kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саздан ту?ан сазсырнай

Нажмите, чтобы узнать подробности

-С?леметсі?дер ме,о?ушылар!Б?гінгі ?зін –?зі тану саба?ын мен ?ткіземін. Мені? аты-ж?нім Альмагамбетова Айзада  Ж?матай?ызы. Б?гінгі саба?ымызды мынау ?ле? жолдарымыздан бастаймыз.

Саба?ымыз?а керекті,

 Кітап д?птер алайы?,

 Тынышты?ты са?тайы?

 Тазалы?тан ?ашпайы?

 Даусымызды жатты?тырып,

 ?н саба?ымызды бастаймыз.

-Жарайсындар,балалар!Отыры?ыздар!

- Балалар та?тада не к?ріп т?рсы?дар? (Сазсырнайды? суреті.)

 -Балалар сендер б?л аспапты к?ргенсі?дер ме?

 -К?ргілері? келе ме?

 -Ендеше мен сендерге сазсырнайды алып келдім сендер к?рсін деп.

- Б?гінгі ?тетін саба?ымызды? та?ырыбы: Саздан ту?ан сазсырнай.

- ?ара?даршы балалар сазсырнай неден жасал?ан екен?

 -Саздан жасал?ан.

 -Д?рыс айтасы?дар балалар.Ендеше мен сендерге сазсырнайды? ?алай жасал?анын айтып  берейін..

Ерте,ерте,ертеде бая?ы бір заманда Асан деген бала болыпты. Ол к?нде ?зіні? ауылыны? ?ойларын ба?ады екен.  С?йтіп ж?ріп к?н к?ріпті. Бір к?ні ?ойды ?зен жа?асына жаяды. Сол к?ні к?н ысты? болады. Асан  ?атты ш?лдеп, торсы?ына ??йып алып шы??ан суын ішеді. Бір кезде ?олынан торсы?ы т?сіп кетеді де суы жерге т?гіледі. Ол жерді? топыра?ы сазды екен. Асан жерге отыра ?алып  су аралас?ан сазды ?олмен ?стап у?алап ?за? уа?ыт отырады. ?олы тал?ан со? оны тасты? ?стіне ?ойып, кептіреді де ?алтасына салады. С?йтіп отыр?анда  ?ойды ауыл?а апаратын уа?ыт болады. ?ойды ауыл?а айдап келеді де  тама?ын ішеді.. Кешкісін достарымен  ?зен жа?алауында отыр?анда ?алтасынан бірдеме ?олына бат?андай болады. ?араса мана?ы сазбалшы? екен. Оны досы Ас?ар к?ріп, ?ызы?ып кетеді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саздан ту?ан сазсырнай »

Күні:26.11.2013ж

Сыныбы:1сынып

Пәні: музыка

Тақырыбы:Саздан туған сазсырнай.

  1. Оқушыларға сазсырнай туралы,оның неден жасалғаны туралы мәлімет беру.

  2. Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын ойын арқылыарттыра отырып,сөйлеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  3. Әнді,күйді,музыкалық шығармашылықты тыңдап сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, мадақтау.

Көрнекілігі:сазсырнайдың суреті,видеоролик,үнтаспа

Кезеңдері

Өту барысы


Ұйымдастыру кезеңі


Психолгиялық дайындық





Көрнекілікпен жұмыс







Жаңа сабақ














































Сергіту сәті



Бейнебаянмен жұмыс






Жаттығу жұмыстары






Ән үйрету

























Үйге тапсырма


-Сәлеметсіңдер ме,оқушылар!Бүгінгі өзін –өзі тану сабағын мен өткіземін. Менің аты-жөнім Альмагамбетова Айзада Жұматайқызы. Бүгінгі сабағымызды мынау өлең жолдарымыздан бастаймыз.

Сабағымызға керекті,

Кітап дәптер алайық,

Тыныштықты сақтайық

Тазалықтан қашпайық

Даусымызды жаттықтырып,

Ән сабағымызды бастаймыз.

-Жарайсындар,балалар!Отырыңыздар!

- Балалар тақтада не көріп тұрсыңдар? (Сазсырнайдың суреті.)

-Балалар сендер бұл аспапты көргенсіңдер ме?

-Көргілерің келе ме?

-Ендеше мен сендерге сазсырнайды алып келдім сендер көрсін деп.

- Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Саздан туған сазсырнай.

- Қараңдаршы балалар сазсырнай неден жасалған екен?

-Саздан жасалған.

-Дұрыс айтасыңдар балалар.Ендеше мен сендерге сазсырнайдың қалай жасалғанын айтып берейін. .

Ерте ,ерте,ертеде баяғы бір заманда Асан деген бала болыпты. Ол күнде өзінің ауылының қойларын бағады екен. Сөйтіп жүріп күн көріпті. Бір күні қойды өзен жағасына жаяды. Сол күні күн ыстық болады. Асан қатты шөлдеп , торсығына құйып алып шыққан суын ішеді. Бір кезде қолынан торсығы түсіп кетеді де суы жерге төгіледі. Ол жердің топырағы сазды екен. Асан жерге отыра қалып су араласқан сазды қолмен ұстап уқалап ұзақ уақыт отырады. Қолы талған соң оны тастың үстіне қойып , кептіреді де қалтасына салады. Сөйтіп отырғанда қойды ауылға апаратын уақыт болады. Қойды ауылға айдап келеді де тамағын ішеді. . Кешкісін достарымен өзен жағалауында отырғанда қалтасынан бірдеме қолына батқандай болады. Қараса манағы сазбалшық екен. Оны досы Асқар көріп, қызығып кетеді.

  • Асан мынау не? Өзі қаздың жұмыртқасына ұқсайды екен деді таңырқап.

  • Өзімде білмеймін. Мана қой бағып жүріп сазды уқалап көріп едім осындай сопақша көлемді болып шықты. Асқар қане маған көмектесші . мен бұдан бір ерекше аспап шығарғым келіп отыр.

  • Асан айтты :

  • Олай болса бұны отқа қыздырайық. Әкемнен көргендерім бар. Ол кейбір аспаптарды отқа қыздырып жасайды. Сонда ол аспап мықты болады дейді.

  • Сөйтіп Асан мен Асқар сазды отқа қыздырады. Қыздырып болған соң әр жерінен тесіктер жасайды, ол әдемірек болу үшін жиектеріне ою салады. Екеуі түні бойы еңбектеніп таң ата ұйықтап қалады. Таңертен Асқар ұйқыдан тұрып қараса Асан балшықтан жасалған әдемі аспапты үрлеп тартып отыр екен. Әр үрлеген сайын әсем әуендер шығады. Сөйтіп оны барлық ауыл адамдары көріп таңданады. Өз жасаған туындысына Асан «саздан туған сазсырнай» деген атау береді. Себебі ол саздан жасалғандықтан. Осылайша сазсырнай дүниеге келген екен.

Сазсырнай-сопақша келген, үлкендігі қаздың жұмыртқасындай, сапалы саз-балшықтан жасалған аспап. Сазсырнайда ойнай отырып, балалар аң-құстар мен табиғат дыбыстарын шығарған. Шеңбер аумағы 15-18 см, жалпы ұзындығы 10-12 см болады. Ертеде 3-4 ойығы болса, қазіргі таңда 5-6 ойықтары салынады. Ойықтары саусақпен басып,ерінге қиыстау тақап, үрлеп ойнайды.Сазсырнай үні жағымды, қоңыр әрі жұмсақ болады. Сонымен бірге, аспап дыбыс тембрі, күші, әуезділігі толқынының дұрыс жетуіне байланысты.

-Үнін естіген оқушы бар ма? Үнін тыңдағыларың келе ме?

-Ендеше үнін тыңдап көрейік. Үнтаспа қосылады.


Балалар шаршап қалған боларсыңдар біраз сергіп алайық.Электронды физминутка көрсету. (қара жорға биі)

-Сазсырнаймен қалай ойнайтынын білесіңдер ме?

-Ендеше қазір біз бір бейнебаян көреміз.Бейнеролик көрсету.

- Балалар бейнебаян не туралы екен?

-Сазсырнай туралы.

-Бейнебаянда сазсырнайдан басқа тағы қандай аспаптар сендерге таныс?

-Домбыра,қобыз және т.б.

-Бейнебаян сендерге ұнады ма?

-Ия

- Балалар ән айтқыларың келеме? Ендеше орнымыздан тұрайық.Қазір біз ән айтамыз.Ән айтпас бұрын дауысымызға жаттығу жасап алайық.

-Менің қимылыма қарап қайталаңдар.

1) До- ре –ми- фа – соль-ля-си-до

2) Ли- ли -ли –ли- ли- ли.

-Жарайсыңдар балалар.Орындарыңа отырыңдар.

-Енді алдарыңдағы «Әліппе» әнінің сөздеріне назар аударыңдар. Қазір мен сендерге мәнерлеп оқып беремін.Сендер мұқият тыңдаңдар.


Әліппе

1)Алғашқы рет қолыма ұстадым

Әліппені сыйлаған ұстазым.

Білім атты әлемге ашты жол,

Рахмет саған әліппе қош сау бол.

Қайырмасы:

Әліппе,әліппе,

Арналады бүгін жыр саған.

Әліппе,әліппе,

Алғысымыз шексіз біз саған.


2)Көмегіңмен өзіңнің әліппе,

Қырық екі таныстық әріппен.

Ең алғашқы білімді алдым ғой

Рахмет саған әліппе қош сау бол!

-Жарайсыңдар балалалар!

- Бүгін қандай аспаппен таныстық?

-Сазсырнай

-Сазсырнай неден жасалады екен?

-Саздан.

Сазсырнайдың пішіні неге ұқсас?

Жұмыртқаға

-Жарайсыңдар!


-Үйге әліппе әнін жаттап келу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Саздан ту?ан сазсырнай

Автор: Смайлова Гулсим Сабитбековна

Дата: 21.05.2015

Номер свидетельства: 214129


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства