kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Т?рлаулы м?шелер. Бастауыш

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні: 10/10/15ж            Сыныбы: 8                                                       Саба?ты?  та?ырыбы:   Т?рлаулы м?шелер. Бастауыш
Саба?ты?  ма?саты:
Білімділік: о?ушыларды? т?рлаулы  м?шелер ж?не  бастауыш  туралы білімдерін еске т?сіру,  бастауышты? жасалу жолдарымен таныстыру, с?йлем  м?шесіне талдай  білуге  ?йрету;
Дамытушылы?:  жатты?уларды,  тапсырмаларды орындата  отырып, танымды? ізденушілік, есте  са?тау, ойлау, шы?армашылы?  ?абілеттерін дамыту;
Т?рбиелік:   ?аза? тілін ??рметтеуге, ?з тілін  тере? т?сініп, д?рыс, ж?йелі т?рде  с?йлей білуге баулу.
Саба?ты? т?рі: Жа?а  саба?ты  ме?герту.
Саба?ты? типі: Д?ст?рлі  саба?.
Саба?ты?  к?рнекілігі: слайд, кеспе ?а?аздар, о?улы?, сызбалар.
Саба?ты?  ?дісі: т?сіндіру, с?ра?-жауап, д?птермен  ж?мыс,  жатты?у  орындау;
Саба?ты?  барысы:            І.?йымдастыру
ІІ.  ?й  тапсырмасын  тексеру
?ткен  саба?ымыз?а  ?ыс?аша  шолу
Ал, жа?сы балалар, біз б?гін алдымен т?рлаулы  м?шелерді пысы?тап, ?айталап  аламыз.
1. С?йлем м?шелері  дегеніміз не?
2. С?йлем м?шесіні? белгілері ?андай?
3. С?йлем м?шесі бола  алмайтындар ?айсылар?
4. С?йлем м?шесі ??рамына ?арай нешеге б?лінеді?
5. Т?рлаулы м?шелер дегеніміз не?
6. Т?рлаусыз м?шелер  дегеніміз  не?
ІІІ.  Жа?а саба?
Т?рлаулы м?шелер - с?йлемге негіз болатын м?шелер.

Т?рлаулы м?шелерге бастауыш пен баяндауыш жатады.

Логикалы? т?жырым бойынша, с?йлем – пікірге, бастауыш – субъектіге, баяндауыш – предикат?а негізделеді. Т?рлаулы м?шелер тек зат есім мен етістіктен?ана жасалмайды, оларды? ??рамында бас?а с?з таптары да кездеседі. Бастауыш негізінен зат есімнен ж?не зат есім м?ніндегі с?з таптарынан жасалса, баяндауыш к?біне, етістіктен жасалу?а бейім десек те, ?зге есім с?з таптарынан да жасалады.

С?йлем  м?шелері  ат?аратын  ?ызметіне  ?арай  т?рлаулы  ж?не  т?рлаусыз  м?шелер  болып         екігеб?лінетінін  ?ткен  саба?та  айт?ан  болатынбыз.  Біз  б?гін  т?рлаулы  с?йлем  м?шесіні?  бірі  бастауыш?а  ке?інен то?таламыз. Оны? ??рамына ?арай  т?рлерімен, ?ай с?з  таптарынан   жасалатынын ме?гереміз. Олай болса, б?гінгі  к?нні? жадын  жазып, та?ырыпты жазып  алайы?.
Т?рлаулы  м?ше – с?йлем  ??рау?а  негіз  болатын  бастауыш  пен  баяндауыш.
Бастауыш – с?йлемде  айтыл?ан  ойды?  иесі,  с?йлемні?  негізі,  басты  ?зекті  м?шесі.

Бастауыш болатын с?з таптары

С?йлемде бастауыш ?р т?рлі с?з табынан бола береді:

  1. Зат есімнен болады.
  2. Есімдіктен болады.

Мысалы: Б?л - мені? келешектен к?ткен ?мітім.

  1. Сан есімнен болады.

Мысалы: Алты екіге б?лінеді

  1. Затты? ма?ынада ?олданылып, атау т?л?ада т?р?ан сын есім, есімше ж?не т?йы? етістік с?йлемде бастауыш бола алады:

Мысалы: Жа?сы (сын есім) - к?пке орта? (ма?ал). О?ы?ан (есімше) білер ?р с?зді. (Абай). Отанды ?ор?ау(т?йы? етістік) - абыройлы іс.

  1. Затты? ма?ына?а ие болып, бастауышты? с?рауына жауап беретін ?стеу, ода?ай, шылау с?здер де бастауыш бола алады. Біра? б?лар с?йлемде ?те сирек кездеседі.

Мысалы: Жал?ауды? ерте?і бітпес (ма?ал). Сені? опырмайы? ?ашан ?алады? Ж?не - жал?аулы? шылауы.

Дара бастауыш

Дара бастауыш - жеке бір с?збен айтыл?ан бастауыш.

К?рделі бастауыш

К?рделі бастауыш деп екі я бірнеше с?зді? тізбегінен жасалып, бір-а? ??ымды білдіретін бастауышты атайды.

К?рделі бастауыш мына сия?ты жолдармен жасалады:

  1. Екі я бірнеше с?здерді? тіркесінен ??рал?ан зат атауы.

Мысалы: Каспий те?ізі - ?лемдегі е? ?лкен к?л боп саналады

  1. ?ос с?з т?ріндегі зат есімдер:

Мысалы: ?ке-шешем жасымда асырады, ба?ты, адам ?ылды.

  1. Ашы? я жасырын т?рдегі ілік жал?аулы зат есім мен к?мекші есімдерді? тізбегі.

Мысалы: ?й іші енді тып-тыныш.

  1. Сын есім тіркесі

Мысалы:?ш салт алтты тіл ?атыспай ж?ріп келеді.

  1. Кейде зат есім мен есімшеден, зат есім мен сын есімнен ??рал?ан с?з тізбектері к?рделі бастауыш болады.

Мысалы: Білегі жуан бірді жы?ады, білімі толы? мы?ды жы?ады (ма?ал).

  1. Т?л?асына ?арай к?рделі ж?не б?лшек сан есімдер де с?йлемде к?рделі бастауыш бола береді.

Мысалы: Жиырма бес ма?ан та?ы ?айтып келді.[1]

Д?птермен ж?мыс. Берілген с?здерді ?атыстырып, бастауыш болатын етіп с?йлем ??ра?дар.

?й тапсырмасы. Ереже жаттау.

Ба?алау.

?орытынды. Бастауыш деп с?йлемде атау септік т?л?асында т?рып, ойды? иесі болатын т?рлаулы с?йлем м?шесін атаймыз.

Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі?? не?? кімі? несі? ?айсысы? ?аншасы? нешеуі? деген с?рауларды? біріне жауап береді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Т?рлаулы м?шелер. Бастауыш»

Күні: 22.12.2014  Сынып: 8 Пән: Қазақ тілі
Тақырыбы: Толымды және толымсыз сөйлемдер 
Мақсаты:
Толымды және толымсыз сөйлем туралы түсінік беру, сөйлемнің түрлерін ажырата білуге , сөйлем мүшелеріне талдай алуға дағдыландыру 
Күтілетін нәтиже/табыс көрсеткіші: Толымды және толымсыз сөйлемдерді ажырата алады, сөйлем мүшелеріне талдай алады. 
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, Миға шабуыл
Көрнекілігі: үлестірме қағаздар

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу түгендеу, топқа бөлу.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Жаңа сабақ.

Айқын ойлы кісінің әрбір сөйлемі дұрыс құралып, ой-пікірі же-тер жеріне жеткізіле айтылады. Ол үшін тілде бар әр алуан сөйлем түрлерін дүрыс ойдың формасы ретінде пайдаланады. Мысалы, жазушының кітабына көз жіберсек, не баяндамашының сөзіне құ-лақ қойсақ, олардың, сөзінде сөйлемнің әр түрі болатынын ақғара-мыз. Соларға синтаксистік талдау жасау арқылы дәл айқындауға болады. Ал жазушы мен баяндамашы ойын хабарлауда мына жерде сөйлемнің мына түрін пайдаланайыншы, мына түрін қоя тұра-йыншы деп жатпайды. Тілді жақсы білген кісі оның байлығына қанық болады да, тілдік жалпы дәстүр, үйреншікті дағды, тілдік сезім бойынша ойын дәл беретін сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлем түрлерін пайдалана береді. Ол білгенін саналы сезім, стильдік тұрғы талаптарымен ұштастыра білсе, құпа-құп. Тіл байлығына қанық болудың екі жолы бар: біріншісі — ата-ана (семья), халық "мектебі” қазанында қайнап пісу, екіншісі — халық тілін, әдеби тілдің заңдылықтарын дербес пән ретінде бастауыш, орта, жоғары дәрежелі оқу орнында оқып үйрену. Бұл екі жолды ұштастырса тілдік тәлім-тәрбиеге, ғылыми тірекке арқа сүйеген кісінің сөйлеген сөзінде, жазған жазуында стильдік кате көп болмайды.

 Стилистика ғылымының талаптары бойынша — ойың анық, дәл айтылсын, бірде-бір шашау шыққан басы артық не жетіспей жатқан сөз, дұрыс қүралмаған сөйлем болмасын дейміз. Сол талаптар негізінде біршама аяқталған ойды т о л ы м д ы сөйлеммен де, т ол ы м с ы з сөйлеммен де беруге болады, бірақ соның екеуі де бел-гілі стильдік талапқа сәйкес құралуға тиіс. Әдетте ойды толық, дәл, барынша түсінікті етіп айту үшін құрастырған сөйлемдер толымды болсын деп үйретеміз. Әсіресе мектеп оқушыларына, студенттерге тілден сабақ бергенде, сұрақтарға жауап қайырғанда, олардың құрастырған сөйлемдері толық, ойы "семіз” болса екен дейміз. Екінші жағынан, аз сөзбен көп мағына білдіруді көздейміз. Осы екі талап тұрғысынан сөйлемдерді толымды етіп те, толымсыз етіп те кұрай беруге болады.

Дәптермен жұмыс. Т о л ы м д ы сөйлемнің сипаттамасы — белгілі ойға керекті сөздердің сөйлем ішінде түп-түгел айтылатындығы. Ол үшін сөздің санының көп болуы шарт емес. Мысалы, Раушан үнсіз отыр деген толымды сөйлем үш сөзден құралған. Раушан біреуден жэрдем сұраудың жайын қарастырып отыр еді (Б. Майлин) деген де то-лымды, сегіз сөзден кұралған. Бұл екі сөйлемнің екеуінде де ай-тылған ойды көмескі етіп тұрған не әлі де дәлелдеңкірей түсер сөз мынау дей алмаймыз. Ал Жасымда ғылым бар деп ескермедім (Абай) деген — толымсыз. Мұнда "Мен” деген бастауыш айтылма-ған. Оны ерекше айтудың да керегі жоқ. Өйткені "ескермедім” де-ген сөзге жалғанған жіктік жалғауынан (-дім) бастауыштың "мен” екені түсінікті. Мен көрдім ұзын қайың құлағанын (Абай) деген сөйлем толымды, оның бастауышы (мен) баяндауышқа жалғанған жіктік жалғаудан да белгілі болып тұрғанмен, оны түсіріп, сөйлемді толымсыз етіп айтуға болмайды. Өйткені Абай өлеңінің сол сөйлемінде "мен” деген бастауышқа ой екпіні түсіп, сол сөз сөй-лемде басқа сөзден басым мағынада айтылған.

 Сөйтіп, ойды кейде толымды сөйлем арқылы айту жөн болса, кейде толымсыз сөйлем арқылы айтқан жөн. Бұл сөйлем түрлернің кайсысын қолданған дұрыс екенін белгілі контексте ғана сти-листика талаптарына сүйеніп топшылауға болады. Сөйлемнің толымсыз болуы — шұбалаңқылықты ықшамдылық арқылы жеңудің тәсілі, бірақ толымдының бөрі шұбалаңқылықтың белгісі емес,— ой дәлдігін сақтаудың амалы. Сондықтан, мысалы, Кеменің алдыңғы тұмсығында …мен тұрмын дегендегідей екпін түскен бас-тауыштарды түсіріп айту елеулі стильдік қате болар еді.

 Толымды сөйлемдер ғылыми әдебиет стилінде жиі қолданылады да, толымсыз сөйлемдер ауызекі сөйлеу тілінде, көркем әдебиетте жиі қолданылады.

 Сөйлеу тілінің бір ерекшелігі — онда әдетте екі не одан көп адам өз ара беттесіп сөйлеседі. Олай сөйлескен кісілердің пікірлесу тілдік қарым-қатынасы тығыз болатындықтан, олардың сөйлемдері қысқа-қысқа, тұжырымды, бірімен-бірі ұласқан, ортақ сөзді больш та келеді. Ондайды көркем әдебиетте жазушы көбінесе диалог түрінде береді. Мына сөйлемдерге назар аударайық:

 — Осы жиналысты басқаратын адамдар керек, соған аралары-ңыздан бір-екі эйелді сайлауларыңыз керек,— деп әлгі әйел бір түсіндіріп өтті.

Ермек әденеге күлімсірей түсті де:

— Мына келін жарайды ғой, осы кісіні сайлау керек,— деп Раушанды ұсынды…

— Атыңыз кім?

— Раушан.

— Жиылысты басқарушылардың біріне Раушанды сайлауға қарсылықтарыңыз жоқ па?

— Жоқ.

 Осы сөйлемдер өз ара іштей логикалық байланыста болғандықтан, толымды мен толымсыз кезектесіп, бірімен-бірі сабақтасып айтылған.— Мына келін жарайды ғой. Осы. кісіні сайлау керек дегенде, мына келін неге жарайды, неге сайлау керегі айтылмаған. Сонда да сөйлем түсінікті. Олар алдыңғы сөйлемде айтылған. Сондай-ақ "Раушан”, "Жоқ” деген жеке сөздер көп мүшелі жайыл-ма сөйлемдердің орнына жұмсалған. Оларды толымды етіп айтқанда:

— Менің атым — Раушан.

— Жиналысты басқарушылардың біріне Раушанды сайлауға қарсылығымыз жоқ,— деу керек болады.

Жоғарғы орында бұл сөйлемдерді олай шұбалаңқы құраудың керегі жоқ. Ол арада сол бір-бір сөз бірнеше сөздің орнына жүріп тұр.

 Әлгідей толымсыз сөйлемдер пьесалардың тілінде де көп кездеседі:

Т ә к е ж а н. Абай, тоқташы, сен қайда барасың осы?

— А б а й. Немене, жиынға барам.

— Тәкежан. Барма, тілімді алсаң, барма бұл жиынға.

Абай. Оны қайдан шығардың? Барамын. (М. Әуезов).

 Осы мысалдардағы толымсыздықтыд негізі — қатар айтылған сөйлемдер байланысы. Ондай ара қатынас авторлар баяндауында да болады. Автор сөзіндегі бір не бірнеше сөйлем мүшесі алда ай-тылған сөйлемнен де түсінікті болатындықтан, кейінгі сөйлемдер толымсыз бола береді.

 Шұлығынан аяғы шығып, алба-жұлба болып, бүрсеңдеп бір эйел келеді. Оң жақ көзі көгеріп, ісіп кеткен. Пешке арқасын сүйеп отырып ауыр күрсінді (Б. Майлин). Осы үш сөйлемнің алдыңғысы — толымды да, соңғы екеуі — толымсыз. Толымсыз сөйлемдерде әңгіме "бір әйел” туралы екені алдыңғы толымды сөйлемнен түсінікті. Сондықтан эйелдің оң жақ көзі көгеріп, ісіп кеткен. Әйел пешке арқасын сүйеп отырып, ауыр күрсінді десек, қатар айтылған үш сөйлемде бір сөзді орынсыз қайталаған болар едік. Олай ету — стильдік кате. Жазушы Б. Майлин соны сезіп, жоғарыда келтірілген мысалдағы екінші, үшінші сөйлемдерді толымсыз етіп жазған.

Сөйтіп, сөйлемнің толымсыз болуы оның жұмсалу жағдайымен, маңындағы басқа сөйлемдерге қатысымен байланысты екен. Мұн-дағы принцип — қатар айтылған бірнеше сөйлемнің бір сөзге ор-тақтасуы. Жайық бетінде… өз жүрегінің соғуымен өзі дірілдеп, "Қазақстан.” деген кеме тұр. Қеліп міндім де, еқ жоғарғы үшінші қабатына көтерілдім — дегендегі ортақ сөз — кеме (кемеге, ке-менің).

 Сөздерді, кейде грамматикалық тұлғаларды, ортақтастыру — сөйлемдерді тұжырымды, ықшамды етіп құрудың тәсілі. Бұл тә-сілді дұрыс түсініп, керегінде өз жазуында пайдалана білу үшін оның мынадай орындарға ортақ бола алатынын білу керек:

 1. Екі іргелес сөйлемді бір баяндауышқа ортактастырып айтуға болады: Рабиға біресе есікке қарайды, біресе маған қарайды. Осы сөйлемді Б. Майлин: Рабиға … біресе есікке, біресе маған қарайды деп жазған. Мұндайды синтаксисте "сыйыса құрмаласу” дейміз. Қайсысы дұрыс? Екеуі де өз орнында — дұрыс: егер жазушы "қарайды” сөзіне ерекше мән беріп, сөйлемді ерекше экспрессивті етіп айтқысы келсе, "қарайды” сөзін іргелес екі сөйлемде де қайталауы мүмкін. Олай етпей, сөйлемді ықшамдап, Рабиғаның1 тек қарау тәсіліне ерекше мән беру үшін сөйлемді экспрессивті еткісі келгенде, оны Бейімбетше, Рабиға біресе есікке, біресе маған қарайды деу керек болады. Қазақта "Қоянды қамыс өлтірер, ерді намыс өлтірер” деген мақал бар. Осыны Қоянды қамыс, ерді намыс өлтірер деп екі сөйлемді бір сөйлемге сыйыстыруға болады. Бірақ екеуі бір емес: алдыңғыда экспрессивті мағына бар да, соңғыда ол жоқ, сорлғын. Сол сияқтыЖүнді су көтереді, жүйрікті ду. көтереді, қайғыны ер көтереді дегенде, көтереді үш рет қайталанған. Соны ықшамдап: жүнді су, жүйрікті ду, қайғыны ер көтереді деуге болады. Бұл арада да сөйлемді ықшамдау стиль тұрғысынан ұтымды болмайды. "Бір жерде күш көрсетіледі, бір жерде өнер көрсетіледі, бір жерде мінез көрсетіледі” дегенде, баяндауыш (көрсетіледі) үш рет қайталанған. Бұлай айтуда да қайталанған сөздің пәлендей стильдік қосымша қызмет атқарып тұрғаны аңғарылмайды. Сондықтан М. Әуезов сол үш сөйлемді сыйыстырып былай жазған: Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір жерде мінез көрсетіледі. Бұл әрі ықшам, әрі әсерлі.

 Сөйтіп, қатар тұрған сөйлемдерде бір сөзді қайта-қайта айтудың дұрыс болатын да, дұрыс болмай, оларды ықшамдап, ортақ, етіп айтудың дұрыс болатын де жері бар.

 2. Қатар айтылған сөйлемдердің алдыңғыларында аталған мү-шелерді соңғы сөйлемдерге ортақ етіп толымсыз сөйлем құрауға болады:

 Ұзындығы көшедей, үш қабат көгілдір кеме. Жайықтық ортасын толтыра, езуін көпірте, еркін есіп, жайқап келеді. Орал — кэдуілгі үлкен қала, оның үстіне көркем де қала. ,(¥. Мүсірепов).

 Мұндағы "кеме”, "Орал” сөздерін көрші сөйлемдерде қайталап жазу сөйлеу стилін ауырлатқан орашолақтық болар еді.

Қейде сөйлем арасындағы сөздердің желісін үзбей, мағыналық байланысын күшейту үшін бір мүшені қайталамай оның баламасын, орнын басатын сөздер жұмсалады.

 — Мына тиеліп келе жатқанды көрдің бе? … Толып жатқан машина, сайман … Ал, бұл неткен машина, не істейді?, оны екеуміз де білмейміз. Мүмкін, бір-біреуі жүз кісінің істегенін істейтін, шы-ғар! Оны екеуміэ білеміз бе? Жоқ. Біз, баяғы, мал бағуды ғана бі-леміз! (Ғ. Мүсірепов).

 3. Сөз мағынасы ортақ толымсыз сөйлемдер сөйлеу тілі стиліне тән болатындықтан, көркем әдебиетте персонаждардың өз ара беттесіп сөйлесу орайындағы диалогтарда өте жиі кездеседі;

Қол алыстың аяғы қоржын шешуге әкелді. Екеуі де малдасын құрып алып, қоржымдарын шешіп, қапшыққа сап аузын байлап алған қымыздарын шайқай бастады:

— Іш, ійі, бауырым түрікпен!

— Же, же,қазақ туысқаным.( (Ғ. Мүсірепов).

 4. Толымсыз сөйлемнің ішінде айтылмаған мүшелерді жоқтат-пайтын белгінің бірі — жақтық қосымшалар. Жіктік жалғаулары сөйлемдегі бастауыштың, тәуелдік жалғаулары ілік жалғаулы анықтауыштардың қай жақтык екенінің _ айғағы болатындықтан, ол мүшелерді екінің’,бірінде ,(ой екпіні түспегенде) түсіріп, сөйлемді толымсыз етіп жұмсау көп стильге тән.

 Мен ырзамын — Ырзамын. Менің айтатын сөзім көп — Айтатын сөзім көп. Біз қорықпаймыз — Қорықпаймыз. Біздің Отанымыз малға бай — Отанымыз малға бай.

Әдебиеттен мысалдар (жақшаларда түсірілген сөздер жазылған).

—Өлеңді қойып.жүрем (едім — мен)…

–Биекем біліп айтыпты, шаршаған екемін (екенмін — мен). (Менің) Даусым шығар емес,— деп Домбырасын (өзінің) қасына -қылжита салды (Ғ. Мүсірепов).

 –(Менің) Өнегем … болса … (өзімнің) тірлігімде көрсете алдым ба (мен), жоқ па? (Менің) Өсиетім болса… (Менің) құлағым, (менің) тілім барында айтыпболдым ба (мен), жоқ па?, Не дәме етесің (сен) екеуің?.. Не күтіп маған (сен) телміресің? Деді

(М. Әуезов).

Үйге тапсырма: көркем әдебиеттен толымды сөйлемдерге 5 мысал, толымсыз сөйлемдерге 5 мысал теріп жазу.

Бағалау.





Күні 5/12/15ж Сыныбы: 8 Пәні: қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлері.

Жақты және жақсыз сөйлем.

Мақсаты: оқушыларға жақты және жақсыз сөйлем туралы түсінік бере отырып, жақты сөйлемді жақсыз сөйлемге айналдыруға үйрету; кішіпейілдік пен адамгершілікке тәрбиелеу; сөздік қоры мен тіл байлығын дамыту.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, топтық жұмыстар

Түрі: саяхат сабақ

Көрнекілігі: интертақта, мәтіндер жазылған парақшалар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу түгендеу, топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа сабақ

Ерте, ерте, ертеде Сөз елі деген қалада Сөйлем деген ата өмір сүріпті. Сөйлемнің екі баласы болған екен. Біріншісінің аты – Жай сөйлем, екіншісінің аты – Құрмалас сөйлем. Жай сөйлем өз алдына бір отау болыпты. Бір күні Сөйлем ата Жай сөйлем атты баласына қонаққа барады. Байқап қараса,баласы тату –тәтті өмір сүріп жатқан көрінеді. Жай сөйлемнің екі баласы бар екен: Жақты және Жақсыз. Жақты сөйлем- бастауышы бар сөйлем; Жақсыз сөйлем- бастауышы мүлдем жоқ сөйлем.

Осы арада тақтаға мынадай сөйлемдер жазып сөйлем мүшесіне талдау арқылы дәлелдеу.

Емтихан жүріп жатқанда сендерге сөйлеуге болмайды.

Отаным үшін аттанамын.

Сол оқиғадан соң көңілі суып кетті.

Жаттығуды қайта жазғым келмеді.

Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары

Мысалдар

Сөйлемнің баяндауышы тұрақты тіркестерден жасалғанда

Сансыз қатеден аяқ алып жүргісіз.

Сөйлемге тек баяндауыш ұйтқы, негіз болғанда

Сабатан кешігуге болмайды.

Баяндауыш етістіктің қалау райының –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтарынан болғанда

Менің оны тыңдағым келмеді.

Қимыл атауына барыс септік жалғауы жалғанып,оған, бол, жара, келе сөздері тіркеседі

Қайта жазуға келмеді.

Атау, барыс тұлғасындағы тұйық етістікке (қимыл атауынан соң) керек, жөн, мүмкін бейтарап сөздері тіркесіп келуі арқылы

Ата-аналарын балалары құрметтеуі керек.

Көсемшенің –ып, -іп, -п жұрнақтарынан кейін етістіктің болымсыз тұлғасы келеді

Жазғанынан ештеңе оқып болмайды.


Сөйлем ата: Балалар, Жай сөйлем балама келгенше бірнеше аялдамаға тоқтадым. Сондықтан сендер мен жүрген жолдардан мүдірмей өтіп, жолда мынадай аялдамалардың бар екенін білгендерің жөн.

«Ұшқыр ой» аялдамасы

Өлең жолдарын қара сөзбен, жай сөйлемдер түрінде жазып, сөйлем мүшесіне талдаңдар.

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,

Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.

Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде,

Ойын ойнап, шыбын – шіркей қуған жер.


Жаратылдым топырағыңнан, сен – түбім,

Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім.

Сенен басқа жерде маған қараңғы,

Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім.




Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес,

Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.

Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,

Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..


Балақ түріп, қозы қуып, жарысып,

Батпағында тең құрбымен алысып.

Түнде – ақсүйек, алтыбақан, ал күндіз

Үйретем деп асау тайға жабысып.


«Адам басы  алла добы» - деген рас,

Қалай қуса, солай кетпес сорлы бас.

Кім біледі, мен де шетке кетермін,

Туған жерім,сені тастап басым жас.

М. Жұмабаев

«Кім тапқыр» аялдамасы

  1. топ: жақты сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдаңдар

Олжабек сасыңқырап қалды. Олжабек үндемеді. Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. Бұл кезде тоғай да кемеліне келіп толықсып тұрады. Қайсардың шешесі Бәден апай – шалқып сөйлейтін адам.

  1. топ: мәтіндегі жай сөйлемдердің ішінен жасырын тұрған

бастауышы бар сөйлемдерді теріп сөйлем мүшесіне талда.

Тіпті ересек адамша сөйлеп қапты. Баланың бұл — ерте әзірлеген жауабы еді. (М. Әуезов). Кім айыпты екеніне әлі көзім жете қойған жоқ. (Ғ. Мүсірепов). Бірінші сөйлемнің баяндауышы — сөйлеп қапты (не істеді?), бастауышы жок, бірақ оны табуға болады: кім сөйлеп қапты?— ол, яғни бала, ол екінші сөйлемнен көрініп тұр. Екінші сөйлемнің баяндауышы — жауабы еді (бұл — не?), бастауышы — бұл (не жауабы еді?). Сондықтан бұлар — бастауышы бар я жоқ болса да, баяндауышы арқылы табуға болатын жақты сөйлемдер.

«Даналық әліппесі» аялдамасы

Ым мен ишара арқылы сөйлем құрау. Топ мүшелері қарсы топтағыларға ыммен, ишарамен қимылдар көрсетеді. Соған қарап басқа топтағылар бірлесіп жай сөйлем құраулары керек. Бұл жерде шапшаң әрі дұрыс құрау керек.

Білімді бекіту

Тест сұрақтарына жауап беру. Жауаптарыңды қолдарыңдағы әріпті парақшаларңды көтеру арқылы көрсетіңдер.

1.Жақты сөйлем дегеніміз не?

А) бастауышы жоқ сөйлем

Ә) бастауышы бар сөйлем

Б) баяндауыш негіз болатын сөйлем

2. Жақсыз сөйлемді көрсет

А) балалар ойынға кірісті

Ә) бүгін баруға болмайды

Б) биыл қар қалың жауды

3. Жай сөйлемнің неше түрі бар?

А) 5 Ә) 6 Б) 7

4. Меніңше бұл  өте мықты адам. Қандай тыныс белгісі жетіспей тұр?

А) үтір Ә) сызықша Б) леп белгісі

5. Қазақтың әндері, шіркін, неткен әдемі. Бұл сөйлемде оқшау сөздің қай түрі кездеседі?

А) қыстырма сөз Ә) қаратпа сөз Б) одағай сөз

Үйге тапсырма: көркем әдебиеттен жақты сөйлемдерге 5 мысал, жақсыз сөйлемдерге 5 мысал теріп жазып баяндауыштарының жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

Бағалау.












Жай сөйлемнің түрлері
Жай сөйлем құрамы мен кұрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде түрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң және жайылма сөйлем болып бөлінеді. Тұрлаусыз мүшелері жоқ, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалан, сөйлем дейді де, тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейді. 
 
Мысалы: Олжабек сасыңқырап қалды. Олжабек үндемеді. Бұлар баяғы жалқау жігіттің иегінің астында келеді (Мұст.) деген үш сөйлемнің алдыңғы екеуі тек бастауыш пен баяндауыштан құралған: Кім сасыңқырап қалды?— Олжабек — бастауыш, Олжабек не істеді? (қайтті?) сасыңқырап қалды — күрделі баяндауыш; кім үндемеді?— Олжабек — бастауыш. Олжабек не істеді?— үндемеді — баяндауыш. Бұлар — жалаң сөйлемдер. Үшінші сөйлем бастауыш пен баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелерден де құралган: Кім келеді?— бұлар — бастауыш, бұлар не істеді?— келеді — баяндауыш; қайда келеді?— иегінің астында — мекен пысықтауыш, кімнің иегінің астында?— жігіттің — анықтауыш, қандай жігіттің?— жалқау — анықтауыш, қай жігіттің? баяғы — анықтауыш. Сөйтіп, бұл сөйлемде бастауыш (бұлар) пен баяндауыштан (келеді) басқа пысықтауыш (иегінің астында), анықтауыштар (жігіттің, жалқау, баяғы) да бар, сондықтан ол жайылма сөйлем болып табылады.
Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты және жақсыз сөйлем болып бөлінеді. Бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болатын жай сөйлем түрін жақты сөйлем дейді де, бастауышы мүлде жоқ және баяндауышы арқылы бастауышын табуға болмайтын, баяндауыштың езі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрін жақсыз сөйлем дейді. Мысалы: Тіпті ересек адамша сөйлеп қапты. Баланың бұл — ерте әзірлеген жауабы еді. (М. Әуезов). Кім айыпты екеніне әлі көзім жете қойған жоқ. (Ғ. Мүсірепов). Бірінші сөйлемнің баяндауышы — сөйлеп қапты (не істеді?), бастауышы жок, бірақ оны табуға болады: кім сөйлеп қапты?— ол, яғни бала, ол екінші сөйлемнен көрініп тұр. Екінші сөйлемнің баяндауышы — жауабы еді (бұл — не?), бастауышы — бұл (не жауабы еді?). Сондықтан бұлар — бастауышы бар я жоқ болса да, баяндауышы арқылы табуға болатын жақты сөйлемдер. Ал үшінші сөйлемнің баяндауышы (қайтті?)— көзім жете қойған жоқ, бұл — фразалық (идиомдық) тіркес, сондықтан сөйлемде бір ғана мүше қызметін атқарады: көзім деген сөзді бір бөлек, жете қойған жоқ дегенді бір бөлек талдауға болмайды. Бұл сөйлемнің бастауышы жоқ, оны табуға да болмайды. Сондықтан бұл — жақсыз сөйлем.
Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді. 1) -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді, барғым келмейді т. б.
2) түйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, сөйлеуім мүмкін, айтуы тиіс т. б.
3) -ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды т. б.
4) Баяндауыш кұрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек-сілесі қатты, шарасы қалмады, тас-талқаны шықты, мойнына су құйылды т. б.
Сөйлемде ойға катысты айтылуға тиісті мүшелері түгел жай сөйлемнің түрін толымды сөйлем дейді де, айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнін түрін толымсыз сөйлем дейді. Мысалы, Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. Купі сыртынан қайыс белбеуін буып алды (Ә. Нұрпейісов). Көзінен жасы ыршып кетті. (С. Сейфуллин) деген үш сөйлемнің алдыңғысы — толымды сөйлем, өйткені оны сөйлем етіп тұрған баяндауышы (не істеді?— шықты) да, бастауышы (кім шықты?— Кәлен) да бар және сөйлем білдіретін ойға қатысты пысықтауыш (қайда шықты?— сыртқа және қалай шықты — бір ытқып) та жұмсалған.
Сондықтан бұл — толымды сөйлем. Екінші сөйлемде баяндауыштың (не істеді?— буып алды)иесі бастауыш жоқ, сөйлемде түсіп қалган, бірақ оны табуга болады: кім буып алды?— ол (Кәлен). Үшінші сөйлемде көзінен сөзінің анықтауышы (кімнің көзінен?) түсіп калған. Сондықтан екінші, үшінші, сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп танылады.
Ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың, құбылыстың, мезгілдің мерекенің, мекеннің аты аталып көрсетілгендей жай сөйлемнің ерекше түрін атаулы сөйлем дейді. Атаулы сөйлем жеке дара қолданылатындықтан; шартты түрде сөйлем деп танылады. Оның мәні тек өзінен кейін қолданылған сөйлемдер арқылы түсініледі. Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді. Мысалы: Кеш. Ымырт жабылған кез… Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сұлы Көл-шүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрақтар — айнаның жиегіне салынған әдемі өрнек сияқты (С. Сейфуллин) дегенде, алғашқы 4 сөйлем мезгілді (1—2— сөйлемдер: кеш және ымырт жабылған кез) және мекенді (3—4— сөйлемдер: Көкшетау маңы және Айнадай Көлшүмектің қасы) атап қана тұр. Сөйтіп, келесі сөйлемге мезгілдік, мекендік жағынан кіріспе ретінде жұмсалып тұр. Осы мысалдан көрінетіндей атаулы сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де кұрала береді.

Сөйлем мүшелерінің қатысуына қарай жай сөйлем бірнеше түрге бөлінеді: 1) жақты жәнежақсыз сөйлем; 2) жалаң және жайылма сөйлем; 3) толымды және толымсыз сөйлем; 4)атаулы сөйлем.

 

Бастауыштың қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем жақты және жақсыз болып бөлінеді.

 

Бастауышы қатысқан немесе жасырын тұрғанда баяндауышы арқылы қиыстыра байланыстырып табуға болатын сөйлем жақты сөйлем деп аталады.

 

Жақты сөйлемнің негізгі белгілері: 1) баяндауыштары бастауышпен

жақ жағынан қиыса байланысады. Мысалы: Бұл кезде тоғай да кемеліне келіп толықсып тұрады. Қайсардың шешесі Бәден апай – шалқып сөйлейтін адам.

 

2) жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмаса да, оның қай сөз екені айқын болып тұра береді. Мысалы: Бір кезде қасқа атты қалт тоқтатып, артына бұрылды. Былтыр жазда демалыс алып, ауылға бардым. Бірінші сөйлемде бастауыш ашық айтылмағанмен, баяндуышына қарап ол, ал екінші сөйлемде мен деген жіктеу есімдігі екенін тауып алуға болады. Сонымен, жақты сөйлемнің құрамында бастауыш болады.

 

Бастауыш қатыспайтын, сөйлемге баяндауыш негіз болатын сөйлем

жақсыз сөйлем деп аталады. Мысалы: Менің Тортайдың қасынан кеткім келмеді.

 

Жақсыз сөйлемнің баяндауышының жасалу жолдары:

1) -қы, -ғы, кі, -гі жұрнақты қалау райлы етістіктен жасалады. Мысалы:

Баланың білген үстіне біле түскісі келді.

 

2) барыс септікті тұйық етістікке бол, жара, тура, кел көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Бұл жұмысты оған тапсыруға болады. Бізге шындықты айтуға тура келді.

 

3) есімше, көсемше тұлғалы етістікке керек, жөн, мүмкін, қажет деген бейтарап сөздердің тіркесуі арқылы және бол етістігі көмекші болу арқылы жасалады. Мысалы: Әр жұмысты өз уақытында бітірген жөн. Тапсырмаға тиянақты дайындалу керек. Болған жайды жасырмайайтып беруі мүмкін.

 

4) -ып, -іп, -п көсемше тұлғалы етістікке бол көмекші етістігінің тіркесуінен жасалады. Мысалы: Оның мінезін түсініп болмайды.

 

5) баяндауыштың құрамында тұрақты тіркес – идиома – болады. Мысалы: Жарасбайдың өзін оққа байлап отырғанына көзі жетті.

 

Тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем

жалаң және жайылма болып бөлінеді.

 

Тұрлаусыз мүше қатыспайтын, тек тұрлаулы мүшеден – бастауыш

пен баяндауыштан – ғана құралған сөйлем жалаң сөйлем деп аталады. Мысалы: Есіл тасып жатырЖағасы – бал-құрақАты жүйрік екен.

 

Тұрлаулы мүшемен бірге тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем жайылма сөйлем деп аталады. Мысалы: Жақпар тастың арасында сарымсақ өседі. Түні бойы ақ жауын сіркіреп тұрды.

 

Ойға қатысты айтылатын сөйлем мүшелерінің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлемтолымды және толымсыз болып бөлінеді.

 

Ойға қатысты айтылуға тиісті сөйлем мүшелері толық қатысқан сөйлем толымды сөйлем деп аталады. Мысалы: Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тортай екеуміз бұзау бағуға шықтық. Бұл сөйлемде ойға қатысты айтылуға тиіс сөйлем мүшелері толық қатысып тұр.

 

Айтылатын ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлем толымсыз сөйлем деп аталады. Толымсыз сөйлемдер диалог жағдайында көп кездеседі. Мысалы:

 

Атыңды сатамысың? – Сатамын.

Түсіп қалған немесе қажет сөзді орнына қойғанда толымсыз сөйлем толымды сөйлемге айналады.

Бастауыш пен баяндауыштан құралмай, заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауынбілдіретін сөзден, сөз тіркесінен жасалған сөйлем атаулы сөйлем деп аталады. Мысалы:Қоңыр күз. Жол лайсаң. 16 желтоқсан. 1986 жыл. Автобекет. Сапырылысқан халық.








Күні:28/11/15ж Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8-сынып

Тақырыбы: Оқшау сөздер, түрлері
Сабақтың мақсаты: 
1.білімділік: Оқушыларға жаңа ұғым оқшау сөздер, оның түрлері туралы ұғымды меңгерту; 
2.дамытушылық: Сабақ процесінде қолданылған ұлағатты сөздер арқылы адамгершілік сезімдерін дамыту; 
3.тәрбиелік: логикалық ойлау әдістерін қлыптастыру, ой қорытындысын жасай білуге баулу; 
Сабақтың түрі: жаңа материалды оқып үйрену сабағы 
Сабақтың әдісі: талдау, ізденіс 
Сабақтың тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ – жауап, жаттығу жұмыстары, мәтінмен жұмыс. 
Сабақ барысы: 
а) Психологиялық даярлық 
б) Үй тапсырмасын сұрау. 
Жаңа сабақ: 
І . Қызығушылықты ояту: 
Өзге тілде сөйле әлемді таң қылып, 
Ана тілін білмеу қандай заңдылық! 
Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда 
Ана тілің жасау керек- мәңгілік!- деп бүгінгі сабағымызды қоғам қайраткері, ақын М. Шахановтың туған тілімізді қадірлеуге , қастерлеуге шақыратын өнегеге толы өлеңімен бастайық. 
ІІ. Мағынаны тану. 
Ассосация «Оқшау» сөзіне 
Сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды. Өзге сөздермен байланысқа түспейді. 


Оқшау сөздердің түрлері:

Қаратпа сөздер
Сөйлеуші тыңдашының

назарын өзіне аудару

үшін қаратпа сөздерді

қолданады.

Мысал,Менің ойлаған

ойымның үстінен

түстің.




Қыстырма сөздер

Өзі қатысқан сөздерге

қыстырмалар сөйлеушінің

көзқарасын- күмәнділігін,

сенетіндікті білдіру үшін

қолданылады.

Мысалы,Бәсе,солай болады

деп айтып едім ғой.

Одағай сөздер 

Одағайлар сөйлеушінің

көңіл- күйін,қуанышын,

ренішін білдіру қажет

болғанда қолданылады.

Мысалы, Па,шіркін!Даусы

дауыс-ақ екен.Жұмысты

істеген сөң осылай істеу

керек,бәрекелді! 


Негізгі белгілері 
а)сөйлем ішінде өзге сөздермен байланысқа түспейді. 
в)сөйлем мүшесі бола алмайды. 
с)сөйлем ішінде жеке тұрады. 
д)белгілі бір тыныс белгі арқылы ажыратылады. 
е)сөйлемде түрлі мағына білдіреді. 
Оқулықпен жұмыс.
Семантикалық карта,бұны орындату барысында оқушыларға сөйлемдердің қай мағынада тұрғандығын ажырату. 
Мысалдары 
Түрлері Қаратпа сөз Одағай сөз Қыстырма сөз 
Байғұс – ау, саған не болған? + 
«Қош бол, Қараой» + 
Аға, бұл кімнің аты? + 
Хан, әрине, ғажайып мешіт салу, хан жарлығынан, не ұзақ өмір сүруден емес, адам көңіл күйінің шаттануынан, не үлкен арманнан туатынын білген жоқ + 
Әйтеуір, осы қос аққуын көрсе, сол сәтте Берке хан бәрін ұмытатын + 

Ауызша тапсырма. Бұл Абайдың нешінші қара сөзі? 
Отыз бірінші қара сөз ( оқшау сөздерді таптыру) 
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: 
әуелі-көкірегі байлаулы берік болмақ керек; 
екінші-сол естіген нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; 
үшінші-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайталап, ойланып, көңілге бекіту керек; 
төртінші-ой-кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса салынбау керек. 
Шығармашылық,дамытушылық жұмыс.(жазбаша) 
Оқшау сөздерді қолданып,  «Менің асыл арманым» эссе жазу.
1. Пәлі, шіркін, бәрекелді, моһ-моһ, әттеген-ай! одағай 
2. Қарағым, балам, айналайын, Ботагөз. қаратпа 
3. Әрине, меніңше, әуелі, сөйтіп , шынында. қыстырма
Қорытынды: 
ІІІ Толғаныс: 
Тест тапсырмаларымен жұмыс: 
1. Сөйлемнің басында тұрған қаратпа сөзді көрсетіңіз 
А) Кеше жаңбыр жауды В) Сенің атың қалай, балам? С) Қап, әттеген-ай! 
Д) Асқар, бүгін күн жылы ма? 
2. Құрамында қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз. 
А) Ол, сірә, бүгін келмейді. В) Паһ, шіркін! С) Кел, балалар,оқылық! 
Д) Піскен алма жерге түсті 
3. Сөйлемнің ортасында келген қаратпа сөзді табыңыз. 
А) Бәйтерек - өте биік ағаш В) Үйге кір, балам, шай ішіп кет С) Қарағым, қашан келдің? Д) Әжем сандықты ашты 
4. Сөйлемнің ортасында келген қыстырма сөзді тап. 
А) Бүгін күн ашық екен, әйтеуір В) Қысқасы, сен үйде отырасың С) Мен, сірә, киноға бармайтын шығармын. Д) Әлбетте, сенікі дұрыс 
5. Қыстырма сөзді табыңыз 
А) Ей В) Қызыл С)Балам Д) Сірә 
6. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз. 
А) Жыламашы, күнім В) Жұмаш, бері келші, қалқам С) Меніңше, бұл - өте мықты адам Д) Сен абыржыма, шырағым 
7. Оқшау сөздердің белгісін көрсетіңіз 
А) Тұрлаулы мүше қызметінде жұмсалады В) Тек бас әріппен жазылады С) Сөйлем мүшесі бола алмайды Д) Сөйлем мүшесі бола алады. 
Бүгінгі тақырыбымызда дана кемеңгер Абайдың оқылған қара сөзінен өнеге алып, болашақта еліміздің бетке ұстар азаматтары мен азаматшалары болу өз қолдарыңызда. Өтілген тақырыпты өмір тәжірибелеріңізде ұтымды қолдана біліңіздер. 
Үйге тапсырма: №1 тапсырма. Реферат жазу.
№ 2 тапсырма: Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесінен оқшау сөздерге он мысал сөйлем тауып жазу.


























Сыныбы: 8-сынып Күні:21/11/15ж
Сабақ мақсаты: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсіндіру.
Сөйлем мүшелерінен алған білімдерін ұштау, тіл байлықтарын жетілдіру.
Алынған, оқыған көркем шығармадан кейін туған жер, қоғам туралы өзіндік пікір қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабаққа қосымша:
Туған жер тақырыбына арналған плакаттар
Сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне схемалар
Үлестірме қағаздар
Пайдаланылған әдебиеттер: «Қазақ тілі» оқулығы 8 - сынып
Ә. Исабаев «Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері»
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
(психологиялық дайындық)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
Бастауыш дегеніміз не?
Баяндауыш дегеніміз қандай мүше?
Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш дегеніміз не?
Сөйлемнің айқындауыш мүшелері дегеніміз не?

Мысал келтіру. Сөйлем талдау
ХV ғасырда Күлтегін ескерткішіне мынадай жолдар жазылған екен.
Қызыл қанымды ағыздым,
Қара терімді төктім.
Түн ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым.
Тізеліні бүктірдім
Бастыны еңкейттім
Түрік болғаным үшін
Бұл жай сөйлем құрамында сөйлем мүшелері бір - бірден болса, сөйлемде бір мүше сан жағынан біреу ғана емес, екі я одан да көп болып, бірыңғайласып айтылуы мүмкін.
ІІІ. Жаңа сабақ
Бірыңғай мүшелер:
Сөйлемнің бырыңғай мүшелері
Бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет атқарып, бір ғана мүшемен байланысатын екі я одан көп мүшелерді бірыңгай мүшелер дейді. Бірыңгай мүшелер көбінесе тұлғалас болып келеді де, өзара салалас, бірде жалғаулықтар аркылы, бірде жалғаулықсыз дауыс ырғағымен байланысып, бір ғана мүшеге қатысты болады. 
 
Сөйлемнің барлық мүшесі де: бастауыш та, баяндауыш та, толықтауыш та, анықтауыш та, пысықтауыш та бірыңғай мүше бола алады. Мысалы: Ел жата Есбол, Еламан, Рай келді. Шиделі күпілі, сенсең тымақты бұжыр қара кісі ат үріккен жаққа жылан көзін жылдам тастады да, тізгінін сәл тежеді. (Ә. Н.) Құланиек таңды, шашырап шыққан кунді оған биік таулар көрсетпеді (Ғ. Мұст.) Бет-аузына адам тұра карай алмайтын қара шұбар орта бойлы Есенейге аға сұлтан әрі таңдана, әрі қауіптене қарайтын еді. (Ғ. М.)
Бірыңғай мүшелер бір-бірімен ешбір жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Бірыңғай мүшелерді ыңғайлас жалғаулықтар (да, де, та, те, әрі, және, мен, бен, пен), талғаулы жалғаулықтар (я, не, немесе, әлде), қарсылықты жалғаулықтар (бірақ), кезектес жалғаулықтар (бірде, біресе, кей-де) байланыстырады.
Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса, олардың арасына үтір қойылады. Мысалы: Осының бәрін бір сұмдықпен, кулықпен істемейді (С. С). Сондай-ақ жалғаулық бірыңғай мүшенің әрқайсысымен қайталанып қолданылса да, арасына үтір қойылады. Мысалы, Атын да, кісісін де болжай алмады (М. Ә.) Бірақ деген шылау қарсы мәндес екі бірыңғай мүшені байланыстырады да, бірақ шылауының алдынан үтір қойылады. Мысалы: Ол — батыр, бірақ қолбасы емес. (Ғ. М.) Бірыңғай мүшелердің арасында қайталанбай келген мен, бен, пен, және жалғаулықтары болғанда және да, де, та, те, әрі, не, немесе, яки қайталанбай бір-ақ рет келгенде, үтір қойылмайды. Мысалы: Олжабек пен Жамал қоңыр шокыны бетке ұстап тарта берді. (Мүст.) Ашық та ақ жарқын сөйлейтін сырлас адамдар екен (Ғ. М.)
Бірыңгай мүшелер екеу болмай, одан көп болып, олар жалғаулықсыз байланысып, тек соңғы екеуі гана жалғаулык шылау арқылы байланысса, жалғаулықсыз жерде үтір қойылады да, жалғаулық арқылы байланысқан жерде үтір қойылмайды. Мысалы, Бухара, Ташкент, Түркістан және Жоңғар қалмақтары билеушісі Қалдан Шерінің күнгей шығыс маңын қоныстанады. (Ә. К.)
Сөйлемде бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, барлық бірыңғай мүшенің ортақ жинақтау аты есебінде айтылатын да сөздер болады. Олар жалпылауыш сөз деп аталады.
Жалпылауыш сөз сілтеу (мыналар), жалпылау (бәрі, баршасы, барлығы) есімдіктері мен жинақтау сан есімі, зат есімдерінен болады.
Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден бұрын тұрса, одан кейін қос нүкте қойылады. Бұндай жағдайда егер бірыңғай мүшелерден кейін оған ұқсас сөздер тұрса, бірыңғай мүшелерді одан ажырату үшін, ол мүшенің алдынан сызықша қойылады. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден кейін келсе, оның алдынан с ы з ы к ш а қойылады.

Өзара салаласа байланысып, біркелкі сарындағы дауыс ырғағымен айтылатын.
Ортақ бір сұрауға жауап беретін, яғни, бір сөз табынан жасалатын, кейде жалғаулықсыз, кейде жалғаулық шылаулар арқылы байланысатын көп мүшелер
Жаттығулар жұмысы (мұғалім дайындаған бірнеше тапсырманы өз бетінше орындату)
1.Кім тез сөйлем құрай алады:
Қызыл, сары, ақ...
Кітап, газет, журнал...
Қой, сиыр, жылқы..
Қобыланды, Алпамыс, Қамбар...
Бұл жұмыс...,...,... керек етеді.
Бірыңғай мүшелер қай сөз табынан жасалған? Қай мүшенің қызметін атқарады?
2.Қазақтың ақын - жазушылары Қазақстанды сай - бұлақ, тау - қыраттарына шейін жырлап өткен, жырлайды да.
Тәуелсіздік алғалы Асан қайғы мен Қорқыт баба, Кенесары мен Сырым, Абай мен Ахмет, Ербол мен Ләззат сынды тұлғаларымыз әлемге танылды.
Мен туған жердің түнін, күнін, өзенін, тауын, гүлін сүйемін.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін.
Қазақстанның әрбір азатының өз елінің бақыты үшін, абыройы үшін, даңқы үшін, бостандығы үшін күресетіндігін мақтан тұтамын

Қосымша материалдар
Шарты: Бірыңғай мүшені көрсет.
Көрген, білген әңгімелерді кітап қылып тартамын. Барлық өмір, тіршілік - жастан оқуға, білімге талпынып оқығандық. Рақмет әрбір сөйлемді ерінбестен, жалықпастан аударып отырды. Таңертең аудандық баспасөз қоғамының бір қызметкері осы үстелдің үстін неше түрлі жаңа кітаптармен, газет - журналдармен, қалам қарындаштармен, блокнот - дәптерлермен толтырып кетті.

ІV. Сабақты бекіту:
Бірыңғай мүше дегеніміз не?
Бірыңғай мүшенің басты белгілерін ата
Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері
Бірыңғай мүшеге мысал
Бірыңғай мүшелердің сұраулары.

V. Үйге тапсырма:
Бірыңғай сөйлем мүшелері
«Менің Қазақстаным» атты бірыңғай мүшелерді кірістіре отырып шығарма жазу.
VІ. Бағалау












Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатынын түсіндіру, бірыңғай мүшелердің өзіне тән ерекшеліктеріне сипаттама беру және оқушылардың жеке тұлға құзіреттілігін дамыту;
2. Оқушылардың танымын кеңейту, материалды тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл мәдениетін дамыту;
3. Өз - өзіне сенімділіктерін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, іздендіру, жүйелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, суреттер, фишка.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз
2. Үй жұмысын тексеру. 51 бет 5 - жаттығу

- Бүгінгі сабақта жақсы жауап берген оқушыға фишка беріп отырамын. (өте жақсы жауап берген оқушыға - қызыл, жақсы жауап берген оқушыға - жасыл)
- Балалар біз қандай болғымыз келеді? ( ақылды, әдемі, білімді)
Ондай болуымыз үшін біз не білуіміз керек? (интерак. тақтаны, компьютерді, планшетті.)
Ендеше қазір біз интерактивный тақтаны қолданамыз.
Интерактивті тақта мен жұмыс.
Гүлдің күлтешесі қандай түсті болады?
Адамдар өз үйлерін қалай күтеді?
Бұл қандай ағаштар?
- Бір сұраққа жауап беретін сөздерді табыңдаршы.
- Сөздер қандай сөз табымен байланысып тұр?
- Балалар атайды.
- Ондай сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшесі дейміз
- Енді осы сөздермен сөйлем құрай қойындар.
Сонда жаңағы сөйлемдерден қандай ереже шығаруға борлады?
Өздері ереже шығарады.
1 - ереже: Бір сұраққа жауап береді.
2 - ереже: Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.
3 - ереже: Бірдей мүше.
- Ал енді оқулықтағы ережені қарай қойындар.
Қалай қорытасыңдар? Ережені дұрыс шығардық па?
Ал қазір біз ережені пайдаланып, оқулықтағы 4 - жаттығуды орындаймыз.
(Сурет бойынша сөйлем құрап жаз. Сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшесі болып тұр. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер неге бір ғана сөйлем мүшесі болып тұр.)
- Қасқыр, түлкі, аю, арыстан жабайы аңдар.
Қой, ат, ешкі, сиыр бұлар төрт түлік малдарға жатады.
Әжем ақман, қасық, таба, тәрелке, кәстрөл, шәшке сатып алды

Берілген сөздерден сөйлем құрастыру.( 2 оқушы тақтаға жазады)
Сынып оқушылары шахматтан, жүгіруден, жүзуден бірінші орынды иеленді.
Ақ, қызыл,, сары, жасыл шарлар аспанда қалықтап ұшты.
Сергіту сәті.( финская зарядка)
Қазір мен сендерге сөйлемдер оқимын, ал сендер бір мүшелі сөздерді атайсыңдар.
1. Жылыжайда ақ, көк, қызыл, сары гүлдер өсірілуде.
2. Қаз, үйректің балапаны өте нәзік болады.
3. Бүгін Әсел, Айнұр, Сәулелерді кездестірдім.
4. Іле Алатауында жабайы алма, өрік, шие ағаштары өседі.
5. Түйе сүтінен құрт, май, ірімшік әзірленеді.
6. Саят демалыс күні мұражайға, театрға, көрмеге барды.
7. Гүлназда қалам, дәптер, қарындаш, кітап жоқ.

3 - жаттығу.
Мәтінді оқып, көшіріп жаз. Бірыңғай мүшелердің астын сыз. Бірыңғай мүшелерге сұрақ қой. Олардың арасына қандай тыныс белгісі қойылған.
Сабақты қорытындылау:
- Бүгінгі сабақтан не білдік?
- Нені үйрендіңдер?
Бағалау. Фишкаларды санап, баға қою.
Үйге тапсырма: 52 - бет 5 - жаттығу ереже.
Ойын - жаттығу
Аспан көгіндегі күн болсаңдар, адамдарға қандай жылы сөздер сыйлар едіңдер?
Күтілетін жауап: мейірімділік, жылулық, жарқындық, сұлулық, сергектік, кішілік, кісілік. т.

Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, оларды тыныс белгілерімен толықтыр.
Қазақстанның таулары.
Қазақстанда Алтай Тарбағатай Сауыр және Іле Алатауы бар. Тау биіктеген сайын ауа мөлдір таза болады. Алтай өсімдіктері әр түрлі болады. Биік тауларда қар жатады. Таудан мөлдір бұлақтар ағады. Іле Алатауында жабайы алма өрік ағаштары қайын өседі.Сағаттың тақырыбы: Қазақ тілі - ұлттық мәдени, рухани асыл мұра
Сағаттың мақсаты: Оқушыларды тіл құдіретін сезіне білуге, дұрыс сөйлеп, сөз мағынасын түсіне білуге қалыптастыру.
Дамыту мақсаты: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге,
пікір таластыра білуге дағдыландыру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ.

Сабақ жоспары.
1. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңы».
2. «Туған тілім тірлігімнің айғағы …» мәнерлеп жатқа өлең оқу
3. Тілге байланысты мақал – мәтел айту
4. «Ана тілің арың бұл …» тақырыбында мәтін құрастыру

Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз.
«Тіл ақылдың өлшемі» деп халқымыз бекер айтпаған. Олай болса, тіл мәдениетіне жастарды тәрбиелеу көркем - әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты. Себебі көркем - әдеби туындыларды аз оқитын оқушылардың сөздік қоры аз, осыған орай, олардың дүние танымы да, сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады. Өйткені ақылдың көзі ойда. Логикалық жүйемен дұрыс ойлай білу тіл мәдениетін қалыптастырады. Дұрыс ойланып сөйлеген адамдар өз ойын толық жеткізе алады және өзін басқаларға тыңдатады да, өзі басқаның ойын тыңдай біледі.
Елбасымыз Н. Ә Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген сөзі түсінген адамға көп мағына жатыр. Тілдің көмегімен өнер – білімді, ғылымды игереміз, өткен – кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Біз өз тілімізді құрметтей отырып, дініміз бен салт дәстүрімізге, тарихымызға көптеп үңілетін болсақ және оны өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазынамызды әлемге танытсақ келешек ұрпақ үшін көп жұмыс атқарған болып саналамыз. Өйткені өз тілін, дінін, тарихын жақсы білмеген адам басқа тілдің қадірін білу мүмкін емес.
Қазақ халқы өзінің шешендігімен шеберлік және даналығымен ерекшеленеді. өйткені мақал – мәтелдердің мағынасына зер салып көрсек, бір шындықтың нышаны білінеді.
Ертеде билер мен шешендер ел – елдің дауын майда тілмен шеше білген. Оның айғағы «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді» деген мақалдың астарын бақылайықшы. Яғни, баланы ұрып, ұрсып айтпай –ақ, ойланып, дұрыс сөйлеп оның зердесіне жетуге болады. Жақсы сөзбен оның көкірегі мен көзін ашуға болады.
«Өнер алды қызыл тіл»
- Кел, жас дос, әдемі де әдепті, сұлу да ойлы сөйлеуге үйренейік.
- Әдемі, әдеби сөйлеудің көзді бұлағы - кітап. олай болсакітапты жай оқып қоймай, ондағы сөздер, сөйлемдерге назар аудар, есіңде ұста, сөзіңде пайдалан. Әдемі сөйлеудің көзді бұлағы халық тілінде.
а) Шешендік ақыл – нақылға негізделген даналық сөздерге назар
аудар. ол үшін жыраулар толғаулары, терме жырлар, ауыз әдебиеті
үлгілерін көп оқы.
ә) Мақал – мәтелдерді сөздік қорыңа қосып, оларды ұтымды
пайдалануға тырыс. «Ең әдемі сөз – аз сөз» дейді халық. «Көп сөз
– көмір, аз сөз алтын» дегені тағы бар. Мәдениетті, әдемі сөйлеу
үшін көп сөйлеу міндетті емес. Қай жерде болсын айтарыңды қысқа, әрі нақты, нық айтуға тырыс. Сөйлемдерің шұбалаңқы, шашыраңқы болмасын. Әуелі өз ойыңды айту үшін ішіңнен не айтатыныңды жинақтап ал. Сонда ғана сен әдемі де әдеби сөйлейсің.
б) « Шешендік қоржынын » жаса. Бұл қоржыныңа осындай сөздерді жинап, оны жазба жұмыстарында пайдалануға тырыс.

Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
1. Елбасымыз Н. Назарбаев дүниежүзі қазақтардың құрылтайында не деген екен ?
2. Енді қазақ тілі жайында кім айтар екен ?
3. Қай жылы «Тілдер заңы» қабылданды ?
4. тіл білімінің атасы кім ?
5. Халық тілін ана тілі деп атаудың мәнін түсіндіріңіз.
6. «тілден қымбат қазына жоқ » дейміз осыған байланысты қандай мысал келтірер едіңіздер ?
7. Тілге байланысты қандай өлеңдерді жатқа айта аласыңдар ?
8. Тілге байланысты көрініс көрсетіңіздер.
9. Ата Заңымыз жайлы кім айтады ?
10. Қазақ елінің бас қалалары жайлы кім не айтады ?
11. Тілге байланысты қандай мақал – мәтелдер білеміз ?

Сабақты қорытындылау: Мұғалімнің сөзі
Үйге тапсырма: «Тіл - ұлттық белгі, халықтық мұра, дүние таным құралы» деген тақырыпта ой толғау жазу








Сыныбы: 8-сынып Күні:12/09/15ж Сабақтың тақырыбы: Әдеби тілдің грамматикалық нормалары

Сабақтың мақсаты. 
1.Білімділік: тіл білімі, әдеби тіл туралы білімдерін кеңейту.2.Дамытушылық:  Қазақ тілінің байлығы қазақ халқының байлығы екенін ұғындыру.3.Тәрбиелік: Ана тілін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық қасиетті сақтауға, тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар,  т.б.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: өз бетімен жұмыс,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу;Кезекшілікті қадағалау;Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөйлеу де, жазу да сөз қолдану заңдылығына сүйенеді. Жалпы халықтық тілді жұмсаудын. дәстүрлі үлгісі болады. 
 Сөйлей білмес жаманның, 
 Сөзі өтпес бір пышақ:; 
 Сөз білетін адамның 
 Әр ^өзіне бір тұзащ. 
 Осы мақалдын, қай кезде, қай ғасырда қалыптасып нақыл сөзге айналғанын білу қиын. Бірақ оның мазмұнын біркелкі түсінеміз. Өйткені мақалда сөз қолдану туралы айтылады. Сонымен тіл нормасы деп адамдардың бір-бірімен қатынас жасау нәтиже-сінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстарды айтамыз. 
 Тіл нормасы — тарихи құбылыс. Ол сөйлеу және жазу арқылы қалыптасып, адамдардың санасында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, дамып, жетіліп отырады. Соған орай, әр кезде тіл колдану заңдылықтарын білдіретін үғымдар да өзгеше болады. Мысалы, белгілі бір тарихи кезең үшін “дәстүр” деп қолдану орынды болса, қазір “тіл нормасы”, “әдеби норма”, “әдеби тіл” теминдері қалыптасты. 
 •Әдеби тіл үғымын дұрыс түсіну үшін, алдымен “әдеби” сөзінің терминіне түсінік бере кеткен жөн. Әдебиет сөзінің қазақ тіліне арабшадан ауысқаны белгілі. Орыс тілінде әдебиет (литература) латынша (“ІШега”) жазу деген сөзден алынған. Ал әдеби тіл (ли-тературный язык), әдеби норма (литературная норма) деп жоғары тіл нормасы мағынасында қолдану орыс тілінің ықпалы екенін аңгару қиьш емес. 
 Әдебиет ұғымына әлеуметтік мәні бар жазу үлгілерінің бәрі енеді, мысалы, саяси әдебиет, ғылыми әдебиет, медициналық әде-биет және көркем әдебиет (поэзия, проза драма т. б.). Ал бұлардың барлығы да жалпы халықтық тілдің жазбаша түріне жатады да ә д е б и т і л д е (жазба тілге қойылатын талапқа сай) жазылады. Сонымен бірге, сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары бір-бірімен ара қатынаста болады._/ 
 “Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет тарихи даму үстінде бір-бі-рімен қарым-қатынаста болып, фольклор жазба әдебиеттің қалып-тасуына ықпал жасайды. Оны әсіресе, Орта Азия халықтарының әдебиетінен байқауға болады. Қырғыз, қазақ жазба әдебиетінің дамып, қалыптасуына фольклорлық шығарманың реалистік тен-денциясы әсер етті”. 
Фольклордың жазба әдебиетке, оның қалыптасуына тигізетін ықпалы туралы 3. Кедрина: “Қазақ ауыз әдебиеті дәстүрінің өмірге бейімділігі соншалықты, ол өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының ұлы ағартушылары: орыс армиясының офицері Шоқан Уәлихановтың (1835—1865); қазақ мектебінің бірінші оқу-лығы мен хрестоматиясының және алғашқы көркем проза тәжіри-бесінің авторы, педагог Ыбырай Алтынсариннің (1841 —1889) және ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбаевтың (1845— 1904) аттарымен байланысты пайда бола бастаған жазба әдебиет ешбір өңдеуді қажет етпей-ақ сол табиғи қалпында енді”1,— дейді. 
 Әдеби тілдің нормасы жазба тіл арқылы қалыптасып, шыңдалып отырады. Ал оның өңделіп жетілуі және халық арасында тарап, жалпыға танылуы ұлттық әдебиеттің дамуымен байланысты , болды. Қазақта тұңғыш жазба әдеби тіл үлгісін жасағандар — -Абай мен Ыбырай. Олар жалпы халықтық тіл қорының тек түсінікті фөмаларыи ғана шығармаларында қолданған. Фольклорлық бай мұраны шебер пайдалана білген. Сөйтіп, Абай мен Ыбырай шығар-малары жалпы халықтық тіл қорының бай қазынасының ең тамаша қасиеттерін бойына сіңірген. Сондықтан да, ол шығармалар көркем сөздің ерекше үлгісі ретінде мәңгі жасамақ. 
 Ескерте кететін бір жай, әдеби тіл мен көркем шығарма тілі екеуі бір үғымды білдірмейді. Өдеби тіл, ол тек көркем шығарманың ғана тілі емес, жалпы жазба тіл түрлерінің бәрін түгел қамтиды. Солай бола тұрса да көркем шығарма тілінен оның шеңбері тар. Өйткені, әдеби тіл — сөйлеуде және жазуда пайдаланылып нормаланған. тіл-дік белгілер. Ал нормаяанған тілдің “қ а л ы пт ы л ы ғ ы” басым болады. Көркем шығармада олай емес, онда стильдік мақсатта жалпы халықтық тілдегі қарапайьш, тұрпайы және жергілікті ерекшелік сипатындағы сөздердің бәрі де қолданылады. Сондықтан әдеби тілден оның аясы кең. Сонымен бірге тілдің басқа формаларына қарағанда, көркем шығарма тілі көрнекті орын алады.

Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер мыналар: 
1. Диалектизмдер. Бірқатар сөздер жалпы халыққа бірдей түсінікті болмай,
Ә д е б и 
жаңғақ шаттауық 
жүгері 
ылғи бойлай 
көрпе жуырқан 
тәрізді 
балапан шіби 
тақия тебетей 
барлығы әмбесі, әммасы 
Жер-жерде әдеби тілде бар сөздердің тұрқын бұзып айту жиі
Ә д е б и 
шейін шекейін 
сияқты сиықты 
дөңгелек доңғалақ 
түзеу дүзеу 
диірмен тиірмен 
рұқсат ұлықсат 
жиырманшы жиырмасыншы 
Диалектизмдер мен дөкір сөздерді диалогта қолдануға болады, ал автордың
Мұндайды, әрине, әдеби тілдің нормасын бұзу деп қараймыз. 
Әдеби тілде бар сөздің мағынасы әр жерде әр түрлі
Кейбір сөздердің әдеби тілдегі орныққан мағынасы бірнешеу болса, қарапайым
Әрине, бұл да әдеби емес. Автор бұл сөзді Мейрам
Мұндайға мін таққысы келгендерге, кейбіреулер «Ел аузында бар сөз
Ел аузындағының бәрін қалдырмай әдеби тілге енгізе берсек, батыстағы
2. Профессионализм. Жергілікті халықтардың кәсібіне, шаруашылығына байланысты сөздері болады.
Мұндай кәсіби сөздердің әдеби тілде баламасы болмаса, оларды әдеби
Түрлі кәсіптегі еңбек ерлерін, олардың іс-әрекетін сөз еткенде, сол
3. Дөрекі, былапат және жаргон сөздер. Бұлар - әдеби
Лексикада бірізділікті көбірек тілейтіндер – терминдер. Термин дегеніміз -
Ә д е б и 
жұмысшы 
совет кеңес 
қаһарман, ер, батыр герой 
жоспар план 
үгітші агитатор 
жер серігі спутник 
Шет тілден енген терминдерді қазақшаға аударуға болатыны да, болмайтыны
Терминология қай сала да болса да, тек жаңа ұғымның
Мұндай жаға атаулар да баспасөз бетінде сыналып, мемлекеттік терминологияІV. Cабақты меңгерту
Сабақты бекіту.

-Әдеби тіл дегеніміз не?

-Грамматтикалық норма дегеніміз не?

-Диалект сөздер жазу

V. Сабақты қорытындылау. 

Күні:26/09/15ж Сыныбы:8 Сабақтың тақырыбы:  Сөйлем түрлері 
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алдыңғы сабақтарда сөйлем түрлері туралы білімдерін қайталау.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың сөйлем, сөйлем түрлері туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен табу арқылы үйрету. Сөйлем түрлерін ажырата білуге, сөйлемнің мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, суреттер.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап  жүйелеу, тірек сызба.
Сабақтың түрі: Қайталау
Пәнаралық байланыс: Ана тілі
Амандасу: Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Сәлем бердік сіздерге
Басымызды иіп бәріміз
Сыныбымыз тап- таза
Бор да дайын тақтада
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға

–       Балалар, бүгінгі сабақта топпен жұмыс істейміз.
–       Ал, енді балалар топбасшыларын сайлай қояйық, әр топ басшысы ұрандарын таныстырады
І топ ұраны: Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күнікәріп
 ІІ топ ұраны: Ақыл озбайды, білім тозбайды
 ІІІ топ ұраны: Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы

Бүгінгі сабақта мына жоспармен жұмыс істейміз
1. Қына басқа бітеді, білім басқа бітеді
2.  «Кімнің ойы жүйрік»
3. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
4. «Бойы сергектің ойы да сергек»
5. «Еңбек түбі береке»
Бірінші жоспар бойынша «Қына басқа бітеді, білім басқа бітеді» дегендей жұмбақ арқылы сөйлем түрлерін алайық.
1. Өзім сөзден тұрамын,
Біткен ойды құрамын.      (сөйлем)

2.Қоя салсаң бір тары,
Жаңалықты жеткізімін.
                                      (хабарлы сөйлем)
3.Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады.
                                    (сұраулы сөйлем)
4. Ұ ранды,шаттықты,
Өкініш, аптықты,
Білдіріп ойын талайдың
Шарға ине қадаймын
                                     (лепті сөйлем)
 
Ал енді балалар келесі жоспар бойынша «Кімнің ойы жүйрік» атты сендердің тапқырлықтарыңды байқау үшін ауыстырылған сөздерден сөйлем құрау тапсырмасы беріледі.
(қима қағаздарды әр топқа тарату)
1. Жарысы басталды ат.
2.Алда кім келе жатқан?
3.Бас, қамшыны бас, Болат!
Дәптермен жұмыс:
Дәптерлерімізді ашайық қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Әдемі етіп жазайық
-Ал енді балалар дәптерлерімізге көркем жазуды жазайық.
-Бүгінгі күн ретін дәптерге жазайық

ІІІ. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген мақалымыз бойынша мына тапсырманы орындайық
Мынадай мәтін берілген, мәтініміз былай аталады
«Тырна мен бақа» алдымен алдарыңдағы мәтінді оқып алыңдар, содан сон, әр топ өз топтарына байланысты сөйлемдеріңді тауып тақтаға жазамыз.
( үш сөйлемді дәптерлерімізге жазып аламыз)
— Енді балалар әр топтан кезекпен тақтаға шығьп» осы жазған сөйлемдеріңнің ішінен бір сөзді алып, сол сөзге дыбыстық талдау жасаймыз.
Бақа, тырна, әдемі
Сергіту сәті
«Бойы сергектің ойы сергек» деп сергіту сәтін өткіземіз.
Көрініс: Сөйлемнің түрлері
Нүкен:
Ей кішкентай ғана нүкте! Сенің осы керегің жоқ — ау түкке
Керек болсаң,айта қойшы,
Сырыңды менен бүкпе.
Нүкте:
Мен сөйлемнің соңында тұрам
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
Кідіріс белгісі орында тұрам
Тиянақты ойды біткенін білдірем
Сөйлем соңына таман,
Дауысыңды бәсеңдетіп үлгерем
Мен емес пе бөліп тұрған ой арасын
Сұраған:
Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың,
Осы саған не керек?
Сұрақ белгісі:
Киноға барасың ба?
Газет аласың ба?
Деген сенімді сөйлемдерді
Кейде оқушы мен сенімді
Тыныс белгі қоймай кетеді,
Өзің айтшы білсең ,
Осылардың соңында, қандай белгі келеді?
Ілебай:
Осы сен неге айқайлай бересің!
Сөйлемде қандай мағына бересің?
Жөн-жосығыңды түсіндірші, Жазуға қандай жерге келесің!
Леп белгісі:
Мен ылғи айғайлай бермеймін,
Қуана да, күле де біліемін.
Кейде өкініп, ренжісем де,
Көбінесе көтеріңкі, көңілді жүрем.
«Еңбек түбі береке» демекші келесі тапсырмамыз бойынша берілген сызба арқылы сөйлемдер құраймыз
——— ——- ———. Мен мектепке келдімr
——— ——- ———? Сен қашан келесің?
——— ——- ———! Күн қандай тамаша!
Үй тапсырмасы: Сөйлем түрлерінің ережелерін қайталау.
3сөйлем құрап келу.
Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысқандарына байланысты бағалау. 

Қорытынды: Ойын «Сәйкестендіру»
Хабарлы сөйлем                                Сен ойнайсың ба?
Сұраулы сөйлем                                Алақай,күн шықты!
Лепті сөйлем                                      Апам дүкеннен келді
















Күні:26/09/15ж Сыныбы:8

Тақырыбы: Сөйлем туралы түсінік
Бiлiм берушiлiк мақсаты:
1) Сөйлем туралы мағлұмат беру.
2) Сөз тіркесін қолдана отырып сөйлем құрауға үйрету
3) Сөйлем және түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты:
1) Өз ойын ауызша, жазбаша баяндап бере білуге үйрету
2) Оқушының ойлау қабілетін дамыту.
3) Дүние танымын кеңейту.
4) Сөздік қорын молайту.
Тәжірибелік мақсаты:
1) Оқушының мінез - қылық мәдениетін калыптастыру.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру

-Сәлемдесу, түгендеу

- Үй тапсырмасын сұрау

2.Жаңа сабақ

Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы.

Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.

Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді.

ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ — сөйлемнің бір түрі. Хабарды, ақпаратты баяндау мақсатында айтылады.

Хабарлы сөйлемнің негізгі грамматикалық белгілері:

  1. Баяндауыштары негізінен ашық рай формалы етістіктен (немесе осы формаға сипаттас жұмсалатын есімдерден) жасалады;

  2. Өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлемдер баяу әуенмен айтылады. Жалаң сөйлемдер бірте-бірте қайырылса, жайылма сөйлемдерде дауыс сөйлемнің соңында бәсеңдей түседі. Мысалы, Түн жым-жырт. Жел де жоқ. Бірақ сәл ғана білінген салқын бар. сөйлесінің мазмұны әр түрлі болғандықтан, олардың мазмұны сөйлемге қатысқан сөздердің, мүшелердің, әсіресе, баяндауыштардың мағыналық, тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Хабарлы сөйлем баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қарай болымды (Жаңбыр жауды), болымсыз (Жаңбыр жаумайды), қалаулы (Енді қырманға барайықшы), болжамды (Маржан ертең келетін шығар), ал баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай етістікті (Үйдің іші жылынды), есімді (Күн жылы. Аспан ашық) болып бөлінеді. Хабарлы сөйлем екі негізді және бір негізді құрамда болады. Құрамында екі негізгі мүше бастауыш пен баяндауыш болып, сөйлем оларды тірек етіп құрылған болса, екі негізді болып келеді. Мысалы, Енді, міне, үш бала қатар келе жатырмыз. (С.М.) Бір негізді сөйлемдер грамматикалық сипаты жағынан екі түрлі:

  3. Арнаулы құрылысы бар баяндауыш мүшені тірек етіп құрылады. Мысалы, Оны бұзуға болмайды;

  4. Бастауыш, баяндауыш деп тануға келмейтін, тірек мүше деп аталатын компонентті негіз етіп құрылады. Мысалы,Мидай дала. Жарқыраған ай.

Хабарлы сөйлем деп біреу я бірдеме туралы хабарлай айтылған сөйлемді дейміз.

Хабарлы сөйлемді айтқанда, оның аяғында дауыс бәсеңдейді. Жазуда хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады.

Сұраулы сөйлем

Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.

Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.

Сұраулы сөйлемнің жасалуы:

  1. сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады;

  2. сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі;

  3. сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі;

  4. сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі.

Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді

Лепті сөйлем

Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.

Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.

Лепті сөйлем ішінде сұраулық мәнді сөздер де аралас келуі мүмкін. Мұндайда сөйлем соңында леп белгісі мен сұрау белгісі қатар қойылады. Егер сұрау мағынасы басым айтылса я сұрау мәнді сөздер бұрын айтылса, сұраулық бұрын (?!) қойылады, леп мағынасы басым айтылса я леп мәнді сөздер бұрын айтылса, лептік бұрын (!?) қойылады.

Сөйлем

Сөйлем – тілдің грамматикалық заңдылығы негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік, адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін жұмсалатын тілдік категория. Сөйлем сөзден, сөз тіркесінен өзіндік коммуникативтік қасиетімен ерекшеленеді. Сөздер мен сөз тіркестері сөйлем құраудың материалы, оның құрамдас бөлшегі болып табылады. Сөйлем предикаттық қатынасты, модальдылықты, біршама аяқталған ойды білдіреді және оның айтылу интонациясы болады.Предикативтілік сөйлемнің барлығына тән, ал модальдылық әр сөйлемде түрліше көрініс табады, айтушының қатынасын білдіреді. Модальдылық лексикалықжәне грамматикалық тәсілдер арқылы жүзеге асады, объективті және субъективті болып бөлінеді. Ал интонация сөйлем мүшелеріне қатысты көрініс тауып, ішкі элементтерге сай құбылып отырады. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін білдіреді. Интонацияның құбылуына сөздердің орын тәртібі, демеуліктер, модаль сөздер, одағайлар, қыстырмалар, қаратпалар, т.б. себеп болады. Жақ категориясы да сөйллемнің негізгі арқауы саналады. Сөйлемнің құрамы, құрылысы, мағынасы әр түрлі келеді.

Синтаксистің нысаны ретінде сөйлем мен сөз тіркесі өзіндік белгілерімен ерекшеленсе де, кей жағдайда бастауыш пен баяндауыштың сандық, жақтық жағынан қиыса байланысуы оларға тән ортақ белгілерді танытады.

  • Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті; құрылысына қарай жай және құрмалас;

  • Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды және болымсыз;

  • Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң және жайылма;

  • Баяндауыштарының қай сөз табына қатысты келуіне орай есімді және етістікті;

  • Бастауыштарының қатысына қарай жақты және жақсыз;

  • Субъект мәнінің ерекшелігі жағынан белгісіз жақтыжалпылама жақты;

  • Сондай-ақ сөйлем мүшелеріне жіктелмейтіндігі тұрғысынан атаулы болып бөлінеді. Бұл сияқты сөйлемдердің түрлері көп тілге ортақ болғанымен, олардың өздеріне тән синтаксистік ерекшеліктері бар.

Дәптермен жұмыс. Оқушыларға әр түрлі тапсырмалар беру.

Үй тапсырмасы: Сөйлем түрлерінің ережелерін қайталау.
Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысқандарына байланысты бағалау. 

Қорытынды. Сөйлем дегеніміз – әр алуан сөздердің өзара тіркесіп келіп, тиянақталған ойды білдіруі. Олардың құрамы да түрлі болады. Сөйлемді жеке сөз немесе сөз тіркестері құрайды. 





























Күні:26/09/15ж Сыныбы:8

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты. Білімділік: сөйлем мүшелері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше ізденуге, өз ойын еркін жеткізуге баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, жаттығу жұмысы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлемдегісөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады, сол байланыс негізінде грамматикалық мағынаға ие болған сөздер, сөз тіркестері сөйлем мүшелері қызметін атқарады. Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісі, стильдік жағынан нақты болуының орны ерекше. Сөйлем мүшелері үлкен екі топқа бөлінеді:

  1. тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш);

  2. тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш).

Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізгі арқауы саналады, предикативтік қатынас негізінде ең кіші сөйлем ретінде жұмсалып, олардың негізінде тақырып, рема, тіпті есімді, етістікті сөз тіркестері айқындалады.[1]

  • Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі, ол нөлдік, көптік, тәуелдік тұлғаларда есімдіктен, есім сөз таптарынан, ал баяндауыш бастауыштың негізгі қасиеттерін нақтылай келе етістіктен, т.б. сөз таптарынан жасалады. Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышқа тікелей қатысты болып, сөйлемде айтылуға тиісті ойды толықтырып, айқындап тұрады.

  • Толықтауыш септелген сөздердің заттық қасиетін көрсетеді де, тура және жанама түрлерге бөлінеді.

  • Анықтауыш заттың, субстантивтенген сөз таптарының, септік жалғаулы пысықтауыштарды айқындайды, оның сапалық, меншікті түрлері бар.

  • Пысықтауыш көбіне қимылға, кейде есімдерге де қатысты жұмсалады. Сөйлем мүшелері негізінен дербес мағыналы сөз таптарынан жасалады, олардың жасалуына көмекші есім, көмекші етістік, шылау, модаль сөздер де қатынасады, дербес мағыналы сөздердің семантикасын осы көмекші сөздер айқындайды. Сөйлем мүшелері дара, күрделі, үйірлі, кейде құрама болады.

Сөйлем мүшелерінің өзіндік белгілерін еске түсіру:
1. Сөйлем мүшесі белгілі бір сұраққа жауап береді.
2. Толық мағыналы сөз немесе күрделі сөз сөйлем мүшесі болады.
3. Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасалады

Дәптермен жұмыс.

Оқушыларға тапсырмалар беріп орындатамын.

Үйге тапсырма.

Бағалау.

Қорытынды. Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі мағынаны, ұғымды білдіріп, ой білдіруге себебін тигізіп тұрады. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі бір сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді я сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейміз. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді. 
Олар сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше болады. Бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер, ал анықтауышты, толықтауышты, пысықтауышты тұрлаусыз мүшелер дейміз.
























































Күні: 10/10/15ж Сыныбы: 8 Сабақтың  тақырыбы:   Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш
Сабақтың  мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тұрлаулы  мүшелер және  бастауыш  туралы білімдерін еске түсіру,  бастауыштың жасалу жолдарымен таныстыру, сөйлем  мүшесіне талдай  білуге  үйрету;
Дамытушылық:  жаттығуларды,  тапсырмаларды орындата  отырып, танымдық ізденушілік, есте  сақтау, ойлау, шығармашылық  қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:   қазақ тілін құрметтеуге, өз тілін  терең түсініп, дұрыс, жүйелі түрде  сөйлей білуге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа  сабақты  меңгерту.
Сабақтың типі: Дәстүрлі  сабақ.
Сабақтың  көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар, оқулық, сызбалар.
Сабақтың  әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, дәптермен  жұмыс,  жаттығу  орындау;
Сабақтың  барысы:            І.Ұйымдастыру
ІІ.  Үй  тапсырмасын  тексеру
Өткен  сабағымызға  қысқаша  шолу
Ал, жақсы балалар, біз бүгін алдымен тұрлаулы  мүшелерді пысықтап, қайталап  аламыз.
1. Сөйлем мүшелері  дегеніміз не?
2. Сөйлем мүшесінің белгілері қандай?
3. Сөйлем мүшесі бола  алмайтындар қайсылар?
4. Сөйлем мүшесі құрамына қарай нешеге бөлінеді?
5. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
6. Тұрлаусыз мүшелер  дегеніміз  не?
ІІІ.  Жаңа сабақ
Тұрлаулы мүшелер - сөйлемге негіз болатын мүшелер.

Тұрлаулы мүшелерге бастауыш пен баяндауыш жатады.

Логикалық тұжырым бойынша, сөйлем – пікірге, бастауыш – субъектіге, баяндауыш – предикатқа негізделеді. Тұрлаулы мүшелер тек зат есім мен етістіктенғана жасалмайды, олардың құрамында басқа сөз таптары да кездеседі. Бастауыш негізінен зат есімнен және зат есім мәніндегі сөз таптарынан жасалса, баяндауыш көбіне, етістіктен жасалуға бейім десек те, өзге есім сөз таптарынан да жасалады.

Сөйлем  мүшелері  атқаратын  қызметіне  қарай  тұрлаулы  және  тұрлаусыз  мүшелер  болып   екігебөлінетінін  өткен  сабақта  айтқан  болатынбыз.  Біз  бүгін  тұрлаулы  сөйлем  мүшесінің  бірі  бастауышқа  кеңінен тоқталамыз. Оның құрамына қарай  түрлерімен, қай сөз  таптарынан   жасалатынын меңгереміз. Олай болса, бүгінгі  күннің жадын  жазып, тақырыпты жазып  алайық.
Тұрлаулы  мүше – сөйлем  құрауға  негіз  болатын  бастауыш  пен  баяндауыш.
Бастауыш – сөйлемде  айтылған  ойдың  иесі,  сөйлемнің  негізі,  басты  өзекті  мүшесі.

Бастауыш болатын сөз таптары

Сөйлемде бастауыш әр түрлі сөз табынан бола береді:

  1. Зат есімнен болады.

  2. Есімдіктен болады.

Мысалы: Бұл - менің келешектен күткен үмітім.

  1. Сан есімнен болады.

Мысалы: Алты екіге бөлінеді

  1. Заттық мағынада қолданылып, атау тұлғада тұрған сын есім, есімше және тұйық етістік сөйлемде бастауыш бола алады:

Мысалы: Жақсы (сын есім) - көпке ортақ (мақал). Оқыған (есімше) білер әр сөзді. (Абай). Отанды қорғау(тұйық етістік) - абыройлы іс.

  1. Заттық мағынаға ие болып, бастауыштың сұрауына жауап беретін үстеу, одағай, шылау сөздер де бастауыш бола алады. Бірақ бұлар сөйлемде өте сирек кездеседі.

Мысалы: Жалқаудың ертеңі бітпес (мақал). Сенің опырмайың қашан қалады? Және - жалғаулық шылауы.



Дара бастауыш

Дара бастауыш - жеке бір сөзбен айтылған бастауыш.

Күрделі бастауыш

Күрделі бастауыш деп екі я бірнеше сөздің тізбегінен жасалып, бір-ақ ұғымды білдіретін бастауышты атайды.

Күрделі бастауыш мына сияқты жолдармен жасалады:

  1. Екі я бірнеше сөздердің тіркесінен құралған зат атауы.

Мысалы: Каспий теңізі - әлемдегі ең үлкен көл боп саналады

  1. Қос сөз түріндегі зат есімдер:

Мысалы: Әке-шешем жасымда асырады, бақты, адам қылды.

  1. Ашық я жасырын түрдегі ілік жалғаулы зат есім мен көмекші есімдердің тізбегі.

Мысалы: Үй іші енді тып-тыныш.

  1. Сын есім тіркесі

Мысалы:Үш салт алтты тіл қатыспай жүріп келеді.

  1. Кейде зат есім мен есімшеден, зат есім мен сын есімнен құралған сөз тізбектері күрделі бастауыш болады.

Мысалы: Білегі жуан бірді жығады, білімі толық мыңды жығады (мақал).

  1. Тұлғасына қарай күрделі және бөлшек сан есімдер де сөйлемде күрделі бастауыш бола береді.

Мысалы: Жиырма бес маған тағы қайтып келді.[1]


Дәптермен жұмыс. Берілген сөздерді қатыстырып, бастауыш болатын етіп сөйлем құраңдар.

Үй тапсырмасы. Ереже жаттау.

Бағалау.

Қорытынды. Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз.

Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сұраулардың біріне жауап береді.







































Күні: 17/10/15ж Сыныбы: 8

Тақырыбы: Баяндауыш

Мақсаттары: 1. Сөйлемдегі негізгі мүшелердің бірі-тұрлаулы мүше баяндауыштың құрылысына қарай түрлерін, жасалуын, сұрақтары мен қызметін түсіндіріп, жаттығу жұмыстары арқылы теориялық және практикалық жағынан меңгерту. 2. Өткен тарихты, ел жәдігерлерін тану, білуге тәрбиелеу. 3. Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниетанымын, қоғамдық көзқарасын, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы    

 Сабақтың көрнекілігі: схемалы, таблицалы плакаттар
Сабақтың әдісі: деңгейлеп, саралап оқыту, сұрақ – жауап талдау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. Тұрлаулы мүше. Бастауыш.

ІІІ. Жаңа  сабақ: Баяндауыш.

Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз.

Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді.

Баяндауыш болатын сөз таптары

Баяндауыш болатын сөз таптары:

  1. Етістіктер мына тұлғаларда айтылып, баяндауыш болады:

    • ашық райдағы етістіктер

Мысалы: Мен бір аса маңызды жұмыспен келіп отырмын.

    • бұйрық және қалау райларындағы етістіктер

Мысалы: Ғылым таппай мақтанбаКел балалар оқылықОл сағат жетіге шейін қайтса игі еді.

    • тұйық етістіктің атау түрі мен жатыс жалғаулы түрі

Мысалы: Дұрыс жазуға үйренудің бір жолы — кітапты көп оқу.

    • есімшелер

Мысалы: Аяңшыл ат арымас

  1. Есім сөздер (зат есім, сын есім, сан есім) және есімдіктер ешқандай жалғаусыз да, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары және жатыс септік жалғауы қосылып та баяндауыш болып келе береді

Мысалы: Ердің сыншысы — елі

  1. Мезгіл және мекен үстеулері (ілгері, кейін, жоғары, төмен, ертең, кеш, былтыр, күндіз т. б.) атау тұлғада, кейбіреулері жатыс септікте тұрып та баяндауыш болып келе береді

Мысалы: Киноға баруға уақыт тым кеш

Дара және күрделі баяндауыш

Дара баяндауыш — жеке бір сөзден болған баяндауыш.

Күрделі баяндауыш деп екі я одан да көп сөздерден құралып, бір-ақ ұғымды білдіретін баяндауышты атайды.

Күрделі баяндауыштар келесі жолдармен жасалады:

  1. Күрделі етістіктен

  2. Есім сөздер мен көмекші етістіктердің тізбегінен жасалады

  3. Ілік септіктегі есім сөздер мен көмекші есімдердің тіркесуі арқылы жасалады

  4. Күрделі сан есімнен болады

  5. Есім сөздер мен мөлшер, өлшемнің бірлігін білдіретін сөздердің тіркесінен болады

  6. Жоқ, бар, тиіс, жөн, керек, қажет сияқты сөздер мен көмекші етістіктер тіркесіп келіп те, күрделі баяндауыш жасайды

  7. Қалыптасқан тұрақты сөз тізбектерінен (идиомалардан) да жасалады.


Баяндауыш жеке я бірігіп келіп негізінде мына сөзден құралады: етістік, зат есім, сын есім, есімдік, шылау, үстеу, құрама сөздер. Негізгі сұраулары: Не қылды? Кім? Не? Қандай? Нендей? Қанша? Неше? Неткен? Не қылған? Қайда? Неде?

1.      Етістік баяндауыш

Бұлар екі түрлі: жалаң түрі (дара), күрделі түрі. Дара баяндауыш бір ғана етістіктен құралады.  Мысалы: Шайдан кейін Малбағар аттанды. Түлкінің жүгірісін қыран байқар. Аяқ баспас жерге араласпа, ағайын! – деп қатал қайырды. Еліміздің шаруашылығы мен мәдениеті өсуде, өркендеуде.

Күрделі баяндауыш бірнеше етістіктен құралады. Мысалы: Алма сақ-сақ күліп жіберді. Екі ұдай болып айтысып жатыр. Есікке жеткенде Айдар түсіп қалды. Олар біріне-бірі шаршадым, қажыдым дегенді айта қоймайтын.

Көмекші етістіктің екі түрлі мағынасы болады, кейде ол алдыңғы етістіктің мүлде шылауы болып келетін түрі бар. Мысалы: Шай үстінде колхоз жайын сұрап жатыр. Жұрт қарай қалды. Мұрат өз сұрағанын ала алмады.

Шылаулыққа жатыр, тұр, отыр, жүр деген төрт етістік , алдымен жатады. Бұлардың мағыналыға жататын да жерлері бар. Ол қалада оқып жүр. Мұндағы жүрдің өзін де баяндауыш деуге болады. Мұны контекстен ғана айыруға болады. Әдетте, көсемше етістіктің жағын, шағын көмекші етістік айырады. Нақтылы көмекші етістікті мүлде баяндауыштан айырып қарауға келмейді; көсемшеге я басқаға шылауланбаған немесе жартылай мәнін жоймаған еиістіктің өзі-ақ баяндауыш болуы керек.

Көп етістіктен құралған баяндауышқа үлгі етіп көрсетуге болады. Абай келсе, ауыл жатып қалған екен.Ол сол сәтсіздіктің себептерін ашуға бойлай беріліп кетуші еді.

Бұл күрделі баяндауыштардың екіден беске дейін көмекші етістіктері бар. Ол етістіктердің ішінде есімше де, көсемше де бар. Бұлар бара-бара қысқаруы мүмкін. Ондай тенденцияны алып барды ның апарды болуынан оңай байқауға болады.

2.      Зат есімнен болатын баяндауыштар

Зат есімнің баяндауыш болуы объект пен субъектінің қарсы боболуынан шығатынын жоғарыда айттық. Мысалы: Алтын – металл. Мұнда металдың қарама-қарсы болуынан, екуінің бірлігі шығады. Етістік баяндауыштар сияқты, зат есім баяндауыш та күрделі болып та келе береді. Күрделі есім сөздер күрделі баяндауыш болады: Сонда аранын ашқан ажалға қорықпай барған адамның бірі – Жақып Қыстаубаев. Бұл келген – Сапаров Оспан. Марияның бетке алғаны – аудандық жастар комитеті.

Ілік септікті тіркесте тұрған зат есімдер де күрделі баяндауыш болады. Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы. Біздің елде баспасөз – шындықтың үлкен құралы.

Ілік септіктегі зат есім сөздер мен көмекші есімдер тіркесуі арқылы күрделі баяндауыш жасалады. Соған қарай тартатын төте жол Орданың үсті. Осы – Тереңсайдың тұсы. Сөйлемде белгілі бір септік жалғауда тұрған зат есімдер де баяндауыш бола алады:

Жатыс жалғаулы сөздің баяндауыш болуы: Қасымдағы қартаң былғаушы ұйқыда. Сіздің барлық байлығыңыз біздің иығымызда.

Ал «Ақыл жастан, асыл тастан», «Босағасы алтыннан, Шаңырағы күмістен, Белдеулері жібектен, Уықтары келіскен», деген сөйлемдерде баяндауыш шығыс жалғаулы болса да, сөйлем тиянақты болып отыр. Жоғарғы екі сөйлем қатар келмесе, «шығады» — деген сөзді керек етіп тұрады. Екі сөйлем қатар бір жерде келіп тұрғандықтан, белгілі тиянақты ойды көрсетіп тұр. Соңғыда «жасалған», «істелген» сөзі түсірілген.

3.      Сын есімнен болатын баяндауыштар

1)            Сын есімдер сын күйінде баяндауыш болады. Мысалы: Төңірек көкпеңбек. Тақтайдай жауырыны, иығы тік. Советтік Қазақстанның табыстары орасан зор. Солардың нысайы жаман. Ахмет те жас па? Қыстың күні қысқа. Күмістен алтын ауыр. Алтай Тарбағатайдан байырақ. Бұлар субъектінің сапасын көрсететін баяндауыштар. Туынды сын есімнен жасалған баяндауыштарды да осы топқа жатқызуға болады. Мұхаметқали тартатын домбыра, — Арқаның екі шекті, сегіз пернелісі.

2)            Сын есімдер затқа айналып, яғни, заттың рнында тұрып та баяндауыш бола алады. Мұндайда сын есімге көптік жалғауы жалғанады. Мысалы: Келешектің тұтқасы – жастар. Бұлар субъектінің дерегін көрсетеді. Сын есім күрделі түрде де баяндауыш бола алады. Бұл да субъектіні түрлі жағынан көрсетеді. Бұлардың осылай көрінуінде заңдылық бар. Нәрсенің сипаты жан-жақтан жарқаштанып көрінеді. Мысалы: Оның өзі қоян жүрек – деген образды сөйлем, сондықтан ол не артынан, не алдынан сөз керек қылып тұр. «…Қоян жүрек адам» дегенде ол айқындалады. Сын есімдер конкретті болу үшін, соңынан зат есім керек етіп тұрады.

Екі зат есімді қатар қоюға байланысты жаңа сапа шығады. Бірақ, алдыңғы тұрған зат есім үнемі тек сынына айналады деуге болмайды. Мысалы: темір күрек, қоян көз, болат қанжар.

Сын есім негізінде атаулы түрде де, тәуелді, көптік жалғаулы түрде де баяндауыш болады. Септік жалғаулы болса, мүлде субстантивке айналып кетеді. Мысалы: 1) олар жақсы, олар жақсылар, олардың жақсысы т.б. 2) абырой жақсыда. 3) Ақыл – жастан.

4.           Сан есімдердің баяндауыш болуы

Субъектінің есебін, мөлшерін, шамасын, санын көрсету деген сөз – сан есім баяндауыш болады деген сөз.  Оны көрсете алмаса, баяндауыш бола алмайды. Бұлар баяндауыш болса, сын есім сияқты сөйлемнің соңында келеді. «Оның жасы жиырмада» дегенді егер «оның жасы жиырма» десек, «жиырма» баяндауыш болмайды. Бұл санның заттылығын көрсетудің бір жолы. «Екі екі – төрт» мұндағы сан тең, алдыңғылардың жинақты көрінісі соңғы.

«Жиырмада» дегенде, баяндауыш атау түрінде тұрмауының себебі, сан есімнің тиянақсыз нәрсе болуына да байланысты. Жалғау жалғану арқылы ол зат сияқты тиянақты болып тұр. «Төрт» деген баяндауыштың әуелгі атау түрінде тұру себебі – басқа мүшелер тек сан есімнен болуына байланысты.

Сан есімдер күрделі баяндауыш та жасайды: Білгенің – бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз.

Сан есім сөздер баяндауыш болғанда атау тұлғада тұрумен бірге, септік, жіктік жалғауында да тұра береді: Берерменге бесеусің. Мен елу екідемін, — деді Жақып.

Сан есім де әуелде зат есім болған. Бірақ, бұл абстракт болып көрінеді. Оны түрлі халықтың тілімен салыстыру табу керек, айқындау керек.

5.      Есімдердің баяндауыш болуы

Зат, сын, сан есімдердің мағынасын абстракт түрде алса ғана, есімдік баяндауыш болады. Есімдік өзі субъект болса да, қарсылық заңы бойынша субъектінің болмысын көрсетеді.  Есімдіктер мынадай жағдайда баяндауыш болып келеді:

а) Бастауыш атау тұлғалы есімдіктен болғанда, есімдік баяндауыш жіктік жалғауымен де, жіктік жалғауынсыз да келе береді: Сен – менсің, мен – сенмін. Осынша киімді тегін әперетін сен кімісің оның? Кім, әй, бұл? – деген дыбыс бердім мен.

ә) Бастауыш есім не басқа сөз болса, есімдік атау күйінде тұру керек. Игіліктің түйіліп келген жері де осы. Ақыл айтыпты: дүниеге пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен. Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі.

Бастауыш болған есімдіктер ой екпінін өзіне тартқыш келеді. Кейбір болымды, болымсыз есімдіктер (әрбір, барлық, ешбір т.б) баяндауыш бола алмайды.

6.              Үстеу сөздердің бастауыш болуы

Қазақ тілінде мезгіл, мекен, сын-қимыл баяндауыш болады. Оспанның келгені түнде, тағы қайда жұмсамақшысыңдар? Сәлімнің үйі төменде, Омардың үйі жоғарыда. Тамылжыған бөлме тым-тырыс.

Мезгіл, мекен үстеуі үстеулік қалпын сақтайды, ал, сын-қимыл үстеуі сынға айналып кетеді. Бұлар баяндауыш болу үшін, етістіксіз-ақ, сөздері тиянақты болуы шарт. Мезгіл, сын-қимыл үстеулер баяндауыш болғанда, бастауыш қызметіндегі сөз көбіне тәуелдік формада тұрады.

а) Мағауияның жақсы оқығаны биыл Баязиттің мылтық атып үйренуі жаңада. Сенің келуің кеш. Біздің кетуіміз әлдеқашан; ә) Оның ісі қолма-қол.

Мезгіл үстеу де объект-субъектінің қарым-қатынасынан шыққан нәрсе. Мысалы: Баланың қайтуықашан? Логика жолымен қарағанда, предикат болатын сөз тәуелді жалғау жалғанатын болғаннан кейін, субъектіге айналып кеткендігі «қайтуы» деген сөзден көрініп тұр.

Үстеулердің ішінде кейбіреуі басқа сөзді тіркестіріп қарап та баяндауыш болады. Менің оқып жүргенімбылтырдан бері.

7.      Етістік пен есім сөздерден болған құрама баяндауыштар

Таза етістіктен болған күрделі баяндауыштан басқа етістік пен есім сөздер араласқан баяндауыштарды құрама баяндауыш дейміз. Бұл баяндауыштарды сөздердің құрылысына, мағынасына қарай екіге: 1) бернелі идиомалық құрама сөздер; 2) бернесіз құрама сөздер.

Бұл екеуінің ұқсас жері бар, екуінің бірінші ұқсастығы – ақырында етістік келіп, ориасында, басында есім сөздер келіп отыруында. Екінші, бұлардың бірінен-бірі ажырамауында; сонымен қатар:

1)            Идиомдық құрама сөздердің кейбіреуінде субъект пен предикат я объект пен предикат ажырамастық халге келіп, байланыс жасайды. Кейбіреуі жеке алуға келмей, тұтасып барып, субъектінің сәулесі болады.

2)            Құрама баяндауыштың сыртқы түрі ішкі мағынасына толық сәйкес тұрмайды. Мұның бәрі алғашқы конкрет ойдың сәулесі. Мұның бәрі реликт (ескінің қалдығы) болады, алғашқы ой затпен бірге айтылады, сондықтан конкретті болады. Құрама сөздердің көбі істелетін істің суретін, бернесін көрсетеді. Біздің құрама баяндауышымыздың көбі бернелі көркем сөздің қатарына жатады.


Дәптермен жұмыс. Берілген сөздерді пайдаланып,баяндауыш болатын етіп сөйлем құраңдар.

Үй тапсырмасы. Ереже жаттау.

Бағалау.

Қорытынды. Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз.

Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді.































Күні: 31/10/15ж Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Анықтауыш, пысықтауыш
Сабақтың мақсаты:
А) Анықтауыш, пысықтауыш туралы,тұрлаусыз мүшелерден алған білімдерін пысықтау, тәжірибеде қолдану, жеке, топтық жұмыс жүргізе білуге дағдыландыру.
Ә) Қабілетіне қарай оқи білуге, өзіндік пікірін айта білуге машықтандыру.
Б) Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім, іскерлік, дағдыны қолдану сабағы
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі: қосымша материалдар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Сыныпты үш топқа бөлу
2. Өткен сабақты пысықтау
3. жаңа сабақ. Тұрлаусыз мүшелер
Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады.[2]

Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.[3] Ол ирекпен белгіленеді.

Анықтауыш болатын сөз таптары:

  1. Негізгі, туынды сын есімдер анықтауыш болады:

Мысалы: Ақ сары ат доп болып ішін тартқан

  1. Зат есімнен болады:

Мысалы: Қой қораның алдында электр моторының дүбірін естіді.

  1. Сан есімнен болады:

Мысалы: Жаңадан екі үй құрылып жатыр

  1. Есімдіктен болады:

Мысалы: Оспан мына қимылға тіпті сүйсініп кетті

  1. Етістіктің есімше түрінен болады:

Мысалы: Оқыған кітаптарым мені іске бастады

  1. Ілік септік жалғауы жалғанған сөздер анықтауыштың қызметін атқарады

Мысалы: Көптің ісінде береке бар. Талаптанғанның еңбегі жанады.

Пысықтауыш [1] деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз.[2]

Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?



Пысықтауыш болатын сөз таптары:

  1. Үстеуден болады

  2. Сын есімнен болады

  3. Сан есімнен болады

  4. Көсемшелер сөйлемде қайтіп? қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап берсе, пысықтауыш болады

  5. Барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөздер мекен, бет алыс-бағыт, сын-қимыл мағыналарын білдіріп, қайда? қайдан? қашан? қалай? деген сұрауларға жауап берсе, пысықтауыш болады

  6. Мезгілге байланысты зат есімдер тәуелдік жалғау я шылау тіркесу арқылы, кейде оларсыз да, басқа сөздермен бірігіп те пысықтауыш болады

    • барыс септіктегі кейбір сөздерден кейін шейін (дейін), бола, қарай, таман сияқты шылаулардың бірі тіркесіп пысықтауыш болады.

    • кейбір шығыс септіктегі сөздердің соңынан соң, кейін, ары, бері, қарай, бұрын сияқты шылаулардың бірі тіркесіп, пысықтауыш болады.

    • кейбір көмектес септіктегі сөздердің соңынан бірге, қабат, қатар сияқты шылаулардың бірі тіркесіп, пысықтауыш болады

    • кейбір сөздерге арқылы, арқасында, үшін, сайын шылаулары тіркесіп келіп, пысықтауыш жасайды.

Тапсырмалар:
1. Толықтауыш
2. Анықтауыш
3. пысықтауыш
Тапсырмалар: 1 - топ
1. Мезгіл пысықтауышы бар сөйлем қайсы?
(жас уақытында Төле би мен Әйтеке би Қазыбекті сынамақ болады.)
2. Қандай жер жетім, ел жетім, сөз жетім?
(Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.)
3. Амал пысықтауышы бар сөйлем қайсы?
( қуаныштан шаттана айқайлады.)
2 - топ
1. Қандай есікті қалай жаппау керек?
Қандай досты ренжітпеу керек?
(Қайтып кірер есігіңді қатты серпіп жаппағайсың.
Қайтып көрер досыңа ауыр сөз айтпағайсың.)
2. Тура толықтауышы бар сөйлемді қайсы?
(Сен құрметте оны.)
3. Үйірлі пысықтауышы бар сөйлем қайсы?
(Сырым ат жалын тартып мінген жас кезінде атақты Малайсары биден бата алуға келді.)
3 - топ
1. Ағайынның қадірі қашан білінеді?
(Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің)
2. Мақсат пысықтауышы бар сөйлем қайсы?
(Өзің үшін үйренсең, ашыларсың жылма - жыл)
3. Бір деген не, екі деген не?
(Бірлігі кеткен ел жаман,
Егесіп өткен ер жаман.)
Тест

Толықтауышы бар сөйлемді табыңыз. 
А) Жер бетінде таза су ресурстары көп емес. 
В) Қазақстанның көлдері ластанып жатыр. 
С) Табиғатты қорғауды өзіңнен баста. 
D) Ғарыш ғылымының пайдасы бар. 
E) Сусыз өмір жоқ. 
Дұрыс жауап: С

Жанама толықтауышы бар сөйлемді табыңыз. 
А) Адал бала анасын ұмытпайды. 
В) Қарағанды қаласының жарты миллиондай халқы бар. 
С) Солтүстік Қазақстан- мұнайлы жер. 
D) Мен кітапты алдым. 
E) Қазір 1,7 миллиард адам су тапшылығына ұшырап отыр. 
Дұрыс жауап: Е

Асты сызылған сөздің қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз. 
Сарыарқа - Қазақстандағы түсті металдардың үлкен қоймасы. 
А) Бастауыш. 
В) Анықтауыш. 
С) Толықтауыш. 
D) Баяндауыш. 
E) Пысықтауыш. 
Дұрыс жауап: В

Тура толықтауыштың сұрағын белгілеңіз. 
А) Кімнің? Ненің? 
В) Кімді? Нені? 
С) Кіммен? Немен? 
D) Қандай? Қай? 
E) Қанша? Неше? 
Дұрыс жауап: В

Сөйлемнен анықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз. 
А) Атақты Көшетау- сұлу жер. 
В) Қарағанды қаласының жарты миллиондай халқы бар. 
С) Маңғыстауда мұнайдың сарқылмас қоры бар. 
D) Бұл аймақтарда тарихи және көрнекті жерлер бар.. 
E) Атырау өңірі мәдени ескерткіштерге бай. 
Дұрыс жауап: D

Сөйлемнен тура толықтауышты табыңыз. 
Адал бала өзінің анасын ұмытпайды. 
А) Адал. 
В) Бала. 
С) Өзінің. 
D) Анасын. 
E) Ұмытпайды. 
Дұрыс жауап: D

Тура толықтауыштың сұрағын белгілеңіз. 
А) Қандай? 
В) Қанша? 
С) Қалай? 
D) Кімді? 
E) Кіммен? 
Дұрыс жауап: D

Анықтауыштың сұрағын белгілеңіз. 
А) Қалай? 
В) Нені? 
С) Кімі? 
D) Кімнен? 
E) Қандай? 
Дұрыс жауап: Е

Мезгіл пысықтауыштың сұрағын белгілеңіз. 
А) Қайда? 
В) Қашан? 
С) Не себепті? 
D) Не үшін? 
E) Не мақсатпен? 
Дұрыс жауап: В

Мекен пысықтауыштың сұрағын белгілеңіз. 
А) Қандай? 
В) Қай? 
С) Қайда? 
D) Не үшін? 
E) Қашан? 
Дұрыс жауап: С 
Толықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіз. 
А) Қай? 
В) Кімге? 
С) Кімнің? 
D) Қандай? 
Е) Кім? 
Дұрыс жауап: В

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін көрсетіңіз. 
А) Анықтауыш. 
В) Бастауыш. 
С) Баяндауыш. 
D) Етістік. 
Е) Үстеу. 
Дұрыс жауап: А

Кімнің? сұрағына жауап беретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз. 
А) Анықтауыш 
В) Толықтауыш 
С) Пысықтауыш 
D) Бастауыш 
Е) Баяндауыш 
Дұрыс жауап: А

Қашан? сұрағына жауап беретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз. 
А) Бастауыш 
В) Баяндауыш 
С) Пысықтауыш 
D) Анықтауыш 
Е) Толықтауыш 
Дұрыс жауап: С

Кіммен? сұрағына жауап беретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз. 
А) Пысықтауыш 
В) Бастауыш 
С) Анықтауыш 
D) Баяндауыш 
Е) Толықтауыш 
Дұрыс жауап: Е

Барыс септікте тұрған толықтауыш түрін анықтаңыз. 
А) Дара 
В) Күрделі 
С) Тура 
D) Жанама 
Е) Ауыспалы 
Дұрыс жауап: D

Анықтауыштың сұрағын анықтаңыз. 
А) Қандай? 
В) Қалай? 
С) Қашан? 
D) Неге? 
Е) Немен? 
Дұрыс жауап: А

«Неліктен?» сұрағына жауап беретін пысықтауыш түрін анықтаңыз. 
А) Мақсат 
В) Мезгіл 
С) Мекен 
D) Себеп-салдар 
Е) Күрделі 
Дұрыс жауап: D

Қашан? сұрағына жауап беретін пысықтауыш түрін анықтаңыз. 
А) Себеп. 
В) Мезгіл. 
С) Мақсат. 
D) Мекен. 
Е) Дара. 
Дұрыс жауап: В

Қайдан? сұрағына жауап беретін пысықтауыш түрін анықтаңыз. 
А) Дара. 
В) Күрделі. 
С) Мақсат. 
D) Мекен. 
Е) Мезгіл. 
Дұрыс жауап: D

Көп нүктенің орнына қажетті сөйлем мүшесін қойыңыз. 
Қалаға … баруға болады. 
А) Жетінші. 
В) Автобуспен. 
С) Біздің. 
D) Алтау. 
Е) Балалар. 
Дұрыс жауап: В 
Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің санын анықтаңыз. 
A) 2. 
B) 5. 
C) 3. 
D) 6. 
E) 4. 
Дұрыс жауап: С

Толықтауышы бар сөйлемді анықтаңыз. 
A) Ол кітап сатып алды. 
B) Алтын күз келді. 
C) Жетісудың табиғаты көркем. 
D) Ол жақсы оқиды. 
E) Жібек жолы – сауда жолы. 
Дұрыс жауап: С

Анықтауышы бар сөйлемді анықтаңыз. 
A) Ол кітапты көп оқиды . 
B) Отан отбасынан басталады. 
C) Таңғажайып табиғаты бар ел. 
D) Түркістанға автобуспен баруға болады. 
E) Шымкент пен Тараз оңтүстікте. 
Дұрыс жауап: С

Мақсат пысықтауышы бар сөйлемді анықтаңыз. 
A) Жібек жолы қазақтың кең даласын басын өткен. 
B) Асан білімін жалғастыру үшін Алматыға барды. 
C) Түркістан – көне қала. 
D) Марқакөл байлығының бірі - балық. 
E) Қорықта көптеген орман, тоғайлар көп. 
Дұрыс жауап: В


Үйге: әр қайсысына 5 сөйлем жақып келу

Бағалау.

Сабақты бекіту, қорытындылау. Тапсырмаларды орындату арқылы нені біліп, нені үйренгендерін пысықтау, тексеру.




Күні: 14/11/15ж Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің айқындауыш мүшелері
Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің айқындауыш мүшелерін лингвистикалық тұрғыдан жаңа мағлұмат беру, сөйлемде белгілі бір тыныс белгілерімен ажыратылатынын түсіндіру.
Міндеттері: 1. Білімділік. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері туралы ғылыми - теориялық түсінік беру, олардың түрлері мен тыныс белгілерін меңгерту, алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру. 
2. Дамытушылық. Сыни ойлау көзқарасын, логикалық ойлауын, өз пікірін дәлелдеу, байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру, есте сақтау қабілетін, көркем жазу сауаттылығын дамыту; 
3. Тәрбиелік. Жаттығулардың тәрбиелік мәніне назар аударту, ұжымдағы ауызбіршілікті нығайту. Ізгі қарым - қатынас негізінде тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, ішінара зерттеу, байқауСабақтың көрнекілігі: кесте

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, кезекші арқылы сынып оқушыларын түгендеу. Оқушы назарын сабаққа бағыттау.
2. Өткен тақырыпты пысықтау.
«Олжалы бестік» ойыны. 5 сөз дайындап, олардың артына сұрақ жасыру және бір сөздің артына тек қана «5» бағасын қою.
«Мықты болсаң, тауып көр» - Сөйлем мүшесі деген не? Сөйлем мүшелерін ата.
«Жүйрік болсаң, шауып көр» - Пысықтауыш деген не? Мысал келтір.
«Алғыр болсаң, алып көр» - Анықтауыш қандай мүше?
«Тапқыр болсаң, тауып көр» - Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дегенді қалай түсінесің?
«Ойлы болсаң, озып көр» - Толықтауыш, оның түрлері.
«Зерек болсаң, айтып көр» - М. Мақатаевтың бір өлеңін айтсаң, «5» аласың!
3. Сабақтың мақсатын қою.
Күн ретін, сабақ тақырыбын тақтаға жазу.
4. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
Проблемалық ой тастау. Тақтамен жұмыс.
Оқушылар, тақтада берілген сөйлемге назар аударыңдар. Бұл сөйлемде белгілі бір сөйлем мүшесінің мағынасын тереңірек ашып тұрған сөздер бар ма? Ол сөздер қай сөздің мағынасын түсіндіріп тұр?
Төреқұл өзінің ежелгі жұртында, Ұзынбұлақтың басында, отыр екен. Жаназаға, Бөжейдің жаназасына, шақырылмаған Зере, Ұлжандар өлердей күйіп, өзгеше шерлі болып қалған еді. Ол – Арқаға аты шыққан, бүкіл Орта жүзді асыл саз, әсем үнімен ұйытқан Біржан сал.
Тұжырым жасау. Мұғалімнің көмегімен оқушыларға тұжырым жасату.
Демек, сөйлемде белгілі бір мүшені заттық мағына жағынан басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөз немесе сөздер тобын айқындауыш мүше деп атаймыз. Айқындауыш мүше мағынасына қарай екіге бөлінеді. Ол үшін кестеге назар аударайық.

Оңашаланған айқындауыш
Қосарлы айқындауыш
Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөздер тобы. Оңашаланған айқындауыш өзінен бұрын тұрған сөздің мағынасын нақтылайды, сондай - ақ өзі айқындайтын мүшесімен қызметтес, тұлғалас болады.
Мысалы: Омардың үлкен ұлының, Асанның, елге жасаған жақсылығы өте көп. Айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады. Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен қос сөздер сияқты дефис арқылы бөлінеді.

Мысалы: Әнші Күләш, Біржан сал, Ақан сері, инженер Ахмет, Әмина ханым, Серік мырза, панфиловшы - ұландар.
Оңашаланған айқындауыш сырт тұлғасы жағынан анықтауышқа ұқсас болып келеді. Анықтауыш анықтайтын сөзінің алдында тұрып, оның өзіне тән сын, сапасын білдірсе, айқындауыш анықтайтын сөзінен кейін тұрып, оның лексикалық мағынасын толықтырып, нақтылайды.
Айқындауыш мүшенің тыныс белгілерін білу үшін назар аударайық.
№ Ереже Мысалдар
1 Сөйлемде оңашаланған айқындауыштың екі жағынан үтір қойылады.Долы далада,қатуланған суық жүзді өгей далада, бұлар тағы да ұзақ жортты.
2 Оңашаланған айқындауыштың екі жағынан немесе өзі анықтайтын мүшесімен екі араға сызықша қойылады. 1928 жылы Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – Қазақ педагогика институты ашылды.
Кейде оңашаланған айқындауыштар тізбегінде үтір болса, онда айқындауыштың екі жағынан сызықша қойылады. Өзі әнші, өзі сұлу Байтасқа екеуі де - бірі кәрі, бірі жас бала - қызғана да, тамашалай қараған еді. (М. Ә).
4 Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен қос сөздер сияқты дефис арқылы бөлінеді. Жер - ана, тұжырым - пікір, әнші - сазгер,
Дәптермен жұмыс. Айқындауыш мүшеге, соның ішінде қосарлы айқындауышқа сөйлем құрап көріңдер.

Жеке оқушымен жұмыс.
Таратпа №1
1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді? Әрқайсысына мысал келтір.
2. Толықтауыш қандай мүше? Жасалу жолдарын баянда.
3. Қарамен жазылған сөзге морфологиялық талдау жаса.
Бағанадан бері жас жиын қайта - қайта алтыбақанға Керімбаланы мінгізіп, әнін тыңдап тұр еді. (М. Ә).
Таратпа №2
1. Сөйлем мүшелері құрамына қарай неше түрге бөлінеді? Мысал келтір.
2. Пысықтауыш, оның мағыналық түрлері.
3. Қарамен жазылған сөзге морфологиялық талдау жаса.
Екпіндеген бетімен, жолында тұрған Құрмашқа қарамастан, келе Көксеректі бүйір жағынан келіп арс етіп, қауып түсті. (М. Ә).

ІІ деңгей. а) Берілген сөйлемде белгілі бір сөйлем мүшесінің мағынасын айқындауыш мүше арқылы толықтырып, тыныс белгісін қойып жазыңдар. Сөйлем мүшесіне талдаңдар.
Біз (, ауыл балалары,) қыс болса ол кісінің отынын жарып беруге, жаз болса бұзауын айдап келуге таласып жүреміз. (Ғ. М.) Абай бұл сырдың шет жағасын досына
(, Ерболға ғана,) сездірді. Құнанбайдың қасындағылар – (Байсал, Қаратай, Сүйіндіктер) - осы сөзге тоқтасты. Мағаш пен Кәкітай бұл күндерде орысша кітаптарды (, әсіресе жеңіл тілмен жазылған романдарды) көп оқитын. (М. Ә.)
5. Білімді бекіту.
IV деңгей. Тест жұмысы.
1. Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөзді қандай мүше дейміз?
А) Айқындауыш мүше Д) Қосарлы айқындауыш
В) Оңашаланған айқындауыш Е) Жалпылауыш мүше
С) Бірыңғай мүше
2. Айқындауыштың неше түрі бар?
А) 3 В) 2 С) 4 Д) 5 Е) 6
3. Оңашаланған айқындауыш қандай сөйлем мүшесін айқындап тұр?
Сіз маған өз халқыңызды, қазақ халқын, сүюді үйреттіңіз.
А) Бастауыш В) Анықтауыш С) Толықтауыш Д) Баяндауыш Е) Пысықтауыш
4. Қайсысының арасына дефис қойылады?
А) Ақан сері В) әнші Әлия С) пәтер мұражай Д) Нүркен мұғалім Е) Әлкен ақсақал
5. Айқындауыш мүшенің белгісіне жатпайтынын табыңыз.
А) Бір сөзді заттық мағына жағынан айқындайды.
В) Айқындауыш мүшенің екі жағынан үтір қойылады.
С) Айқындауыш мүше сөйлемде сызықшамен ажыратылады.
Д) Сөйлем мүшелерін айқындайды.
Е) Сөйлем мүшесі бола алмайды.
6. Тыныс белгісі қате қойылған сөйлемді табыңыз.
А) Бізге, жастарға үлкендер зор сенім артады.
В) Төменде, таудың етегінде, сылдырап бұлақ ағып жатыр.
С) Ұстазым ертең, ұстаздар күніне, газет шығаруды тапсырды.
Д) Әкем кешке Ахмет ұстаға жолығуға кетті.
Е) Жанат достарына – Манат, Сәуле, Болатқа – хабарласуды жөн көрді.
6. Білімді бағалау.
7. Үй тапсырмасы.
79 - жаттығу. (нұсқау беру).
Рефлексия.
- Оқушылар, бүгінгі сабақ өздеріңе ұнады ма?
- Бүгінгі сабақта алған әсерлеріңді алдарыңдағы көңіл күйді білдіретін сақтақтармен көрсетіңдер.




















Авторлық бағдарлама. "Тіл дамыту"

Түсінік хат

Республикамыздың егемендік алып, тіліміздің мәртебеге ие болуына байланысты қазақ мектептерінің білім беру саласында көптеген оң өзгерістер болып жатқанын баршамызға аян. Тіл мамандарына оқу процесінде оқушының сөйлеу қабілетінің дамуына әсер ететін жайға көп көңіл бөлу қажет. Себебі тілі жетік оқушы барлық гуманитарлық пәндерден жақсы нәтиже көрсете алады. Ал тілі дамымаған шәкірт біліп тұрған білімін өз дәрежесінде жеткізе алмай қиналады.

Тіл дамыту дегеніміз – тілдің жетілуі, оны дұрыс, әдемі қолдану. Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамытқан жөн. Осы мақсатпен мен тіл дамыту курсында оқушыларға еркін тақырып аясында ауызша мәтіндер құрастыруға, өздері оқыған шығармаларын мазмұндап, көркемдеп баяндауға, ертегі, әңгіме құрауға үйретемін. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, эссе, ойтолғау, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға болады. Әр сыныпта бегілі бір тақырыптар қайта қайталанғанымен оқушылардың жас ерекшелігіне қарай жұмыс көлемі күрделенетіні анық. Осы тіл дамыту курсына жасалған бағдарламам арқылы нәтижелі көрсеткішке жеткенімді өз тәжірибемнен байқадым.

Тіл дамыту үйірмесі бойынша апталық сағаты – 1сағат, жылдық сағаты – 34 сағат.

Мақсаты:  орыс және өзге ұлт балаларының қазақ тілін жете меңгеруі, оқушының қабілетінің жеке дамуы, шығармашылық ойлау қабілетінің дамуы және рухани ішкі дүниесін тәрбиелеу.

Міндеттері: - қазақ, орыс тілді мектеп оқушыларының қазақ тілінде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау қабілеттерін арттыру.

- сөздердің лексикалық – логикалық үйлесімі келіскенде ғана сөз мағыналы болатынын ұғындыру.

- тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға үйрету.

Жүктемесі үйірме жұмысы 8 – сынып оқушыларына арналған. Аптасына 1 сағат бөлінеді. Жалпы жылдық сағат саны – 34.

Бағдарламаны іске асыру шарттары:

  • Балалардың толық қатысуы;

  • Семинарларға, педагогикалық және әдістемелік кеңестерге қатысу;

  • Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру;

Күтілетін нәтиже: Бағдарлама нәтижесінде оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық рух, ұлттық мақтанышы, ұлттық намысы, ана тілі мен ұлттық мәдениеті қалыптасады. Инабатты, ел-жұртын, атамекенін сүйетін, салт-дәстүрін сыйлайтын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете алатын нағыз ұлттық намысы жоғары, ұлтжанжы азамат болып шығады.

Тақырыптардың сағаттық бөлінісі (34 сағат)

Өтілетін материалдар тақырыптары

Сабақтың түрі

Сағат саны

Уақыты

1

«Қоңыр күз»

Мәтінмен жұмыс

1

5/09

2

Күз байлықтары

Диалог

1

12/09

3

«Мемлекеттік тіл – қазақ тілі»

Ой толғау

1

19/09

4

Менің отбасым

Шығармашылық сабақ

1

26/09

5

Дұрыс, мәнді сөйлеудің негізгі шарттары

Дәріс сабақ

1

3/10

6

Ұлттық ойындар

Ойын сабағы

1

10/10

7

Тірек сөздер арқылы мәтін құрау

Мәтін құрау

1

17/10

8

Еліміздегі жаңалықтар

Мақала

1

24/10

9

Өмірімдегі қызықты оқиға

Эссе жазу

1

31/10

10

«Еліміз туралы»

Сайыс сабағы

1

14/11

11

Ы.Алтынсарин

Ізденіс сабағы

1

21/11

12

«Қара күз»

Әңгіме құрап,баяндау

1

28/11

13

Қазақ ұлттық музыкалық аспаптары

Ізденіс сабағы

1

5/12

14

Қыс келді

Суретке қарап мәтін құрау

1

12/12

15

«Астана-еліміздің бас қаласы »

Дәріс сабағы

1

19/12

16

Абай өлеңдері

Мәнерлеп оқу

1

26/12

17

«Жаңа жыл – жарқын мереке »

Шығарма

1

9/01

18

Әдептілік қағидалары

Ой бөлісу

1

16/01

19

Менің досым

Мінездеме беру

1

23/01

20

Қысқы ойындар

Мәтін құрау

1

30/01

21

Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау

Дәріс сабақ

1

6/02

22

Уақытты үнемдеу қажет

Пікірталас

1

13/02

23

Мақал – мәтелдер

Оқып,түсінік беру

1

20/02

24

Мамандық туралы

Пікір алысу

1

27/02

25

Мұражайда

Ой бөлісу

1

5/03

26

«Анама сыйлық»

Шығарма

1

12/03

27

«Наурыз мейрамы»

Сұхбат құру

1

19/03

28

«Төрт түлік мал»

Оқығанын баяндау

1

2/04

29

Табиғат тағдыры-біздің тағдырымыз

Пікір айту

1

9/04

30

Орал қаласы

Мәтін құрау

1

16/04

31

Менің сүйікті ұстазым

Әңгімелеу

1

23/04

32

Дүние жүзі халықтарының бірлігі күні

Ой бөлісу

1

30/04

33

«Ұлан – ел қорғаны»

Ой бөлісу

1

14/05

34

Табиғат аясында

Саяхат сабағы

1

21/05

Макаров жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Муханов Бауржан Сагингалиевичтің қазақ тілі және әдебиеті бойынша 8-сыныпқа арналған « Тіл дамыту» атты үйірмесіне арналған авторлық бағдарламасына

ПІКІР Адамның бойындағы қабілетті жетілдіру, оның өшуіне жол бермеу, яғни, ол адамның рухани күшін нығайту – өзін-өзі танып білу деген сөз. Қазақстан Республикасының орта білімді жетілдіру Концепциясында айтылғандай, «Қабілеттілік – білімге ең қажетті мақсат».

Оқушылардың өзара жеке тұлғалық қарым-қатынастарын қалыптастыруда шығармашылық дағдыларын жетілдіруде аянбай еңбек етіп жатқан қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Муханов Бауржан Сагингалиевич. Ол Макаров жалпы орта білім беретін мектебінде 20 жылдан аса еңбек етуде.

Бауржан Сагингалиевичтің 8-сыныпқа арналған «Тіл дамыту » үйірмесіне арналған авторлық бағдарламасының құрылымы, мазмұны жағынан 8-сынып оқушыларының деңгейіне сай құрылған.

Мұғалімнің қазақ тілін үйретудегі басты мақсаты – оқушы қабілетінің жеке дамуы, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту және рухани ішкі дүниесін тәрбиелеу. Ол үшін әр түрлі тілдік қызмет формасын таңдаған. Олар : диалог,сараптама-әңгімелеу, шығарма, пікір сайыс, ізденіс, жарыс, зерттеу, ойын т.б сабақтары.

Қорыта келе, орыс және өзге ұлт балаларының қазақ тілін меңгертуде қабілеттерін дамытып, көркем әдеби тілде жеткізуге, ұйымшылдық қабілетін оятып, ынтымақтастыққа тәрбиелеуде бұл бағдарламаның септігі тиетініне сенемін. Ұсыныс : Ұстаздың «Тіл дамыту» бағдарламасы әдістемелік бірлестік отырысында талқыланды. Бірлестік мүшелерінің ұсынысымен келісемін және аудандық білім бөлімінің сараптама кеңесінің отырысында қарастыруға жіберуге ұсыныс жасаймын.

Пікір беруші: І санатты тарих пәнінің мұғалімі Г.А.Жакиева

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.Республикалық ғылыми-педагогикалық басылым. 2010,2011,2012,2013ж.

2.Қазақ тілі, оқулық - тесті. Шың кітап, Алматы 2012ж.



Қазақ тілі 8-сынып

Бағдарлама қазақ тілін тереңдету

 

Жалпы орта білім беретін мектептің 8-сыныбына қазақ тілін тереңдетіп оқытуға арналған ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Түсінік хат
Қазақ тілін тереңдетіп оқытудың жолға қойылуы - бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным талабынан туындап отырған мәселе. Мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің қолданыс өрісінің кеңеюі, біршама жылдар бойы өзге тілдің өктемдігінен табиғи арналарынан ажырап қалған ана тілімізді өрістетуге деген талаптың күшеюі республикамыздағы білім беру жүйесінің негізгі буыны болып саналатын жалпы білім беретін мектептерде бұл пәннің ролінің, маңызының артылуына қажетті алғышарттарды қалыптастыруды керек етеді. Бұл орайдағы негізгі шарттар - қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын жаңарта отырып, оқушыларға терең білім беру, олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру, ана тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білу іскерліктерін жетілдіру.
Қазақ тілі пәнінің алдына қоятын мақсаты - тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тіл қызметтерін жүйелі меңгерген, сөз мәдениеті талаптарына сай білік-дағдылары жетілген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.
Тіл кез-келген танымдық іс-әрекеттің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Оқушылардың ынта-ықыласы мен талабын, білім деңгейлерін ескере отырып арнайы бағдарлама жасалды. Бағдарлама оқушылардың қабілет-икемін ұштап, шығармашылық ізденістерге кең өріс береді.

Танымдық бағыт бойынша
- Оқушының тілін дамыту, тілдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
- Тілдің - қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру
- Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;
- Қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс арқылы қоғам, табиғат туралы адамзат жинап қорытқан білім негіздерімен қаруландыру.

Практикалық бағыт бойынша
- оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;
- әдеби тілдің нормаларын меңгерту;
- оқушылардың тілдік-эстетикалық талғамдарын қалыптастыру
- сөйлем әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту.

Бұл міндеттердің жүзеге асуы тілдік білімнің әр оқушының лингвистикалық дүниетанымының қалыптасуына, әрі олардың практикалық іскерлік дағдылардың базасы ретінде қызмет етуіне негіз қалайды.



Қарақұдық орта мектебі







Факультатив сабақ









Сыныбы: 8 А

Мұғалім: Биболова Ботакөз

























2015-2016 оқу жылы





























































8-сынып
(Барлығы-68 сағат, аптасына-2 сағат)
Қазақтың әдеби тілі. 1 сағат
Қазақ тілінің бүгінгі жайы, болашағы, дамуы
І. Әдеби тілдің грамматикалық нормалары-2 сағат
Әдеби тілде қосымшаларды дұрыс қолданудың мәні. Сөздердің тіркесу қабілеті, олардың мағыналық үйлесімі мен грамматикалық сипатының өзара сәйкестігіне сүйенетіндігі.

ІІ. Синтаксис
Сөйлем-6 сағат
Хабарлы сөйлемнің айтылуы мен тыныс белгісі.

Хабарлы сөйлемнің баяндауыштық, морфологиялық белгілері.

Сұраулы сөйлемнің түрлері.

Лепті сөйлемнің мағынасы, жасалуы.

Бұйрықты сөйлемнің тыныс белгісі.

Бұйрықты сөйлемнің интонациясы

Сөйлем құрамы-21 сағат
Бастауыштың тұлғалық, мағыналық белгілері, негізгі сұраулары,

Зат есімдерден басқа сөз таптарының бастауыш болуы.

Баяндауыш, оның тұлғасы, мағыналық белгілері.

Баяндауыштың сұраулары.

Күрделі баяндауыштың жасалу жолдары.

Бастауыш пен баяндауыштың байланысы.

Толықтауыштың тұлғалық, мағыналық белгілері.

Дара және күрделі толықтауыш.

Анықтауыштың жасалуы.

Күрделі пысықтауыштың жасалу жолдары.

Анықтауыштың тұлғалық, мағыналық белгілері.

Пысықтауыштың тұлғалық, мағыналық белгілері.

Күрделі пысықтауыштың жасалу жолдары.

Сөйлемнің айқындауыш мүшелері туралы түсінік.

Оңашаланған айқындауыш мүше, оның өзіндік ерекшеліктері.

Қосарлы айқындауыш мүшелердің ұлттық салт-дәстүрлермен байланысы.

Бірыңғай мүшелерге тән грамматикалық белгілер.

Бірыңғай мүшелерге ортақ жалпылауыш сөздер, олардың жасалуы.

Қаратпа сөз, тыныс белгілері.

Қыстырма сөздің сөйлем ішіндегі қолданылу орны.

Жай сөйлемнің түрлері-5 сағат
Жақты сөйлем, оның негізгі белгілері.

Жақсыз сөйлемнің құрылымы.

Жалаң және жайылма сөйлемдердің грамматикалық белгілері.

Толымсыз сөйлем болудың жағдайлары.

Құрмалас сөйлем-16 сағат
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ортақ белгілері мен айырмашылықтары.

Құрмалас сөйлем табиғаты туралы ғалымдар көзқарастары.

Салаластың жасалу жолдары.

Салалас құрмаластың мағыналық түрлері.

Ыңғайластықтың құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық қатынасы.

Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу тәсілдері, тыныс белгілері. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің грамматикалық белгілері.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері.

Шартты бағыныңқылы сабақтас.

Сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу тәсілдері, жасалуы.

Аралас құрмалас сөйлем.

Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері.

Көп басыңқы сабақтастың түрлері.

Көп басыңқы сабақтас құрмаластың өзіндік ерекшеліктері, тыныс белгілері.

Төл сөз бен төлеу сөз-4 сағат
Төл сөздің тыныс белгілері.

Төл сөз бен автор сөзі, олардың орын тәртібі.

Диалог, оның стильдік мәні.

Төл сөз бен автор сөзінің қолданылу ерекшеліктері.

ІІІ. Тіл мәдениеті-4 сағат
Дұрыс сөйлей, жаза білудің шарттары.

Сөз қолданудың негізгі принциптері.
Сөз құдіретін танытатын мақалдар мен даналық сөздерді талдату.



Жазба жұмыстары үшін-8 сағат
Өткенді қайталау-2 сағат
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Әдеби тіл және мәтін:
- Әдеби тілде қосымшаларды дұрыс қолданудың мәнін түсінеді.
- Мәтіндегі сөзжасамдық норма тұрғысынан талданады.
Синтаксис бойынша:
- Синтаксистік ұғымдарды бір-бірінен дұрыс ажырата білу;
- Сөздерді мағынасы мен логикалық байланысына қарай тіркестіре білу, оларды талғампаздықпен жұмсай алу;
Жай сөйлем синтаксисі бойынша:
- Сөз тіркесінің түрлерін ажырату;
- Сөздердің байланысу тәсілдерін және түрлерін (қиысу, қабысу, жанасу, матасу, меңгеру), оларды ажырата білу;
- Хабарлы, сұраулы және лепті сөйлемдерді сөйлесу мен жазуда орынды қолдана білу;
- Сөйлемді сөйлем мүшелеріне, бірыңғай мүшелерге талай алу;
- Айқындауыш және оқшау сөзді сөйлемнің мағыналық, интонациялық, стильдік ерекшеліктеріне сай дұрыс қолдана алу;
- Жақты, жақсыз, толымды, толымсыз және атаулы, жай сөйлемдердің өзіндік грамматикалық белгілерін ажырата алу;
- Құрмалас сөйлемнің грамматикалық ерекшеліктерін білу, тіл фактілері арқылы жүйелі түсіндіріп бере алу;
- Салалас құрмаластарды қатыстыра отырып, шағын шығарма, суреттеме, ойтолғау жаза алу;
- Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлерін қатыстырып, ауызша, жазбаша мәтін құрай алу;
- Көп құрамды құрмалас сөйлемдерді көркем шығармадан тауып, жазушы стилін айқындаудағы қызметін тану;
- Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі, цитата, диалог сөздерді мәтіннен, көркем шығармалардан таба білу;
Тіл мәдениеті бойынша:
- Сөзді дұрыс айту заңдылықтарын меңгеру;
- Сөздік түрлерін пайдалана алу;
- Грамматикалық заңдылықтарын меңгеру;
- Сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс қоя білу және олардың қойылу жолдары мен себептерін дәлелдей білу.
























Бағдарлама қазақ тілі тереңдету 8-сынып


Жалпы орта білім беретін мектептің 8-сыныбына қазақ тілін тереңдетіп оқытуға арналған ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Пікір жазған.
Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдіскері Даирова А.Қ.
Жалпы орта білім беретін мектептің 8-сыныбына қазақ тілін тереңдетіп оқытуға арналған бағдарламасы
Түсінік хат
Қазақ тілін тереңдетіп оқытудың жолға қойылуы - бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным талабынан туындап отырған мәселе. Мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің қолданыс өрісінің кеңеюі, біршама жылдар бойы өзге тілдің өктемдігінен табиғи арналарынан ажырап қалған ана тілімізді өрістетуге деген талаптың күшеюі республикамыздағы білім беру жүйесінің негізгі буыны болып саналатын жалпы білім беретін мектептерде бұл пәннің ролінің, маңызының артылуына қажетті алғышарттарды қалыптастыруды керек етеді. Бұл орайдағы негізгі шарттар - қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын жаңарта отырып, оқушыларға терең білім беру, олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру, ана тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білу іскерліктерін жетілдіру.
Қазақ тілі пәнінің алдына қоятын мақсаты - тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тіл қызметтерін жүйелі меңгерген, сөз мәдениеті талаптарына сай білік-дағдылары жетілген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.
Тіл кез-келген танымдық іс-әрекеттің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Оқушылардың ынта-ықыласы мен талабын, білім деңгейлерін ескере отырып арнайы бағдарлама жасалды. Бағдарлама оқушылардың қабілет-икемін ұштап, шығармашылық ізденістерге кең өріс береді.
Танымдық бағыт бойынша
- Оқушының тілін дамыту, тілдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
- Тілдің - қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру
- Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;
- Қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс арқылы қоғам, табиғат туралы адамзат жинап қорытқан білім негіздерімен қаруландыру.
Практикалық бағыт бойынша
- оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;
- әдеби тілдің нормаларын меңгерту;
- оқушылардың тілдік-эстетикалық талғамдарын қалыптастыру
- сөйлем әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту.

Бұл міндеттердің жүзеге асуы тілдік білімнің әр оқушының лингвистикалық дүниетанымының қалыптасуына, әрі олардың практикалық іскерлік дағдылардың базасы ретінде қызмет етуіне негіз қалайды.

Қазақ тілі 8-сынып (Барлығы-34 сағат, аптасына-1 сағат)

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

І-тоқсан

1

Қазақтың әдеби тілі

1

5/09

2

Әдеби тілдің грамматикалық нормалары

1

12/09

3

Синтаксис. Хабарлы сөйлемнің айтылуы мен тыныс белгісі.

1

19/09

4

Сұраулы сөйлемнің түрлері.

1

26/09

5

Лепті сөйлемнің мағынасы, жасалуы.

1

3/10

6

Бұйрықты сөйлемнің тыныс белгісі.

1

17/10

7

Сөйлем құрамы. Бастауыштың тұлғалық, мағыналық белгілері, негізгі сұраулары. Зат есімдерден басқа сөз таптарының бастауыш болуы

1

24/10

8

Баяндауыштың сұраулары

1

31/10

ІІ-тоқсан

9

Толықтауыштың тұлғалық, мағыналық белгілері

1

14/11

10

Анықтауыштың жасалуы

1

21/11

11

Пысықтауыштың тұлғалық, мағыналық белгілері

1

28/11

12

Сөйлемнің айқындауыш мүшелері туралы түсінік

1

5/12

13

Оңашаланған айқындауыш мүше, оның өзіндік ерекшеліктері.

1

12/12

14

Бірыңғай мүшелерге ортақ жалпылауыш сөздер, олардың жасалуы

1

19/12

15

Қорытынды тест

1

26/12

ІІІ-тоқсан

16

Қаратпа сөз, тыныс белгілері

1

9/01

17

Қыстырма сөздің сөйлем ішіндегі қолданылу орны

1

16/01

18

Жай сөйлемнің түрлері

1

23/01

19

Жақты сөйлем және жақсыз сөйлемнің құрылымы

1

30/01

20

Жалаң және жайылма сөйлемдердің грамматикалық белгілері

1

6/02

21

Толымсыз сөйлем болудың жағдайлары

1

13/02

22

Құрмалас сөйлем. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ортақ белгілері мен айырмашылықтары

1

20/02

23

Салалас құрмаластың мағыналық түрлері

1

27/02

24

Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері

1

5/03

25

Сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу тәсілдері, жасалуы

1

12/03

26

Аралас құрмалас сөйлем

1

19/03

IV-тоқсан

27

Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері

1

2/04

28

Төл сөз бен төлеу сөз

1

9/04

29

Төл сөз бен автор сөзі, олардың орын тәртібі

1

16/04

30

Цитата. Диалог, оның стильдік мәні

1

23/04

31

ІІІ. Тіл мәдениеті-4 сағат
Дұрыс сөйлей, жаза білудің шарттары.

1

30/04

33

Сөз құдіретін танытатын мақалдар мен даналық сөздерді талдату

1

14/05

34

Қорытынды тест

1

21/05


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
Әдеби тіл және мәтін:
- Әдеби тілде қосымшаларды дұрыс қолданудың мәнін түсінеді.
- Мәтіндегі сөзжасамдық норма тұрғысынан талданады.
Синтаксис бойынша:
- Синтаксистік ұғымдарды бір-бірінен дұрыс ажырата білу;
- Сөздерді мағынасы мен логикалық байланысына қарай тіркестіре білу, оларды талғампаздықпен жұмсай алу;
Жай сөйлем синтаксисі бойынша:
- Сөз тіркесінің түрлерін ажырату;
- Сөздердің байланысу тәсілдерін және түрлерін (қиысу, қабысу, жанасу, матасу, меңгеру), оларды ажырата білу;
- Хабарлы, сұраулы және лепті сөйлемдерді сөйлесу мен жазуда орынды қолдана білу;
- Сөйлемді сөйлем мүшелеріне, бірыңғай мүшелерге талай алу;
- Айқындауыш және оқшау сөзді сөйлемнің мағыналық, интонациялық, стильдік ерекшеліктеріне сай дұрыс қолдана алу;
- Жақты, жақсыз, толымды, толымсыз және атаулы, жай сөйлемдердің өзіндік грамматикалық белгілерін ажырата алу;
- Құрмалас сөйлемнің грамматикалық ерекшеліктерін білу, тіл фактілері арқылы жүйелі түсіндіріп бере алу;
- Салалас құрмаластарды қатыстыра отырып, шағын шығарма, суреттеме, ойтолғау жаза алу;
- Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлерін қатыстырып, ауызша, жазбаша мәтін құрай алу;
- Көп құрамды құрмалас сөйлемдерді көркем шығармадан тауып, жазушы стилін айқындаудағы қызметін тану;
- Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі, цитата, диалог сөздерді мәтіннен, көркем шығармалардан таба білу;
Тіл мәдениеті бойынша:
- Сөзді дұрыс айту заңдылықтарын меңгеру;
- Сөздік түрлерін пайдалана алу;
- Грамматикалық заңдылықтарын меңгеру;
- Сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс қоя білу және олардың қойылу жолдары мен себептерін дәлелдей білу.













11 сынып
Түсінік хат

Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер - білімінің ұлы қаруы, алтын тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді. Қазақ тілінен жүргізілетін практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Практикалық сабақта әр оқушының белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі . Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызмет зор. «Практикалық қазақ тілі» курсы бағдарламасы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, «оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерге» жасалды.Негізгі мақсаты- оқушыларды кешенді тестілеуге жүйелі түрде дайындау,қазақ тілі ғылымының теориялық негіздерін меңгерту.



«Практикалық қазақ тілі» курсының мақсаты - ана тілінің қызметін жүйелі меңгерген, оның қыр-сыры мен тарихын жетік білетін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, ұлттық санасы оянған дара тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.



Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер:

-оқушылардың фонетикалық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік машықтары мен дағдыларын дамыту,

-тіл дыбыстары, сөз таптары мен қосымшалар туралы төменгі кластарда алған теориялық білімдерін жүйелеу:

-теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдеру;

-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту:

-оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыру;



Бағдарлама 34 сағатқа құрылған. Оның 5 сағаты бақылау мен тест жұмысына, 1 сағаты кіріспеге, 2 сағаты қорытындыға арналған.

Бағдарламадағы практикалық жұмыстарға теориялық негіз ретінде С.Кенесбаевтың, Ғ.Мұсабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» \ лексика,фонетика\, С.Мырзабековтың «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі», А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» \морфология\, М.Балақаев пен Т.Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» \синтаксис\ атты еңбектері пайдаланылды.

Курстың жүргізетін жұмыс түрлері мынандай;

1. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өздерінің ауызша, жазбаша жұмыстарында дұрыс сауатты қолдану.

2. Өтілген грамматикалық ережелердің негізінде мәтінмен жұмыс істеу.

3. Фонетикалық ерекшеліктер, орфографиялық заңдылықтарды дұрыс танып, ұқсас формаларды бірден ажырату үшін салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізу.

4. Жай талдау жүргізу.

5. Деңгейлік тапсырмалар орындау.



Курс бағдарламасын оқығаннан кейін оқушыдан күтілетін нәтиже:

-салыстыра, дәлелдей, талдай, қорытындылай білу дағдыларын меңгеру, тілдік және әдеби білімдерінің толығуы;

-практикалық, танымдық, шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алу.

-саутты жазу, саутты сөйлеу,

-өзіндік ой дербестігінің болуы;





«ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ» курсы

бағдарламасының мазмұны.



Барлығы - 34 сағат.

Апталық сағаты - 1



1. Кіріспе сабақ.. Тіл білімінің салалары.

Фонетика, лексика, морфология ,синтаксис,пунктуация туралы ұғым - түсініктерін кеңейту.

2. Фонетика. Дауысты дыбыстар.

Дауысты дыбыстар жөнінде ерекшеліктері, дыбыстардың сөйлеу негізіндегі өзгерістері мен заңдылықтары

3-тақырып. Дауыссыз дыбыстардың емлесі.Фонемалардың құрылыстық және өзіндік ерекшеліктері, сөйлеу кезіндегі өзгерісі мен фонемалар жүйесінің ара қатынасын зерттейтін заңдылықтар.

4-тақырып.Орфография мен орфоэпия.

Орфографияның қарастыратын мәселері, негізгі принциптері.

5-тақырып..Үндестік заңы.

Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың үйлесімі. Дыбыстардың бір-біріне ықпалы, ықпалдың түрлері..Сингармонизм заңы.Ассимиляция мен диссимиляция.

6-тақырып.Буын.Тасымал.екпін.

Буынның сипаты.Буынның түрлері.Тасымалдауға болмайтын жағдайлар.Екпін түспейтін буындар.

7-тақырып. Бақылау жұмысы. Фонетика бөлімі бойынша алған білімдерін қорытындылау.

8-тақырып. Сөздердің көп мағыналығы. Синоним. Омоним. Антоним.

Сөз мағынасының өзгеруі. Лексиканың салалары туралы.

9-тақырып. Эвфемизм,дисфемизм. Олардың сөйлеу тіліндегі орны.Эвфемизм мен дисфемизді бір-бірінен ажырату.

10-тақырып.Қазіргі қазақ тілі лексиканың құрамы. Сөздік қор мен сөздік құрам.

11-тақырып.Диалекті және кәсіби сөздер.Диалект сөздердің әдеби тілдегі баламалары.

12.-тақырып. Тұрақты сөз тіркесі. Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесі.

13-тақырып.Бақылау жұмысы.Лексика бөлімін қорытындылау.

14-тақырып. Морфология.Сөз және оның морфологиялық құрылымы.

Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары.

15-тақырып. Қосымшалар. Жұрнақ пен жалғау. Жұрнақтар, олардың құрамы. Жалғаулардың түрлері.

16- тақырып. Сөз таптары.Зат есім. Заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы туралы.Зат есім жасайтын жұрнақтары.

17-тақырып. Сын есім.Заттың түрін, түсін,сапасын,салмағын,көлемін білдіретін сөз табы туралы.

18-тақырып. Сан есім.Заттың саның,ретін білдіретін сөз табы туралы.Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.

19-тақырып.Есімдік Зат есім, сын есім және сан есімнің орнына жүретін сөз табы туралы.Есімдіктердің түрлері.

20-тақырып.Етістік. Заттың іс-әрекетін,қимылын білдіретін сөз табы туралы.

21-тақырып. Есімше мен көсемші. Етістіктің мағыналық ерекше түрлері.

22-тақырып. Етіс. Етістің түрлері.

23-тақырып. Үстеу. Туынды үстеулердің жасалу жолдары..Үстеудің сөйлемдегі қызметі.

24-тақырып.Бақылау жұмысы. Морфология саласы бойынша білімдерін қорытындылау.

25-тақырып.Синтаксис. Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің құрамы. Сөз тіркесінің басты грамматикалық қасиеті.

26-тақырып. Сөйлем. Оның құрамы

27-тақырып. Салалас құрмалас сөйлем.Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем.

28-тақырып. Сабақтас құрмалас сөйлем.Олардың түрлері. Жасалуы,жалғаулықты,жалғаулықсыз түрлері.

29-тақырып. Аралас құрмалас сөйлем..

30-тақырып. Бақылау жұмысы. Тест. Оқушылардың білімдерін қорытындылау.

31-тақырып. Төл сөз.Автор сөзі. Төлеу сөзі.

32-тақырып. Пунктуация. Тыныс белгілеріндұрыс қоя білу,қойылу жолдары мен себептерін дәлелдей білу.

33-тақырып. Сынақ сабағы.Тест тапсырмалары.

34-тақырып. Қорытынды сабақ.Жыл бойы өткен материалды қайталау.















Тақырыптық - оқу жоспары.



Өтетін тақырыбы

Барлық сағаты

теория

практика

Қолданатын әдістер

Күтілетін нәтижесі

Ес

кер

тулер

1

Кіріспе сабақ .Казақ тіл білімі

1

1



әңгімелесу





2

Фонетика.Дауысты дыбыстар.

1

1



түсіндіру

Салыстыра,



3

Дауыссыз дыбыстар-ң емлесі

1

1



Талдау,салыст

дәлелдей,



4

Орфография және орфоэпия

1

1





талдай,



5

Үндестік заңы

1

1



Дең.тапс.

қорытындылай



6

Буын.Тасымал.Екпін

1

1





білу



7

Бақылау жұмысы.

1



1

Тест. Қайталау.

дағдыларын



8

Сөздердің көп мағыналығы.Синоним.Омоним.Антоним

1

1



Түсіндіру.

меңгеру.



9

Эвфемизм, дисфемизм.

1

1



Жаңа технология элементтері

Тілдік және



10

Қазіргі қазақ тілі лексиканың құрамы.

1

1





әдеби білім-



11

Диалекті және кәсіби сөздер

1

1



түсіндіру

дерінің толығ.



12

. Тұрақты сөз тіркестері

1

1









13

Бақылау жұмысы.

1

1





Лексикалық



14

Морфология.Сөз және оның морфологиялық құрылымы

1

1

1

Білімін тексері

білім мен



15

. Қосымшалар.Жұрнақ пен жалғау.

1

1



Топтық жұмыс

біліктілікке жету



16

Сөз таптары.Зат есім.

1

1



Галиевт.жүйел.тех





17

Сын есім

1

1



түсіндіру





18

Сан есім

1

1









19

Есімдік

1

1



Кубизм әдісі

Практикалық



20

Етістік

1

1





танымдық



21

Есімше мен көсемші

1

1



баяндау

шығармашылық



22

Етіс

1

1



Жинақтау,талдау

тапсырмаларды



23

үстеу

1

1



салыстыру

еркін



24

Бақылау жұмысы

1

1





орындай алу.



25

Синтаксис.Сөз тіркесі

1



1

Білімін тексеру





26

Сөйлем

1

1



Түсіндіру





27

Салалас құрмалас сөйлем

1



1

Ойландыру.

Синтаксистік



28

Сабақтас құрмалас сөйлем

1

1



Сын тұрғ.ойлау

білім мен



29

Аралас құрмалас сөйлем

1

1



Талдау

біліктілікке



30

Бақылыу жұмысы

1





.

жету.



31

Төл сөз.Автор сөзі

1



1

қайталау

өтілген



32

Пунктуация

1

1



түсіндіру

тақырыптардан



33

Сынақ сабағы

1



1



алған



34

Қорытынды сабақ

1



1

Білімін тексеру

Білімдерін п-у





























































Пайдаланылған әдебиеттер:



1.Мырзахмет М. Абайтану тарихи. Алматы: « Ана тілі» 1994 - 192 б.

2. Мырзахметұлы М. Ұлы Абайды таныту тарихы// Абай.-2006.-№1.-б.5-16

3.Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі.-Алматы, Ана тілі, 1995.-272 б.

4.Оралбаева Н.,Жақсылықова Қ. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.

5.Досмұхамедұлы Х. Абай - Шәкәрім 1991 155-б.

6.Құлкенов М. Отарбаева Р. Ғылым, 1992. 47-б.

7. Ай, заман-ай, заман-ай...бес ғасыр жырлайды. Екі томдық. - а.,1991

8.БайтұрсыновА. Тіл тағдыры. Алматы. Ана тілі 1992 ж, 8-б.

9.Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А- 1988 ж.

10.»Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдары. 2005-2007 ж.ж.

11. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналдары 2004-2008

12. Абай. өзекті мәселелері. Алматы.»Рауан» 2000ж.

13. Нығмет Ж.Н. Қазақ тілі 1999 ж, Алматы.

14. Нұрахметов Н.Н. Жадрина М.Ж. Байжасарова Г.З. Мектеп.2002 ж.

15. Жұмабаев М. Абай және біз. Ғылым.1992 ж.

16.Жұмабаева Ш.З. Абдрахман. 25 б..

17.Құсайнов А.К. Абайтану.

18. Мұхтар Әуезов «Абай жолы»

19.Қазақ әдебиеті Алматы-1999ж.

20.»Қазақ тілі мен әдебиеті» журнал №1 1995 ж. № 2 1999 ж.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Т?рлаулы м?шелер. Бастауыш

Автор: Биболова Ботак?з Жар?ынбек?ызы

Дата: 20.12.2015

Номер свидетельства: 268366


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства