Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Теңдеу»
Пәні: Математика
Күні: 19.04.2016ж
Сыныбы: 1
Мұғалімі: Шайхиева С. Ғ.
Сабақтың тақырыбы: Теңдеу Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға теңдеу құруды, оны шешу тәсілдерін түсіндіру. Белгісіз сандарды табу жолдарын меңгерту. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, ептілігін дамыту. Тәрбиелік: Сауатты жазуға, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі:Аралас сабақ Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ – жауап. Көрнекілігі: Кесте, суреттер Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
-Балалар, көңіл күйлеріңіз қалай?
-Жарайсыңдар, ендеше барлығымыз осындай керемет көңіл күймен сабағымызды бастайық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №2 (Ауызша жауаптар тыңдалады) Математикалық диктант
№1
1) Мен бір сан ойладым, оған 70-ті қосқанда 90-ға тең болды. Ол қандай сан?
2) 90 мен қандай санның айырмасы 60-қа тең?
3)Мен бір сан ойладым, одан 50-ді азайтқанда 10-ға тең болды. Ол қандай сан?
4) 20 мен қандай санның қосындысы 100-ге тең? ІІІ. Жаңа сабақ.
Ребус шешу. = + Домбыра+елік+уық = теңдеу.
1)4+5=9, компоненттерін атату
бұндағы екінші қосылғышты белгісіз қосылғыш деп алатын болсақ,
Азайғышы айырманың мәнінен үлкен болса, белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманың мәнін азайтамыз.
№2 Салыстырып, түсіндіру
Әріпті өрнек
Теңдеулер
4+х х+5
Ь-5 9-с
4+х=9 х+5=9
Ь-5=4 9-с=5
Енді, балалар бізді күшті бір тосын сый күтіп тұр. Ол тосын сыйға қолымызды жеткізу үшін, алдымызда үш қақпа ( тас, күміс, алтын) кедергі жасап тұр. Әр қақпаны ашу үшін тапсырмалар берілген. Соларды орындап ашуымыз керек.