kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?.АМАНЖОЛОВ ?ЛЕ?ДЕРІНДЕГІ ТУ?АН ЖЕР ТА?ЫРЫБЫ.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?.АМАНЖОЛОВ ?ЛЕ?ДЕРІНДЕГІ ТУ?АН ЖЕР ТА?ЫРЫБЫ. ?асым Аманжоловты? азаматты? сарыны к?шті, адамды с?ю, оны? ісіне ?уану, ?о?ам?а, ?ауым?а пайда келтіру парыз деген рухта жазыл?ан лирикалы? ?ле?дері аса к?ркем, тартымды. А?ын ?шін таби?ат – жан досы, оны? ?ымбаттысы. Отан?а деген с?йіспеншілік, патриотты? сезім, оны? алдында?ы азаматты? борышы. Мына бір ?ле?іне назар аударайы?: Орамалым сені? ?ойны?да, Ойна?тап ?ткен жылдарым Жар?ылдап Жайы? бойында Достармен сайран ??р?аным Ша?анны? бойы к?п шал?ын, Шал?амнан жат?ам ша??ай т?с Г?л болып мені? ??ша?ым, Кеудеме ?он?ан б?лб?л ??с [1]. Шал?адан жату тек ?асымны? ?ана ?олынан келетіндей. «Ойна?тап», «жар?ылдап» с?здері лирикалы? ?а?арманны? ?уанышы ерекше екенін, оны? ?мірі ?ділет – ?имыл?а толы екенін к?з алдымыз?а ?келген. Ас?ан шабыт, ?уаныш?а толы. ?ле?де ?ажайып сурет, таби?ат с?лулы?ымен бірге, жаны?ды ?зіп, ?зегі?ді ?ртер ?лкен ?асиетті сезім, Отан?а, ту?ан жерге деген шынайы ысты? махаббат сезімі бар. «Байкал», «Атамекен», «Мен таби?ат б?бегі», «Тал?ар», «Сарыар?а», «Ертіс», «Орал» сия?ты ?ле?дері ?те шебер жазыл?ан. Шал?ы?ан суреттер. Сыршыл, суретші ?асым ?андай та?ырыпта жырласа да ойын жала? айтпайды. Шебер а?ын тілімен бейнелеп береді. Саяси лирикаларды? ?зінде де ?асымны? б?р?ыра?ан а?ынды? жалыны, жаты?, оралымды тіл байлы?ы ерекше к?зге т?седі. ?асым ?зі ?скен ?о?амды? ортаны? ту?ан жер мен елді? сыр-сипатын реалистік т?р?ыдан жеткізіп ашып суреттейді. Ол шал?ы?ан байлы?ы мол Отанны?, ту?ан ?лкесі – ?аза?станны? ке?-байта?, к?ркем бейнесін ерекше жылылы? сезіммен жар?ын елестете білді. С?йсінттім досты, ер жеттім, ?ртедім жауды? ?зегін. ?уатын берді? жер-к?кті?, Советтік мені? ?з елім!.. ...Ой жетер жерге к?з жетті, Ар?ысын ж?не сеземін. Жатырсы? алып жер-к?кті, Советтік мені? ?з елім! Немесе: Уа, дари?а, алтын бесік – ту?ан жер, ?адірі?ді келсем білмей, кеше г?р! Жата алмас ем топыра?ы?да тебіренбей А?ын болмай, тасы? болсам мен егер. Неткен байта?, неткен ?лы жер еді?, Нендей к?йге ж?регімді б?леді??! Сенде тудым, сенде ?стім, сенде ?лсем Арманым жо?, б?л д?ниеде дер едім... [2] М?ндай лирикаларында а?ын Отанына, ту?ан жерге деген жалынды махаббатын тебіреніп, тол?анып отырып айтады. Суретшіл, сыршыл а?ын туып ?скен, аралап к?ріп, ?ызы?ты ша?тарын ?ткізген жерлерді?, мекендерді? т?л?аларын сондайлы? жарасты?ты бейнеде: тамылжытып ?н салып т?р?андай, жор?а биді? ыр?а?ты тол?ынындай, к??іл жайлауынан самал ескендей, к?з алды?нан ?ажап с?лу д?ниені? суреттері тізбектеліп ?ткендей т?тті сезімге б?лейтін алуан т?рлі шеберлікпен сипаттайды. «А?ын сені еріксіз жетелеп, тор?ын т?ман жамылып, сансыз ??сы ?н шыр?а?ан Байкал к?ліні? жа?асына да, айнадай ашы?, к?міс к?лді, жасыл орманды К?кшетау?а да, т?ны? суына шомылып, тол?ынымен ойна?ан ерке Ертіс, сабырлы Жайы? жа?асына да, ай с?улесі ойнап, сыбдыр ?а??ан жапыра?ты, жасыл г?лді ба?ша?а да, сайларын сарнайлатып ?н салып, ??лпырып жайна?ан егісті к?ктем даласына да, алтын асты?ы орылп, е?бек майданы ?ызып жат?ан жерлерге де алып келеді. С?лу Алматыны бірге аралатып, жасты? ша?ын ?ткізген Орал?а да ?ызы?тырады»,- дейді ?алым Е.Ысмайылов [3, 374 .]. ?асым Аманжоловты? «Ту?ан жері» б?гінде ?нге ?осылып айтылып ж?р. Ту?ан жерге, елге деген ??штарлы? балалы? сезім м?нда аса ысты? сезіммен шынайы бейнеленеді. Б?л – ту?ан жерге кіндігінен байлан?ан адамны? жан с?зі. Оны? лирикалы? кейіпкері – ту?ан даланы? о шеті мен б? шетіне ж?гіріп, ??марын ?андыра алмай, даланы? к?ркіне к?зі тоймай, жас балаша м?з болып ж?рген ?аза? ?лы. ?асым сол ?аза? ?лыны? ерлік д?ст?рін, ?рлік мінезін, намысын жырлады. Тербеліп тол?ынында ?н сап ?скен ?айтып та сорлы болсын ?аза? ?лы,- [2] деген еді «Ертіс» ?ле?інде. «А?ынны? ту?ан жер та?ырыбына жаз?ан ?ле?деріні? мазм?нында жалпы ?асым поэзиясына т?н ?рлік, ерлік жатады»,- дейді академик С.?ирабаев [4, 290 .]. ?асымны? ?скери лирикасы тек майдан ?міріні? ?атыгез шынды?ын суреттеуімен ?ана емес, солдатты? жан сезімін, оны? ту?ан ел таби?атымен байланысысын ашуда да аса ба?алы. Ол ?скери ?мірін ?иыр Шы?ыста бастап, содан ?аза? жерін баса майдан?а аттанды. Осы жолдары оны? бойында?ы азаматты?, а?ынды? сезім «Байкал», «Ертіс», «Сарыар?а», «Орал» сия?ты ?ле?дерінде айры?ша к?рінді. Ол таби?атты? ?сем суретін адам сезімімен т?тасты?та танып, лирикалы? кейіпкерді? арманы мен н?зік к??іл-к?йіне, са?ынышына, ?иялына айналдырады. Адам мен таби?атты тікелей ?арым-?атынас?а келтіреді. ?асым ?мір бойына ту?ан жерді? тамаша таби?атын жырлап ?тті. Оны? «К?кшетау», «Бурабай тол?ындары», «Жайы?», «Сырдария а?ызы», «Бетпа? дала», «Алматы» т?різді ?ле?дерінен де ту?ан ?лкені? б?гінгі г?л-г?л жайна?ан бейнесін к?реміз, а?ынны? ынты? лебізінен бал?ып, онымен ?осыла с?йгендей боламыз. Сондай шал?ы?ан шабытты жыр ?асым поэзиясында д?мді де ойлы да шырайлы лирика?а ауысып отырады. Ол ?лы Отан со?ысыны? со??ы жылдарында жазыл?ан «?ыз?алда?» атты лирикалы? ?ле?інде: ?ртенген ?й орнында ?скен жал?ыз ?ыз?алда?; Кез боп ?алды? жолымда, Аялдатты? азыра?. ?ртенген ?й ж?ртында ?ып-?ызыл боп желбіреп, ?алай ?сті? сен м?нда? Нендей сыр бар, нендей кеп? ?ансы? ба ?лде там?ан бір К?н?сіз жас ж?ректен? Сен екенсі? жас ?мір Ескі ж?ртты к?зеткен? – [1] дейді. «?ртенген ?йді? ж?ртында ?ып-?ызыл болып желбіреген ?ыз?алда? жа?а ?мірді? жалауы са?ыныш та бар, шатты? та бар, жалпы ?мірді? м??гілік екеніне т?каппар ма?таныш та бар. ?асым поэзиясыны? ?рбір жолыны? астында осындай б?р?ыра?ан сезім, мол пікір жатады» [5, 315 .]. А?ын шабытын оят?ан, оны тебіренткен – б?гінгі ?мір, заман сыры, халы? ?мірі, Отан та?дыры. Тіпті а?ынны? к??іл-к?йі, махаббат, таби?ат жырларыны? ?зінде де жа?а заманны?, б?гінгі к?нні? лебі бар. М?ны? ?зі а?ын талантын, оны? ке? ??лашын, биік ?уенін, кез келген ?мір ??былысын ?ле?ге орай ?оятын ?абілет, дарынын танытады. Отан?а, халы??а жан-т?німен берілгендігін, о?ан деген адал ж?регін д?лелдейді. ?асым Аманжолов стиліндегі та?ы бір ерекшелік – азаматты? пафос, серпінділік. Б?л ?асым поэзиясыны? биік шо?ты?ы, дара ?асиеті. Азаматты? пафос ?асымны? стильдік ерекшелігі дегенде біз оны? отты серпіні, ас?а? ?н, биік ?уенділігімен бірге, осы айтыл?ан адам та?дырыны? жалпы жа?тарын, ?сіресе ?о?амды? жа?ын, оны? ма?сатын, ?ресін, міндет де?гейін де ?амтитынды?ын айтпа? едік. Шынында да ?асым ?ле?дерін о?ы?анда ол сені ?лде?андай бір биікке к?тере ж?неледі, ?ле?ні? екпініне ілесіп, ?зі? де дауысы?ды к?тере, д?ниеде жер басып т?р?ан жал?ыз а?ын, жал?ыз ?а?арман сендей-а? биік бір сезімге б?ленесі?. Жы?ылам деп ж?ре алмаймын жай басып, Ж?гіремін киіп-жарып, ай?асып, М?лги берсін, ілби берсін ?ор?а?тар Іш пыстырып, жалт-жалт ?арап, жай басып,- [2] деп ?зі айт?андай, ?асым ?аза? поэзиясына заманны? алып адамымен, уа?ытты? жылдамды?ымен жарыс?ан шапша?, жітілікті, ?ткір ?рлікті ала келді. Найза?айды? жар?ылын, к?н мен айды? ашы?ты?ын, ас?арды? т?каппарлы?ын, желді? ж?йріктігін, ?ара б?лтты? ашуын бойына жиып ?скен, именбес те иілмес «таби?ат б?бегі» ай?а шап?ан арыстандай: Тау жо?тай б?л д?ниеде сенен арты?, ?арыш?а б?лттан асып, иек артып... ?айтер е? ?а?арлы хан, к?рі Тал?ар Бойы?нан ?рлігі?ді алсам тартып,- [2] деп алыпты? ?зімен де ай?аса кетердей. Оптимизм – д?ниеге, ?мірге ?шпес ?міт, мол сеніммен ?арау, ?мірді ?місе ??птап, ?ызы?тап жырлау ?асым Аманжолов поэзиясыны? ерекше бір ?ыры. ?асым поэзиясы б?гінгі идеал – ерте?гі шынды? болатынына сенген де сендірген, халы?ты жар?ын, тамаша болаша? ?шін белсенді к?реске ша?ыр?ан, адамдарды со?ан т?рбиелеген поэзия. А?ын «Заула, заула Турксиб» деген ?ле?інде оптимизмді к?рсете білген. Патриотты? сезім, Отан с?йгіштік ?асым Аманжоловты? ?сіресе ?лы Отан со?ысы жылдарында?ы поэзиясыны? ар?ауы, ерекше сипаты. Тынар ма кеудем мені? ж?тса да о?? К?йер ме тілім мені? шайнасам шо?? Ту?ан ел кеудесінде арпалысып, Со?армын ысты? ?анды ж?регі боп! – дейді а?ын. Б?дан арты? ?айсар, ?айрат, б?дан арты? пафос, оптимизм, Отанын, елін с?ю, б?дан арты? ?жеттік, ?рттік болмас. ?асым Аманжоловты? лирикалы? творчествосыны? негізгі ?зегі – адам, ?о?ам, заман шынды?ы, адамны? ?мірге ?атынасы, к?з?арасы. Осы ретте оны? лирикаларын: таби?ат лирикасы, махаббат лирикасы, азаматты? жырлар, к??іл-к?й лирикасы, со?ыс жырлары деп б?луге болады. ?.Аманжолов – т?л шы?армаларымен, аудармаларымен ?аза? ?дебиетінде, б?кіл ?лемдік поэзияда ?зіндік із, стиль ?алдыр?ан, к?ркемдік, мазм?нды? жа?ынан ?азіргі ?аза? ?ле?ін байыт?ан ірі талант. С?з ?нерін еркін билеп, д?ст?рлі ?рнекке ?з жа?алы?ын ?ос?ан, ?аламыны? желі бар, сегіз ?ырлы, бір сырлы а?ын. Шы?армалары ?зіні? тірісінде де, кейін де ?з замандастарыны?, ?аламдастарыны? жо?ары ба?асына ие болды. ?асым Аманжоловты? азаматты? сарыны к?шті, адамды с?ю, оны? ісіне ?уану, ?о?ам?а, ?ауым?а пайда келтіру парыз деген рухта жазыл?ан лирикалы? ?ле?дері аса к?ркем, тартымды. А?ын ?шін таби?ат – жан досы, оны? ?ымбаттысы. Отан?а деген с?йіспеншілік, патриотты? сезім, оны? алдында?ы азаматты? борышы. Патриотты? сезім, Отан с?йгіштік ?асым Аманжоловты?, ?сіресе, ?лы Отан со?ысы жылдарында?ы поэзиясыны? ар?ауы, ерекше сипаты. А?ын таланты ?лы Отан со?ысы майданында толысты. Ол ?аза? ?дебиетіндегі ?скери лириканы ту?ызып, ?алыптастырып, жетілдіру жолында ?лкен мектептен ?тті. ?лы Отан со?ысы жылдарында ?.Аманжолов майданны? на?ыз ?ызу ортасында болды. Елін, хал?ын, жарын с?йген ысты? махаббатты, жалынды лирикалы ?ле?дері осы т?ста туады. ?асым Аманжолов поэзиясы – дауылдай екпінні?, ?ткір ой, отты сезімні? поэзиясы. Ол сегіз ?ырлы с?з ?неріні? барлы? ?ырын жасындай жар?ылдатып, оттай лапылдатып, ?рттей лаулатып, ?з дегеніне к?ндіріп ме?герген а?ын. Аз ?мірінде мол м?ра ?алдыр?ан, тал?ампаз, ойшыл, т?каппар а?ын ?аза? халы? поэзиясы аталатын с?улетті сарайды? берік бір іргетасы, биік бір ді?гегі. ?аза?ты? ?лы а?ындарыны? бірі – ?асым Аманжолов шы?армаларын д?л б?гінгі егемен ел м?ддесі т?р?ысынан ?айта о?ыса?, оны? сол т?уелсіздікті а?сап ?ткен арманын, заманынан оза шап?ан ?иялыны? биіктігі мен к?регендігін ай?ын к?ресі?. А?ынны? ?р с?зі т?уелсіздікті? жырындай естіледі. ?асым – ?аза?ты? ?лтты? а?ыны. Ол б?кіл жан-т?німен, рухымен, ішкі сезім-к?йімен, а?ынды? ойлау, жазу ?нерімен ?аза?ты? ?лтты? болмысын толы?тырады, жетілдіреді. ?дебиеттер тізімі 1 Аманжолов ?. Шы?. тол. жин. / ?.Аманжолов .-Алматы: ?МК?Б, 1955 .- 436 бет. 2 Аманжолов ?. Дари?а, сол ?ыз. ?ле? жырлар / ?.Аманжолов .- Алматы: Атам?ра, 2003. - 212 бет. 3 Исмаилов Е. А?ын ж?не революция / Е.Исмаилов .- Алматы: Жазушы, 1983.-432 бет. 4 ?ирабаев С. Т?уелсіздік рухымен / С.?ирабаев .- Астана: Фолиант, 2002 .- 504 бет. 5 ?аза? ?дебиетіні? кейбір м?селелері: ?деби-сын ма?алалар жина?ы / ??раст. ?.Жарма?амбетов .- Алматы: ?МК?Б, 1957 .- 384 бет. 6 Стиль сыры / ред. бас. М.?аратаев .- Алматы: ?ылым, 1974 .- 336 бет. 7 ?бдірахманова Т. ?асым Аманжоловты? поэтикасы / Т.?бдірахманова. - Алматы: ?ылым, 1976 .- 298 бет.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?.АМАНЖОЛОВ ?ЛЕ?ДЕРІНДЕГІ ТУ?АН ЖЕР ТА?ЫРЫБЫ. »

Қ.АМАНЖОЛОВ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ТУҒАН ЖЕР ТАҚЫРЫБЫ.

Қасым Аманжоловтың азаматтық сарыны күшті, адамды сүю, оның ісіне қуану, қоғамға, қауымға пайда келтіру парыз деген рухта жазылған лирикалық өлеңдері аса көркем, тартымды.

Ақын үшін табиғат – жан досы, оның қымбаттысы. Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім, оның алдындағы азаматтық борышы. Мына бір өлеңіне назар аударайық:

Орамалым сенің қойныңда,

Ойнақтап өткен жылдарым

Жарқылдап Жайық бойында

Достармен сайран құрғаным

Шағанның бойы көп шалғын,

Шалқамнан жатқам шаңқай түс

Гүл болып менің құшағым,

Кеудеме қонған бұлбұл құс [1].

Шалқадан жату тек Қасымның ғана қолынан келетіндей. «Ойнақтап», «жарқылдап» сөздері лирикалық қаһарманның қуанышы ерекше екенін, оның өмірі әділет – қимылға толы екенін көз алдымызға әкелген. Асқан шабыт, қуанышқа толы. Өлеңде ғажайып сурет, табиғат сұлулығымен бірге, жаныңды үзіп, өзегіңді өртер үлкен қасиетті сезім, Отанға, туған жерге деген шынайы ыстық махаббат сезімі бар. «Байкал», «Атамекен», «Мен табиғат бөбегі», «Талғар», «Сарыарқа», «Ертіс», «Орал» сияқты өлеңдері өте шебер жазылған.

Шалқыған суреттер.

Сыршыл, суретші Қасым қандай тақырыпта жырласа да ойын жалаң айтпайды. Шебер ақын тілімен бейнелеп береді. Саяси лирикалардың өзінде де Қасымның бұрқыраған ақындық жалыны, жатық, оралымды тіл байлығы ерекше көзге түседі. Қасым өзі өскен қоғамдық ортаның туған жер мен елдің сыр-сипатын реалистік тұрғыдан жеткізіп ашып суреттейді. Ол шалқыған байлығы мол Отанның, туған өлкесі – Қазақстанның кең-байтақ, көркем бейнесін ерекше жылылық сезіммен жарқын елестете білді.

Сүйсінттім досты, ер жеттім,

Өртедім жаудың өзегін.

Қуатын бердің жер-көктің,

Советтік менің өз елім!..

...Ой жетер жерге көз жетті,

Арғысын және сеземін.

Жатырсың алып жер-көкті,

Советтік менің өз елім!

Немесе:

Уа, дариға, алтын бесік – туған жер,

Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей

Ақын болмай, тасың болсам мен егер.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,

Нендей күйге жүрегімді бөледің?!

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем

Арманым жоқ, бұл дүниеде дер едім... [2]

Мұндай лирикаларында ақын Отанына, туған жерге деген жалынды махаббатын тебіреніп, толғанып отырып айтады. Суретшіл, сыршыл ақын туып өскен, аралап көріп, қызықты шақтарын өткізген жерлердің, мекендердің тұлғаларын сондайлық жарастықты бейнеде: тамылжытып ән салып тұрғандай, жорға бидің ырғақты толқынындай, көңіл жайлауынан самал ескендей, көз алдыңнан ғажап сұлу дүниенің суреттері тізбектеліп өткендей тәтті сезімге бөлейтін алуан түрлі шеберлікпен сипаттайды.

«Ақын сені еріксіз жетелеп, торғын тұман жамылып, сансыз құсы ән шырқаған Байкал көлінің жағасына да, айнадай ашық, күміс көлді, жасыл орманды Көкшетауға да, тұнық суына шомылып, толқынымен ойнаған ерке Ертіс, сабырлы Жайық жағасына да, ай сәулесі ойнап, сыбдыр қаққан жапырақты, жасыл гүлді бақшаға да, сайларын сарнайлатып ән салып, құлпырып жайнаған егісті көктем даласына да, алтын астығы орылп, еңбек майданы қызып жатқан жерлерге де алып келеді. Сұлу Алматыны бірге аралатып, жастық шағын өткізген Оралға да қызықтырады»,- дейді ғалым Е.Ысмайылов [3, 374 .]. Қасым Аманжоловтың «Туған жері» бүгінде әнге қосылып айтылып жүр. Туған жерге, елге деген құштарлық балалық сезім мұнда аса ыстық сезіммен шынайы бейнеленеді. Бұл – туған жерге кіндігінен байланған адамның жан сөзі. Оның лирикалық кейіпкері – туған даланың о шеті мен бұ шетіне жүгіріп, құмарын қандыра алмай, даланың көркіне көзі тоймай, жас балаша мәз болып жүрген қазақ ұлы. Қасым сол қазақ ұлының ерлік дәстүрін, өрлік мінезін, намысын жырлады.

Тербеліп толқынында ән сап өскен

Қайтып та сорлы болсын қазақ ұлы,- [2]

деген еді «Ертіс» өлеңінде.

«Ақынның туған жер тақырыбына жазған өлеңдерінің мазмұнында жалпы Қасым поэзиясына тән өрлік, ерлік жатады»,- дейді академик С.Қирабаев [4, 290 .].

Қасымның әскери лирикасы тек майдан өмірінің қатыгез шындығын суреттеуімен ғана емес, солдаттың жан сезімін, оның туған ел табиғатымен байланысысын ашуда да аса бағалы. Ол әскери өмірін Қиыр Шығыста бастап, содан қазақ жерін баса майданға аттанды. Осы жолдары оның бойындағы азаматтық, ақындық сезім «Байкал», «Ертіс», «Сарыарқа», «Орал» сияқты өлеңдерінде айрықша көрінді. Ол табиғаттың әсем суретін адам сезімімен тұтастықта танып, лирикалық кейіпкердің арманы мен нәзік көңіл-күйіне, сағынышына, қиялына айналдырады. Адам мен табиғатты тікелей қарым-қатынасқа келтіреді.

Қасым өмір бойына туған жердің тамаша табиғатын жырлап өтті. Оның «Көкшетау», «Бурабай толқындары», «Жайық», «Сырдария аңызы», «Бетпақ дала», «Алматы» тәрізді өлеңдерінен де туған өлкенің бүгінгі гүл-гүл жайнаған бейнесін көреміз, ақынның ынтық лебізінен балқып, онымен қосыла сүйгендей боламыз. Сондай шалқыған шабытты жыр Қасым поэзиясында дәмді де ойлы да шырайлы лирикаға ауысып отырады. Ол Ұлы Отан соғысының соңғы жылдарында жазылған «Қызғалдақ» атты лирикалық өлеңінде:

Өртенген үй орнында

Өскен жалғыз қызғалдақ;

Кез боп қалдың жолымда,

Аялдаттық азырақ.

Өртенген үй жұртында

Қып-қызыл боп желбіреп,

Қалай өстің сен мұнда?

Нендей сыр бар, нендей кеп?

Қансың ба әлде тамған бір

Күнәсіз жас жүректен?

Сен екенсің жас өмір

Ескі жұртты күзеткен? – [1]

дейді.

«Өртенген үйдің жұртында қып-қызыл болып желбіреген қызғалдақ жаңа өмірдің жалауы сағыныш та бар, шаттық та бар, жалпы өмірдің мәңгілік екеніне тәкаппар мақтаныш та бар. Қасым поэзиясының әрбір жолының астында осындай бұрқыраған сезім, мол пікір жатады» [5, 315 .].

Ақын шабытын оятқан, оны тебіренткен – бүгінгі өмір, заман сыры, халық өмірі, Отан тағдыры. Тіпті ақынның көңіл-күйі, махаббат, табиғат жырларының өзінде де жаңа заманның, бүгінгі күннің лебі бар. Мұның өзі ақын талантын, оның кең құлашын, биік әуенін, кез келген өмір құбылысын өлеңге орай қоятын қабілет, дарынын танытады. Отанға, халыққа жан-тәнімен берілгендігін, оған деген адал жүрегін дәлелдейді.

Қасым Аманжолов стиліндегі тағы бір ерекшелік – азаматтық пафос, серпінділік. Бұл Қасым поэзиясының биік шоқтығы, дара қасиеті. Азаматтық пафос Қасымның стильдік ерекшелігі дегенде біз оның отты серпіні, асқақ үн, биік әуенділігімен бірге, осы айтылған адам тағдырының жалпы жақтарын, әсіресе қоғамдық жағын, оның мақсатын, өресін, міндет деңгейін де қамтитындығын айтпақ едік.

Шынында да Қасым өлеңдерін оқығанда ол сені әлдеқандай бір биікке көтере жөнеледі, өлеңнің екпініне ілесіп, өзің де дауысыңды көтере, дүниеде жер басып тұрған жалғыз ақын, жалғыз қаһарман сендей-ақ биік бір сезімге бөленесің.

Жығылам деп жүре алмаймын жай басып,

Жүгіремін киіп-жарып, айқасып,

Мүлги берсін, ілби берсін қорқақтар

Іш пыстырып, жалт-жалт қарап, жай басып,- [2]

деп өзі айтқандай, Қасым қазақ поэзиясына заманның алып адамымен, уақыттың жылдамдығымен жарысқан шапшаң, жітілікті, өткір өрлікті ала келді. Найзағайдың жарқылын, күн мен айдың ашықтығын, асқардың тәкаппарлығын, желдің жүйріктігін, қара бұлттың ашуын бойына жиып өскен, именбес те иілмес «табиғат бөбегі» айға шапқан арыстандай:

Тау жоқтай бұл дүниеде сенен артық,

Ғарышқа бұлттан асып, иек артып...

Қайтер ең қаһарлы хан, кәрі Талғар

Бойыңнан өрлігіңді алсам тартып,- [2]

деп алыптың өзімен де айқаса кетердей.

Оптимизм – дүниеге, өмірге өшпес үміт, мол сеніммен қарау, өмірді әмісе құптап, қызықтап жырлау Қасым Аманжолов поэзиясының ерекше бір қыры. Қасым поэзиясы бүгінгі идеал – ертеңгі шындық болатынына сенген де сендірген, халықты жарқын, тамаша болашақ үшін белсенді күреске шақырған, адамдарды соған тәрбиелеген поэзия. Ақын «Заула, заула Турксиб» деген өлеңінде оптимизмді көрсете білген.

Патриоттық сезім, Отан сүйгіштік Қасым Аманжоловтың әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдарындағы поэзиясының арқауы, ерекше сипаты.

Тынар ма кеудем менің жұтса да оқ?

Күйер ме тілім менің шайнасам шоқ?

Туған ел кеудесінде арпалысып,

Соғармын ыстық қанды жүрегі боп! –

дейді ақын. Бұдан артық қайсар, қайрат, бұдан артық пафос, оптимизм, Отанын, елін сүю, бұдан артық өжеттік, өрттік болмас.

Қасым Аманжоловтың лирикалық творчествосының негізгі өзегі – адам, қоғам, заман шындығы, адамның өмірге қатынасы, көзқарасы. Осы ретте оның лирикаларын: табиғат лирикасы, махаббат лирикасы, азаматтық жырлар, көңіл-күй лирикасы, соғыс жырлары деп бөлуге болады.

Қ.Аманжолов – төл шығармаларымен, аудармаларымен қазақ әдебиетінде, бүкіл әлемдік поэзияда өзіндік із, стиль қалдырған, көркемдік, мазмұндық жағынан қазіргі қазақ өлеңін байытқан ірі талант. Сөз өнерін еркін билеп, дәстүрлі өрнекке өз жаңалығын қосқан, қаламының желі бар, сегіз қырлы, бір сырлы ақын. Шығармалары өзінің тірісінде де, кейін де өз замандастарының, қаламдастарының жоғары бағасына ие болды.

Қасым Аманжоловтың азаматтық сарыны күшті, адамды сүю, оның ісіне қуану, қоғамға, қауымға пайда келтіру парыз деген рухта жазылған лирикалық өлеңдері аса көркем, тартымды.

Ақын үшін табиғат – жан досы, оның қымбаттысы. Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім, оның алдындағы азаматтық борышы. Патриоттық сезім, Отан сүйгіштік Қасым Аманжоловтың, әсіресе, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы поэзиясының арқауы, ерекше сипаты.

Ақын таланты ұлы Отан соғысы майданында толысты. Ол қазақ әдебиетіндегі әскери лириканы туғызып, қалыптастырып, жетілдіру жолында үлкен мектептен өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қ.Аманжолов майданның нағыз қызу ортасында болды. Елін, халқын, жарын сүйген ыстық махаббатты, жалынды лирикалы өлеңдері осы тұста туады.

Қасым Аманжолов поэзиясы – дауылдай екпіннің, өткір ой, отты сезімнің поэзиясы. Ол сегіз қырлы сөз өнерінің барлық қырын жасындай жарқылдатып, оттай лапылдатып, өрттей лаулатып, өз дегеніне көндіріп меңгерген ақын. Аз өмірінде мол мұра қалдырған, талғампаз, ойшыл, тәкаппар ақын қазақ халық поэзиясы аталатын сәулетті сарайдың берік бір іргетасы, биік бір діңгегі.

Қазақтың ұлы ақындарының бірі – Қасым Аманжолов шығармаларын дәл бүгінгі егемен ел мүддесі тұрғысынан қайта оқысаң, оның сол тәуелсіздікті аңсап өткен арманын, заманынан оза шапқан қиялының биіктігі мен көрегендігін айқын көресің. Ақынның әр сөзі тәуелсіздіктің жырындай естіледі.

Қасым – қазақтың ұлттық ақыны. Ол бүкіл жан-тәнімен, рухымен, ішкі сезім-күйімен, ақындық ойлау, жазу өнерімен қазақтың ұлттық болмысын толықтырады, жетілдіреді.

Әдебиеттер тізімі

1 Аманжолов Қ. Шығ. тол. жин. / Қ.Аманжолов .-Алматы: ҚМКӘБ, 1955 .- 436 бет.

2 Аманжолов Қ. Дариға, сол қыз. Өлең жырлар / Қ.Аманжолов .- Алматы: Атамұра, 2003. - 212 бет.

3 Исмаилов Е. Ақын және революция / Е.Исмаилов .- Алматы: Жазушы, 1983.-432 бет.

4 Қирабаев С. Тәуелсіздік рухымен / С.Қирабаев .- Астана: Фолиант, 2002 .- 504 бет.

5 Қазақ әдебиетінің кейбір мәселелері: әдеби-сын мақалалар жинағы / құраст. Қ.Жармағамбетов .- Алматы: ҚМКӘБ, 1957 .- 384 бет.

6 Стиль сыры / ред. бас. М.Қаратаев .- Алматы: Ғылым, 1974 .- 336 бет.

7 Әбдірахманова Т. Қасым Аманжоловтың поэтикасы / Т.Әбдірахманова. - Алматы: Ғылым, 1976 .- 298 бет.
















5



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?.АМАНЖОЛОВ ?ЛЕ?ДЕРІНДЕГІ ТУ?АН ЖЕР ТА?ЫРЫБЫ.

Автор: Оша?баева Индира Еркін?ызы

Дата: 05.01.2015

Номер свидетельства: 150334


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства