Просмотр содержимого документа
«Туған тілім-ана тілім»
Сыныптан тыс шара: Туған тілім - ана тілім
Сабақтың мақсаты: оқушыларды ана тілін сүюге, ардақтауға, қадірлеуге және тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсунуге шақыру, елжандылық, патриоттық сезіммен өз ана тілін сүюге, құрметтеуге оның құдіретін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мұқағали Мақатаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Абай Құнанбаев, және т.б. Ақын-жазышулардың тіл туралы айтқан пікірлерін, суреетерімен үлкен стенд етіп іліп қою. Күй жай ғана ойнап тұрады.
Бастаушы: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! «Туған тілім-ана тілім» атты сыныптан тыс шараны қазақ халқының салт -дәстүрі бойынша шашу шашып бастаймыз!!!
Бүгінгі тәрбие сағатымызда танымал ақын-жазушылардың ана тілі туралы айтқан асыл ойларын ортаға салмақпыз.
Бастаушы: Қазақ тіліміз – ана тіліміз. Қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін ана тіліміз- қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңы» күшіне енді. Ана тілінсіз іс өрге баспайды. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз- тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып, үлкен мәртебеге ие болды.
1991 жылы 16 желтоқсанда елімізді «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Ата заңы қабылданды.Осы жылы 16 желтоқсанда еліміз мерейтойын тойлайды.
Сырбай Мәуленов «Менің Республикам»
Тауды көрсең күн көзіне таласқан,
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан,
Менің байтақ Республикам таулары,
Менің көгім- мөлдіреген сол аспан.
Дала көрсен, көкжиекпен ұштасқан,
Көлді көрсең, секілді бір түскі аспан,
Менің байтақ Республикам даласы,
Менің көлім теңізбенен ұштасқан.
Қызыл Бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсен ашық Алатаудың үндерін,
Жерінде гүл, Көгінде күн бір жүзген
Ұлан-байтақ Республикам менің.
Мұқағали Мақатаевтің өлеңі «Үш бақытым»
Ең бірінші бақытым -Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым-тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші-Отан деген,
Кім мықты?-десе біреу,- Отан дер ем.
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.-деп, Мұқағали ағамыз жырлағандай, қазақ жері, қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениеті қарыштап дамыған бай өлкеге айналды.
Ал, кезінде қазақ халқының болашағы үшін оқуға, өнерге талпынған ағамыз Сұлтанмахмұт:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрлеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың көгіне
Күн болмағанда, кім болам!- дегені- бұл күнде қиял-арман мен талап, ой ғана емес, іс жүзінде ақиқат шындық болып отыр.
Біз ана тілімізді- халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруге пәрменді құрал болып отырған, мемлекеттік тіл мәртебеге ие болған қазақ тілін терең де тиянақты меңгеруіміз керек
Бастаушы: Енді әзіл көрініске кезек береміз «Сырласу».
(әке):
-Сабақ қалай балам?
(ұл):
-Жаман емес, әке.
(әке):
-Жаман болмаса, жақсы екен. Қандай сонда бағаң?
(ұл:
-Бағанын несін сұрайсыз? Мысалы кеше диктанттан үштік баға алғам, бірақ арық арықтау.
(әке):
-Қайтесің шырағым, арықтау болса да баға ғой. Ол ештеңе емес-ау!..
(ұл) Жадра:
-Осы менің жазуыма ұстазым риза болмай-ақ қойды. «Талапқа сай жазды» деп өзгелерді мақтайды. Ал мен дегенде жыны бар. Сызықтан асып кеттің дей ме, тасымалды аттап кеттің дей ме, әйтеуір ескерпесі көп -ақ. Шынында, менің шақшадай басыма, сол ережелердің сиюы қиын-ақ! Әке, осы сіз оқығанда сөйлемдердің мүшесі болды ма?
(әке):
-Білмеймін, қарағым, есімде жоқ.
(ұл):
-Ал бізге мұғалім сөйлемнің бақандай бес мүшесі болады дейді. Әжеме айтсам «сөйлемей отыр, сөйлемде мүше болатын ба еді, мүше адамда ғана болады»,-дейді. Ол рас па, әке?
(әке):
-Рас болғанда қандай, адамда 7 мүше болады ғой.
(ұл:
-Иә, әжем де солай дейді. «Мұғалім айтып басыңды катыра берсе, 7 мүшен сау болсың, үйде отыра бер» дейді. Сонда әкемді тыңдаймын ба, әлде әжемді ме, әлде мұғалімді ме?
/иығын көтеріп, шығып кетеді/
Бастаушы:Тіл-ғылымның кілті, шындық пен данышпандықтың құралы. Яғни, тілден ащы сөз де шығады екен. Ендеше, сөз адамды өлтіре де алады, тірілте де алады. Тілдің құдіреттілігі, міне, осында болса керек. Тіл туралы өлеңдер оқып, тіл туралы түсінігімізді тереңдете түсейік.
Сүйемін өз тілімді-анам тілін
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Туған тілім тіргшілігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін.
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Ана тілін білу, оның қасиетін түсіну- бас парызымыз. Ана тілін үйрену- бұл ұлы іс. Әркім өз тілінде сөйлеуге тырысу керек.
Тіл байлығы- ой байлығы.
Тіл барша халықтың ортақ игілігі.
-Балалар, кім Отан туралы мақал-мәтелдерді біледі /оқушылардың жауабы/
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ал, сендерден балалар болашақта көп нәрсені күтуге болады. Себебі, сендер өз тілдеріңде, мемлекеттік тілінде жақсы сөйлеп, көптеген мақал-мәтелдер білесіңдер, жарайсыңдар!
Әндетіп шалқып қиялға сүйеп,
Ашыла түсер көңілдің күйі.
Өзің де үйрен, балаға да үйрет
Абайдың тілін, Жамбылдың тілін.
Абай Құнанбаевтін өлені « Ғылым таппай мақтанба »
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлүге.
Бес нәрсеге қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой-
Бес асыл іс, көнсеңіз...
Жамбыл Жабаевтың өлеңі
: Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым кім берер,
жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі
Ғылымға көңіл бөлсеңіз...
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсен,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгенніңнің бәрі -тұл.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма...
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл-гүл.
Ұмытсаң-дағы бөпеңді
Ұмытпа ана тіліңді.
Өз тілің- өскен өркенің
Ананың берген ақ сүті!
Мақтаныш ұлтың -ол сенің.
:
Тіл- халықтың автопортреті. Әр тіл өз орнында ұлы. Тіл- бүкіл адамзат қазынасының ортақ палитрасында өз өрнегімен қымбат.
Бастаушы Көркем сөз дегеніміз қай елдің болса да бойындағы қайрат жігерінің, ой- сезімінің айнасы сияқты көрінеді екен. Сөзге өлім жоқ. Сөз арқылы тараған ойға өлім жоқ.
Ана тілі-ананың құнар сүті ғой
Ғұмыр бойы мен еметін.
Ана тілі- халқымыздың ырыс құты ғой.
Игілікке кенелетін.
Бастаушы: Ендеше әрдайым өз Отанымызды өз ана тілімізді мақтан тұтайық. Тіліміздің де, еліміздің де мәртебесі асқақтай берсін.
Бүгінгі «Туған тілім-ана тілім» ашық тәрбие сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!