тест
1. Абай ?ай жылы д?ниеге келді?
А) 1904
?) 1845
С) 1856

2.Абай ??нанбаев ?ай жерде о?ыды?
А) Семейде
?) К?кшетау
Б) М?скеу

3. Абайды? шын есімі кім?
А) М?хамет
?) Ибра?им
Б) ?ли

4. Абайды? ?кесі  мен анасыны? аты?
А) ?кесі ??нанбай, анасы ?лжан
?) ?кесі М?хтар,анасы Зере
Б) ?кесі М?хамет, анасы ?йгерім.

5. Абай ?ай жерде д?ниеге келді?
А) Шы??ыстау
?) Семей
Б) К?кшетау

6. Абай бала кезінде ?андай ойын т?рін жа?сы к?рді?
А) То?ыз ??мала?
?) Асы?
Б) Алты ба?ан

VІІ. Ой тол?аныс

  • «Егер мен ?алым болсам....» эссе жазу
  • хат жазу

?й тапсырмасы: «?ылым таппай ма?танба» ?ле?ін жаттау.

Ба?алау.
Ба?алау пара?ын ?орыта келе, саба??а ?те жа?сы ?атыс?ан … -  «5»,Жа?сы ?атыс?ан … – «4», орташа ?атыс?ан … -  «3» деген ба?аларды ?оямын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?дебиеттік о?у »

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» 
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік :Абай Құнанбаевтің «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін талдай отырып оқушыларға жаман мен жақсы қасиеттерді ажырата білу;
ә)Дамытушылық : Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік беріп, өзінше ой қорытуға ,ой түюге баулу , шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы танымтүсініктерін дамыту ,сөз мәдениетін дамыту , тіл байлығына үлес қосуға жол ашу,пәнге қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелік .Ұлы ақынның өмірін өнеге тұтып, оқушыларды адами қасиеттерге баулу,өзін-өзі ұстай білуге,адамгершілкке , жауапкершілікке тәрбиелеп , азаматтық бейнесін қалыптастыру;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: талдау , салыстыру, ой шақыру, венн диаграммасы ,тест.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, ақынның портреті, ақын туралы ұлылыр ой пікірлері , көрме.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.

Сабақтың ұраны: 
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын,оны да ойла .
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
 
Сабақтың барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасып,сыныпты түгелдеу.

ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

(Портретімен жұмыс)

  • Бұл кім? - Біз Абай туралы не білеміз? - Абай атамыздың қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?

  • Слайд көмегімен өміріне шолу жасау.Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Тіпті М.Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш “Телғара” деп атаған екен. Сол телғараның дана Абайға айналып, ұлы ақын болу жолына көз салып көрелік.

  • Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, қатыгез, ал шешесі Ұлжан керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.

  • Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға түседі. Алайда, әкесі Абайды билік ісіне араластырып, баулу үшін оқуын аяқтатпай, 14 жасында қайтарып алады. Абайдың медереседегі оқуы осымен аяқталадады.

  • Абай Шығыстың классик ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. Шығармаларын қызыға оқыды. Оның шығыс классиктеріне деген ынтасының зор болғаны сонша, өлең жазуға деген алғашқы талпынысы соларға сиынудан басталды.

  • ІV. Мағынаны тану.

  • өлеңді мұғалім мәнерлеп оқып береді.

  • оқушылар іштей оқиды

Абай Құнанбаев . «Ғылым таппай мақтанба»

- (12-14 слайд) Сергіту сәті.

- ән айту «Көзімнің қарасы»

- Әдебиет үйірмесі.

- оқиды мәнерлеп

- мазмұнын әңгімелеуші

- салыстырушы (қазіргі өмірмен)

- сұрақ қоюшы

V. Сөздікпен жұмыс.

Нәфрәтлі – жеркенішті деген сөз.
Ғибрәтлі – үлгі деген сөз

- «Кім жылдам?» ойыны

Жақсылық – жамандық (Антоним )
Құмарлану – шаттану(синоним)
Сөну – жану (онтоним)

Венн диаграммасы

Бес нәрседен қашық бол                                                                                                           Бес нәрсеге асық бол

 

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

VІ. «Кім алғыр ?» ойыны. Тест
1. Абай қай жылы дүниеге келді?
А) 1904
Ә) 1845
С) 1856

2.Абай Құнанбаев қай жерде оқыды?
А) Семейде
Ә) Көкшетау
Б) Мәскеу

3. Абайдың шын есімі кім?
А) Мұхамет
Ә) Ибраһим
Б) әли

4. Абайдың әкесі  мен анасының аты?
А) Әкесі Құнанбай, анасы Ұлжан
Ә) Әкесі Мұхтар,анасы Зере
Б) Әкесі Мұхамет, анасы Әйгерім.

5. Абай қай жерде дүниеге келді?
А) Шыңғыстау
Ә) Семей
Б) Көкшетау

6. Абай бала кезінде қандай ойын түрін жақсы көрді?
А) Тоғыз құмалақ
Ә) Асық
Б) Алты бақан

VІІ. Ой толғаныс

  • «Егер мен ғалым болсам....» эссе жазу

  • хат жазу

Үй тапсырмасы: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттау.

Бағалау.
Бағалау парағын қорыта келе, сабаққа өте жақсы қатысқан … -  «5»,Жақсы қатысқан … – «4», орташа қатысқан … -  «3» деген бағаларды қоямын.
















Тақырыбы: Біздің елбасы 
Мақсаты: 
а) білімділік:Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. 
ә) Дамытушылық: Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі:Н.Ә. Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері, кітаптары,
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
ІІ. Кіріспе
Мұғалім:Оқушылар елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да, ел экономикасын,ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт-санасын дүр сілкіндіріп оятатын ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз.Сондықтан да еліміздің болашақта үміт күтетін ұрпағы сендер, Елбасының «…садағаң кетейін,айналайын халқым!Сенің жолыңда бойда қуат,ойда нәр-бәрін аянбай сарп етуге пейілмін» немесе «Менде қазақтың елдігін,Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ»,-деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын, елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын, қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулерің қажет деп ойлаймын.
ІІІ. Негізгі бөлім 
Мұғалім: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысындағы Шамалған селосында туған.Өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап,Қазақстан Республикасының елбасына дейін көтерілген.
Н.Ә.Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ.Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген.Соның бірі бала кезінде бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынаған сәтін айтсақ та болады.Алдына қойған мақсаты айқын адамдар не нәрсе болса да жеңіп, сол мақсатына жететінін біз осы атамыздың жасап жатқан айшықты да айқын жұмыстарынан аңғара аламыз

  • өмірбаянына шолу жасау:

- жолдауға қысқаша мәлімет беру.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Тәуелсіздіктің 21 жылдығын салтанатты атап өту қазақ халқының жадындағы тарихи сәттердің біріне айналары хақ. Олай деуге себеп: Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кешегі Тәуелсіздік күні салтанатына арналған жиында жұртшылыққа Жолдау арнап, мәңгілік ел болудың 2050 жылға дейінгі жаңа межесін айқындады. Тағы бір жағымды жайт, Тәуелсіздіктің салтанатты мәжілісі елордадағы қазақ мәдениетінің ең биік тұғырына айналған, теңдесі жоқ өнер ордасы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында тұңғыш рет өтіп, ғажайып мәдениет ордасының шымылдығы Қазақстанның жаңа стратегиялық бағдарын айқындайтын Жолдаумен ашылды. 
Елбасы әдеттегідей Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында­ғы сөзін ең алдымен еліміздің өтке­нінен бастады. Қазақ елінің 21 жыл бұ­рынғы тағдырлы тарихын көз алды­на елестете отырып, бүгінгі биік­ті бағамдап берді. «Өткен күн­нен алысы жоқ, келер күннен жақы­ны жоқ» деген бабалар­дан қалған сөз бар. Тәуелсіздіктің 20 жылдық көкжиегінен көз жіберетін болсақ, біз ғасырларға татитын тарихи жол­дар­дан өттік. Осыдан 21 жыл бұрын әлем жұртшылығы Тәуелсіздігін енді ғана жариялаған Қазақстан Респуб­ликасын былай қойғанда,  қазақ деген халықтың бар-жоғын әлі та­нып-білмейтін еді. Бүгінде әлем та­ны­ған, күллі дүниежүзі мойындаған Қа­зақ­станның 21 жыл бұрынғы жағ­да­йы дәл осындай болады деп сену­дің өзі, шынында да, қиын еді. Бірақ бұл – бәріміз куә болған ақиқат дү­ние. Содан бері 21 жылда ұлан­ғайыр ұлы табыстарға қол жеткізе ал­дық», – деді Н.Назарбаев. Соны­мен қатар Президент ел дамуының бе­рік ірге­тасы қаланып, Ата заңы­мыз қабыл­данғанын, жаңа заңна­ма­лық жүйе қалыптасқанын айтты. «Қазақ­стан – 2030» стратегиялық бағдары айқындалып, Тәуелсіздіктің төл перзенті – барша жұртшылық таңға­ла­­тын Астана салынғанына тоқтал­ды. «Осылайша, Қазақстан қазір жаңғыру кезеңін артқа тастап, жаңа кезеңге аяқ басты. Дәл осы белес жаңа замандағы жаңа Қазақстанның орнын анықтады», – деді салтанатты жиынды ашып сөз сөйлеген Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұдан ары Мемлекет басшысы елдіктің ендігі міндеті егемендік жылдары қол жет­кізгеннің барлығын сақтап, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жал­ғас­­тыру екенін айтты. Демек, басты мақсат – 2050 жылға қарай мықты мем­лекеттің, дамыған экономика­ның және жалпы­ға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Ал мықты мемлекет деге­ні­міз не, сон­да? Мұны Елбасының сөзімен са­бақ­та­сақ, мықты мемлекет эконо­ми­калық жедел өсу жағдайын қамта­ма­­сыз ету үшін аса маңызды бол­мақ. Мықты мемлекет күнкөріс сая­са­ты­мен емес, жоспарлау саясаты­мен, ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық өсумен  айналысады. «Мінеки, дәл осы себептен Тәуел­сіздік күні қарсаңында, қымбатты менің отандастарым, сіздерге жаңа Жолдау  ұсынып отырмын. Бұл – еліміздің даму перспективаларына жасаған өзіндік пайымдауым. Бұл – жаңа саяси бағыт», – деп түйіндеді өз сөзін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы. 
«Қазақстан-2030» стратегиясында қамтылған көпшілік басымдықтар мерзімінен бұрын орындалды  
Қазақстанның қазіргі жетістігінің асқары да, бастауы да осыдан 15 жыл бұрын айқындалған «Қазақ­стан – 2030» стратегиясы еді. Сол жылдардың бейберекет қиындығы өз алдына, келешекті ойлау да мүм­кін болмайтын. Ілгерідегі осындай жағ­­­дай­ларды еске ала сөйлеген Мем­лекет басшысы сол жылдар ке­з­е­ңі­не һәм стратегиялық құжатта қам­тылып, мер­зімінен бұрын орын­далған дүние­лерге де тоқталды. 
«1997 жыл естеріңізде ме? Парла­ментте мен сөз сөйлегеннен кейін абды­рау мен абыржу болды. Көпшілік: «Бұл не: насихат па? Әлде аспаннан түскен нәрсе ме?»  – деп сауал қойып жатты. Сол кезде алға қойған міндет­тер сон­шалық­ты асқақ болып көрінетін. Деген­мен «көз қорқақ, қол батыр» дейді ғой. Біздің алдымызда оқиғалар барысына өзгеріс енгізу сияқты ауқымды міндет тұрды. Жаңа елдің іргесін қалау керек болды. Ол міндетті шешу үшін  біз үш бірдей жаң­­ғыр­ту жүргізуге тиіс едік: мемлекет­тің ір­ге­сін қалау мен нарықтық экономи­када серпіліс жасау, әлеуметтік мем­лекеттің негіздерін қалау, қоғамдық сананы қайта өзгерту. Біз өзіндік  жолымызды айқындауға тиіс едік. Бұл жол «Қазақстан – 2030» стратегиясында белгіленген болатын», – дей келе Нұрсұлтан Әбішұлы сол  стратегияның  жеті бағыты бойынша атқарылған шара­лар­ға тоқталды. Оның біріншісі – ұлттық қауіпсіздік. «Біздің алдымызда Қазақ­станның тұтастығын сақтай отырып, дамыту міндеті тұрды. Біз жоспарла­ғаннан да асыра орындадық.Тұңғыш рет тарихта біздің  мемлекет  халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара меже­ленді. Қазақстан  Каспий теңізінің айдынында­ғы  ахуалды сенімді бақы­лауда ұстайды. Болашақта  кез келген аумақтық  даулардың туындау қаупі қазір сейілген. Біз ұрпақта­рымызға  көршілермен  даулы аумақтар қал­дыр­ған жоқпыз. Біз  адамның, қоғам мен мем­лекеттің қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ететін күшті, заманауи, қорға­ныс­қа қабі­летті әскерді, пәрменді құқық қор­ғау жүйесін құрдық», – деді Нұрсұлтан Назар­баев. 
Елбасы тоқталған екінші басымдық – ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бір­лік. Бұл бағытта Қазақстанның өзінің сая­­сатын нығайтып қана қоймай, әлем­дік қауым­дастыққа үлгі ел ретінде сана­ла­­ты­ны да бекер емес. Қазақстан бүгін­де  мә­де­ниетаралық және конфессия­ара­­л­ық үнқатысудың халықаралық ор­та­лы­ғына айнал­ғаны белгілі. Әлемдік және  дәс­түрлі діндердің алғашқы төрт съезі  нақ біздің елімізде  өтті. Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «ХХІ ға­сырда Қазақ­стан Шығыс пен Батыстың үн­қатысуы мен өзара іс-қимылының  кө­пірі болуға тиіс» – деп атап өтті. «Қазақ­стан – 2030» стратегиясында  басты назар эконо­микалық өсуге аударылған болатын. Нәтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі  1997  жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы  28 триллион теңгеге  өсті. Елдің ЖІӨ  16  еседен астам өсті.  1999 жылдан бастап Қазақстанның ЖІӨ-нің жыл са­йынғы  өсуі  7,6%-ды құрап,  алдыңғы қатарлы  елдерді басып озды. Жан ба­сы­на шаққанда ЖІӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Стратегиядағы тағы бір басымдық – ел азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын арттыру болатын. Мұнда да атқарылған жұмыстың нәтижесі көзге бірден түседі. Мәселен, орташа  айлық жалақы 9,3  есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің  орташа мөл­шері 10 есе ұлғайды.  Халықтың нақ­­­ты­лы ақшалай кірістері  16  есе өс­кен. Соңғы 15 жылда халықтың санының  14 млн-нан 17 млн адамға дейінгі өсімі де соның айғағы. 
Бұлардан бөлек, Мемлекет басшысы энергетикалық ресурстар саласындағы межелердің атқарылуын, инфрақұры­лым, оның ішінде көлік пен байланыс саласындағы басымдықтардың орын­дал­ғанын, ең ақыр аяғы кәсіби мемле­кеттің құрылуы жапсарын да егжей-тегжейлі баяндады.
Елбасы атаған ХХІ ғасырдың 10 жаһандық сын-қатері
«Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһан­дық сын-тегеуріндермен бетпе-бет келуде. Еліміз бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түр­­де ескеруге тиіспіз», – дейді 
Н. Назар­баев. Сонымен, Президент айт­қан бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жедел­деуі. «Әлем қарқынды түрде өз­геру­де және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таңғалдырады. Соңғы 60 жылда Жер  тұрғындарының саны үш есе көбейді, ол 2050 жылға қарай 9 млрд адамға жетеді. Осы кезең ішінде әлемдік жалпы ішкі өнім 11 есе өсті. Бүкіләлемдік тарихи процестің жеделдеуі қай кезде де мемлекеттер алдында жаңа шектеусіз мүмкіндіктер ашады, ал оларды толығымен пайда­ланғанымызды мен мақтан тұтамын», – деді Мемлекет басшысы. Елбасы тоқ­та­ған екінші сын-қатер – жаһандық де­мографиялық теңгерімсіздік. Бұл ретте Президент пайымынша, жалпы әлемдік тренд – адамзаттың қартаюы. Ал енді 40 жылдан кейін 60 жастан асқан адамдар­дың саны 15-ке толма­ғандардан асып түседі. Туудың азаюы және адамзаттың қартаюы көптеген елдерде еңбек нары­ғын­дағы проблема­ларға, атап айтқанда, еңбек ресурста­рының жетіспеушілігіне  сөзсіз  әкеледі. «Біз жас ұлтпыз. Еліміздегі орташа жас – 35. Бұл біздің адамдық әлеуетімізді сақтауға, әлемде өзіміздің дұрыс орны­ғуымызға зор мүмкіндік береді. Бүгінгі күні алға жылжуға бізде жақсы негіз бар. Елімізде әрбір іздеген адам табуына болатын жұмыс бар. Оның үстіне біздің әрқайсымыздың өзі­міз жұмыс істеп, өзімізді асырауға мүм­кін­дігіміз бар. Бұл – біздің үлкен жетіс­тігіміз. Мен сіздерді жалпыға ортақ ең­бек қоғамына бастап келемін, онда жұ­мыс­сыздар жай ғана жәрдемақы алу­шы­лар емес, олар жаңа кәсіптерді мең­геретін болады, мүгедектер жасампаз­дық қызметпен бел­сенді түрде айналыса алады, ал корпо­рациялар мен компа­ниялар олар­дың еңбегі үшін лайықты жағ­дай жасай алады», – деді Н. Назар­б­ае­в. Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіп­сіздігіне төнетін қатер. Елбасы мұндай жаһандық қатер аста­рында Қазақстан үшін орасан зор мүм­кін­діктер бар екенін алға тартады. «Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарына ендік. Біз­де аса ірі экологиялық таза аумақтар бар және экологиялық таза тағам өнім­дерін шығара аламыз. Ауыл шаруа­шы­лығы өнеркәсібінде сапа­лы секіріс жасау – толықтай қолымыз­дағы нәрсе. Бұл үшін бізге жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана қажет бо­лады», – деді Прези­дент.     
Судың тым тапшылығы – бұл төртінші сын-қатер. «Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурс­тарын пайдалануда бірқатар мәселелер­мен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіс­піз», – деп атап өтті бұл тұрғыда Елба­сы. Бесін­ші сын-қатер – жаһандық энергети­ка­лық қауіпсіздік. «2050 жылға қарай алған­ның өзінде оларды қолдану ба­р­лық тұтынылатын энергияның 50 %-на дейін өндіруге мүмкіндік береді. 
Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып саналады. Мұнай мен газдың әлемдік деңгейдегі аса ірі қорларын иеленетін біздің еліміз өзінің энергети­калық саладағы сенімді стратегиялық әріп­тестік пен өзара пайдалы халықара­л­ық ынтымақтастық саясатынан бір қадам да кейін шегінбейтін болады», –деп пайымдады Президент. Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сар­қ­ы­луы. «Бізге өз табиғи байлықтары­мыз­ға деген көзқарасымызды ой елегі­нен өткізудің принципті маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек».
Жетінші сын-қатер – Үшінші индус­трия­лық революция. «Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдыры­ғын­да тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгер­теді. Технологиялық жаңалықтар әлем­дік нарықтың құрылымы мен қа­жеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрын­ғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз». Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Ал әлеуметтік тұрақсыздықтың басты себебі – әлеуметтік теңсіздік. «Әлеумет­тік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһан­дық экономикалық дағдарыс  Қазақ­станға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады.  Сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет – қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақ­тылықты нығайту», – деді Мем­лекет басшысы.   Тоғызыншы сын-қатер – өркениет құндылықтарының дағдары­сы. «Әлем ауыр дүниетанымдық және құн­дылық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Өркениеттер қақтығысы, тарихтың ақы­ры, мультимәдениеттің күйреуін жа­рия­лайтын үндер жиі естіледі. Жылдар бойы сыннан өткен құндылықтарымызды қорғай отырып, біз үшін осынау кертарт­па көзқарастан тартынуымыздың прин­цип­ті маңызы бар. Өз тәжірибемізден білетініміз, біздің «осал тұсымыз» деп атаған көпэтностылығымыз бен көпкон­фес­сиялығымызды өз артықшылығы­мызға айналдыра алдық». 
Оныншы сын-қатер –әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі. «Әлемде не болып жатқанын біздің бәріміз көріп отырмыз. Бұл дағдарыстың жаңа толқыны емес, әлемдік экономика әлі еңсере алмай отырған 2007-2009 жылдардағы дағ­да­рыс­тың жалғасы. Жаһандық экономи­калық жүйе 2013-2014 жылдардың өзінде елеулі іркіліске ұшыратып, атап айтқанда, шикізатқа әлемдік бағаның құлдырауын туғызуы мүмкін. Біз үшін мұндай көрініс аса тиімді бола қоймайды. ЕО мен АҚШ-тағы ықтимал рецес­сия дамыған елдердің шикізат ресурс­тарына қажеттілігін төмендетуге әкелуі мүмкін. Еуроодақтағы жоқ дегенде бір мемлекеттің ықтимал де­фол­ты «домино әсерін» тудырып, біздің ха­лықаралық резервтеріміздің сақталуы мен экспорттық өнім беруіміздің тұрақ­ты­лығына күмән туғызуы мүмкін. Ва­люта­лық резервтердің қысқаруы ва­люта­лық бағамдар  мен инфляцияның қысымын күшейтіп, бұл қайтадан әлеуметтік-экономикалық ахуалға кері әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты біз халықаралық ахуал дамуының кез келген көрінісіне жан-жақты дайын болу үшін биліктің барлық тармақтары­ның, мемлекет пен қоғамның ойласты­рыл­ған, келісілген және үйлестірілген бағытын тұжырымдауға тиіспіз», – деп түйіндеді Мемлекет басшысы. 
Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында отыруы тиіс
Сөйтіп, жаһандық сыни-қатерлердің жай-жапсарына көз жүгірткен Тұңғыш Президент бұны лайықты қабылдау да елдікке сын болатынын аңғартты. Ал ондай қатерге төтеп беруге 2030 Стра­те­гиясының аясы жеткілікті емес. Яғни, Қазақ елі ендігі елдік дамуының бағда­рын бүгін бекітіп, жоспарлау көкжиегін кеңейтіп, кезекті дүниетанымдық серпі­ліс­ті жасауы аса маңызды. Оның үстіне 15 жыл бұрынғы «Қазақстан – 2030» стратегиясы мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңі үшін жасалған болатын. Жоғары­да айтқандай, барлық базалық өлшемін де мерзімінен бұрын тауысқан. Ақыр аяғы мемлекеттің алдында жаңа сынақ­тар мен қауіп-қатерлер тұр. Сондықтан «Қа­зақстан – 2050» стратегиясын қа­был­дау­дың маңызы зор болмақ. «2050 жыл – жай бейнелі дата емес. Бұл – бүгін­де әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отыр­ған нақты мерзім. БҰҰ-да 2050 жыл­ға дейінгі өркениеттер дамуы­ның жа­һандық болжамы әзірленді. 2050 жыл­ға дейінгі болжамдық баян­да­маны Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы жа­риялады. Қазір елдердің дені  осын­дай ұзақ мерзімді стратегиялар әзірлеп, қабылдауда. Қытай өзі үшін дәл осындай стратегиялық жоспарлау көкжиегін айқындап алды. Ірі трансұлттық компа­ния­лардың өзі алдағы жарты ғасырға даму стратегияларын әзірлеуде», – деді Н.Назарбаев. Бұл ретте межеленген бағ­дарға тоқтала келе Елбасы «Қазақ­стан – 2050» стратегиясы – «Қазақ­стан – 2030» стратегиясының жаңа кезең­дегі үйлесім­ді дамуы екеніне мән берді. «Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақ­тарға жауап – осы. Жас ұрпақтың нақ осы­ған мүдделі екеніне сенімдімін. Осы­ған орай,  ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытының жобасын ұсына­мын», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұдан бөлек, Елбасы Қазақ­стан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында отыруы тиіс­тігін қадап айтты. Мемлекет басшы­сының сөзіне қараған­да, дамушы елдер арасында дәл осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Соған орай, Нұрсұлтан Әбішұлы «күн астындағы орын» тек ең мық­ты­ларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұл­тымыз жаһандық экономикалық тай­та­ласқа дайын болуға тиістігін атап өтті.  
Бұдан бөлек, Елбасы 2050 жылға дейін кезең-кезеңмен бірқатар міндет­тер­ді шешу принципті маңызды екенін айта­ды. Ондай бағыттың ішінде  мем­лекеттің макроэкономикалық саясатын жаңғырту, салық саясатын жетілдіру, ақша-кредит саясаты,  мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты секілді мәселелер бар. Бұл ретте Президент жаңа салық саясаты әлеуметтік бағыт алуға тиіс екенін алға тартады. «Бұл үшін 2015 жылдан бастап ынталандыру ша­ра­ла­ры кешенін, соның ішінде білім беру­ге, өзін, өз отбасын, қызметкерлерін ме­дициналық сақтандыруға қаражат салатын азаматтар мен компанияларды салық­тан босату практикасын көздейтін ынталандыру кешенін әзірлеу қажет», – деді Елбасы. 
Табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу 
«Егер ұлтымыз шикізат ресурстары­нан түсетін кірістерді 35 жылдан кейін пайдаланғысы келсе, бұған бүгіннен бастап дайындалу керек. Бізге арнайы стратегия әзірлеу – барлық ірі корпора­циялар мен концерндер тәжірибесіндей, алда тұрған барлық жылдарға барша жұмысты бөліп жоспарлау үшін басым­дықтарды, серіктестерді айқындап алу қажет», –  деді Жолдауда Ұлт көшбасшы­сы. «Бұл – біздің төл тарихымыздың басты сабағы: Қашаған бойынша келіссөздер мен дайындықты біз осыдан 20 жыл бұрын дерлік бастадық, ал нәтижесін тек қазір ғана алуға кірістік», – деді Ол. Бұл ретте Мемлекет басшысы ұлт болашағы мен мемлекет қауіпсіздігі мүддесінде көмірсутегі шикізатының стратегиялық «резервін» құру керектігін алға тартып, стратегиялық резервтің ел энергетикалық қауіпсіздігінің іргетасы болатынын айтты. Осылайша, мемлекет ықтимал экономикалық сілкіністер жағ­да­йына тағы бір қорғаныс шебін құратын болады. 
2050 жылға қарай ЖІӨ-дегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуы тиіс
Елбасы ауыл шаруашылығын, әсіресе ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағда­йында ауқымды жаңғырту қажеттігіне де тоқталды. Әлемдік азық-түлік на­рығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыруға қажетті бағдарды да қадап айтты. Егістік алқабын  ұлғайтуды, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажеттігіне тоқталды. «Аса ірі экспорттық нарықты меңгеру үшін біз қай азық-түліктің жаппай өндірісін басты етіп қоятынымызды айқындауы­мыз керек. Алынған шаралардың нәти­жесі 2050 жылға қарай ел ЖІӨ-дегі ауыл­шаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуы болуы тиіс», – дей келе Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. 
Әкім сайлау 2013 жылдан бастала береді
Елбасы Жолдау барысында мемле­кет­­­тілікті одан әрі дамыту және демок­ра­тияны дамыту мәселелеріне де назар ау­дар­ды. «Біз басқаруды орталықсыз­дан­дыруды сауатты жүргізуіміз керек. Орталықсыздандыру идеясының мәні – шешім қабылдау үшін құқықтар мен қажетті ресурстарды орталықтан өңірлік билік органдарына беру. Біз 2013 жылы жауапкершілік пен өкілеттіктерді орта­лық пен өңірлер арасында бөлу жөнінде нақты шаралар қабылдауымыз қажет», – дей келе Елбасы Жергілікті басқару­ды дамыту тұжырымдамасы бекітілгенін, онда ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жа­салатынын жеткізді. «Біз селолық әкім­діктерге қосымша өкілеттіктер бере­міз және олардың ауылдағы ахуалға ықпа­лын күшейтеміз.  Бірақ сонымен бірге бізге қоғамдық бақылауды,  жергі­лікті жерлердегі ахуалға азамат­тардың ықпалын күшейту керек. Сондық­тан мен мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізу туралы шешім қабылдадым. Сайлауды біз 2013 жылдың өзінде-ақ бастаймыз.

Барлығы 2533 әкім, соның ішінде селолық округтердің, кенттердің және аудандық маңызы бар 50 қаланың әкімі сайланатын болады.  Бұл барлық деңгейдегі әкімдердің жалпы санының 91,7%-ы! Осылайша, біз азаматтармен тікелей жұмыс жасайтын және мәселені жергілікті жерде шешетін барлық әкімдерді сайланбалылықпен қамтитын боламыз», – деді Н. Назарбаев. Соны­мен қатар осы бағдар бойынша Пар­ламенттің өкілеттіктерін күшейту жөнін­дегі саясат та жалғасады. 
Сыртқы саясатта ұстанған басымдығымыз өзгермейді
«Біздің басымдықтарымыз өзгер­мей­­ді – көршілеріміз – Ресеймен, Қы­тай­мен, Орталық Азия елдерімен, сон­дай-ақ АҚШ-пен, Еуроодақпен, Азия елдерімен серіктестікті дамыту мәселесі болып табылады», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұдан бөлек, Елбасы таяудағы мақсат Еуразиялық экономикалық одақ құру екенін, осыған орай мәселелердің консенсус арқылы шешілетінін нақты мәлімдеді. Бұл ретте саяси егемендікке қысым көрсетілмейді. «Сыртқы саяса­тымызды теңдестіру әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және Қазақстан үшін практикалық қызығушылық туғы­затын барлық мемлекеттермен достық және болжамды қарым-қатынастарды дамыту дегенді білдіреді. Алайда халықаралық ахуал және гео­саяси орта қарқынды  өзгеруде және әрқашан жақсы жағына қарай ойыса бермейді. Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстан Сол­түстік-Шығыс Азияға дейін тұрақ­сыз­дықтың алып белдеуі созылып жа­тыр. Күштердің ара салмағы жаһандық деңгей­де де, сонымен қатар жер шары­ның жекелеген аймақтарында да елеулі өзгерістерге ұшырауда. Соған сәйкес, БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК және басқа аймақтық қауіпсіздік тетіктерінің рөлі арта түседі. Орталық Азияда ұлттық қауіпсіздікке төнген жаңа қатерлер пайда болды. Мұндай ахуалда Қазақстанның сыртқы саясаты ішкі саясаты сияқты жаңғыртылуға тиіс», – деді Ұлт көшбасшысы. 
Жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі
«Қазақстан  – біздің қасиетті мекені­міз. Кейінгі ұрпақ осынау қасиетті ме­кен­де өмір сүріп, өркен жайды. Қазақ жеріне тағдырдың жазуымен алуан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Біз оларға құшағымызды ашып, қазақи қонақжайл­ы­­лықпен қарсы алдық. Олар біздің елімізде өсіп-өніп, бауырлары­мыз­ға айналды. Қазір біз көпұлтты сипа­ты бар біртұтас елміз. Мынау жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі болмақ. Жалғыз ұлттың мемлекеті деген бол­майды. Бұл әлемдік үрдіс», – деді Елб­а­сы. Сонымен қатар еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірігіп үлес қосқанына тоқталды. «Ен­де­ше, Тәуелсіз Қазақ елінің азаматтарын ала­лауға, бауырластығын бұзуға ешкім­нің қақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру барша қазақстандықтың басты қағи­д­аты болуы шарт», – деді Н.Назар­баев. Бұл ретте Елбасы ұлттардың этнос­ара­лық келісіміне сына қағуға тыры­са­тындардың барлығы да заңмен қудал­а­натынын, мұнда ерекше жауапкершілік біздерге, қазақтарға артылатынын қадап айтты. «Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген жан өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды. Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз», – деді Елбасы. 
2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек
Мемлекет басшысының айтуынша, тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Сондықтан алда­ғы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзе­ге асыру табандылықпен жалғаса­ды.  «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиіміз­ді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіру үшін дайындыққа осы бастан кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс прин­ципті мәселе. Бір кезде тарих бедерін­де біз мұндай қадамды жасаған­быз», – деді Н. Назарбаев. Сонымен қа­тар, Елбасы  терминология мәселесінде де қолға алар істердің әлі баршылық еке­нін айтты. 
Қазақ тілі шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, еліміз ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп аталатын болады
Тіл туралы мәселеге тоқтай келе, Мемлекет басшысы «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген қағидатты тағы да қайталап айтты. «Тәуелсіздігін алған тұста еліміздегі қазақтың саны 6,8 миллион немесе 41% болса, қазір 11 мил­лионға жетіп, 65%-дан асты. Қазақ­тың саны 4 миллионға артты.  Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтыл­са, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді.  Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қам­шылауы тиіс. Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сон­да ғана қазақ тілі барша қазақстан­дық­тардың жаппай қолданыс тіліне айнала­ды.  Тілге деген көзқарас, шындап кел­ген­де, елге деген көзқарас екені даусыз.  Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын бола­мыз», – деді Президент. 
Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. Ал бірлік, ең алдымен, қазақтың өзіне керек 
Президент бірлік мәселесіне келген­де, ең әуелі осы істің қазаққа ауадай қажеттігін алға тартты.  Сондықтан қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. «Бірлік, ынтымақ, сабыр­лылық пен парасаттылық, ең алдымен, өзімізге – қазақтарға керек.  Қазақты ешуақытта сырттан жау алған емес.  Қазақ әлсіресе, алауыздықтан әлсіреген, күшейсе, бірліктен күшейген. Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді. Мемлекет те солай», – деген пайымымен бөлісті Елбасы. Қазақстанның елдігі асқан, ерлігі тасқан, кемел де келісті елге айналуына бізден – қазақтардан артық мүдделі кім бар?! Қазақтың ішкі тұтастығын бұзғысы келетін рушылдық, жершілдік әңгімемен ел бірлігін бүлдір­гісі келетін күштердің пайда болуы Елба­сы ретінде мені алаңдатпай қоймайды», – дей келе Мемлекет басшысы ондай жымысқы ниеттілердің айқайына құлақ асып, айтағына ілескен жан әр атаның шежіресін әспеттеп, әр жаққа тартқанын аңдамай қалуы мүмкін екенін, ал ру мен тайпаға бөліну – ұлттық тұтастықтан айырылудың өте қауіпті түрі болатынын қадап айтты. 
«Қазақ шежіресінің түпкі мәнін ұмыт­пау керек, алып дарақтың бұтақтары сияқты күллі рулардың түбін қуа келгенде, барлығы бір ғана ұлы тамырға – қазақ деген ұлтқа барып тіреледі. Қай шежірені алып қарасаңыз да, ол қазақтың бірлігін, тұтастығын әйгілейді. Шежіре – қазақты бөлшектейтін емес, керісінше, біріктіретін ұғым. Барша адамзаттың Адам атадан басталатыны сияқты, бүкіл қазақтың шежіре атаулысы Атам қазақтан бастау алатынын әрбір қазақ жүрегінің төрінде ұстауға тиіс.  Тек бірлесіп қана, бүкіл халықтың күш-жігерін біріктіріп қана біз алға баса аламыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. 
Мемлекетіміздің зайырлылық сипаты - бұл Қазақстанның табысты дамуының негізі
«Ендігі қазақ қоғамында көпшілікті толған­дыратын мәселенің бірі – діни ахуалдың жай-күйі. Әрине, біз мұсыл­манбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәз­һабын ұстанатын сунниттерміз. Баба­ларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негіздел­ген. Жастарды үлкендерді сыйлауға негіз­деген. Біздің ата-бабаларымыз еш­уақыт­та қыз баланың бетін бүркеме­г­ен. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. «Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысады. Оларға еретін болсақ, біз апа-қарындастарымыз бен қыздарымыздың бетін тұмшала­ғанд­ы былай қойғанда, олармен бір дастарханда отырып, тамақ ішуден қала­мыз», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Прези­денттің пайымынша, мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздік­т­ен бойды аулақ ұстау қажет. «Мен жастарды ХХІ ғасырға, келешектегі ХХІІ ғасырға   қарай жетектеп отырмын. Ал мынадай жасалатын дүниелер бізді орта ғасырға, артқа қарай тартып отыр деген сөз. Осыны ойланыңыздар! Біздің мем­лекетіміздің зайырлылық сипаты –  бұл Қазақстанның табысты дамуының басты негізі. Осыны бүгінгі һәм келешек қазақ­стандық  саясаткерлер және барша қа­зақ­стандықтар жете түсінгені абзал», – деді Н. Назарбаев.
Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де – бабаларымыздың бостандық жолында төгілген қаны
«Қазақстанның 2050 жылға дейінгі жаңа стратегиялық бағдарын жүзеге асыруда қазақ халқына айрықша жауап­кершілік жүктеледі. Тағылымы мол тарихымыз бен ұлы бабаларымыздың ұлаға­тты өмірінен алар тәліміміз арқа­сында біз алдағы асулардан алқынбай аса аламыз. Үдеудің сыры – бірлікте, жүдеудің сыры – алауыздықта. Осыдан үш ғасыр бұрын Аңырақайда болған ұлы шайқаста ата-бабаларымыз бірлік­тің құдіретінің қандай болатынын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген болатын. Сын сағатта туған еліне деген перзенттік па­рыз­дар бәрінен жоғары тұрды. Сол шай­қаста төгілген қан барша қазақтың тамырында бар қан еді. Солай ғой. Бұл – біздің бабаларымыздың қаны. Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де бабаларымыздың бостандық жолын­да төгілген осы қаны деп білемін», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Сонымен қа­тар Президент елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік қай уақытта да бабалары­мыздың бойынан табылғанын атап өтті.
ХХІ ғасыр Қазақстанның алтын ғасыры болады
Сөз соңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша буын өкілдеріне арнап үндеуін жариялады. «Алдыменен алдыңғы толқын аға буын!  Сіздердің көргендеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз кейінгі буынның ақиқат жолынан адаспай, алға бастауына септігін тигізді. Ортаңғы буын отандас­ты­рым! Сіздердің еншілеріңізге алып импе­рияның күйреп, жас Тәуелсіз мем­лекеттің түлеген кезеңі дөп келді. Сіздер­дің күрделі де қиын шешімдер арқылы жинаған өлшеусіз тәжірибелеріңіз қиын­дықтардан сынбай өтуімізге қажетті баға жетпес қазына болды. Ал енді кейінгі толқын жастарға айтарым, сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер! Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда. Сендер – Тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер! Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдың­дар! Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің елімізді қазіргі бізге көз жетпес алысқа, қол жетпес қиянға апара­тын тың мақсаттардың құдіретті күші болсын деймін», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. 
«Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын, адамзаттың мәңгілік құндылықтары ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиет­терін сіңіруге шақырамын. Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның алтын ғасыры бола­тынына кәміл сенемін. ХХІ ғасыр бей­бітшілік пен тұрақтылықтың гүл­денген ғасыры болады. Қазақстан халқы  ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсаттарымызға міндет­ті түрде жетеміз. Аңсарлы азатты­ғымыз бен тәу етер Тәуелсіздігіміз баянды бол­сын, ағайын. Мәңгілік ел болу жолын­дағы ұлы істеріміз, жаңа дәуірлерге жол ашсын», – деп сөзін тамамдаған Елбасы барша қазақ­стандықтарды киелі мере­кемен құттықтады.    Сабақты бекіту.

  • жолдау деген не?

  • ол бізге керек пе?

  • Елбасының айтқан сөзіне келісесіңдер ме?

  • «Әнұран» шырқау






































Сабақтың тақырыбы:         Қайырымдылық деген не?

Мақсаты:  1.  «Қайырымдылық»,  «Мейірімділік»,   адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

         2.  Әңгімелесе отырып, қамқорлық жасауға  жетелеу.  Сабақ барысында құстарға жемсауыт дайындап, оларды мектеп ауласына  ілу, суреттер салу.

         3.   Мейірімділікке тәрбиелеу.

Қолданылған құрал – жабдықтар:   Сюжетті суреттер, жағдаяттар,  болжау үлестірме  қағаздары.

Сабақтың барысы:

1.     Психологиялық дайындық.

Жан-жағына  нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.

Оралғанда сапардан

Алдымнан жақын жан шықса,

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды.

2.     Қызығушылықты ояту.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

-         Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

-         Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

-         Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

3.     Әжем айтқан ертегі   айдарымен әңгіме, ертегілер тыңдау.

Жақсылық пен жамандық.

         Мысал ертегі.

Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты.  Иттердің біреуі – ақ, екіншісі – қара.  Он екі жастағы немере көзін ашқалы, осы иттер үнемі атасының үй алдында арпалысып жататын. Атасының бұл иттерінің үлкендігін айтсаңшы.

-         Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен, үй күзетуге біреуі де жетпей ме? Екеуін қайтесіз? Сосын біреуі –ақ, екіншісі – қара түсті болуын әдейі таңдадыңыз ба?- дейді немересі.

Жасы жетпістен асқан ата немересіне ойлы көзбен қарап:  «Ол иттерім» - деді, «Мен үшін мәні зор екі таңба, балам!»

-         Ненің таңбасы, ата?

-         Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттер сияқты ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды үнемі қасымда ұстаймын.

Немересінің көзі оттай жанып: «Күресте қайсысы көп жеңеді, қайсысы көп жеңіледі» - дейді.  Атасы риза болып, немересінің арқасынан қағып:

-         Қайсысы дейсің, балам?..   Мен қайсысына күтім жасап, жақсы көрсем, сол итім жеңетініне көзім жетеді.

4.     Суреттерге қарап, жағдаяттар шешу.

1.     Сен бір құшақ газет –журнал көтеріп келе жатқан  пошташыны кездестірдің..............

2.     Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ..........

3.     Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті........

Біз қандай мейірімділік, қамқорлық жасай аламыз? Оқушылардың ойларын тыңдау.  Мысалдар келтіру. Бірде мектепке бір кішкене торғай кіріп кетіп, шыға алмады. Біз оған көмектеспек болсақ, ол бізден қорқып, ұстатпайды.  Ал, егерде ол мектепте жүре берсе, ашығып өліп қалуы мүмкін. Өйткені шошып тіптен тамақ берсең де ішпейді. Әр сыныптардан көптеген оқушылар келіп, зорға деген де аулаға шығарып жібердік.

Бөлме өсімдіктеріне қандай мейірімділікпен қарау керек. Неге?  Мысал келтіре отырып, әңгімеле.

Сергітейік жанымызды.

         Гүлдер әнін барлығы орындайды.

Біздің әсем аулада

Гүлдер көктеп келеді.

Күн сәулесі оларға

Алтын нұрын төгеді.

Гүлім менің өзімнен,

Айнымауын қарашы.

Гүлдер кімнің баласы,

Мен анамның баласы.

5 . Тапсырма орындау.

Құстарға жемсауыттар дайындап, мектеп ауласындағы ағаштарға ілейік. Ол үшін бізге мынадай заттар қажет:  шырынның бос ыдысы, қайшы, жіптер, салатын жемдер.

Жемсауыттың дайындалу жолдарын үйрете отырып, жасату. Техникалық қауіпсіздіктерді  еске түсіріп, қадағалау. Жасалған  жемсауытты аулаға апарып ілу.

6.     Жан-жануарларға да қамқорлық жасай біл!

Мейірім әңгімесін оқып беру.

Күздің жайма шуақ күндерінің бірі еді. Сабақ тстен кейін басталатын болғандықтан, асықпай келе жаттым. Бір үйдің бұрышынан өте бергенімде үрейлене жылаған баланың  дауысын естідім. Жалт қарасам, басы үлкен, құлағы салпиған қара күшік 3-4 жасар қыздың жолын бөгеп, шәуілдеп жүргізер емес.күшікті қуып жібердім. Қыз қатты қорқыпты. Денесі дірілдеп, өксігін баса алмай солқ-солқ етеді.

7.     Сабақты бекіту.

Мейірімді бол!  Кестесін толтыру.

Сұрақтарға жауап алу.

-         Талға мысық мініп түсе алмаса не істер едің?

-         Сырқат жанға сенің қолыңнан қандай жақсылық жасау келеді?

-         Үлкен кісіге қандай жақсылық жасау керек?


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?дебиеттік о?у

Автор: Хасенова Амина Кабдыгалымовна

Дата: 03.01.2015

Номер свидетельства: 149685

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "?дебиеттік о?у "Маужырап бар?ыт ?о?ыр к?з" орта  мерзімді жоспар "
    ["seo_title"] => string(69) "diebiiettik-ok-u-mauzhyrap-bark-yt-k-on-yr-kuz-orta-mierzimdi-zhospar"
    ["file_id"] => string(6) "132741"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416404300"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "?дебиеттік о?у п?ні "Мысалдар" тарауынан орта мерзімді саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(70) "diebiiettik-ok-u-p-ni-mysaldar-tarauynan-orta-mierzimdi-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "133395"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416502175"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "Әдебиеттік оқу Біздің сынып Мәтін :А. Сопыбеков Сапар мен парта"
    ["seo_title"] => string(60) "debiettik_oku_bizdin_synyp_m_tin_a_sopybekov_sapar_men_parta"
    ["file_id"] => string(6) "592174"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1637510906"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "3 сынып омж ?дебиеттік о?у жа?сыдан ?йрен тарауы "
    ["seo_title"] => string(54) "3-synyp-omzh-diebiiettik-ok-u-zhak-sydan-uirien-tarauy"
    ["file_id"] => string(6) "150671"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420541663"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "омж 3 сынып ?дебиеттік о?у "
    ["seo_title"] => string(29) "omzh-3-synyp-diebiiettik-ok-u"
    ["file_id"] => string(6) "150825"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420560334"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства