Пән: қазақ тілі
Күні: 15.01.2018ж
Сынып:3 «Ә»
Мектеп: Пенжім орта мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Жансейтова А.Қ
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Түбір және туынды сөз
Оқу мақсаттары
негізгі түбір мен туынды сөздерді салыстырта отырып, жұрнақтың қызметін түсіндіру.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: туынды сөздердің түбірін табуды үйренеді.
Көптеген оқушылар: қатесіз жазады ,сөздік қорын дамыту.
Кейбір оқушылар: шығармашылық қабілетін, қызығушылығын жетілдіреді.
Бағалау критерийлері
негізгі түбір мен туынды сөздерді салыстырта отырып, жұрнақтың қызметін түсінеді.
Құндылықтарды дарыту
Отанды сүюге, салт-дәстүрді құрметтеуге, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге үйрету
Пәнаралық байланыстар
Әдебиеттік оқу,дүниетану,бейнелеу.
Бастапқы білім
Түбір және туынды сөз
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы 5мин
Оқушылармен амандасамын, түгендеймін.
Психологиялық дайындық.
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Үй тапсырмасын тексеремін.
шаттық шеңбері
Сабақтың ортасы 28мин
Сергіту сәті 2мин
«Ой қозғау» стратегиясы
1.Түбір дегеніміз не?
Сөздің одаң әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігін түбір дейміз: қала, орман.
2.Жұрнақ дегеніміз не?
Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз.
3.Жалғау дегеніміз не?
Сөздің мағынасын өзгертпей, түбірге жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз
Ереже
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз туынды сөз дейміз:ерлік татулық жұмысшы
«Топтастыру стратегиясы» бұрынғы алған білімін еске түсіре отырып, түбір сөз бен туынды сөзді салыстырады.
Әр топқа бір түбір сөз беріледі. Олар ол сөзден бірнеше түбірлес сөз жасауы керек (бас, еңбек, бала, су, оқу, т.б.).
1-жаттығу
Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен жұрнағын тауып белгіле.
2-жаттығу
Сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз.
3-жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқы. Туынды сөздерді теріп жаз.
«Айна» әдісі арқылы оқушылар ой сергітеді.
4-жаттығу
Сөйлемдерді түсініп жаз.Түбір,жұрнақ,жалғаудан құралған зат есімдерді теріп жаз.
5-жаттығу
Сызбалардың қасына сәйкес келетін сөздерді жаз.
Сыныпты 3 топқа бөлемін
Венн диаграммасы
Ой сергітеді,шаршағандары
басылады
Сабақтың соңы 5мин
Түбір сөз | Туынды сөз | Туынды сөз | Түбір сөз |
таза бұғы өнер | ... | үлкендеу өнім шегеле | • • • |
Мынадай кестелерді толтыруды ұсынуға болады. «Кері байланыс»
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады.
Үйге тапсырма беріледі, түсіндіріледі.
12 беттегі, 5,6-жаттығу.
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сабақ бойынша рефлексия
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Тексерілді Оқу ісі жөніндегі орынбасар Г.Қ.Тоқтарбекова