Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер
Сабақтың мақсаты: 1.Сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауыш тұрлаулы мүшелер деп аталатынын түсіндіру 2.Оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге, сауатты жазуға дағдыландыру. 3.Оқушыларды тапқырлыққа, қайырымды болуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер,слайдтар Өткізу әдістері: сұрақ – жауап, ойын,слайдтар. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық Қазақ тілі – бал тілім, Өзің барда шалқыдым. Өзіңнен нәр аламын, Өзіңе кім тағар, мін! – дегендей бүгінгі қазақ тілі сабағынан өз білімдеріңді көрсетіңдер.
